«Экономикалық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесін «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 27 сәуірдегі № 488 Қаулысы
(2000.08.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң «Экономикалық зерттеулер институты» мемлекеттік мекемесi шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Экономикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
ҚР Үкіметінің 30.11.99 ж. № 1817; 20.08.03 ж. № 837 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару , сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiктiң құқық субъектiсінің функцияларын жүзеге асыратын органы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, Жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен әдiлет органдарында тiркесiн.
ҚР Үкіметінің 27.05.99 ж. № 657 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі» деген бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 105-1-жолмен толықтырылсын:
«105-1. Экономикалық зерттеулер
институты» республикалық мемлекеттік
кәсіпорны (шаруашылық жүргізу
құқығында) Алматы қаласы»;
2)
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі