Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 шілдедегі № 1018 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Елiмiздiң ұлттық байлығы болып табылатын өсiмдiктердiң тектiк қорын сақтау және байыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Ботаника және фитоинтродукция институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Алтай ботаникалық бағы», «Iле ботаникалық бағы», «Жезқазған ботаникалық бағы», «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындарын қосу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қолдансын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж, № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар тiзбесiндегi:
реттiк нөмiрлерi 470-91, 470-92, 470-93 және 470-94-жолдар алынып тасталсын;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі