Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
(2013.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
4. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2009.20.03 № 374 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 461 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.08. № 965 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.08.12. № 1487 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-1-тармақ өзгертілді
5-1. ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің № 1 аймақаралық салық комитеті» аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
7. Осы қаулының 6-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемені таратқаннан кейін қалған мүлікті басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне беріледі деп айқындалсын.
8. Осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2, 4, 5, 6, 8, 13, 15-тармақтарын, сондай-ақ осы қаулыға 6-қосымшаның 3, 4, 5, 8, 10, 11, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 20, 22-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 230 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
жылғы 24 сәуірдегі
№ 387 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде (бұдан әрі - Бюджет кодексі), Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де шоттары болады.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.
10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің миссиясы:
бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік, бюджеттік есепке алу және республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы жөніндегі бюджеттік есептілік саласында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында, республикалық мүлікті басқару саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау саласында мемлекеттік реттеу, сондай-ақ салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу.
15. Міндеттері:
1) бухгалтерлік есеп, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілік, мемлекеттік қаржы статистикасын атқару, жүргізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
2) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеудің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз ету;
3) өз құзыреті шегінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасы салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
5) этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу;
6) кеден ісі, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу, бюджеттік кредит беру, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу, ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру, банкроттау рәсімдерінің жүргізілуін бақылауды (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік реттеу;
7) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласында, аудиторлық қызмет және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру саласындағы қызметті реттеу;
8) ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруды қамтамасыз ету;
9) «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;
10) заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру.
16. Функциялары:
орталық аппараттың функциялары:
1) бюджеттің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық және бюджеттік есептілік, аудиторлық қызмет, мемлекеттің қаржы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында шоғырландырылатын материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлікті жинақтау саласында, республикалық мүлікті басқару, үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет алдындағы борышты басқару, мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ банкроттау (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) саласында мемлекеттік реттеу;
2) бюджет заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру кезінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын есепке ала отырып, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары мен кіші сыныптары бойынша мемлекеттік және республикалық бюджеттерге, Ұлттық қорға түсетін түсімдерді болжамдауға қатысу;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;
5) мемлекеттік сатып алу саласында және халықаралық ынтымақтастық аясында стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;
6) мемлекеттік сатып алу, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау, қаржылық және бюджеттік есептіліктің атқарылуы саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық ету;
7) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және қабылдау;
8) республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіру;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау;
11) бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты даярлау;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы аудитін жүргізуді ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;
14) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлеу;
15) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бюджеттік кредиттерді беру, оларға қызмет көрсету, мониторингін және қайтаруды қамтамасыз ету;
16) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету көлемін айқындау;
17) есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына ұсыну, есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;
18) ай сайын мемлекеттік, шоғырландырылған, республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есепті жасау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және ішкі бақылау жөніндегі уәкілетті органға, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну;
19) мемлекеттік және жергілікті бюджеттер бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
20) мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептер жасау;
21) мемлекет кепілгерлігі шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекет кепілгерліктерін беру;
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру;
23) мемлекеттік емес қарыздардың мемлекеттік кепілдіктері жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
24) ішкі нарықта жеке тұлғалар үшін арнайы мемлекеттік бағалы қағаздарды, капиталдың сыртқы нарығында мемлекеттік бағалы қағаздарды, сондай-ақ мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару;
25) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру;
26) мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
27) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш мониторингі және оларды басқару;
28) қаржы саласында кадрларға қажеттілікті айқындау;
29) экономика саласында теріс үрдістерді болдырмау және оның алдын алу бойынша ұсыныстарды әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;
30) қаржылық есептілікті депозитарийге беру тәртібін әзірлеу;
31) есепке алу саясатын әзірлеу және бекіту;
32) мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын әзірлеу және бекіту;
33) мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
34) мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
35) мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын әзірлеу және бекіту;
36) қаржылық есептілікті жасау және ұсыну нысаны мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
37) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау тәртібін әзірлеу және бекіту;
38) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді кезеңге арналған концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін келісу;
39) жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің лимитін әзірлеу;
40) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы келісу;
41) мемлекеттік меншіктегі концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру тәртібін айқындау;
42) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құзыреті шеңберінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
43) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп, кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;
44) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
45) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындау;
46) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысу;
47) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналасқан ақпаратты сақтау тәртібін айқындау;
48) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету тәртібін айқындау;
49) мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
50) кедендік төлемдер мен салықтардың толық алынуын және бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
51) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен келісім бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталған бұзушылықтар сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
52) мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсету және қайтару, сондай-ақ берілген мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді уақтылы орындау мәселелері бойынша мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша сенім білдірілген адамдармен (агенттермен) өзара іс-қимыл жасау;
53) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте өтеу және қызмет көрсету көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың тізбесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобаларын әзірлеу;
54) бюджеттік кредиттің нысаналы тағайындалуы бойынша пайдаланылуы бөлігінде бюджет заңнамасының сақталуын және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ол бойынша міндеттемелердің атқарылуын қамтамасыз етудің болуын қамтамасыз ету;
55) ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
56) салық және бюджеттік саясаттың, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
57) салық және бюджеттік саясатты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу;
58) ерекшеліктер бөлінісінде республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдерді талдау мен ерекшеліктер бойынша және аумақтар бөлінісінде ағымдағы болжамдауды жүзеге асыру;
59) облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын келісу;
60) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың ахуалын және алдағы жоспарлы кезеңге арналған болжамын жыл сайын бағалауды дайындау;
61) бюджет қаражатын басқаруды бағалау, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу мен бекіту және оны әдіснамалық сүйемелдеу;
62) салалық органдармен бірлесіп, кәсіпорындарды жүйе құрайтындарға жатқызу өлшемдерін бекіту;
63) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
64) автономды білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдингтің басқару органдарында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;
65) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;
66) бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну тәртібін айқындау;
67) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын әзірлеу және бекіту;
68) шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
69) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау және оны бекіту бойынша құқықтық актінің жобасын әзірлеу;
70) бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін айқындау;
71) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен және кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимыл;
72) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
73) оңалтуды және конкурсты басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау тәртібін белгілеу;
ведомстволарының функциялары:
1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, республикалық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;
2) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
3) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы деректерді жасау;
4) республикалық бюджет бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерді жасау;
5) республикалық бюджеттің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасау;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті жасау;
7) жеке тұлғаларға арналған арнайы мемлекеттік бағалы қағаздарды қоспағанда, капиталдың ішкі нарығындағы мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер түріндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығару;
8) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша есептік деректерді тұрақты және жүйелі жеткізу бөлігінде бюджеттік мониторингті және міндеттемелерді уақтылы қабылдамау, республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша (сыртқы қарыз алу мен кредиттеуді ескерусіз) төлемдерді уақтылы жүргізбеу себептерін анықтау мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен ақпарат жинауды жүзеге асыру;
9) мемлекеттік мекемелердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және шетел валютасындағы шоттарды ашу, жүргізу және жабу;
10) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшасын бақылау шоттарын ашу, жүргізу және жабу;
11) бюджеттік есепке алуды жүргізу тәртібін айқындау;
12) мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу;
13) бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу;
14) түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа есепке жатқызу;
15) бюджетке түсетін түсімдерді есепке алудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету;
16) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін аударымдарды есепке алу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі шотына аудару;
17) кейін қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарына есепке жатқыза отырып, бюджеттер деңгейінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары арасында түсімдер сомасын бөлу;
18) ақша қаражатын Кеден одағының қолма-қол ақшасын бақылау шотынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде ашылған шоттарына аудару;