Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 қарашадағы № 1172 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығының 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны одан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын (бұдан әрi - кәсiпорын) бөлiп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-170-жолмен толықтырылсын:
«470-170. Батыс Қазақстан Батыс Қазақстан облысы,
аграрлық техникалық Орал қаласы»;
университетi»
қазыналық кәсiпорны
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-21-жолмен толықтырылсын:
«157-21. Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетi».
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |