1 роWV
Ікр = gm (1 + ---- kc бу без ГО ----- ),
2 gmIS
мұндағы c бу без ГО - ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін ұшудың М саны кезінде деңгейлес қауырсындануы жоқ ӘК қатты үлгісін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың деректері бойынша айқындалатын деңгейлес қанатшасыз ӘК қалыпты аэродинамикалық күш коэффициентінің әсер ету бұрышы бойынша туындысы (радиандармен). Формуланың оң жағындағы қалған шамалар осы Норманың 151-тармағында көрсетілген мәндерге ие, формуладағы минус белгісі төменге бағытталған арынға сәйкес келеді. Қанаттың қалыпты аэродинамикалық күші бойынша әсер Yкр ету бұрышын а тапқан және қанаттан ағынды орып тастауды ескере отырып, ол бойынша деңгейлес қауырсындануға жүктемені айқындаған жөн. Осы орайда биіктік рулінің (тұрақтандырғыш) ауытқу бұрышын деңгейлес ұшудағы теңгеру бұрышқа тең алған жөн.
2) Симметриялық емес жағдай. Қанаттың бір бөлігінде сол бір аэродинамикалық күш әрекет етуі, ал басқа бөлігінде осы жүктеменің 80% алынады.
3) Қону мен ұшып көтерілу кезінде қанатты жүктеу жағдайлары. Қанаттың беріктігін шассидің негізгі тіректерін жүктеудің барлық жағдайларында тексеру қажет.
ӘК мынадай сыртқы жүктемелер:
шассидің негізгі тіректеріне келетін көтермелі күш Y, ӘК ауырлығының күші, сондай-ақ осы жүктемелермен шарттасқан және ӘК жалпы теңестіретін екпіндік күштер әрекет ететіні ескеріледі.
Еш ұшу, R2 ш және Мш, (189-тармақ) жағдайларда Y = 0.
Gш, (189-тармақ) жағдайында Y = 0,25gmnoc немесе Y = 0,25mұшу.
Қонуды қараған кезде Тш, (189-тармақ) жағдайында Y = 0,25gmnocжәне мәре мен тіркеп сүйретуді қараған кезде Ү=0.
Қалған барлық жағдайларда Ү=0,25gmпос§ немесе Ү=0,25mвзл
Қанат бойынша аэродинамикалық жүктемені үлестіру А жағдайындағы шартты алған жөн.
4) Қанат элементтерін жүктеу жағдайлары.
158. Элерондардың және олардың бекітпелерінің беріктігін ауытқымаған және ауытқыған жағдайларда тексерген жөн. Ауытқымаған жағдайда элерондарға жүктемені A, A', D, D', А3' жағдайларда және тынықсыз ауада ұшқан кезде қарастырған жөн.
159. Ауытқыған жағдайда элерондарға ВА, СА, Вmах э, Сmах э, В, С және В3 жағдайларында қарастырған жөн. Бұл үшін осы жүктеменің шамасын өзгертпей элерон хордасының бойында погондық жүктемені салу нүктесін (қысымның ортасын) ауыстырумен осы сәйкестілікті алу үшін топсалы аэродинамикалық сәттерді түзету қажет. Алайда, егер осы теңестіруде элеронның жергілікті хордасының 50%-нен қысымның ортасы артқы болса, қысым ортасының жағдайын погондық жүктеменің шамасын өзгертпей жергілікті хордасының 50%-нен алған жөн.
Топсалы сәттерді теңестіру сервокомпенсаторлардың, бустерлердің, автоұшқыштардың, орнықтылық пен басқарылу автоматтардың және басқа да қосалқы мен автоматты жүйелердің әсерін ескере отырып жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, осы жүйелердің элеронды айналдыру беріктігіне қатысты мүмкін, неғұрлым ауыр әсері қаралуға тиіс. Нервюрларды және элеронның жергілікті беріктігін есептеу үшін хорда (контур) бойынша жүктемені үлестіру, егер погондық топсалы сәттер теңестіргеннен кейін бастапқылармен салыстырғанда (теңестіргенге дейін) ұлғайса, түзетілуге тиіс және элеронның хордасы (контуры) бойынша жүктемені үлестіруге, егер топсалы сәттер теңестіргеннен кейін азайса, бастапқысы (теңестіргенге дейінгі) алынады.
160. Кинематикалық сервокомпенсаторлар. Кинематикалық сервокомпенсаторлардың және оның бекітпелерінің (элеронның жергілікті беріктігін де қоса) беріктігін жүктеудің барлық жағдайларына тексерген жөн.
Сервокомпенсаторлар мен олардың бекітпелері үшін қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
Қаттылықты қамтамасыз ету үшін аса жоғары қауіпсіздік коэффициентін алу ұсынылады.
161. Триммердің және оның бекітпелерінің (элеронның жергілікті беріктігін де қоса) беріктігін триммердің бейтарап жағдайы кезінде элеронның бөлігіне сияқты оған түсетін жүктемеге тексерген жөн.
Бұдан басқа, ауытқыған жағдайда триммердің беріктігі пайдалану жүктемеге тексеріледі:
Pэmp = + 0,55q maх maх S,
мұндағы S - триммердің келемі. Жүктеудің осы жағдайы үшін қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
162. Жалғас қанатшалар мен алғы қанатшалар. Жалғас қанатшалардың, алғы қанатшалардың, олардың бекітпелерінің және шарықтау мен қону режимдерінде шығару және жинау жүйелерінің (тетіктердің) беріктігін тексеру қажет. Осы режимдердің әрқайсысында деңгейлес ұшуға сәйкес келетін мәнінен пайдалану жүктелімге nэу=2,0 немесе тынықсыз ауаның үзіктеріне W=+10 м/с сәйкес келетін мәніне дейінгі қанат әсер ету бұрыштарының диапазонында және жалғасқанатшаның, алғы қанатшаның нөлден осы режимде максимальды мүмкіндігіне дейін ауытқу бұрыштарының диапазонында көрсетілген элементтердің неғұрлым қолайсыз жүктеу жағдайларын таңдаған жөн. Жылдамдық арынды Vmaх б (144-тармақ) тиісінше алған жөн. Жалғас қанатшаға (алғы қанатшаға) жүктеменің шамасын тең алған жөн
P э = cRqS
мұндағы
cR - жалғас қанатшаның (алғы қанатшаның) толық аэродинамикалық күшінің коэффициенті; оны қозғалтқыштар жұмыстарының барлық мүмкін режимдері кезінде бұрамаларды ағыспен үрлеуді ескере отырып аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша айқындаған жөн; қону кезінде қозғалткыштар жұмысының шарықтау режимін қарау қажет (екінші айналымға кету жағдайы);
q - жылдамдық арыны;
S - жалғас қанатшаның (алғы қанатшаның) көлемі. Жүктеменің бағытын аэродинамикалық трубалардағы сынақтар нәтижелерінің негізінде алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
Алғы қанатшалар, олардың бекітпелері және жинау мен шығару жүйелері (тетіктері) үшін мүмкін болған кезде жалғас қанатшалардың және алғы қанатшалардың ауытқу бұрыштарының комбинацияларын қолдану жағдайлары бойынша жүктеудің жағдайлары қосымша қаралуға тиіс:
1) nэу = О және Vmaх б жылдамдыққа сәйкес келетін ӘК әсер етуінің бұрышы кезінде;
2) су max б - жиналған ұшып көтерілу-қону тетіктемесі бар ӘК су max ұқсас айқындалатын жалғас қанатшалар мен алғы қанатшалар ауытқуының қаралып отырған комбинациялары үшін ӘК қалыпты аэродинамикалық күшінің максимальды мәніне сәйкес келетін ӘК әсер ету
бұрышы кезінде. Жылдамдық арыны 2gmIS тең алынады.
су max б
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,5.
Жалғас қанатшалардың (алғы қанатшалардың), олардың бекітпелері және жинау мен шығару жүйелерінің (тетіктерінің) беріктігін сондай-ақ жиналған жағдайда тексерген жөн. Осы орайда жалғас қанатшаларға аэродинамикалық жүктемені қауіпсіздік коэффициенті f=1,5 кезінде айқындаған жөн.
Ескертпе 1: егер ұшу пайдаланушылардың басқармасына сәйкес екінші айналымға кету кезінде жалғас қанатшалардың ауытқу бұрышын азайту қажет болса, осы режимде жүктеу талаптары Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған ұшу тәсілін орындағанда жалғас қанатшалардың ауытқу бұрышының, ұшу жылдамдығының және жұмыс режимінің үйлесулердің шекті мүмкіндігін айқындау бойынша есептердің негізінде нақтылануы мүмкін.
Ескертпе 2: егер жалғас қанатшалар, алғы канатшалар басқа мақсатта пайдаланылса, мысалы, тегістеу кезінде тежеу үшін немесе ұшуда ауытқуға әкелетін қосымша тетік бар болса, тетіктеме элементтерінің, олардың бекітпелерінің және басқару жүйелері түзілімдерінің есепті жағдайларын дайындаушы белгілейді және дайындаушы-мемлекеттің құзыретті органымен келісілуі тиіс.
163. Қанаттың артқы бөліктері. Жалғас канатшалардың аймағында қанаттың артқы бөліктерінің беріктігі шығарылған ұшып көтерілуі-қонуы механикаландыруы бар кезінде осы бөліктерге келетін және жалғас қанатшалардың ауытқу бұрышының мәндеріне және ол кезінде жалғас қанатшалардың осындай ауытқуымен ұшуды жүргізу мүмкін максимальды жылдамдық арынының мәндеріне сәйкес айқындалатын жүктемелерге қосымша тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,0.
164. Қанаттың құлашы мен хордасы (контуры) бойынша және оның элементтері бойынша аэродинамикалық жүктемені үлестіру. Қанат пен оның элементтері үшін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша құлашы мен кескіні бойынша жүктеудің қисық үлестірулері жасалуға тиіс. Аэродинамикалық түтіктердегі сынақтар қанат әсер етуінің бұрыштары, элерондар ауытқу бұрыштары және қаралып отырған жағдайларға сәйкес келетін қанат тетіктемесінің жағдайлары кезінде жүргізілуі тиіс.
Осындай материалдар болмағанда қанаттың құлашы мен хордасы (контуры) бойынша үлестіруге рұқсат етіледі.
28. Артқы қанатшалануды жүктеу жағдайы
165. Айқындалған аэродинамикалық жүктемелер (деңгейлес қауырсындану үшін қалыпты және сатылас қанатшалану үшін көлденең) бойлық аэродинамикалық жүктемелерді ескере отырып және ескермей-ақ қараған жөн. Қалыпты мен көлденең жүктемелердің бағыты шартты қалыпты, ал бойлық жүктемелер - тұрақтандырғыштың (кильдің) хордалар жазықтықтарына қосарлас алынуы мүмкін.
Бойлық аэродинамикалық жүктеменің шамасын әсер ету (сырғу) бұрышы және төменде қаралып отырған жүктеу жағдайларына сәйкес келетін басқарылатын тұрақтандырғыштың (рульдің) ауытқу бұрышы езінде аэродинамиқалық түтіктердегі қанатшалануға өткізген сынақтардың нәтижелері бойынша айқындау қажет. Ұшуда орнынан ауыстыратын тұрақтандырғыш болған кезде тұрақтандырғыштың ауыстырудың іс жүзінде мүмкін бұрыштары мен биіктік рулінің тиісті бұрыштарының неғұрлым қолайсыз үйлесімдерін қарау қажет. Қанатшаланудың құлашы мен кескіні бойынша бойлық жүктемені үлестіру қалыпты (көлденең) жүктемеге тепе-тең алуға рұқсат беріледі.
Барлық жағдайларда, теңестіру жүктемеден басқа, деңгейлес қанатшалануға үлестік пайдалану жүктемені (Рэ/S) 1180 Па (120 кгс/м2) кем алмаған, ал сатылас қанатшалануға - кемінде 590 Па (60 кгс/м2) алған жөн.
166. Біркильдік схема кезінде деңгейлес артқы қанатшалануды жүктеу жағдайлары теңестіруші жүктемені шығарылған да, жиналған да ұшып көтерілу-қону механикаландыруы бар маневрлеу жүктемемен қанатты жүктеудің барлық жағдайларында ӘК ауырлығының ортасына қатысты аэродинамикалық күштердің сәттері жиынтығының нөлге тең жағдайынан айқындаған жөн.
Жүктемені есептікке сәйкес айқындаған жөн.
Деңгейлес қанатшалану бойынша теңестіруші жүктемені бөлген кезде әсер ету бұрышы а ӘК су мәні су мәні бойынша, ал рульдің (басқарылатын тұрақтандырғыштың) ауытқу бұрышы теңгеру жағдайынан айқындалады.
167. Жиналған ұшып көтерілу-қону механикаландыруымен ұшқан кезде маневрлеу жүктеме. Деңгейлес қауырсындануға жиналған ұшып көтерілу-қону механикаландыруымен ұшқан кезде маневрлеу жүктемені сатылас жазықтықта белгіленбеген маневрлерді есептеу жолымен айқындаған жөн. Бастапқы режимде рульдің (басқарылатын тұрақтандырғыштың) жағдайы ӘК теңгеру жағдайынан айқындалады.
Кез келген жылдамдықпен Vmaxmax дейінгі белгіленген режим бастапқы режим болып табылады. Әрбір жылдамдықта бастапқы жүктелімнің үш мәні қаралады:
ny1=1,0; ny11= nэу max (а);;
ny111 =1-/\n у ман nэу max (а)< 3,0 немесе
ny111 = nэу min (а) nэу max (а) >3,0.
Бұл жерде /\n у ман = nэу max (а)- 1.
nу1 бастапқы жүктеліммен маневрі
168. ny11 немесе ny111 жүктелімге жету үшін маневрді орындағанда ұшқыш тұтқаны (штурвалды) өзіне қарай (өзінен), ал одан кейін, біраз уақыт өткеннен кейін оны бастапқы жағдайына қайтаратынын алған жөн. Жүктелімдер nу үшін маневрлеу кезінде:
ny111 ≤ ny ≤ ny11 жағдайы сақталуға тиіс, осыдан шыға отырып, қайтару сәті айқындалады.
Тұтқаның (штурвалдың) ауытқу шамасы барлық деңгейлес қанатшалану және оның беліктері (тұрақтандырғышы, рулі) үшін неғұрлым ауыр жүктеуді алатындай таңдалады. Дегенмен, осы шама тұтқаны (штурвалды) бастапқы жағдайға қайтармай ny11 жүктемеге немесе тиісінше ny111 жүктемеге тастауды ескере отырып, шығу үшін қажетті сол бір мәнінен 125%-тен аспауға тиіс.
169. Ұшқыш маневрді белгіленген бірлік жүктелімге шығу үшін қажетті шамаға бастапқы жағдайға оны қайтармай тұтқаны (штурвалды) ауытқыту жолымен орындайды.
170. Белгіленген деңгейлес ұшу бастапқы режим болып табылады. Қосымша жылдамдықта VA, Ұшқыш әсер етудің максимальды оң бұрышына жету үшін өзіне тұтқаны (штурвалды) ауытқытады. Бұл ретте, ӘК жүктеу nэу max (а) асатын жүктелімдер кезінде қарауға рұқсат берілмейді.
171. Көрсетілген барлық маневрлер кезінде рульдің (тұрақтандырғыштың) және тұтқаның (штурвалдың) ауытқуы (тиімді конструктивті шектеуден басқа) мынадай қосымша жағдаймен шектеледі:
Ұшқыштың күші қосалқы құрылғылардың неғұрлым қолайсыз әсерін ескере отырып тұтқадағы (штурвалдағы) Нормаланған максимальды пайдалану күшінен аспауы тиіс.
Рульдің (тұрақтандырғыштың) тоспалы сәттері үшін сенімді мәндер алынуға тиіс. Рульдің (тұрақтандырғыштың) ауытқуы бустердің қуаты бойынша шектеледі. Тұтқаның (штурвалдың) ауытқуы максимальды мүмкін жылдамдықпен алынады (осы Норманың 155-тармағына 1-ескертпе).
Шығарылған ұшып көтерілу-қону механикаландыруымен ұшқан кезде маневрлеу жүктеме. Осы конфигурация болуы мүмкін максимальды жылдамдықта ny1=1, ny11=2 және ny111=0 бастапқы жүктелімдермен маневрлерді қарау керек.
172. Тынықсыз ауада ӘК ұшу жағдайы.
Симметриялық жүктеу
Жүктемені мынадай формула бойынша айқындаған жөн
Рэ = І г.о +±І н.в,,
мұндағы І г.о - V жылдамдықта деңгейлес ұшуда деңгейлес қауырсындануға теңестіруші жүктеме;
І н.в = 0,392сау г.о VWSг.о, Н, (ҮІн.в = 0,04сау г.о VWSг.о, кгс).
Бұл жерде Sг.о - деңгейлес қанатшаланудың көлемі, м2.
Сол бір биіктіктер мен жылдамдықтар V, м/с қаралады және сол V, м/с мәндері алынады. сау г.о мәнді қаралып отырған V жылдамдыққа сәйкес келетін М саны кезінде аэродинамикалық трубалардағы деңгейлес қауырсынданудың қатты үлгісі сынақтарының материалдары бойынша (қанаттан орап тастау әсерін есепке алмай) айқындау қажет. Қанаттағы аэродинамикалық күштер (деңгейлес қанатшалануы жоқ ӘК) белгіленген деңгейлес ұшуға сәйкестілігін алған жөн. Yн.в күшті және одан шыққан сәтті қарышты және айналмалы қозғалыстардың екпіндік күштерімен теңестірген жөн.
Тынықсыз ауада ӘК ұшу жағдайы.
173. Симметриялық емес жүктеу. Өткен тармақ бойынша жүктеу кезінде қауырсынданудың жартысына келетін қанатшаланудың бір жартысында 100%, ал басқасында 70% жүктеу әсер ететін симметриялық емес жүктеу қаралады. Z осіне қатысты, ал X осіне қатысты айналмалы қозғалыстың екпіндік күштер мен сәттердің тепе-теңдігі қаралады.
174. Біркильдік сатылас қанатшалануды жүктеу жағдайлары.
Маневрлі жүктеу. Шығарылған және жиналған ұшып көтерілу-қону механикаландыруымен сатылас қанатшалануға маневрлеу жүктемені жалтарудың белгіленбеген маневрін есептеу жолымен айқындаған жөн. Кез келген жылдамдықта Vmax max дейінгі деңгейлес ұшу бастапқы режим болып табылады.
Сол жаққа (оң жаққа) сырғуды жасау үшін ұшқыш төменде көрсетілген шамаға ең жоғары мүмкін жылдамдықпен басқышты ауытқытады, ал одан кейін сырғудың максимальды бұрышына жеткен кезде сол жылдамдықпен басқышты бастапқы жағдайға кайтарады.
Басқыштың ауытқу шамасы мынадай жағдайлардан айқындалады:
А (VA) жағдай жылдамдығында және одан аз жылдамдықта басқыштың ауытқу шамасы соған тең, ол кезінде қосалқы құрылғылардың неғұрлым қолайсыз әсерін ескере отырып, басқышқа алған біржақты күш (сырғудың нөлдік бұрышы кезінде) ең жоғары пайдалану күшіне тең. Vmax э-дан Vmax max дейінгі жылдамдықтарда VА жылдамдық үшін көрсетілген күштің 75% алу, ал VA және Vmax э арасындағы жылдамдықтар үшін күшті айқындау үшін сызықтық интерполяцияны қолдану керек. Рульдің топсалы сәттері үшін сенімді мәндер алынуға тиіс.
Дегенмен басқыштың ауытқуы тиімді конструктивті шектеуден аспауға тиіс. Бағыт рулінің ауытқу бұрышының шамасы, бұдан басқа, бустердің қуатымен шектеледі.
Жүктемені үлестіру ӘК сырғу бұрыштарының және бн бағыт рулінің ауытқу мәндерін есептеп тапқан кезде алынады. Бұдан басқа, В және б бұрыштарының, ол кезінде в < в max, ал бн алғашқы ауытқудың белгісіне қарама қарсы белгіге ие және сатылас қанатшалануға жиынтық жүктеме маневр есебінен алынған максимальды жүктемеге тең сондай үйлесімі қаралады. Сонымен, в және бн жүктемелері бір жаққа әсер етеді.
Ескертпе. Маневрді есептеген кезде бағыт бойынша ұшуды қарағаннан басқа ӘК желмен ауытқуын, сондай-ақ бойлық ось айналасында бұрылысты назарға алуға рұқсат беріледі, бірақ кренді есепке алғанда сондай-ақ ұшқыш кренді көлденең басқару органдарымен тәсілдеген кездегі жағдайды да қараған жөн.
Тынымсыз ауада ұшу кезіндегі жүктеме.
175. Тынықсыз ауада ұшу кезінде сатылас қанатшалануға пайдалану жүктемені (бастапқы режим - белгіленген деңгейлес ұшу) мынадай формула бойынша айқындаған жөн.
Сол бір биіктіктер мен жылдамдықтар V, м/с қаралады және сатылас үзігі үшін сол сияқты бір бүйірлі үзіктің мәндері V, м/с алынады.
nв коэффициентін есептеу жолымен айқындаған жөн.
свzв.о сырғу бұрышы бойынша сатылас қанатшаланудың бүйірлі күші коэффициентінің туындысын толық ӘК және ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін М саны кезінде сатылас қанатшалануы жоқ ӘК қатты үлгілерін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың нәтижесі бойынша айқындаған жөн.
Ескертпе: Егер nв үшін жоғарыда келтірілген формулаға аэродинамикалық сипаттамалар немесе сzв.о(В) сипаттамалар елеулі сызықтық еместерге ие немесе егер басқарудың бүйірлі арнасында wу ен қоятын сызықтық бәсеңдеткіштен айырмашылығы бар қандайда бір автоматты құрылғылар орнықтырылса, онда сатылас қанатшалануға 7-суретте ұсынылған трапеция түріндегі үзіктің әсер етуі кезіндегі ӘК қозғалысын қарауға негізделген есептеу жолымен айқындалуға тиіс. L ұзындығы 30 м. тең алынады.
d ұзындығы конструкциядағы жүктеудің неғұрлым қиын жағдайларын жасайтындай таңдалады. Үзіктің бүйірлі қарқындылығы тең алынады:
po
W ист = 0,8 W V-----------------,
pн,
мұндағы W - сатылас үзік үшін 151 және 152-тегі сияқты бүйірлі үзіктің мәні. Есепте Ү осьтің айналасынан бұрылудан басқа Z осьтің бойымен қозғалысын (желмен ауытқу) және X осьтің айналасынан бұрылуды (кренді) ескерген жөн. Егер басқарудың бүйірлі арнасында тек қана wу ден қоятын жалтарудың сызықтық бәсеңдеткіші ғана орнатылса, бүйірлі қозғалысының аэродинамикалық сипаттамалары елеулі сызықтық еместеріне ие болмаса, онда жоғарыда келтірілген Рэв.о, үшін жалтару бәсеңдеткіштің әрекет етуінен қоса отырып mwyу алып формуланы пайдалануға болады. Ұшуда тұрақты іске қосылған автоматты жүйелер кезінде осы жүйелердің әрекет етуін есепке алып айқындалған жүктелімдерді ғана қараған жеткілікті (жүйенің істен шығуы қаралмайды).
176. Қозғалтқыштардың тоқтау жағдайы. Ұшудың барлық биіктіктерінде және қозғалтқыштар жұмысының режимдерінде Vmmэв -дан Vmax max дейінгі ұшудың барлық жылдамдықтарында деңгейлес ұшуда ӘК симметриясының жазықтығынан бір жағынан барлық қозғалтқыштардың бір мезетте тоқтауын қараған жөн. Ұшу режимін тік қауырсындануды жүктеудің неғұрлым қиын жағдайларын жасайтындай таңдаған жөн. Қозғалтқыштар тоқтауының нәтижесінде уақыт бойынша тартымның және маңдайлық кедергінің өзгерісі жөнінде эксперименталдық немесе есептік деректер болмаған кезде қозғалтқыштардың бірсәтте кідіруі алынады. Қозғалтқыштардың сәттік тоқтауы кезінде сатылас қанатшалануға пайдалану жүктемені мынадай формула бойынша айқындаған жөн.
177. Кідіруден (кедергі) кейінгі қозғалтқыштың тартымын минус белгісімен алған жөн. Егер әуе винттерінде флюгерлеудің бірқатар тәуелсіз жүйелері орнатылса, Тост шамасын тоқтаған қозғалтқыштардың барлық бұрамаларының қалақтары флюгерлік жағдайға орналастырған жағдай кезінде айқындау қажет.
Егер ӘК симметриясының жазықтығынан бір жағынан барлық қозғалтқыштардың бір мезетте тоқтауы өте ықтималдығы төмен екендігі көрсетілсе, Рэocm тігінен қанатшалануға жүктемені қозғалтқыштардың істен шығуының бір мезгілде емес екендігін есепке алатын есеппен анықтаған жөн.
Қанатшалану бойынша жүктемені үлестіруді сырғудың тиісті бұрыштары кезінде аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың нәтижесі бойынша алу керек.
178. Жүктеудің аралас жағдайы кезінде жүктеме кідірген қозғалтқыштардан жалтару сәті біршама кешеуілдетіп ұшқыш бағыт рулін ауытқыту жолымен тәсілдейтін болжамынан шыға отырып, айқындалуы тиіс. Бұл ретте, тігінен қанатшалануға бір мезетте симметрия жазықтығынан бір жағынан (Рэocm) қозғалтқыштар кідіруінен жүктемелер және ӘК сырғуын тоқтатуға арналған бағыт рулін ауытқуымен, яғни Рэво=+( РэocmРэман) туындаған маневрлеу жүктеме (Рэман) әрекет етеді. Руль ауытқуының қарқынын барлық сатылас қанатшалану және оның құрамдас бөліктері (киль, руль) үшін жүктеудің неғұрлым ауыр жағдайларын жасайтындай алған жөн.
Басқыштың ауытқу шамасын басқышқа біржақты күші күштен аспауға тиіс сонымен (тиімді конструктивті шектеуден немесе бустер қуаты бойынша шектеуден басқа) шектеген жөн.
Рульдің топсалы сәттері үшін сенімді мәндер алынуға тиіс. Пайдалану маневрлеу жүктеменің шамасын белгіленген қозғалысы кезінде ұшқыш бағыт рулін ауытқытпаған жағдайда пайда болатын қозғалтқыштардың тоқтауынан жүктеме шамасымен шектеген жен.
Бұрамалардың флюгерлеу бұрамаларының тәуелсіз жүйелері бар турбобұрандалы қозғалтқыштар үшін сатылас қанатшалануға жүктемелердің есебін, бұдан басқа, қозғалтқыштардың тоқтау жағдайлары үшін және сыртқы қозғалтқыш қана кідірген, бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға орнатылмаған және қалақтардың жағдайы тек ең аз бұрышына тірелумен шектелетін жағдай кезінде жүктеудің аралас жағдайлары үшін жүргізген жөн. nв коэффициентін тоқтағалы жатқан қозғалтқыш тартымын уақыт бойынша анық өзгерісін ескере отырып айқындауға рұқсат беріледі. Қауіпсіздік коэффициенті f=1,30.
179. Деңгейлес және тік біркильдік қанатшалануларды бірлесіп жүктеу жағдайларында деңгейлес және тігінен біркильдік қанатшалануларды бірлесіп жүктеудің жүктеулерден басқа деңгейлес қанатшаланудың оқшауланған симмметриялық жүктеуі үшін және тік қанатшаланудың оқшауланған симмметриялық жүктеуі үшін көзделген барлық жағдайларында қарау қажет.
Деңгейлес қанатшалануға жүктемені мынадай сипатта айқындаған жөн. Жүктелім кезінде теңестіруші жүктемелер.
Маневрлік жүктемелер жүктеудің оқшауланған жағдайларындағы есептерге ұқсас есептерден айқындалады, бірақ, бұл ретте, nу1; nу11 және nу111 жүктелімдердің мынадай мәндері алынуға тиіс:
Va жылдамдықта қосымша маневр деңгейлес қанатшаланудың жүктеу жағдайларымен бірлесіп қаралмайды.
Олар мәндерінің 75% тең W мәндері үшін тынымсыз ауада ұшу кезінде жүктемелер оқшауланған жүктеулер кезінде айқындалады.
Деңгейлес қанатшалануға жүктемелер жүктеудің бірлескен жағдайларында оқшауланған жүктеу кезінде әрекет етуші жүктемелердің 75% тең, ал ӘК сырғу мен бағыт рулінің ауытқулары бұрыштарын оқшауланған жүктеулер үшін тиісті бұрыштарының 75% тең алған жөн.
Деңгейлес пен тігінен қанатшалануларды бірлесіп жүктеген кезде деңгейлес қанатшалануға жүктемені бірлесіп жүктеудің қаралып отырған жағдайында айқындалған сырғу бұрышына сәйкес симметриялық емес әрекет етеді деп санаған жөн.
Деңгейлес қанатшаланудың екі жартысының арасында жүктемені үлестіруде симметриялық еместігін сырғудың көрсетілген бұрышы кезінде аэродинамикалық түтіктердегі эксперименттің негізінде анықтаған жөн (сатылас қанатшалануды жүктеудің тиісті оқшауланған жағдайының сырғу бұрышының 75%).