Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 19 мамырдағы № 766 Қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсiпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күшi бар Жарлығына, «Дене тәрбиесi және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Ұлттық орталық) құрылсын.
2. Ұлттық орталықты мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi қызметiн жүзеге асыратын орган болып, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі анықталсын.
3. Ұлттық орталық қызметiнiң негізгi мәнi:
1) балалар мен жастардың дене тәрбиесi жөніндегі ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етуге мақсатты кешендiк бағдарламалар әзiрлеуге қатысу;
2) спорт түрлерi бойынша республиканың спорттық резервiн даярлауға және жасөспiрiмдер мен студенттiк құрама командаларын жасақтауға қатысу;
3) спорт түрлерi бойынша республика құрама командасының мүшелерiне педагогикалық, психологиялық және дәрігерлiк-биологиялық көмек көрсету;
4) дене тәрбиесi жөніндегі педагог кадрларды қайта даярлауға және біліктiлiгiн арттыруға қатысу болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі:
1) Ұлттық орталықтың жарғысын бекiтсiн және оның мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі білiм, ғылым және дене тәрбиесi ұйымдарының желiлерiн және құрылымдарын оңтайландыруды жүргiзуден түскен қаражат есебiнен аймақтық дене тәрбиесi орталықтарын құру мәселесiн қарастырсын.
6. Алматы қаласының әкімі белгiленген тәртіппен Ұлттық орталықты орналастыруға арналған үй-жай бөлсiн.
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорындар тiзбесiнің «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгі» бөлiмi, 470-140 реттiк саны, мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«470-140
«Ұлттық ғылыми-практикалық
дене тәрбиесi орталығы»
қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы»;
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1111 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі