Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 шілдедегі № 723 қаулысы
(2002.29.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мына республикалық мемлекеттік кәсiпорындары таратылсын:
«Қapy (Арсенал)-1»;
«Қapy (Арсенал)-2».
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң мына мемлекеттік мекемелерi құрылсын:
«Оңтүстiк» әскери және арнайы жабдықтау базасы»;
«Солтүстiк» әскери және арнайы жабдықтау базасы».
3. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын мемлекеттік мекемелер жарғыларын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1443 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 461-1, 461-2-жолдар алынып тасталсын;
2) «Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының шектi штат санын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 8 қазандағы № 1018-74 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағыныстағы ұйымдар» деген жолдағы «28489» деген сан «28541» деген санмен ауыстырылсын;
«Кинологиялық орталық» - «75» деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Оңтүстiк» әскери және арнайы жабдықтау базасы» - «29»;
«Солтүстiк» әскери және арнайы жабдықтау базасы» - «23»;
«Жиыны» деген жолдағы «84595» деген сан «84647» деген санмен ауыстырылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |