19) кедендік баж сомалары бойынша ақпаратты дайындау және Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу;
20) операцияларды шетелдік валютада жүзеге асыру және оларды есепке алуды жүргізу;
21) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуді және есепке алуды, оның кепілдіктері мен кепілдемелері бойынша міндеттемелерді мемлекеттің орындауына байланысты талаптарын жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы Үкіметінің борыштық міндеттемелері бойынша төлемдерді есепке алу және жүргізу рәсімдерін және үкіметтік сыртқы қарыз алу, байланысты гранттар және бірлесіп қаржыландыру қаражаты шоттарынан қаражат алу операцияларын жүзеге асыру;
23) бюджеттік кредиттеу нәтижесінде туындайтын үкіметтік талаптар бойынша борыштық міндеттемелерді есепке алуды қамтамасыз ету;
24) бюджеттен түсімдер сомасын қайтару жөніндегі салықтық және уәкілетті органдардың төлем құжаттарын орындау не оларды салық берешектерін өтеу есебіне есепке жатқызу;
25) инкассалық өкімдерді орындауға қызмет көрсету;
26) бюджет ақшасын басқару;
27) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің депозиттеріне республикалық және жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджеттік ақшаларын орналастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша республикалық бюджетке сыйақылар (мүдде) көлемін болжамдау;
28) мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша валюта түрлері бойынша ұлттық және шетел валютасында төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүзеге асыру;
29) мемлекеттік мекемелер ұсынатын міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының, жеке қаржыландыру жоспарларына, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың, төлем тапсырмаларының, төлеуге ұсынылатын шоттардың, азаматтық-құқықтық мәмілелердің бюджет заңнамасына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру;
30) квазимемлекеттік сектор субъектілері ұсынатын төлем тапсырмаларына тексеруді жүзеге асыру;
31) мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларының жиынтық қаржыландыру жоспарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
32) мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есепке алынуының дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
33) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаның шығыстары бойынша операциялардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
34) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және республикалық бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тоқсандық және жылдық бюджеттік есептіліктерін қабылдауды және тексеруді жүзеге асыру;
35) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және қабылдануы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы кезінде мемлекеттік мекемелер төлемдерінің жүзеге асырылуын тоқтата тұру;
36) кеден ісі саласындағы мемлекеттік реттеу аясындағы саясатты қалыптастыруға қатысу;
37) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін, экономикалық және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
38) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған тізілімге уәкілетті экономикалық операторларды да енгізу туралы шешім қабылдау;
39) өз құзыреті шегінде Кеден одағының кедендік аумағындағы зияткерлік меншік құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
40) зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау;
41) кедендік әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
42) Қазақстан Республикасының сыртқы сауда-саттық кедендік статистикасын және арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
43) егер мұндай ақпарат оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешу үшін қажет болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны (жасырымды) және басқа да жабық ақпаратты қорғау жөніндегі заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының тәртібінде және талаптарын сақтай отырып, ақпаратты мемлекеттік органдарға беру;
44) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызмет қатысушыларының тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабардар болуын қамтамасыз ету;
45) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік бақылау ақпараттық жүйелерін, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін, техникалық құралдарын, сондай-ақ ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу, жасау және пайдалану;
46) кедендік декларациялауды, кедендік бақылауды жүзеге асыру және жетілдіру, сондай-ақ Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік операциялардың жүргізілуін оңайлатуға ықпал ететін жағдайлар жасау;
47) тауарларды Кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын орналастыру кезінде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуына кедендік бақылауды жүзеге асыру;
48) төмен тұрған кеден органының және кеден органы лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;
49) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кеден ісі саласында құқық бұзушылық, қылмыс жасаған немесе құқық бұзушылық, қылмыс жасауда күдікті адамдарды ұстау және Қазақстан Республикасының кеден немесе өзге де органдарының қызметтік үй-жайларына жеткізу;
50) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтардың, оның ішінде белгіленген мерзімде бюджетке төленбеген сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны өндіріп алу;
51) өз құзыреті шегінде Кеден одағы кедендік шекарасының қорғалуын және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының және өзге де заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
52) тауарлардың кедендік құнын бақылауды жүзеге асыру;
53) тауарлардың шыққан елі туралы алдын ала шешім қабылдау;
54) тауарлардың Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес дұрыс сыныпталуын тексеру;
55) Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған, олардың негізінде кедендік төлемдер мен салықтардан босату ұсынылатын құжаттарды қарау;
56) өз құзыреті шегінде кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуін және уақтылы төленуін бақылауды жүзеге асыру;
57) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде радиациялық бақылау жүргізу;
58) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша тергеуді жүзеге асыру;
59) өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және оны анықтау жөніндегі жұмыс жүргізу;
60) жедел-іздестіру қызметін Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;
61) тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүзеге асыру;
62) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеден органдарының лауазымды адамдарын және олардың отбасы мүшелерін заңсыз іс-қимылдардан қорғау;
63) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыру;
64) кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
65) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
66) тәуекелдерді бағалау және оларды басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
67) мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына қатысты мәселелер бойынша және кеден органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша консультациялар беруді жүзеге асыру;
68) келіп түсетін кеден ісі саласындағы сұрау салулар мен ұсыныстардан туындайтын жауаптарды уақтылы қарау және беру немесе өзге де іс-қимылдарды қамтамасыз ету;
69) оларға қатысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарынан сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын қазақстандық тауарларды қайта экспорттауға рұқсат беру;
70) Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан жүзеге асырылатын Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумаққа әкелуді немесе әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мәдени құндылықтарды, қолма-қол валютаны, қаржы мониторингіне жататын, ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету жөнінде ақпарат жинауды жүзеге асыру;
71) өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы бойынша түсіндіруді және түсініктеме беруді жүзеге асыру;
72) мынадай:
салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;
салық нысандарын қабылдау;
камералды бақылау;
салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;
салықтық тексеру;
ірі салық төлеушілердің мониторингі;
салықтық тексерістер;
бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;
акцизделетін тауарларды бақылау;
трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;
мемлекеттің меншігіне айналдырылған (айналдыруға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау;
73) тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану;
74) есепке алуды жүргізу тәртібін бұзған жағдайда жанама әдістер (активтер, міндеттемелер, айналым, шығындар, шығыстар) негізінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау;
75) жоспардан тыс тексерулерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асыру;
76) салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорын қалыптастыру;
77) бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізілімін, бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге енгізу (мемлекеттік тізілімнен шығару) жолымен жүргізу;
78) салықтық әкімшілендіру бизнес-процестерін жаңғыртуды және қайта инжинирингтеуді жүзеге асыру;
79) салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру;
80) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеу жөніндегі салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;
81) мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзартудан бас тарту немесе мониторинг бойынша есептілікті ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау;
82) халықаралық шарттардың ережелерін Салық кодексінде және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен қолдану;
83) салықтық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;
84) трансферттік баға белгілеуді қолдану бойынша келісім жасасуға мәміле қатысушысының өтінішін қарау;
85) соттарға талап қою арызын Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 49-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы заңнамасына сәйкес ұсыну;
86) нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыреттер шегінде салықтық және салыққа жатпайтын түсімдердін есепке жатқызылуын және/немесе қайтарылуын жүзеге асыру;
87) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтерді көрсету;
88) салық төлеушілердің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекеті (әрекетсіздігі) бөлігінде салық тексерістерінің актілері бойынша хабарламаға заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын қарау;
89) салық заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
90) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруда этил спиртін, алкоголь өнімдерін және темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымын мемлекеттік реттеу, мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
91) этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
92) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру, темекі бұйымдарын өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау;
93) алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін сату кезінде ең төменгі бағалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
94) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алкоголь өнімін белгілі бір түрге жатқызу;
95) темекі бұйымдарын өндіру және олардың айналымы көлемдерінің теңгерімін бақылауды, есепке алу мен талдауды жүргізу;
96) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
97) мұнай өнімдерінің және биоотынның айналымын бақылауды жүзеге асыру;
98) этил спирті, алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары өндірісін және олардың айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің және биоотынның жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
99) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
100) бақылау объектілерінің есепке алу мен есептілікті жүргізуінің сенімділігі мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
101) өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асыру;
102) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет қаражатын пайдалануының қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асыру;
103) құзыреті шегінде мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
104) өз құзыреті шегінде салыққа жатпайтын түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттерге толық және уақтылы енгізілуіне қатысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
105) мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден олардың иелігінде қалатын ақшаны қалыптастыруын және пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
106) бақылау объектілеріне жіберілетін ұсыныстардың және бақылау нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
107) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
108) бюджеттік кредиттер беру, концессиялық жобаларды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттік кепілгерліктерді, мемлекеттің байланысты гранттары мен активтерін бірлесіп қаржыландыру шарттары мен рәсімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
109) бақылау объектілеріне айқындалған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқаулықтарды жіберу;
110) бақылау объектілерінен бақылау жүргізумен байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуды және белгіленген мерзімде олардан алуды жүзеге асыру;
111) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамасымен танысу;
112) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бақылау іс-шараларының, оның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері жүргізген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы есептер беру;
113) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
114) бақылау объектісі лауазымды тұлғаларының іс-әрекетінде қылмыс құрамының белгілерін немесе әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау жағдайларында бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға беру;
115) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен келісілген мерзімдерде жоспарланатын және жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
116) ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асыру, олардың қызметін үйлестіру, ішкі бақылау қызметтері қызметкерлерін даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері үшін үлгілік біліктілік талаптарын әзірлеуге қатысу;
117) ішкі бақылау қызметтері бар мемлекеттік органдар жоспарларының орындалуы және ішкі бақылау жүргізу нәтижелері туралы есептерін қарау;
118) бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған соманы бюджетке өтеуді қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жіберу;
119) құзыреті шегінде аудиторлық қызмет пен кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
120) аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын олардың жасасу міндеттілігіне және осы талапты бұзған аудиторлық ұйымдарға шаралар қолдануға қатысты бөлігінде «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын аудиторлық ұйымдардың орындауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
121) құзыреті шегінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
122) аудиторлық қызметті лицензиялау;
123) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу;
124) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері жағдайында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарына ескерту жасау;
125) аудиторлардың тізілімін, аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар тізілімін, аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізу;
126) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру жөнінде шешім қабылдау;
127) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының, бухгалтерлерді кәсіптік сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның берілуі, одан айырылуы, оның қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату туралы мәліметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз ету;
128) құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары мен бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметін тексеруді жүзеге асыру және көрсетілген ұйымдардың тізбесін жүргізу;
129) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссияларының құрамында қатысу;
130) құзыреті шегінде «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін тексеруді жүзеге асыру;
131) оңалтушы және (немесе) конкурстық басқарушылар және (немесе) сырттай байқау әкімшісі қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
132) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету (босату);
133) мониторингті, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпаратты және құжаттарды талап ету арқылы жүзеге асыру;
134) конкурстық іс жүргізу кезінде, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде кредиторлар комитетінің құрамын бекіту және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған өзгерістер енгізу;
135) кредиторлар талаптарының тізілімін бекіту;
136) ұйымдардың банкроттығы кезінде конкурстық массаның объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар мен конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу, олар үшін осыған ұқсас тәртіп «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген;
137) оңалту басқарушысының оңалту рәсімін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін (жасалған мәмілелер туралы ақпаратты талап етеді) және конкурстық басқарушының конкурстық істерді жүргізу барысы туралы есептерін, сондай-ақ сыртқы байқау әкімшісінің сырттан байқау рәсімдерін жүргізу барысы туралы ағымдағы есептерін қарау;
138) борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, оның нәтижесінде борышкердің төлемге қабілетсіздігі туындаған, сырттай байқау рәсімін енгізгенге дейін жасалған мәмілелері мен іс-қимылдарын анықтау және талдау, мүлікті түгендеу актілері бойынша салыстыру жүргізу жөніндегі іс-шаралар және осы «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де іс-шаралар туралы сырттай байқау әкімшісімен жасалатын келісімді келісу;
139) конкурстық басқарушының және сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есептерін келісу;
140) жеке бөлінген лоттар бойынша «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 103-5-бабында көзделген жағдайда конкурстық массаны өткізуді келісу;
141) егер борышкердің жеке кредитормен немесе өзге тұлғамен жасаған мәмілесі банкроттық туралы іс қозғалғаннан кейін бір кредиторлардың басқа кредиторлар алдындағы талаптарын бұрын қанағаттандыруға әкеп соқса, оның банкрот деп танылуына дейінгі жасалған мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару туралы талапты міндетті түрде қою туралы конкурстық және (немесе) оңалту басқарушысына өтініш жіберу;
142) санация қатысушысының дәрменсіз борышкер кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету міндеттемесін өзіне қабылдамаған жауапкершілігі туралы оңалтушы басқарушымен санация қатысушысының келісімін бекіту;
143) жоқ борышкердің мүлкі болмаған жағдайда не оның құны конкурстық іс жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды жабуға жеткіліксіз болған жағдайда жоқ борышкерді конкурстық іс жүргізу қозғамастан банкрот деп тануды келісу;
144) оны білдіретін лауазымды және уәкілетті тұлғалар болмаған кезде заңды тұлғаны тарату конкурстық іс қозғамастан жүргізілген жағдайда «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кредит берушілер талаптарының тізілімін және қорытынды есеп жасауды ұйымдастыру;
145) жоқ борышкердің мүлкін сатуды ұйымдастыру;
146) дәрменсіз борышкердің банкроттық рәсімдерінде оңалтушы және конкурстық басқарушының қызметін, сондай-ақ сырттай байқау рәсімі кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
147) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша сауда-саттықты жүргізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
148) жалған және көрінеу банкроттықтың белгілерін анықтау;
149) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетілген мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
150) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын белгілеу;