53. Екпіннің қажетті ұзындығы:
1) екпін ұзындығының 1,15 жиынтығынан және барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен ұшуды бастаған қезде 10,7 м биіктікте (ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде) болған ӘК көтерілу нүктесінен траектория нүктесіне дейін, көлбеу бойынша 1/2 қашықтығынан;
2) екпін ұзындығының жиынтығы мен бір қозғалтқыш істен шыққан кезде ұшуды бастаған кезде 10,7 м биіктікте (ӘК көтерілу нүктесінде ШҚЖ-ның деңгейінде) болған көтерілу нүктесінен траектория нүктесіне дейін, көлбеу бойынша V2 қашықтығынан кем болмауға тиіс.
54. Ұшып көтерілуге қажетті арақашықтық:
1) қалыпты ұшып көтерілудің 1,15 арақашықтығынан;
2) бір қозғалтқыш істен шығуымен жалғаспалы ұшып көтерілудің арақашықтығынан кем болмауға тиіс.
55. Үзілген ұшып көтерілудің қажетті арақашықтығы осы Норманың 52-тармағына сәйкес айқындалған үзілген ұшып көтерілудің арақашықтығынан кем болмауы тиіс.
9. Биіктікті алудың траекториялары мен градиенттері
56. 10,7 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін оң;
2) үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,3% кем болмауы;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК мынадай:
ӘК конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
қозғалтқыштар шарықтау үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауы тиіс.
57. 120 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 2,4%;
2) үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 2,7%;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін мынадай:
ӘК конфигурациясы шарықтау жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2 тең;
шарықтау үшін белгіленген режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайларда 0,5% кем болмауға тиіс.
58. 400 м биіктікке келтірген бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 1,2%;
2) үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 1,5%;
3) төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін мынадай:
ӘК конфигурациясы ұшу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V4 тең;
қозғалтқыштар бағыт бойынша биіктікті алу үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 1,7% кем болмауға тиіс.
59. 120 м биіктікке келтірген барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті мынадай жағдайларда:
ӘК конфигурациясы ұшып көтерілу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V2n тең;
шарықтау үшін белгіленген режимде қозғалтқыштар жұмыс істеген жағдайларда 5% кем болмауға тиіс.
60. 400 м биіктікке келтірілген барлық қозғалтқыштар жұмыс істеген кезде ӘК тік сызықтық ұшудағы биіктікті алудың толық градиенті мынадай жағдайларда:
ӘК конфигурациясы ұшып көтерілу жағдайында, шасси шығарылған;
жылдамдығы V4 тең;
қозғалтқыштар бағыт бойынша биіктікті алу үшін белгіленген режимде жұмыс істеген жағдайларда 3 % кем болмауға тиіс.
61. Бір қозғалтқыш жұмыс істемеген кезде Н=10,7 м бастап биіктікті алудың таза траекториясы:
1) шассидің жиналуы аяқталған биіктікке дейін:
екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,5%;
үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,9%;
төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін 1,0%;
2) шассидің жиналуы аяқталған биіктіктен бастап:
екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,8%;
үш қозғалтқышы бар ӘК үшін - 0,9%;
төрт және одан да көп қозғалтқышы бар ӘК үшін - 1,0% кем емес градиентті азайтуға баламалы толық траекторияға түзетулерді енгізумен айқындалады.
Ұшып көтерілу таза траекториясының еңісі оның әрбір нүктесінде теріс болмауға тиіс. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұшып көтерілудің таза траекториясы кедергілерден кемінде 10,7 м кем емес биіктікте өтуі тексерілуі тиіс.
Ескертпе 1: механизацияны жинау кемінде 120 м кем емес биіктікте жүргізілуі тиіс.
Ескертпе 2: 120 м биіктікке дейін ауалық бұраманы қолмен басқаруға араласуға жол берілмейді.
10. Бағыт бойынша ұшудың сипаттамасы
62. Бағыт бойынша жылдамдық кемінде 1,30 Vсl және Vmах э артық болмауға тиіс, бұл ретте, бір немесе екі істен шыққан қауіпті қозғалтқышпен (екіден көп қозғалтқыштары бар ӘК үшін) ұшудағы бұл жылдамдық бағыт бойынша ұшу кезінде траекторияға қойылатын талаптарды орындауды қамтамасыз ететін жылдамдықтан (осы Норманың 96, 97-тт.) кем болмауға тиіс. Бұл ретте осы Норманың 63 және 66-тармақтарының талаптары ескерілуі тиіс.
63. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған бір істен шыққан дағдарысты қозғалтқышпен көлбей ұшудағы биіктікте қозғалтқыштар жұмысының биіктікті алу үшін ең жоғары рұқсат берілген режимінде биіктікті алудың таза градиенті оң болуға тиіс. Бұл ретте, таза градиент толық градиентті:
екі қозғалтқыштары бар ӘК үшін 1,1%;
үш қозғалтқыштары бар ӘК үшін 1,3%;
үш санынан асатын қозғалтқыштары бар ӘК үшін 1,4% кеміту жолымен анықталады.
Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған бір істен шыққан қозғалтқышпен ұшудың белгіленген биіктіктегі бағытын пайдалану үшін таңдалған әрбір нүктесінде жердің деңгейінің ең жоғары биіктігінен кем дегенде 400 м асуға тиіс.
64. Ең жоғары рұқсат етілетін қону салмағы үшін пайдаланудың күтілетін жағдайларының барлық диапозонында әуеайлағын ең жоғары биіктігінен 400 м асатын биіктікте екі қозғалтқыштары істен шыққан кезде (екеуден асатын қозғалтқыштарға ие болған ӘК үшін) белгіленген көлбеу ұшуды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Екі қозғалтқышы істен шыққан ӘК сипаттамалары толық градиент бойынша анықталады.
65. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген қисаюлық ұшудың биіктіктерінде ұсынылған жылдамдықта биіктікті алуға арналған барлық қозғалтқыштар жұмысының рұқсат берілген режимін пайдаланған кезде биіктікті алудың толық градиенті 1% кем болмауға тиіс.
Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта барлық жұмыс істейтін қозғалтқыштарымен биіктікті алу сипаттамалары толық градиент бойынша ұсынылуға тиіс.
66. Ең жоғары крейсерлік биіктігі 4000 м асатын ӘК үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген пайдалану шектеулерін асырмай 3,5 мин. көп емес уақыт ішінде 4000 м биіктікке дейін максимальді қисаюлық биіктіктен ӘК шұғыл төмендеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. ҰПБ шұғыл төмендеу режимді орындау жөнінде нұсқауларды қамтуға тиіс.
Ескертпе. Шұғыл төмендеудің уақыты экипаждың шұғыл төмендеуге дайындығына арналған үшін іс-қимылының басталу сәтінің және ӘК 4000 м биіктікке жеткен сәтінің арасындағы аралық ретінде айқындалады.
11. Ұшуға арналған отын қоры
67. ӘК осы үлгісін пайдаланудан күтілетін жағдайлардың шегінде отынның негізгі қорын айқындау үшін қажетті отын шығыстарының сипаттамалары келтірілуге тиіс. Өтемдік отын қоры (бұдан әрі - ӨОҚ) барлық құрауышын ескере отырып, белгіленуге тиіс. ӨОҚ-ны құрайтын сандық сипаттамаларын негіздеу бойынша ақиқат деректер болмаған жағдайда белгіленетін өтемдік отын қорының салмағы негізгі отын қорының салмағынан 3% болмауы тиіс.
Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ӨОҚ-ның шамасын айқындауға мүмкіндік беретін материалдар келтірілуі тиіс.
68. Резервтік отын қоры (бұдан әрі - РОҚ) құрауыштар жиынтығы ретінде белгіленуі тиіс. Қосалқы әуеайлаққа ұшу орындалатын есептік нүкте ретінде межеленген әуеайлаққа қонуға кіру кезіндегі шешім қабылдау биіктік белгіленеді. Әуеайлақтардың алыстығынан, 400 м биіктікте күтудің ұзақтығынан және ӘК қону салмағынан РОҚ-ның есептік тәуелділігі ҰТТБ-да келтірілген.
69. Талап етілетін отын қоры отын шығыстарының сипаттамаларының нашарлауына немесе ұшу жоспарын мәжбүрлі өзгертуге тікелей әкелетін бағыттың кез келген нүктесінде ӘК функционалдық жүйелерінің істен шығуы туындаған жағдайда ұшуды жалғастыру мүмкіндігін және не ұшқан әуеайлаққа, не межеленген әуеайлаққа, не ең жақын орналасқан қосалқы әуеайлаққа не межеленген әуеайлағына, не ең жақын орналасқан қосалқы әуеайлаққа қонуды қамтамасыз етуге тиіс.
1-ескертпе. Істен шығу жай-күйлерінде ұшуды жалғастыру мен аяқтау мүмкіндігін талдау 19-23-тармақтың талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.
2-ескертпе. Екеуден көп қозғалтқыштары бар ӘК үшін оның туындауының есептік мүмкіндігіне қарамастан екі қозғалтқышы жүйелі істен шыққан жағдайда 69-тармақтың талаптары орындалуы тиіс.
70. Аэронавигациялық отын минималды қорлары ұшуларды жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
12. Қону және екінші айналымға кету жылдамдықтары
71. Барлық жұмыс істеген козғалтқыштарымен қонуға кіру кезіндегі Vmin эп ең аз эволютивтік жылдамдық қауіпті қозғалтқыш кенеттен істен шыққан кезде ӘК тік сызықтық қозғалысын ұстау үшін басқарудың аэродинамалық органдары арқылы ғана ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық болады және бұл ретте:
қисаюсыз 5% аспайтын төмендеу градиентімен төмендеу режимін сақтау үшін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) ұлғайту кезінде қонуға кіруді жалғастыру;
жұмыс істеген қозғалтқыштарға қарай 50 аспайтын қисаю бұрышымен екінші айналымға кету үшін белгілеген оның ең жоғарғы мәніне дейін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын көтерген кезде қонуға (екінші айналымға кету) кіруді үзу мүмкін болады.
Басқару иінтіректеріндегі күш (күштер бойынша ӘК қайта теңгерусіз) осы Норманың 87-тармағында көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс.
Vmin эп анықтамалығы ұшу салмағының және пайдалану орталықтандыруының неғұрлым қолайсыз үйлесімімен барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуға кіру мен қону кезінде барлық мүмкін ӘК конфигурациясы нұсқаларының жағдайында жүргізілуге тиіс. ӘК көрсетуі кезінде ТВҚ-тан(турбовинтті қозғалтқыш) әуе винтін басқаруға экипаждың араласуына жол берілмейді.
72. Тиісті конфигурацияларда бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен Vmin эп-1 немесе екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен Vmin эп-2 басталған қонуға кіру кезінде ең төменгі эволютивтік жылдамдықтар ӘК тік сызықтық қозғалысын ұстау үшін басқарудың аэродинамикалық органдары арқылы ғана ӘК басқару мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс жылдамдық болады және бұл ретте:
қисаюсыз (оның ішінде жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) ұлғайтумен) 5%-дан аспайтын темендеу градиентімен қонуға кіруді орындау;
жұмыс істеген қозғалтқыштарға қарай 5о аспайтын қисаю бұрышымен біреуі немесе екеуі (төрт және одан да көп қозғалтқыштарға ие ӘК үшін) жұмыс істемейтен қозғалтқыштарымен екінші айналымға кету үшін белгіленген оның ең жоғарғы мәніне дейін жұмыс істеген қозғалтқыштардың тартымын (қуаттылығын) көтерген кезде қонуға (екінші айналымға кету) кіруді үзу мүмкін болады. Басқару иінтіректеріндегі (күштер бойынша ӘК қайта теңгерусіз) 87-көрсетілген олардың мәндерінен аспауға тиіс Vmin эп-1 және Vmin эп-2. анықтамалығы бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен немесе екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен ӘК конфигурациялардың нұсқаларында және ұшу салмағының және пайдалану орталықтандырудың неғұрлым қолайсыз үйлесімімен қону мен қонуға кіруге арналған барлық белгіленген жағдайларда жүргізілуі тиіс.
73. Қонуға кірудің минималды көрсету жылдамдығы Vзпд_min қонуға арналған Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұйғарылған ӘК конфигурациясының әрбір нұсқасы үшін Дайындаушы белгілейді. Vзпд_min ретінде ұшу сынақтардың нәтижелері бойынша қандай да болса ойдағыдай емес құбылыстар әлі туындамайтын және қиын жағдайлар туындамай, тыныш ауада ұшу кезінде қонуды қауіпсіз аяқтауға және екінші айналымға кету мүмкін болатынын болжау кезінде минималды жылдамдық таңдалуы тиіс.
Бұл ретте ұшқыштың керемет шеберлігі мен шектен тыс зейінділігі талап етілуі тиіс емес. Қонуға кіруді, қонуға және екінші айналымға кетуге көрсету процесінде әсер етудің бұрышы ақосым аспауға тиіс, ал басқару иінтірегіндегі күштер - осы Норманың 87-тармағында белгіленген мәндерден аспауға тиіс. Қозғалтқыштар жұмысының режимі ӘК осы үлгісі үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген ең толық төмендеудің nтөм төмендеуіне, бірақ барлық жағдайларда кемінде 5%-ға сәйкес келуі тиіс. 60 м биіктіктен бастап қозғалтқыштардың жұмыс режимінің ұлғаюы, жылдамдық пен төмендеу траекториясын дәл ұстауды қамтамасыз ету үшін қажетті сол бір шамалы өзгерістерден басқа, жүргізілуге тиіс. Қону аса тік жылдамдықсыз, оғаш болуға тиіс емес, қайтадан ұшып көтерілу, қонудағы тұмсықпен тірелу, жалтаруына және басқа да қалаусыз салдарлар үрдісін туындатпай жүргізілуі тиіс.
74. Қонуға кіру үшін белгіленген ӘК барлық конфигурацияларына арналған барлық жұмыс істеген қозғалтқыштар жағдайында қонуға кірудің жылдамдығы Vкк:
1) 1,3 V с1
2) 1,05Vmin эп;
3) Vзпд_min > 200 км/с ӘК үшін Vзпд_min + 15 км/ч және ӘК үшін Vзп ≤ 200 км/с Vзп + 10 км/с;
4) 1,17 V ақосым кем болмауға тиіс.
Ескертпе: ықтималдарға қарағанда жиіден көп емес оқиғаларға қатысты қозғалтқыштың істен шығуынан басқа істен шығу жай-күйлері туындаған кезде қонуға кіру және қону жағдайлары үшін Vзп=1,25 Vс1 мәнін белгілеуге рұқсат етіледі.
75. Бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кіруге және қонуға белгіленген ӘК конфигурациясының барлық нұсқаларында бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы Vзп-1:
1) 1,3 Vcl;
2) 1,05Vmin эп-1;
3) 1,17V ақосым кем болмауға тиіс.
Ескертпе. Ықтималдарға қарағанда жиіден көп емес оқиғаларға қатысты және басқа жүйелердің істен шығуынан үйлесімде қозғалтқыштың істен шығуымен байланысты қонуға кіру және қону жағдайлары үшін Vқк =1,25 Vсl мәнін белгілеуге рұқсат етіледі.
76. Жұмыс істемейтін екі қозғалтқышпен қонуға кіруге және қонуға белгіленген ӘК конфигурациясының барлық нұсқаларында екі жұмыс істемейтін қозғалтқышпен қонуға кірудің жылдамдығы Vзп-2:
1) 1,25 Vcl;
2) 1,05V minЭП-2.
77. Қонуға кірудің максималдьді көрсету жылдамдығы Vзп max қонуға арналған Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқама берілген ӘК конфигурациясының әрбір нұсқасы үшін дайындаушы белгілейді. Қалыпты қонуға арналған белгіленген ұшу әдістемесіне сәйкес осы жылдамдықта қонуға кіру және қонуды орындау кезінде алдыңғы тіректің бірінші жанасу қаупімен, «қозғалып тұруы», қонудағы алдымен тірелу және басқа қалаусыз құбылыстарға ұмтылысымен байланысты ерекше жағдайлар туындамайтыны көрсетілуі тиіс. Vзп mах mах барлық жағдайларда Vзп +25км/с кем болмауға тиіс және ӘК қаралып отырған конфигурациялары үшін, оның ішінде шассидің дөңгелектерін пайдалану жөнінде белгіленген шектеулерден аспауы тиіс.
78. Екінші айналымға кеткен кезде механизацияны жинау сәтінде ӘК жылдамдығы 1,2 Vcl немесе қозғалтқыштар жұмысының ұшып көтерілу режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5%-дан артық кемуге әкелетін, мұнда Vcl өзгерілген конфигурацияға жататын ӘК үшін 1,15 Vcl кем болмауы тиіс.
79. Екінші айналымға кету үдерісінде ӘК жылдамдығы:
1) 1,2 Vcl кем болмауға тиіс, мұндағы екінші айналымға кетудің кез келген нүктесінде ағымды конфигурациясына сәйкес келеді. Vcl кезінде коэффициентті ұшып көтерілу режимін пайдалану істен шыққан қозғалтқышпен шығарып тастау жылдамдығын 5% -дан артық кемуге әкелетін ӘК үшін 1,15 дейін төмендетуге рұқсат етіледі;
2) барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуға кіру кезінде VсlminЭП +10км/с немесе бір жұмыс істемеген қозғалтқышпен VmахЭП-1 +10км/с кем болмауға тиіс.
13. Қону арақашықтықтары
80. Қону арақашықтығы барлық қалыпты жұмыс істейтін қозғалтқыштарымен, сондай-ақ, егер оның істен шығуы тежеу құралдарының тиімділігін төмендетуге және (немесе) қону конфигурациясын өзгерту (шектеу) қажеттілігіне әкелетін мынадай жағдайларда бір қозғалтқыш істен шыққан кезде айқындалуға тиіс:
15 м биіктікке дейін қонуға кіру учаскесінде белгіленген төмендеу 5%-дан аспайтын төмендеу градиентімен Птөм және осы Норманың 71-тармағына сәйкес белгіленген жылдамдықпен жүргізілуі тиіс;
15 м биіктіктен ұшу сәтінен бастап (ӘК жанасуының күтілетін нүктесінде ШҚЖ деңгейінде) және жанасудан кейін 2 секунд өткен сәтіне дейін ӘК қону конфигурациясы өзгерусіз сақталуға тиіс (конфигурацияны автоматты өзгерту жағдайларынан басқа);
ұшқыштың командасы бойынша экипаж мүшелері орындайтын операциялар үшін команданы берген сәтінен бастап оны орындауды бастау сәтіне дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі;
экипаждың сол бір мүшесімен орындалатын және штурвалдың және (немесе) басқыштардың ауыспалығымен байланысты емес операциялар үшін өткен операция аяқталған сәтінен бастап кейінгі басталғанға дейін 1 секунд уақыт аралығы енгізіледі;
қону аса тік үдеулерсіз жүргізілуге тиіс және қайтадан самғау, тұмсықпен тірелу, жалтаруына және басқа да қалаусыз құбылыстарға үрдісін туындатпай 1,5 м/с аспайтын ШҚЖ-на тікелей тию алдында ӘК төмендеуі тік жылдамдықпен жұмсақ болуға тиіс;
шасси дөңгелектерінің тежелуі ШҚЖ-ға ӘК жанасуынан кейін жүргізілуі тиіс, осы орайда ӘК авариялық тежеу құралдары пайдаланылуы тиіс емес;
ӘК қосымша тежеу құралдары, мысалы, қозғалтқыштың тартымын кері қимылдату, егер олар қауіпсіз, сенімді және оларды жалпы пайдалануда қолдану ӘК басқарылу сипаттамаларының елеулі нашарлауынсыз және экипаждың ерекше шеберлігі мен күштерін қолдануының қажеттілігісіз тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретіні дәлелдесе ғана қолданылуы мүмкін.
