2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
Аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті» деген бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті» деген бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі».
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал дәрігерлік қадағалау комитетіне ведомстволық бағыныстағы жекелеген ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 мамырдағы № 552 қаулысына:
1) атауындағы «Министрліктің Мал дәрігерлік қадағалау жөніндегі комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтағы «Министрліктің Мал дәрігерлік қадағалау комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-тармақтағы «Министрліктің Мал дәрігерлік қадағалау жөніндегі комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы миниcтрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің «Фумигациялық сараптау» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы № 649 қаулысына:
1) атауындағы «Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің» деген сөздер алынып тасталсын;
2) 2-тармақтағы «Министрліктің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын;
3)3-тармақтағы «Министрліктің Өсімдіктер карантині жөніндегі комитеті» деген сөздер «Министрлік» деген сөзбен ауыстырылсын.