Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 29 наурыздағы № 456 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде, «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi»бөлiміндегі реттiк нөмiрi 474-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«474. «Ақпараттық-есептеу орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсiпорны Алматы қаласы»;
(шаруашылық жүргізу құқығында)
2) «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншiк жөніндегі деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 61-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады.»;
3) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» және «Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi № 951 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 34, 303-құжат):
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта атау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) «Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы» (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «Кәсiпорындардың жарғыларына» деген сөздер «Кәсiпорынның жарғысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «Кәсiпорындарды» деген сөз «Кәсiпорынды» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары