32. Форс-мажор жағдайларын қоспағанда, егер Өнім беруші тауарларды Шартта көзделген мерзімде бере алмайтын не қызметтерді көрсете алмайтын болса, Тапсырыс беруші өзінің басқа құқықтарына зиян келтірместен, Шарт шеңберінде әрбір мерзімі өткен күн үшін Шарттың бағасынан 0,1 % соманы тұрақсыздық айыбы түрінде шегеріп тастайды.
33. Өнім беруші, егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажор жағдайларының нәтижесі болса, өзінің Шартты орындауды қамтамасыз етуден айырылмайды және Шарттың талаптарын орындамауына орай тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны бұзуға жауапкершілік жүктемейді.
34. Осы Шарттың мақсаты үшін «форс-мажор» Өнім берушінің есебіне және салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар әскери іс-қимылдар, табиғи немесе зілзала апаттары, індет, карантин мен тауарларды беруге эмбарго сияқты іс-қимылдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді.
35. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы тез арада жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер Тапсырыс берушіден өзгеше жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды ол орынды болғанынша жалғастырады және форс-мажор жағдайларына байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін жүргізеді.
36. Тапсырыс беруші, егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, Шартты бұза алады. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асады және Тапсырыс беруші, егер Шартты бұзу іс-әрекеттерді жасауға немесе Тапсырыс берушіге қойылған немесе қойылатын санкцияларды қолдануға залал әкелмесе немесе қандай да болмасын құқықтарды қозғамаса Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндеттемелер жүктемейді.
37. Тапсырыс беруші Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, оның бұдан әрі орындалуының орынсыздығына орай кез келген уақытта Шартты бұза алады. Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетілуге тиіс, күші жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ Шарттың бұзылуы күшіне енген күн айтылуға тиіс.
38. Шарт жойылған кезде, өнім беруші Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы. Тапсырыс беруші мен Өнім беруші тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында Шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс.
39. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші Шарт бойынша дауды шеше алмаса, тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.
40. Шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады. Егер екінші тарап шетел ұйымы болса, онда екінші дана Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңнамасына сәйкес тілге аударылуы мүмкін. Шартты төрелікте қарау қажет болған жағдайда, Шарттың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі данасы қаралады. Шартқа қатысты барлық хат алмасу немесе тараптар алмасатын басқа құжаттама осы талаптарға сәйкес келуге тиіс.
41. Шартқа сәйкес тараптардың бірі екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама кейіннен түпнұсқасын бере отырып, хат, жеделхат, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.
42. Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе күшіне ену көрсетілген күні (егер хабарламада көрсетілсе) күшіне енеді, ол бұл күндердің қайсысы кеш болатындығына байланысты.
43. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленуге тиіс.
44. Өнім беруші Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда енгізуге міндетті.
45. Осы Шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық аумақтық органында тіркелген күнінен бастап (мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер үшін) және Өнім беруші Шартты қамтамасыз етуді енгізгеннен кейін күшіне енеді.
46. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Аумақтық қазыналық органда тіркелген күні (мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер үшін) _______________________________
Осы Сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттығы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды жүзеге асыруы үдерісінде Тапсырыс беруші мен Өнім беруші арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына, тапсырыс берушінің тендерлік құжаттамасына, өнім берушінің тендерлік өтініміне және тендердің қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес болуы тиіс. Осы Шартта курсивпен бояп көрсетілген түсіндірмелерді Тапсырыс беруші толтыруға тиіс.
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 8-қосымша
Фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
__________________ (Орналасқан жері) | _____ ж. «___» ______________ |
бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын
______________________________________________________________________________________ атынан,
(бюджеттік бағдарлама әкімшісінің толық атауы)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің, « « ______ жылы өткізілген фармацевтикалық қызметтерді сатып алу қорытындылары, әкімдіктің қаулысымен бекітілген департамент (басқарма) туралы Ереже негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
бір тараптан және бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,
________________________________________________________________________________ атынан
______________________________________________________________________________________
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(Жарғының, Ереженің және т.б.)
___________________________________________________________________________________________
(өнім берушінің атауы меншік нысанына қарамастан)
екінші тараптан мына төмендегілер туралы, осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
Шарттың мәні
1. Өнім беруші Шартқа 1-қосымшада көрсетілген елді мекендерде фармацевтикалық қызмет көрсетеді.
2. Тапсырыс беруші осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес тарифтер бойынша Өнім берушінің шығындарының орнын толтырады.
Есептеу тәртібі
3. Шарттың сомасы ___________ жылға ________________ теңгені құрайды.
4. Тапсырыс беруші Өнім берушінің іс жүзінде көрсетілген қызметтерінің шығындарын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларында көзделген қаражат шегінде өтейді.
5. Қызметтерді өтеу ай сайын, орындалған жұмыс актілеріне сәйкес, ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде жүргізіледі.
6. Өнім берушіге Шарттың жалпы сомасынан 30 %-ы мөлшерінде аванс беруге рұқсат етіледі.
7. Шарттың сомасы көрсетілген фармацевтикалық қызметтерді ескере отырып түзетілуі тиіс.
Тараптардың міндеттері мен құқықтары
8. Өнім беруші:
азаматтарға Тапсырыс беруші белгілеген тізбе бойынша елді мекендерде фармацевтикалық қызметтер көрсетуге;
азаматтарға ауру түрлерінің тізбесі және амбулаториялық емдеген кезде дәрілік заттар мен арнайы емдік тағамдар ақысыз және жеңілдікті шарттармен берілетін азаматтардың жекелеген санаттары туралы, сатылатын бағасы мен дәрілік заттардың құнын өтеу сомалары туралы көрнекі ақпарат беруге;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша деректер базасына деректер енгізуге;
Тапсырыс берушіге ай сайын осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецептер тізілімін қағаз түрінде және электрондық нұсқада беруге;
Тапсырыс берушіге осы Шарттың орындалуына тексеру жүргізу үшін қажетті барлық құжаттаманы беруге міндетті.
9. Тапсырыс беруші:
көрсетілген фармацевтикалық қызмет үшін Өнім берушінің шығындарын уақтылы өтеуге;
Өнім берушіні ақысыз және жеңілдікті шарттармен рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыруға бағытталған қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге міндеттенеді.
Тараптардың жауапкершілігі
10. Өнім беруші:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа фармацевтикалық қызмет көрсету бойынша жіберілген бұзушылық жағдайлары (Тапсырыс беруші белгілеген дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, сапасыз препарттарды босату) үшін;
дәрілік заттарды өткізуге рұқсаты (құқығы) жоқ объектілерден дәрілік заттардың өткізілгені үшін;
заңнамада белгіленген тәртіппен Тапсырыс берушіден алынған қаражатты мақсатсыз пайдаланғаны үшін;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша деректер базасына енгізілетін деректердің дұрыстығы үшін;
Тапсырыс берушіге ай сайын дәрілік заттарды босату жүзеге асырылған рецепттер тізілімін беруге жауапты болады.
11. Тапсырыс беруші:
Өнім берушіні ақысыз және жеңілдікті шарттармен рецепттер беруді жүзеге асыратын дәрігерлер мен емдеу-профилактикалық ұйымдары туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылған рецептер тізілімін салыстыру негізінде Өнім берушінің іс жүзінде көрсеткен медициналық көмектің көлемі үшін шығындарды өтеуге ақша қаражатын уақтылы аударуға;
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша автоматтандырылған деректер базасын жүргізуге жауапты болады.
12. Өнім берушінің тарапынан Фармацевтикалық қызмет көрсету жөніндегі шарттың талаптарын бұзу мынадай санкцияларға әкелуі мүмкін: Шартты жоюға немесе орындалмаған не тиісті орындалмаған міндеттемелер сомасының 0,01 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық төлемін төлеуге әкелуі мүмкін.
Шартты өзгерту және бұзу
13. Осы Шарттың талаптары тараптардың жазбаша келісімі бойынша өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін.
14. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы тараптар Шартты тоқтатудың болжанған күніне дейін кемінде 30 күн бұрын бірін-бірі хабардар етуге міндетті.
15. Шарттың талаптарын бұзғаны үшін Тапсырыс беруші міндеттемелерді орындамағаны туралы Өнім берушіге жазбаша хабарлама жолдай отырып, осы Шартты бір жақты тәртіппен бұза алады.
Форс-мажор
16. Форс-мажор мән-жайлары туындаған кезде Өнім беруші Тапсырыс берушіге кідіртпей осы мән-жайлар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.
17. «Форс-мажор» мән-жайларына Өнім беруші тарапынан бақылауға бағынбайтын, оның жаңсақтығына немесе салақтығына байланысты емес және күтпеген сипаттағы жағдайлар жатады. Мұндай оқиғаларға соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей зілзалалар, індет, карантин сияқты мән-жайларды жатқызуға болады, бірақ іс-қимылдармен шектелмейді.
Қорытынды ережелер
18. Тараптардың ешқайсысының екінші тараптың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.
19. Осы Шарт бірдей заңды күші бар екі данада жасалған, бір дана Тапсырыс берушіде, екіншісі Өнім берушіде болады.
20. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 200__ жылғы «___» ________ дейін қолданылады.
Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері:
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
1-қосымша
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрілік
заттарды бөлшек саудада сату объектілерінің тізбесі
Елді мекеннің атауы | Бөлшек саудада сату объектісінің атауы (дәріхана, дәріхана пункті, дәріхана дүңгіршегі, ауылдық ОДА, АУА, ФАП, ФП) | Мекен-жайы |
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
2-қосымша
________ жылы амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде халықты белгілі бір аурулармен (жағдайлармен) және арнайы емдік өнімдермен тегін қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
р/с № | Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаттары | Дәрілік заттардың атауы | Шығару дозасы мен нысаны | Босату бағасы, теңге | Құнын өтеу сомасы, теңге |
_________ жылы амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде халықты белгілі бір аурулармен (жағдайлармен) және арнайы емдік өнімдермен жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесі
р/с № | Ауру түрлері немесе азаматтардың жекелеген санаттары | Дәрілік заттардың атауы | Шығару дозасы мен нысаны | Босату бағасы, теңге | Құнын өтеу коэффициентін есепке алғандағы құнын өтеу сомасы, теңге |
Фармацевтикалық қызметтер
көрсетуге арналған
үлгі шартқа
3-қосымша
___________________ тапсырыс беруші бойынша
200__ жылғы___________ бастап 200_____________ дейінгі кезеңдегі
амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету бойынша рецепттердің жиынтық
тізілімі
Рецептердің № | Тегін және (немесе) жеңілдікті шарттармен рецептер жазып берген медициналық ұйымның атауы | Дәрілік заттардың атауы | Шығару дозасы мен нысаны | Саны | Босату бағасы | Құнын өтеу сомасы |
Құрастырды:
Басшы | 200________ ж. «___» _________ |
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 9-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Тегін медициналық көмектің
кепілдік берілетін көлемін
көрсету бойынша дәрілік заттарды,
профилактикалық (иммундық-биологиялық,
диагностикалық, дезинфекциялық)
препараттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және медициналық техниканы,
фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды
ұйымдастыру және өткізу
ережесіне 9-қосымша
Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс беруші арасындағы
дәрілік заттарды сатып алу шарты
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
________________________________ жылғы «____________-_______»
_____________________________________________________________________________________________________________________
Бұдан әрі «Бірыңғай дистрибьютер» деп аталатын________________________, негізінде әрекет өтетін бір тараптан ___________________________________ бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын,__________________________________ негізінде әрекет ететін екінші тараптан
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, Бірыңғай дистрибьютор мен Тапсырыс беруші арасында төмендегідей дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта қолданылатын терминдер
1. Осы Шартта төменде санамаланған ұғымдар төмендегіше түсіндіріледі:
1) Шарт - Тапсырыс беруші мен Бірыңғай дистрибьютор арасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған, жазбаша нысанда тіркелген, тараптар оған барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, сондай-ақ шартта сілтеме бар барлық құжаттамамен бірге қол қойған азаматтық-құқықтық акт;
2) Шарттың сомасы - Тапсырыс беруші Шарттың шеңберінде Бірыңғай дистрибьюторға өзінің шарттық міндеттемелерін толық орындағаны үшін төленуге тиіс сомасы;
3) Тауарлар - Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге Шарт шеңберінде жеткізуі тиіс дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және ілеспе қызметтер (сақтау, тасымалдау және басқа да осыған ұқсас қызметтер);
4) Тапсырыс беруші - Осы Ережеге сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын денсаулық сақтау және денсаулық сақтау ұйымдарының республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларының әкімшіліктері;
5) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі - Бірыңғай дистрибьютор) - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде сатып алуды, оның нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және Тапсырыс берушіге жеткізу бойынша қызметтерді қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Төменде санамаланған құжаттар және оларда келісілген талаптар Осы Шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:
1) Осы Шарт;
2) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктері (Шартқа 1-қосымша);
3) беру кестесі (Шартқа 2-қосымша).
Бірыңғай дистрибьютор осы Шартқа қосымшаларға сәйкес тауарды жеткізуді (ММ үшін бюджеттік бағдарламаларға/ерекшеліктерге сәйкес тауарлардың атауы көрсетілсін), ал Тапсырыс беруші оны қабылдауды және Шартта белгіленген шартқа сәйкес төлеуді міндетіне алады.
Тараптар осы Шартта жасау және орындау үшін барлық өкілеттілікке ие екендігін, үшінші тұлғаның талаптары қиын соқпайтынын және кейіннен үшінші тұлға тарапынан даулар туындаған жағдайда оларды өздігінен реттейтіндігін хабарлайды және кепілдік береді.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
3. Бірыңғай дистрибьютор:
Тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 1-қосымша) сатып алынатын тауарлардың ерекшеліктерінде көзделген баға бойынша беруге;
Тауарды Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын (Шартқа 2-қосымша) беру кестесіне сәйкес беруге. Кестеде беру тізімі және әрбір атаудың саны көрсетілуі тиіс.
Тапсырыс берушіге тауар партиясымен бірге Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген, тауардың шығу тегі мен сапасын растайтын құжаттың көшірмесін беруге;
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің келісімі бойынша тауарды уақытынан бұрын беруді жүзеге асыруға міндетті.
Тапсырыс беруші:
Берілген тауарды Тапсырыс берушінің өтініміне сәйкес санда және сапада қабылдауға;
Берілген тауарды беру кестесіне сәйкес қабылдауға;
Тауарға осы Шартта көрсетілген шарттарға сәйкес төлем жүргізуге;
Бірыңғай дистрибьюторға берілген тауардың сәйкес еместігі анықталғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей алынған тауардың сапасына байланысты барлық дауларды жазбаша түрде шұғыл хабарлауға міндетті.
4-тарау. Шарттың сомасы және төлемі
4. Шарттың сомасы____теңгені құрайды.
Осы шарт бойынша тауардың төлемі мынадай жолмен жүргізіледі:
1) Шарт күшіне енген күнінен бастап 10 банктік күні ішінде Тапсырыс беруші Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде алдын ала төлем жүргізеді.
2) одан кейінгі төлемдер Бірыңғай дистрибьютор шот-фактураны беруі негізінде 10 банктік күні ішінде беру фактісі бойынша Шарт бағасының 50 %-на (елу пайыз) дейінгі мөлшерінде жүргізіледі.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тиісті Тараптар - салық төлеушілер төлеуі тиіс.
Осы Шарт бойынша сома сатып алу үшін бөлінген сомаға тең немесе одан артық болмайды.
5-тарау. Тауарды беру және қабылдау шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзггертілді
5. Тауарды беру оның белгіленген соңғы пунктке тасымалдау уақытына олардың бұзылуын немесе бүлінуін болдырмауы, тауардың қаптамасын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтергіш көлік өңдеуіне және тасымалдау кезіндегі экстремалды температураның, тұз бен жауын-шашынның, сондай-ақ ашық сақтаудың әсеріне төзуге тиіс.
Қаптама және ыдыстарды таңбалау, сондай-ақ құжаттаманың іші және сырты Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамамен анықталған арнайы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің және Бірыңғай дистрибьютор өкілдері берген сәтте жүргізеді, қабылдау нәтижелері тауарды қабылдау-тапсыру актісі бойынша ресімделеді. Беру күні тауарды қабылдау-тапсыру актісін толтыру күні болып саналады. Шарт бойынша берілетін тауар мыналар бойынша Бірыңғай дистрибьютор тапсырды және Тапсырыс беруші қабылдады деп саналады:
- саны бойынша: тауарды қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілгенге сәйкес;
- сапасы бойынша: техникалық ерекшелікте көрсетілген (Шартқа 1-қосымша) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ұсыну міндетті болса тауардың шыққан жерін және сапасын растайтын Бірыңғай дистрибьютордың мөрімен бекітілген құжаттардың көшірмелеріне сәйкес.
Тауарды саны және сапасы бойынша қабылдауды Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі Бірыңғай дистрибьютордың уәкілетті өкілінен оны қабылдау сәтінде жүргізеді. Тауарды беру күні Тараптардың өкілдері тауардың саны мен сапасын тексеруі тиіс.
Жеткізілген тауардың саны мен сапасы, ілеспе құжаттары бойынша сәйкессіздік анықталған жағдайда, бұл сәйкессіздіктер қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі, осындай анықталған мезеттен бастап 24 сағаттан кешіктірілмей ол туралы осы Шарттың 8-тармағына сәйкес қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесін қоса отырып, Бірыңғай дистрибьюторға хабарлама жіберіледі. Бұл ретте Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің берілген тауарға барлық ескертулерін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жоюға міндеттенеді, олай болмаған жағдайда осы Шарттың 6-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші Бірыңғай дистрибьютордың әрекетін тауарды уақтылы жеткізбеу ретінде бағалайтын болады.
Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушінің хабарламасын алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей (егер хабарламада өзге мерзім көрсетілмесе) тауардың саны мен сапасын тексеруге қатысу үшін өзінің өкілін жіберуге тиіс.
Берілетін тауарды немесе оның бөлшектерін саны мен сапасын жақсарту, сондай-ақ бағасын, көлемін және осындай тауарды беру мерзімін сақтай отырып тауардың басқа атауымен алмастыруға рұқсат етіледі.
Тапсырыс беруші тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тауарды қабылдаудан бас тарту туралы акті жасалады, мұндай жағдайда тауарды беру күні тауар құжаттамасында көрсетілген күн болып саналады. Бұл ретте Тапсырыс беруші берілген тауардың барлық көлеміне, оның ішінде Тапсырыс беруші қабылдамаған тауарға ақы төлеуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші тауарға ақы төлеуден бас тартқан жағдайда, Тараптар осы Шарттың 8-тармағының ережелерін басшылыққа алатын болады.
Егер Шартты орындау барысында Бірыңғай дистрибьютор кез-келген мезетте тауарды уақтылы беруге кедергі келтіретін жағдайларға тап болатын болса, Бірыңғай дистрибьютор Тапсырыс берушіге жедел кідірту фактісі, оның болжалды ұзақтығы мен себебі (тері) туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Бірыңғай дистрибьютордан хабарлама алғаннан кейін Тапсырыс беруші 5 жұмыс күні ішінде ахуалды бағалауы тиіс және Бірыңғай дистрибьютордың міндеттемелерді орындау мерзімін ұзартуы тиіс; мұндай жағдайда осындай ұзартуды Тараптар қосымша келісімге қол қою жолымен ресімдеуге тиіс.
Жалпы жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болатын тауарды беру сәтіне қалдық жарамдылық мерзімі беру сәтіндегі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын құрауы тиіс. Жарамдылық мерзімі екі жылдан кем емес тауар үшін беру сәтіндегі қалдық жарамдылық мерзімі кемінде сегіз айды құрауы тиіс.
Тапсырыс берушіге жеткізілетін, тауардың ауыспалы қалдығы болып табылатын, өнім берушіден бірыңғай дистрибьютордың қоймасына бұрын қабылданған қалдық жарамдылық мерзімі бар тауарды жеткізуге жол беріледі. Бұл ретте ауыспалы қалдық болып табылатын жеткізілген тауардың жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда бірыңғай дистрибьютор тапсырыс берушінің бірінші жазбаша талабы бойынша тауарды қалдық жарамдылық мерзімі бар ұқсасына алмастыруды өтеусіз жүргізеді:
1) жарамдылық мерзімі екі жылдан кем болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің отыз пайызынан кем емес;
2) жарамдылық мерзімі кемінде екі жыл болса - өндіруші көрсеткен жеткізу сәтінде жарамдылықтың жалпы мерзімінің сегіз айынан кем емес.
Тапсырыс беруші вакциналар және басқа иммундық-биологиялық препараттарды қоспағанда, барлық жеткізілетін тауар көлемін қабылдауға және оны бірыңғай дистрибьюторға өтеусіз негізде жауапты сақтауға тапсыруға міндеттенеді. Бірыңғай дистрибьютор жауапты сақтаудағы тауарды Шартқа 2-қосымшаға орай жеткізу кестесіне сәйкес немесе Шартта көрсетілген мерзімдерде босатады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.05. № 474 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тарау өзгертілді
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.