Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 482 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1) «Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы басшы құрамның біліктілігін арттырудың республикалық курсы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
басшы құрамдардың, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы, елдің азаматтық қорғаныс қызметін жүзеге асыратын мамандардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау;
өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету;
2) ҚР Үкіметінің 2012.06.04. № 421 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныстың арнаулы ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
өрттің шығу себебін зерттеу;
өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыс жүргізу;
4) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорны, оның қызметінің негізгі мәнін анықтай отырып құрылсын:
өрттің алдын алуға және жоюға қатысу.
2. Қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру:
1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, атом-энергетика кешенінің кәсіпорындарында жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі облысаралық инспекция» мемлекеттік кәсіпорны «Атом-энергетика кешенінде жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау жөніндегі облысаралық мемлекеттік инспекция» мемлекеттік мекеме болып Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органы ретінде қайта ұйымдастырылсын, оның қызметі республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарын қаржыландыруға бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік мекемелердің негізгі міндеттері:
Атом-энергетика кешенінің объектілігінде жұмысты қауіпсіз жүргізуді мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
авариялар мен оқиғалардың себептерін тексеру, атом-энергетика кешенінің объектілерінде техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) «Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы Есептеу техникасы, телекоммуникациялар, информатика және ситуациялық талдау жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып құрылсын.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:
ақпараттар жинау, өңдеу және ситуациялық талдау, төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік есептер жүргізу жөнінде арнаулы жұмыстарды орындау;
төтенше жағдайлар бойынша республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйелерін дамыту, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің ақпараттық-есептеу техникаларын заңдарда белгіленген тәртіппен монтаждау және жүйелі-техникалық қызмет көрсету;
3) «Қазселқорғау» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын «Қазселқорғау» мемлекеттік мекемесі болып құрылсын;
Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні:
Қазақстан Республикасының селдің, қар көшкінінің, жар көшкінінің, опырылып құлаудың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысу; селдің жүруі мен жер сілкінуін болжау, тиісті байқаушы және хабарлаушы қызметтердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
4) «Республикалық жедел-құтқару тобы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны республикалық бюджет қаражатының есебінен ұсталатын «Республикалық жедел-құтқару тобы» республикалық мемлекеттік мекеме болып құрылсын;
Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні:
баруы қиын аудандардағы ең қиын объектілерді құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу;
зілзала, авария және апат салдарынан зардап шеккендерге кезек күтпестен көмек көрсетуді.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 05.06.99 ж. № 537 қаулысымен.
3. Осы қаулының 1-тармағына және 2-тармағының 2)-4) тармақшаларына сәйкес құрылған мемлекеттік басқару органдарының мемлекеттік ұйымына, сондай-ақ оларға қатысты субъект функцияларын жүзеге асыратын органының мемлекеттік меншік құқығын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі белгілейді.
4. «Республикалық су-құтқару қызметінің орталығы» мемлекеттік мекемесі таратылсын, оның функциялары, сондай-ақ тарату жұмыстары жүргізілгеннен кейін қалған мүлкі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне берілсін.
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі заңда белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағына және 2-тармағының 2)-4) тармақшаларына сәйкес құрылатын мемлекеттік ұйымдардың жарғыларын, сондай-ақ құрылған аумақтық органдар туралы ережені бекітеді;
2) олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;
3) осы қаулының 4-тармағын орындау мақсатында қажетті тарату шараларын жүргізеді;
4) Үкіметтің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізеді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдайды.
6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесіне:
«Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті» бөліміне:
«Мемлекеттік комитет» деген сөздер «Агенттік» деген сөзбен ауыстырылсын;
109 рет нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
«109. «Төтенше жағдайлар мен
азаматтық қорғаныс саласындағы
басшы құрамның біліктілігін
арттырудың республикалық
курсы» республикалық мемлекеттік Алматы қаласы»;
қазыналық кәсіпорны
мынадай мазмұндағы 109-2-109-5 рет нөмірлі жолдармен толықтырылсын:
«109-2. Есептеу техникасы,
телекоммуникациялар, информатика
және ситуациялық талдау жөніндегі
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
109-3. «Тыл қызметі және
қамтамасыз ету» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны
(шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы
109-4. Өрт қауіпсіздігі және
азаматтық қорғаныстың арнаулы
ғылыми-зерттеу орталығы республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы
109-5. «Өрт сөндіруші» республикалық
мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық
жүргізу құқығында) Алматы қаласы
7. Мыналардың:
1) «Республикалық жедел-құтқару тобы туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 12, 115-құжат) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы № 235 қаулысының;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер енгізу және күші жойған деп тану туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 35, 327-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 тамыздағы № 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістің 16-тармағының күші жойылған деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі