Протез-ортопедия саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 1146 қаулысы
(2004.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мүгедектердің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін медициналық мақсаттағы емдеу, емдеу-алдын алу және арнаулы протез-ортопедия құралдарына қажеттілігін неғұрлым толығымен қамтамасыз ету, протез-ортопедия бұйымдарын жасайтын және протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Алматы тәжірибелік-эксперименттік протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Алматы медициналық стационары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Алматы протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында);
2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Петропавл тәжірибелік-эксперименттік протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Петропавл медициналық стационары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Петропавл протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында);
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Семей протез-ортопедия бұйымдары жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорны» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Семей медициналық стационары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Семей протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық протездеу эксперименттік зертханасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
құрылған Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын;
жыл сайын бюджеттік тапсырыстарды қалыптастырған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша қамтамасыз етілетін республика мүгедектерінің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қол және аяқ протездеріне қажеттілігін ескерсін;
республиканың кәсіпорындарында қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қол және аяқ протездеріне жинақтаушы түйіндер мен бөлшектерді шығару бойынша импорт алмастырушы технологияларды енгізуді ұйымдастырсын.
5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әзірленімдері негізінде қол және аяқ протездеріне жинақтаушы түйіндер мен бөлшектерді жасау бойынша ықтимал жеткізушілерді анықтауға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне септік етсін.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
осы қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» бөлімінде:
реттік нөмірі 45-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Алматы протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)»;
реттік нөмірі 46-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Петропавл протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында);
реттік нөмірі 47-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Семей протез-ортопедия орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында)»;
реттік нөмірі 47-2-жолдағы 2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
реттік нөмірлері 47-6, 47-7, 47-8-жолдар алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1132 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. «Протез-ортопедия кәсіпорындары ассоциациясы және мемлекеттік қазыналық тәжірибе-эксперименттік протез-ортопедия кәсіпорындарын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1367 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Қ. Тоқаев |