5. Қызметтер көрсетудi ұсынудың режимi - тәулiк бойы.
3. Қызметтер көрсетудiң құны және ақы төлеу тәртібі
6. Табиғи газды жер асты газ сақтау орнында сақтау жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеу уәкiлеттi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
7. Тұтынушы ақы төлеудi екi жақты актiнiң негiзiнде нақты ұсынылған қызметтер көрсету үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап үш күн iшiнде, егер Тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, ай сайын жүргiзедi.
8. Тоқсан iшіндегі қорытындылар бойынша қаржылық есептердi салыстырудың бухгалтерлiк актілерін, актiлерге қол қоятын, мөрмен растайтын және есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Тұтынушыға жiберетiн Қызмет берушi ресiмдейдi. Актiлерге Тұтынушы қол қояды, мөрмен растайды және қайтадан Қызмет берушiге жiбередi.
4. Табиғи газды сақтау және есепке алу шарттары
9. Шарт бойынша сақтауға берiлетiн табиғи газ Қазақстан Республикасының нормативтiк кесiмдерiнде белгiленген талаптарға сай болуы тиiс.
10. Табиғи газ ай бойы бiрдей бөлiктермен жеткiзiледi.
11. Табиғи газдың ағыны табиғи газды сақтауға жеткізу және қабылдау актілерін, табиғи газды iрiктеп алу актiсiн және табиғи газды сақтаудың орташа айлық көлемi туралы актiсiн жасау жолымен ЖГС-ның өлшеу тораптарында ай сайын есепке алынатын болады, ол мынадай формула бойынша есептеледi:
V орт.ай. сақ.=V айдың басында + 1/2V айдап құю - 1/2V iрiктеп алу.
12. Актiлер екi данада жасалады және есеп жасалған айдан кейiнгi айдың бесiншi күнiне дейiн Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi оған қол қояды.
13. Тараптардың сақтауға қабылданған табиғи газдың мөлшерiн айқындауға байланысты наразылықтары екi жақты актiлерге қол қойылғаннан кейiн он күн iшiнде жасалады.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
14. Тұтынушының:
1) ИМ-74 кеден декларациясында көрсетiлген көлемде ЖГС-да сақтаулы табиғи газға билiк етуге;
2) белгіленген сапада қызметтерді алуға және Қызмет берушіден ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтер ұсынған жағдайда, қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
3) Қызмет берушi бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей хабардар етiлген және табиғи газды ЖГС-да сақтау жөніндегі қызметтер көрсету үшiн толық ақы төленген жағдайда, Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
15. Тұтынушы:
1)»___»табиғи газды ЖГС-ға сақтау жөніндегі қызметтер көрсету үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргiзуге;
2) Қызмет берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейтiн техникалық талаптарды орындауға;
3) Қызмет берушiге газды ЖГC-ғa айдап құю басталғанға дейiн жеткiзiлетiн газдың бүкiл көлемi үшiн газдың шыққан жерi сертификатының көшiрмесi мен оның сапасы паспортының түпнұсқасын беруге;
4) ИМ-74 (сақтау орнына айдап құю) және ИМ-40 (сақтау орнынан iрiктеп алу) режиміндегі газды кедендiк ресімдеу үшiн толық жауапты болуға және Қызмет берушiге тиiстi режимнiң жүк кеден декларациясының төртiншi данасының түпнұсқасын беруге мiндеттi.
16. Қызмет берушiнiң:
1) Тұтынушыдан Шартта белгіленген тәртiппен және жағдайда ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы әрi толық көлемде ақы алуғa;
2) Тұтынушының сақтауы мiндеттi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық талаптар белгiлеуге;
3) барлық тұтынушылар үшiн уәкiлеттi орган бекіткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңінде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бар.
17. Қызмет берушi:
1) осы Шартта белгiленген кезеңде ЖГС-дағы табиғи газдың Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда сақталуын қамтамасыз етуге;
2) Тұтынушыны табиғи газды айдап құюға және (немесе) сақтауға және (немесе) iрiктеп алуға әсер етуi мүмкін кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ табиғи газды айдап құюды және (немесе) сақтауды және (немесе) iрiктеп алуды қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi iс-қимылды жасауға;
3) Тұтынушыны табиғи газды сақтау жөніндегі қызметтер көрсету тарифтерiнiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
4) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне табиғи газды сақтау мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.
6. Тараптарды шектеу
18. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады.
7. Тараптардың жауапкершiлiгi
19. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiрiлген залалды өтейдi.
20. Қызметтер көрсетуді ұсынғаны үшiн ақы төлеудiң мерзiмi өткен жағдайда, Тұтынушы Шартқа сәйкес (24-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) және өзiне сақтауға берiлген табиғи газды Қызмет берушi уақтылы қайтармаған жағдайда кiнәлi тараптар осы сомаларды төлейтiн күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 есе қайта қаржыландыру ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн тұрақсыздық айыбын төлейдi.
21. Егер Тұтынушыға ЖГС-да табиғи газды сақтау жөнiнде қызметтер көрсетудiң Қызмет берушi үшiн мүмкiн болмауы Қызмет берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен туындаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауапты болады.
22. Тұрақсыздық айыбын төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн ЖГС-да сақтаулы табиғи газды Тұтынушы қайта алмаса, онда ол Қызмет берушiге табиғи газды одан әрi сақтау үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi.
8. Форс-мажор мән-жайлары
24. Тараптардың бiр де бiреуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.
Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бiр-бiрiне бұл туралы Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажор мән-жайлары басталған күнiн нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайларының қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкiн.
Егер еңсерiлмес күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргізуге мiндеттенедi.
9. Жалпы ережелер және дауларды шешу
25. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
26. Шарт _________ мерзiмге жасалды және _________ сәттен бастап күшiне енедi.
27. Шартты бұзу немесе оның талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздеме бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
28. Тараптардың арасында келісімге қол жетпеген жағдайда, даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртібімен шешiледi.
29. Шарт бiрдей заң күшi бар 2 данада, Тараптардың әрқайсысына бiр данадан жасалады.
30. Тараптардың келісімi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
31. Осы Шартта ескерiлмеген Тараптардың арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.
12. Тараптардың деректемелерi
Қызмет берушi: _______________ Тұтынушы: _______________
ҚР Үкіметінің 23.04.04 ж. № 458 қаулысымен үлгі шартпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерін
көрсетуге арналған
үлгі шарт
______________________ 200_ жылғы»___»_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
топтық резервуарлық қондырғылар арқылы қызметтер көрсететін,
___________________________________________________________________
(қызметтер көрсетуді ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
___________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
___________________________________________________________ атынан
(лауазымы, аты-жөнi)
негізінде іс-қимыл жасаушы, бір тараптан және бұдан әрі
Тұтынушы
___________________________________________________________________
(Тұтынушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
деп аталатын, ______________________________________________атынан,
(лауазымы, аты-жөнi)
___________________________________________ негізінде әрекет ететін
мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
топтық резервуарлық қондырғы (бұдан әрі - ТРҚ) - газ шаруашылығының объектісі болып табылатын, сұйытылған мұнай газдарын (бұдан әрі - СМГ) сақтауды қамтамасыз етуге арналған сыйымдылықтар тобынан тұратын, тұрғын үй массивіне берілген режимде, газ құбырларының жүйесіне газ беруді қамтамасыз ететін, СМГ-ні сыйымдылықтардан үй ішілік газ құбырына дейін тасымалдауды қамтамасыз ететін сақтандырғыш-бекіткіш және реттеуші арматурасы бар құрылыс;
кiрiс краны - газ құбырындағы бекiткiш арматура, Қызмет берушiнiң жауапкершiлiгiнiң шегi;
тұтынушы - тұрғын үй массивiне (тұрмыстық тұтынушыларға) газ беру үшiн ТРҚ арқылы газ жеткізу қызметiн пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
сұйытылған мұнай газы - тасымалдау және сақтау мақсатында сұйық күйге түрлендірілген, құрамдастарының сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін жеңіл көмірсутегілердің (пропан-бутан фракциясының, пропанның, бутанның) қоспасы.
2. Шарттың мәнi
2. Қызмет беруші ТРҚ арқылы Тұтынушы жеткізген СМГ-ны кіріс кранына дейін беруге, ал Тұтынушы қабылданған қызметтерге ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады. Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөніндегі өз өкiлеттiгiн үшiншi тұлғаға беругe құқығы бap.
3. Қызметтердiң құны және ақы төлеу тәртібі
4. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерiне ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтердiң құны Шарттың өзге де талаптары сияқты барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
5. Егер Тараптардың келісімiнде өзгедей көзделмесе, ақы төлеудi Тұтынушы екi жақты актiлердiң негiзiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн Қызмет берушiнiң шот-фактурасын алған сәттен бастап бес банктiк күн iшiнде, ай сайын жүргізеді.
4. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
6. Тұтынушының:
1) белгіленген сапада қызметтерді алуға және Қызмет берушіден ұлттық стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтер ұсынған жағдайда, қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
2) Қызмет берушiден қызметтердi толық жеткiзбегендiктен немесе сапасыз қызмет көрсету жеткiзгендiктен шеккен залалды өтеудi жасалған шарттардың талаптарына сәйкес талап етуге;
3) шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сот органдарына жүгiнуге;
4) бұл туралы Қызмет берушi бiр айдан кешiктiрмей хабардар етiлген және қызметтер үшiн толық ақы төленген жағдайда Қызмет берушiмен жасалған Шартты бiр жақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
7. Тұтынушы:
1) Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайда қызметтер үшiн ақы төлеудi уақтылы әрi толық көлемде жүргiзуге;
2) СМГ-ны TPҚ-ғa құю кезінде қауіпсіздік қағидаларын жабдықты қауіпсіз пайдалану жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де талаптарына сәйкес сақтауға;
3) Қызмет берушi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;
4) Қызмет берушiнiң ТРҚ-сына СМГ-ны жеткізуге және құюға;
5) қажетiне қарай СМГ-ның буланбаған қалдықтарын ТРҚ-дан СМГ-ның шығарылған массасының орнын толтыра отырып, айдап шығаруды жүргізуге;
6) жеткiзiлетiн СМГ сапасы мен саны үшiн жауап беруге мiндеттi.
5. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
8. Қызмет берушiнiң:
1) ұсынылған қызметтер үшiн Тұтынушыдан ақыны Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы әрi толық көлемде алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
3) барлық тұтынушылар үшiн реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданысы кезеңiнде ұсынылған қызметтер үшiн тарифтердi төмендетуге құқығы бap.
9. Қызмет берушi:
1) барлық қызметтер Тұтынушылары үшiн бiрдей жағдайда қызметтер көрсетудi ұсынуға;
2) қызмет көрсетуге арналған шарттарды жасасу кезiнде тарифтер белгiлеу бөлiгiнде реттеушi органның шешiмдерiн басшылыққа алуға;
3) қызмет беруде шартта белгіленбеген үзiлiстерге жол бермеуге;
4) Тұтынушыға ТРҚ-дағы СМГ-ны Тұтынушымен келісілген көлемдерде беруге;
5) Тұтынушыны қызметтiң сапасы мен Тұтынушының қауiпсiздiгiне әсер ететiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы дереу хабардар етуге, сондай-ақ қызмет сапасын қалпына келтiру үшiн барлық қажеттi ic-қимылды жасауға;
6) Тұтынушыны қызметтер тарифтерiнiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кемiнде отыз күн бұрын хабардар етуге;
7) Тұтынушыға немесе оның уәкiлеттi өкiлiне Газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк ережелерiнiң және жабдықтарды қауiпсiз пайдалану жөніндегі нормативтiк-техникалық құжаттардың мәселелерi бойынша ақпарат ұсынуға мiндеттi.
6. Тараптарды шектеу
10. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не өзгеше түрде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын iс-қимыл жасауға тыйым салынады.
7. Тараптардың жауапкершiлiгi
11. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап басқа тарапқа келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтейдi.
12. Осы шартта көзделген мiндеттемелердi орындау мерзiмi өткен жағдайда кiнәлi тарап екiншi тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай мiндеттемелердiң нақты орындалуы күнiне қолданылатын әрбiр мерзiмi өткен күнi үшiн қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде, бiрақ негiзгi борыштың сомасынан аспайтын сомада тұрақсыздық айыбын төлейдi.
13. Егер Тараптар келісімiмен өзгеше ескертiлмесе, тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басталуы есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың бiрiншi күнi болып табылады.
14. Төлем бойынша оның мерзiмi келген сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде шотты төлемеген жағдайда, Қызмет берушi осы Шарттың шарттарымен белгiленген тәртiппен қызмет берудi шектеуге не тоқтатуға құқылы.
15. Егер Тұтынушыға қызмет көрсетудің Қызмет берушi үшiн мүмкiнсiздiгi Қызмет берушiмен шарттық қатынаста тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi. Тұрақсыздық айыбын (өсiм ақыны) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
16. Тұтынушы осы Шартта көзделген мерзiмде өзiне берiлген қызметтер көрсету көлемдерiн салыстыру актiсiн ұсынбаған кезде, өткен есеп айырысу кезеңi үшiн Қызмет берушiнi қызмет көрсету ақысының мөлшерi берілген қызметтер көрсету көлемiнiң салыстыру актiсiн ұсыну кезiнде кейiнгi есеп айырысу кезеңіндегі Қызмет берушiнiң қызмет көрсету ақысының мөлшерiне кейiннен түзету енгiзе отырып, Қызмет көрсетушiнiң берiлген қызмет көрсету көлемi туралы қолда бар жедел деректерiне сәйкес анықталады.
17. Алдыңғы кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлем бiрiншi кезекте осы берешектi өтеугe жiберiледi. Тұтынушы төлейтiн ақы сомасы нақты есеп айырысу кезеңiне арналған сомадан асқан жағдайда, осы асқан соманың айырмасы келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне (не Тараптардың келісімi бойынша Қызмет берушiнiң алдындағы өзге де мiндеттемелер бойынша, егер мұндай бар болса, Тұтынушының берешегiн өтеу шотына) өздiгiнен есептеледi. Егер Тұтынушы келесi есеп айырысу кезеңiне Қызмет берушiнiң қызметiнен бас тартса, асыра төленген сома, Тұтынушының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге кеткен, оның iшiнде Қызмет берушi алдындағы ақшалай соманы (егер мұндай бар болса) қоспағанда, қайтарылады.
18. Егер Тұтынушы қойылған шоттың дұрыстығына дауласатын болса, ол Қызмет берушiнi осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Қызмет берушiге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтiнiш бередi. Бұл ретте, Тұтынушы жоғарыда көрсетiлген мерзiмде шоттың дау туғызбаған бөлiгiне ақы төлеуге мiндеттi.
19. Егер бақылау-өлшеу аспаптарының ақаулығы нәтижесiнде шоттарға түзету енгізу қажет болған жағдайда және басқа жағдайларда, Тараптар кейiнгi есеп айырысу кезеңдеріндегі шоттарға түзету енгiзедi.
20. Қызмет берушiнiң топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметiне ақы төлеу жөнiнде Қызмет берушi шот-фактурада көрсеткен деректемелер бойынша Қызмет берушiнiң ағымдағы шотына немесе Қызмет берушi Тұтынушыға жолдаған хабарламада көрсеткен деректемелер бойынша үшiншi тараптың ағымдағы шотына ақша есептеу Тұтынушының мiндеттемелерi болып танылады.
21. Есеп айырысу кезеңi iшiнде Қызмет берушiнiң кiнәсi бойынша қызмет берудiң нақты айлық көлемi Тараптармен келісілгеннен азайған кезде, соңғысы кез келген кездерден кем жеткiзiлген көлемнiң орнын толтырады, олай болмаған жағдайда, Тұтынушы кем жеткiзiлген қызмет көлемiн ескере отырып, көрсетiлген қызмет құнының мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
22. Шартта көзделмеген үзiлiстер, қызмет берудi тоқтату немесе шектеу үшiн Қызмет берушiнiң Тұтынушы алдындағы жауапкершiлiгi осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
23. Егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталған бойда газды жер астында сақтау орнынан табиғи газды Тұтынушы қайтадан алмаса, онда ол Қызмет берушiге табиғи газды одан әрi сақтағаны үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және талаптармен мөлшерлес сыйақы төлеуге мiндеттi.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар
24. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күш мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бiреуiнiң залалды өтеуге құқығы болмайды. Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша мұндай жағдайда өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бipeуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
Еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда Тараптар олар туындаған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бiр бiрiн Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажорлық мән-жайларының басталған күнiн нақтылайтын сипаттайтын жазбаша хабарламаны кейiннен бере отырып немесе почтамен жiберу арқылы хабардар етедi.
25. Егер Тараптардың бipeуi Шарт бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн еңсерiлмес күш мән-жайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде орындауға шамасы келмейтiн болса, тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
9. Басқа ережелер және дауларды шешу
26. Топтық резервуарлық қондырғылар арқылы газ жеткізу қызметтерiн көрсетудi ұсынуға арналған Шарт Тұтынушымен жеке тәртiппен жасалады.
27. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселеге немесе Шарттың ережелерiне қатысты iс-қимылға байланысты қандай да бiр дау немесе келiспеушiлiк туындаған жағдайда Тараптардың кез келгенi басқа Тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, талап қоюға құқылы.
Тараптар барлық дауларды келiссөздер жолымен реттеу үшiн бар күш-жiгерiн жұмсайды.
28. Келісімге қол жетпеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер жауап берушiнiң орналасқан жерi бойынша соттарда шешiледi.
Тараптардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге жағдайларда Шартты бұзуға құқығы бар.
29. Тараптардың Шарттан туындайтын және олармен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
30. Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар Шарт 2 данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қазынашылығының аумақтық органдарында тiркеледi және шарт тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
10. Шарттың қолданылу мерзiмi
31. Шарт 200_жылғы»___»_______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 200_ жылғы»___»_____ 24-00 сағатқа дейiн қолданылады.
32. Шарттың қолданылу мерзiмi, егер Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын Тараптардың бiрi бұл туралы мәлiмдесе, қызмет беру көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылады және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi.
11. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы: _______________ Тапсырысшы: _______________
ҚР Үкіметінің 23.04.04 ж. № 458 қаулысымен үлгі шартпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөнiнде қызметтер
көрсетудi ұсынуға арналған
YЛГI ШАРТ
_______________________ 200_ жылғы»___»_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ атынан
(лауазымы, аты-жөнi)
_________________________________________________ бiр тараптан және
(қызметтердi көрсетудi ұсынатын субъект)
бұдан әрi Тұтынушы деп аталатын, қызметтер көрсетудi пайдаланушы
__________________________________________________ екiнші тараптан,
(тұтынушының деректемелерi)
мына төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)