Егер осы қосымша тежеу құралдары автоматты түрде іске қосылмаса және тигенге дейін оларды қолдану қалаусыз салдарларға әкелуі мүмкін болмайтыны ұшу сынақтарымен дәлелденбесе, онда оларды қолдануды бастау ШҚЖ-ға ӘК жанасқаннан кейін 3 сек өткен соң рұқсат беріледі.
Ескертпе: 200 км/с кем қонуға кіру жылдамдықтарымен жергілікті әуе желілерінің ӘК үшін биіктіктен қону арақашықтығын айқындауға:
1) 5% төмендеу градиенті кезінде 9 м;
2) 5% артық, бірақ 10%-дан аспайтын төмендеу градиенті кезінде 15 м рұқсат беріледі.
81. Құрғақ ШҚЖ-ғы үшін қажетті қону арақашықтығы:
негізгі әуеайлақтар үшін - 1,67;
қосалқы әуеайлақтар үшін - 1,43;
1) коэффициентіне көбейтілген барлық қалыпты жұмыс істеген қозғалтқыштармен қонуды орындаған кезде қону арақашықтығынан;
2) бір істен шыққан қозғалтқышпен қонуды орындаған кезде қону ара қашықтығынан қем болмауы тиіс.
82. Атмосфералық жауын-шашындармен жабылған ШҚЖ үшін қажетті қону арақашықтығы:
1) 1,43 коэффициентке көбейтілген барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен және ШҚЖ бетінің қаралып отырған жай-күйлерінде қону кезінде қону арақашықтығынан;
2) Осы Норманың 81-тармағы (негізгі әуе айлақтар үшін) бойынша айқындаған қажетті қону ара қашықтығынан кем болмауы тиіс.
83. Сулы ШҚЖ үшін қажетті қону арақашықтығына арналған сынақтар кезінде сулы ШҚЖ-да қону арақашықтықтарды айқындау жүргізілмеген сол жағдайда 1,15 коэффициентіне көбейтілген сулы ШҚЖ үшін өзімен қажетті қону арақашықтығын көрсету тиіс.
14. Екінші айналымға кету градиенттері мен биіктіктері
84. Екінші айналымға кетудің ең төмен биіктігі барлық жұмыс істеген қозғалтқыштармен де, бір жұмыс істемегенмен де қонуға кіру үшін дайындаушы белгілейді және қонуға кірудің, орталықтандырудың пайдалану жылдамдықтарының және Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың белгіленген шектеулердің шектерінде төмендеудің тік жылдамдықтарының неғұрлым қолайсыз тіркесімдерінің кезінде екінші айналымға кету кезінде үлгілеме көрсетіледі, бұл ретте:
1) әсер етудің бұрышы ақосым аспауға тиіс;
2) шассиді жинауға биіктікті алу режиміне ауысқаннан кейін ғана рұқсат беріледі;
3) тежеудің аэродинамалық құралдарын жинау және механизмді өзгерту екінші айналымға кету туралы шешімді қабылдау сәтіне айналымға кету туралы шешімді қабылдау сәтінен бастап рұқсат етіледі;
4) ұшқыштың командасы бойынша орындалатын операциялар үшін команданы беру сәтінен бастап оны орындауды бастау сәтіне дейін 1 сек. уақыт аралығы енгізіледі;
5) экипаждың сол мүшесімен орындалатын басқару иінтіректерінің ауыспалығымен байланысты емес операциялар үшін өткен;
6) көрсету процесінде ШҚЖ-ға жанасу рұқсат етілмейді.
85. Екінші айналымға кету кезінде 1,3 Vcl аспайтын жылдамдық жағдайында және мынадай жағдайларда:
салмақ максимальді рұқсат етілетін қону салмағына сәйкес келеді;
шасси шығарылған;
екінші айналымға кетуді бастау сәтінен бастап 8 сек. кейін жететін режимінде қозғалтқыштар жұмыс істейді;
ӘК конфигурациясы екінші айналымға кетуге белгіленгенге сәйкес келетін осы Норманың 71-тармағында қөрсетілген жылдамдықтардан кем емес кезінде белгіленген биіктікті алудың толық градиентін жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
86. Жұмыс істемеген қозғалтқышпен екінші айналымға кету кезінде 1,5 Vcl аспайтын жылдамдық және мынадай жағдайларда:
салмағы максимальді рұқсат етілетін қону салмағына сәйкес келетін;
шасси шығарылған;
екінші айналымға кетуді бастау сәтінен бастап 8 сек. кейін жететін режимінде қозғалтқыштар жұмыс істейтін;
ӘК конфигурациясы екінші айналымға кету үшін белгіленгенге сәйкес келетін осы НОРМА-ның 71-тармағында көрсетілгеннен кем емес:
1) екі қозғалтқышы бар ӘК үшін - 2,1%;
2) үш қозғалтқыштары бар ӘК үшін - 2,4%;
3) төрт және одан да көп санымен қозғалтқыштары бар ӘК үшін - 2,7% белгіленген биіктікті алудың толық градиентін жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
15. Басқару кезіндегі күштер
87. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың көрсетілген ӘК ұшыру үшін қажетті, оның ішінде бір жұмыс істемейтін қозғалтқышпен ұшуда, сондай-ақ ықтималдарға қарағанда тым жиі істен шығулар туындаған кезде басқару иінтіректеріндегі максимальді күштер абсолютті шама бойынша:
бойлық басқаруда - 35 кгс;
көлденең басқаруда - 20 кгс;
жолдық басқаруда - 70 кгс-тен аспауы тиіс.
Ұзақ режимдерде күштер бойынша ӘК теңгерілуі қамтамасыз етілуге тиіс.
88. Ықтималдығы төмен мен ықтималдығы төмен өте істен шығу жай-күйлері туындаған кезде ӘК ұшыру үшін қажетті басқару иінтіректеріндегі максимальді қысқа мерзімді (30 сек аспайтын) күштер тиісінше:
бойлық басқаруда - 50 және 60 кгс;
көлденең басқаруда - 30 және 35 кгс;
жолдық басқаруда 90 және 105 кгс-тен аспауы тиіс.
Бұл ретте, ұшудың ұзақ режимдерінде ҰПБ-ға (Ұшу пайдалану жөніндегі басқармасына) сәйкес экипаждың қимылдары кезінде басқару иінтіректеріндегі күштер тиісінше 10,5 және 20 кгс-тен аспауға тиіс.
89. Тікелей және кері жүрісте иінтіректердегі қүштердің жартылай айырмашылығы сияқты анықталатын басқару иінтіректеріндегі үйкеліс күштерінің шамалары:
бойлық басқаруда - 4 кгс;
көлденең басқаруда - 3 кгс;
жолдық басқаруда - 7 кгс-тен аспауы тиіс.
Басқару иінтіректердің қозғалту күштері (үйкеліс күштері мен жүктемелік құрылғылардың алдын ала күштерінің жиынтығы) жоғарыда көрсетілген мәндерден екі еседен артық асуға тиіс емес.
Басқарулардың көлденең және шеткі жағдайларында (жүрістің 80% асатын) 1,5 еседен аспайтын үйкеліс күштерінің көтерілуіне рұқсат етіледі.
90. Жылдамдық пен ұшу биіктігінің тұрақты мәндері кезінде Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұсынылатын ұшудың режимдерінде басқару иінтіректерінің жүрісі бойынша күштердің градиенттері үш еседен көп күштердің кенеттен өзгерілуі көзделген (жүктемелік құрылғылардың алдын ала күшінен басқару иінтіректер жағдайларының күштері бойынша теңгерілгеннің жанында немесе пайдалану шектеулерге жақындаған кездегі) жағдайлардан басқа өзгерілуге тиіс емес.