Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1433 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Орталық госпиталi» мемлекеттік мекемесi:
1) «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Орталық госпиталi» филиалының (Астана қаласы) мүлкiн бөлу жолымен және осы мүлiктi оған бере отырып, «Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрлігінiң емханалық орталық госпиталi» мемлекеттік мекемесiн (бұдан әрi - Мекеме) (Астана қаласы) құру;
2) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Қазақстан санаторийi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң «Қазақстан» емдеу кешенi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнына (бұдан әрi - Кәсiпорын) (Алматы қаласы) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негізгі мәнi - қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға, әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердiң зейнеткерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне және басқа да азаматтарға аурудың алдын алу, диагностика, емдеу және денсаулығын оңалту бойынша медициналық, дәрiгерлiк қызмет көрсетудi жүзеге асыру болып белгіленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі бiр ай мерзiмде заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) Мекеме мен Кәсiпорынның құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгін «Әскери қызметшiлердi, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн емдеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесiнiң «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі» деген бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 461-7- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«461-7 «Қазақстан» емдеу кешенi»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы».
2) «2000 - 2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 312-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесiндегi «Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі» деген бөлiм және реттік нөмiрлерi 49, 50, 51, 52-жолдар алынып тасталсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі