«Өндірістік-пайдалану бірлестігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 наурыздағы № 351 Қаулысы
(2003.26.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Өндірістік-пайдалану бірлестігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (одан әрі - Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ Кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы бұқаралық ақпарат құралдары, баспа және полиграфия саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін;
2) Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық кәсіпорындардың тізбесіндегі «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 409-3-жолмен толықтырылсын:
«409-3 «Өндірістік-пайдалану бірлестігі»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны» Алматы қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-1-жолмен толықтырылсын:
«55-1. «Өндірістік-пайдалану бірлестігі».
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |