4) 1 кг құрғақ ауадағы су буларының салмақтық мөлшерімен анықталатын ауаның көмекші қозғалтқышына түсетін ылғал. Көмекші қозғалтқыш пен стендтің ылғалдануы көмекші қозғалтқыштың өлшемдеріне елеулі әсер етпеуі қажет. Қажет болған жағдайда көмекші қозғалтқыштың өлшемдеріне ылғалданудың әсері арнайы стендтік сынақтарда ескерілуі мүмкін.
Көмекші қозғалтқыштың анықталатын сипаттамаларының көлемі мен түрлері сынақтар бағдарламасында белгіленуі қажет.
Сипаттамаларды анықтау бойынша сынақтарға дейін және ол сынақтарды жүргізгеннен кейін есепті ұшу жағдайларында көмекші қозғалтқыштың жердегі статикалық жағдайлардағы бақылау сипаттамалары анықталуы және олардың ұқсастығы тексерілуі тиіс.
1406. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш роторларының сырғанақтарын тексеру кезінде қалыптасқан режимдерде және айнымалы процестер кезінде ротор сырғанақтарына әсер ететін кіндік күштердің өлшенуі жүргізілген болуы қажет және сырғанақтардың динамикалық жүк көтергіштігіне олардың сай екіндігі бағалануы тиіс. Кіндік күштерді өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, тиісті қысымдарды өлшеу негізінде олардың есепті анықталуына жол беріледі.
Көмекші қозғалтқыштың 150 сағаттық сынақтары арқылы көмекші қозғалтқышты дефектациялау кезінде сырғанақтардың жай-күйі бойынша бағаланатын олардағы бөлініп шыққан жылу мен майларды бұру үшін ротор тіреулерінің сырғанақтарынан майдың жеткілікті айдалуы тексерілуі қажет.
1407. Көмекші қозғалтқыштың бақылау жарамдылық деңгейін тексеру.
1) тиісті жобалау құжаттамасын талдау арқылы;
2) көмекші қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдарының жұмысы туралы деректер енгізілген материалдарды талдау арқылы жүргізілуі қажет.
Ескертпе: көмекші қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдарын тексеру 150 сағаттық стендтік сынақтардың бағдарламасына енгізілу қажет.
Бақылау жарамдылығы деңгейін тексеру кезінде:
1) бақылау жарамдылық бойынша толық техникалық құжаттаманың болуы;
2) бақылауға арналған өлшемдерді дұрыс таңдау және көмекші қозғалтқышты тиісті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
3) көмекші қозғалтқыштың бақылау жарамдылығын қамтамасыз ету бойынша конструктивті іс-шаралардың тиімділігі;
4) көмекші қозғалтқышта орнатылған датчиктер мен басқа да бақылау құралдарының жұмыс істеу мүмкіндігі мен сенімділігі;
5) жердегі бақылау құралдарының көмекші қозғалтқыштағы (пайдаланылатын түйісу элементтері, кабельдері, көшіргіштері бойынша және т.б.) тиісті бақылау құралдарымен түйіндесуі бағалануы қажет.
Көмекші қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдары:
1) пайдалану барысындағы көмекші қозғалтқыш жұмысын сенімді бақылауды;
2) ақауларды олардың пайда болуы мен дамуының алғашқы кезеңдерінде анықтауды;
3) «техникалық жағдайы бойынша» пайдалану үшін көмекші қозғалтқыш жүйесінің өткізу бөлігінің жай-күйі мен жұмысы туралы ақпаратты алуды қамтамасыз ететін болса, қанағаттанарлық деп танылады.
Ескертпе: кешенді бақылау жүйелерімен жабдықталған ӘК пайдалануға арналған көмекші қозғалтқышы үшін бақылау құралдарының қанағаттандыратын бағалау стендтік аппаратуралармен сынақтар кезінде жүргізілуі мүмкін.
209. 150-сағаттық стендтік сынақтар
1408. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жалпы талаптарды орындай отырып, бағдарлама бойынша ұшу пайдалануына оның сенімділігі мен жарамдылығын тексеру үшін 150 сағаттық стендтік сынақтардан өтуі қажет. Көмекші қозғалтқыш конструкциясында, реттеу схемасында, сипаттамаларында, қолдану жағдайларында ерекшеліктер болған жағдайда сынақтар бағдарламасы өзгеруі мүмкіншіліктер болған жағдайда сынақтар бағдарламасы өзгеруі мүмкін.
1409. 150 сағаттық сынақтардың бір бөлігі болып табылатын мынадай дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет:
1) көмекші қозғалтқышты бөлшектеу;
2) көмекші қозғалтқыш пен оның агрегаттарының (сынақ алдындағы бұйым ретінде жеткізілетін агрегаттар бөлшектенбейді) детальдарын тексеру;
3) арнайы бақылау, көмекші қозғалтқыш детальдарын микрометрлық өлшеу және детальдардың техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру;
4) агрегаттардың жұмысы мен олардың сипаттамасын тексеру.
Ескертпе: 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған көмекші қозғалтқышқа арналған барлық агрегаттар бағдарламада белгіленген олардың көлемдегі сипаттамаларын анықтау арқылы сыналуы қажет;
5) 150 сағаттық сынақтар үшін көмекші қозғалтқышты жинау.
Сынақ стендтерінің, жабдықтардың және бақылау-өлшеу приборларының қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын материалдар ұсынылуы қажет.
1410. 150 сағаттық сынақтардың алдында:
1) көмекші қозғалтқыштың техникалық жағдайларына сәйкес көмекші қозғалтқышты өткізу және бақылау сынақтары;
2) көмекші қозғалтқыштың іске қосу қасиеттерін пайдалануда көмекші қозғалтқышты іске қосу үшін пайдалану болжанатын іске қосу құрылғыларының қоректі көздерінен немесе энергетика сипаттамалары мен қоректенудің басқа көздерінің қуаты бойынша оған тең келетін екі-үш қалыпты іске қосуларды орындау жолымен орындауды бақылау тексеру;
3) көмекші қозғалтқыштың сипаттамаларын анықтау жүргізіледі.
1411. Қозғалтқыштың сипаттамаларын анықтау кезінде және 150 сағаттық сынақтар барысында көмекші қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдеріне өлшеу жүргізілуі және онда мынадай шарттар сақталуы тиіс:
1) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдері оның конструкциясына кіретін штуцерлерді, датчиктерді және т.б. пайдаланып, көмекші қозғалтқышты арнайы тәсілдеу кезінде өлшенуге тиісті негізгі деректері мен өлшемдері;
2) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдерінің өзгеру сипаттамасын бос жүріс немесе аз газдан ең жоғарыға және (немесе) ең жоғары ұзақтыққа дейінгі режимдердің диапазонында қажетті үйлесімдерде ауаны және басқа жүктемелерді таңдап алу өзгерген кезде бағалаған жөн.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш режимдерінің әрқайсысы кемінде 5 минут ішінде шыдауға тиіс. Құралдардың көрсеткіштері осы режимнің соңғы 2 минутында тіркелгені жөн.
Ескертпе: егер ең жоғарғы режимде көмекші газ турбиналы қозғалтқыш техникалық талаптар бойынша үздіксіз жұмыс уақыты 5 минуттан кем болса, онда осы режимде шыдау уақыты техникалық құжаттамада көрсетілгенге сәйкес болуы тиіс.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сипаттамаларын анықтау кезінде өлшемдерді өлшеудің жеткілікті саны (ауа мен электр қуатын таңдап алуды көбейту кезіндегі өлшемдер кем дегенде бес және оларды кеміткен кезде төрт) орындалуы тиіс.
1412. 150 сағаттық сынақтарды бастар алдында оларды жүргізу барысында мыналар орындалуы тиіс:
1) майды айдауды өлшеу және майдың ұсынылған температурасы кезінде ең жоғары ұзақ режимде майға жылу беруді анықтау. Көмекші қозғалтқышта отын-май жылу алмастырғышы болған жағдайда, жүйеге стендтік жылу алмастырғышты қосуға рұқсат етіледі;
2) бос жүріс және шағын газ режимдеріндегі техникалық құжаттамада аса жоғары мәлімделген осы режимдерге арналған уақыт ішінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышының үздіксіз жұмысын бақылау тексеру;
3) көмекші қозғалтқыштағы қорғау, сигнализация және диагностикалық құрылғылар жүйелерінің жұмыс істеп кетуіне даярлығын тексеру.
1413. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының сипаттамаларын анықтау кезінде жиналған ауаның қысымы мен температурасына, турбина алдындағы (турбина артындағы) газдың температурасына қарай және тұрақты электр қуатын таңдап алу немесе таңдаусыз қуат кезіндегі жиналған ауаның шығысынан көмекші қозғалтқышқа қойылатын талаптарға байланысты отын шығысы алынуға тиіс. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы жұмысының барлық пайдалану режимдерінде қамтылатын әрбір тәуелділік нүктелерінің жеткілікті саны бар айналу жиіліктерінде келтірілген әртүрлі тұрақты жағдайда көрсетілген өлшемдердің жеткілікті тәуелсіздік саны алынуға және өлшемдерді сақтаудың тұрақтылығын бағалауға арналған 150 сағаттық сынақтар аяқталғаннан кейін алынған баламалы тәуелділіктер мен оларды салыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
1414. 150 сағаттық сынақтар жалпы ұзақтығы 27-кестенің деректеріне сәйкес келетін режимдерден тұруы тиіс.
Ескертпе. Егер көмекші газ турбиналы қозғалтқыш ең жоғары режимі жоқ болса немесе техникалық құжаттама бойынша ол үшін қол жетімді үздіксіз жұмыс уақыты 5 минуттан кем болса, онда 29-кестеде осы режимде көзделген істелген жұмыс тиісінше толық немесе ішінара ең жоғары ұзақ режимге арналған істелген жұмысқа ауыстырылады.
27-кесте
Жұмыс режимі | Сағат-минутта істелген жұмыс. Іске қосу саны, жүктеме өзгерістері |
Ең жоғары | 12-30 |
Ең жоғары ұзақ | 75-00 |
Ең жоғары ұзақтығы 75% | 12-30 |
Ең жоғары ұзақтығы 50% | 12-30 |
Ең жоғары ұзақтығы 25% | 12-30 |
Бос жүріс және (немесе) шағын газ | 25-00 |
Іске қосулар | 175 |
Жүктеменің өзгерісі | 300 |
1415. 150 сағаттық сынақтарды 25 алты сағаттық кезеңдерде өткізген жөн. Әрбір кезең (1-ден 25-ке дейін ретпен нөмірленген), әдеттегідей, көмекші газ турбиналы қозғалтқышты ажыратпастан жүргізілуі және 28-кестеде көрсетілген бөліктерден тұруы тиіс.
1-ескертпе: ең жоғары режимнің 75, 50 және 25% режимдеріндегі жұмыс кезінде ауаны және электр қуатын таңдап алу шамасы сынақтар бағдарламасымен айқындалуы тиіс.
2-ескертпе: егер көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ең жоғары режимі болмаса, онда 28-кестеде ол үшін бөлінген уақыт ең жоғары ұзақ режимде жетілдіріледі.
3-ескертпе: егер көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың ең жоғары режимдегі жұмыс ұзақтығы 5 минуттан кем болса, онда 29-кестеде осы режим үшін бөлінген уақыттың қалған бөлігі ең жоғары ұзақ режимде пысықталады.
28-кесте
Бөлік | Кезеңнің сағаттағы- минуттағы ұзақ бөлігі | Жұмыс жағдайлары |
1 | 3-45 | Әрбір кезеңде 1 сағат 15 минуттан 3 цикл бар, олар: а) ең жоғары режимдегі 5 минуттық жұмыстан; б) бос жүріс немесе шағын газдағы 5 минуттық жұмыстан; в) ең жоғары ұзақ режимдегі 1 сағаттық жұмыстан; г) бос жүріс немесе шағын газдағы 5 минуттық жұмыстан тұрады. |
2 | 2-15 | Әрбір кезеңде 45 минуттан 3 цикл бар, олар: а) ең жоғары режимдегі 5 минуттық жұмыстан; б) бос жүріс немесе шағын газды 5 минуттық жұмыстан; в) 75% ең жоғары режимге арналған бірінші циклдағы 30 минуттық жұмыстан; жұмыстың екінші циклында 50%; ал үшінші циклында 25% ең жоғары ұзақ режимнен; г) бос жүрістегі немесе шағын газдағы 5 минуттық жұмыстан тұрады. |
1416. Өлшемдердің өлшенуі 150 сағаттық сынақтар барысында жүргізілуі тиіс:
1) ұзақтығы 10 минуттан кем режимдер үшін - осы режимдегі соңғы 2 минуттық жұмысқа бір өлшем;
2) ұзақтығы 10 минуттан астам режимдер үшін бірінші өлшемді әрбір режимдегі 8-10 минуттық жұмыс арқылы, қалған өлшемдер - режим аяғында немесе осы режимдегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жұмысын әрбір 15 минут арқылы орындаған жөн.
1417. Егер кез келген кезеңнің жетілдірілген уақыты ішінде көмекші қозғалтқыш ажыратылса, онда бұл кезең, егер бұл қажет деп танылса, қайталануы тиіс.
Ескертпе: егер көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ажыратылуы стендтік жабдықтың істен шығуынан туындаса, онда үзілген кезең істен шығу жойылғаннан кейін жалғастырылуы мүмкін.
1418. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың жұмысы техникалық құжаттамада ескерілген уақыт ішінде бос жүріс режимінен ең жоғары және ең ұзақ және кері режимге өту, сондай-ақ 0,5-1,0 секунд ішінде ауаны жинауды кенет тоқтатқан кезде тексерілуі тиіс.
Тексеру кезінде газ температурасының ең жоғары мәні («тастанды») мен турбиналық компрессор роторының (еркін турбина, егер ол болса) айналу жиілігін тіркеген жөн. Ауаны жинау тез тоқтатылған жағдайда, қалқанның толық жабылған уақытын, турбиналық компрессор (еркін турбина) роторының айналу жиілігінің төмендеу («түсіп кету») шамасын өлшеген жөн.
Сынақтардың хаттамаларында құралдарды өлшеу үшін қолданылатын үлгісі мен дәлдігі көрсетілуі тиіс.
1419. 150 сағаттық сынақтар ішінде бос жүру режимінен ең жоғары режимге дейін жүктеменің 150 өзгерісі және бос жүріс режимінен ең жоғары ұзақ және кері режимге дейін (немесе ең жоғары ұзақ режимнен) жүктеменің 150 өзгерісі және ең жоғарыдан бос жүріс режиміне дейін кері өзгерістер жүргізілуі тиіс.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жүктемесі өзгерген жағдайда, оның жұмыс сипатын атап өту қажет (жатық, помпажсыз және т.б.).
1420. 150 сағаттық сынақтар кезіндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқышын 175 іске қосулар, оның 25-і бос жүріс, 125-і ыстықтай және 25-і жалған орындалуы тиіс.
Іске қосулар кезеңдер арасындағы мөлшермен тең аралықтар арқылы, сондай-ақ 150-сағаттық сынақтар басталар алдында және аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс. Көмекші қозғалтқыштың шағын газ немесе бос жүріс режиміне шығу уақыты тіркелуі тиіс.
1421. Барлық 150 сағаттық сынақ кезеңдері мәлімделген қысымға сәйкес келетін майдың қысымы кезінде жүргізілуі тиіс. Бір кезең ең жоғары ұзақ режимде мәлімделген көмекші қозғалтқышқа кіре берісте ең жоғары май қысымы жағдайында орындалуы тиіс.
1422. Барлық 150 сағаттық сынақ кезеңдерінде көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ең жоғары және ең жоғары ұзақ режимдерде істелген жұмысы осы режимдерге арналған техникалық құжаттамада көзделген ең жоғары кіретін май температуралары кезінде жүзеге асырылуға тиіс.
Майдың ең жоғары температурасына жету және қолдау әдістері сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
1423. 150 сағаттық сынақтар алдында әрбір 50 сағат арқылы және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сынақтар барысында майды ауыстыру жағдайында оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін май жүйесінен алынған майға толық талдау жүргізілуі тиіс. Майды ішінара талдау үшін (механикалық қоспалар мен ылғалдың болуы, жарқыл температурасы), сондай-ақ құрамындағы металдарды талдау үшін сынамаларын алу сынақтардың әрбір 20-25 сағаты арқылы жүргізілуі тиіс.
Отынның, оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін толық талдау 150 сағаттық сынақтар алдында және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ 100 сағаттан кейінгі және сынақтар барысында отынның жаңа партиясының түсуі жағдайында жүргізілуі тиіс.
1424. Компрессордан ӘК кабиналарын үрлеу және желдету үшін кондиционерлеу жүйесіне тартылатын ауаны талдау 150 сағаттық сынақтардың басында және 7, 13, 17 және 25-кезеңдердің соңында жүргізілуі тиіс.
1425. 150 сағаттық сынақтар барысында көмекші газ турбиналы қозғалтқышында орнатылған агрегаттардың жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігі расталуға тиіс.
1426. Егер көмекші газ турбиналы қозғалтқышы конструкциясында көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесіне ауаны жекелеп жинау және оның ауа жинағышында көзделген болса, онда көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесі 150 сағаттық сынақтардың жалпы ұзақтығының кемінде 25% ішінде, олардың 10% ішінде - ең жоғары ұзақ режимге, 10% аралық режимдерге және 5%-і бос жүріс (шағын газ) режиміне қосылуға тиіс.
1427. 150 сағаттық сынақтар барысында көмекші газ турбиналы қозғалтқышы және оның агрегаттарына қызмет көрсету Техникалық қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүргізілуі тиіс. Техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген регламенттік жұмыстар борттық жиынтыққа кіретін құралмен ғана жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: борттық аспап жиынтығының және қосалқы бөлшектердің даралық жиынтығының қанағаттанарлығын және жеткіліктілігін түпкілікті бағалау ӘК-нің көмекші газ турбиналы қозғалтқышын пайдалану сынағы негізінде жүргізілуі тиіс.
1428. 150 сағаттық сынақтар аяқталғаннан кейін мынадай жұмыстар жүргізілуі тиіс:
1) көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сипаттамаларын қайталап анықтау және оның негізгі өлшемдерін өлшеу;
2) көмекші қозғалтқышты стендтен алу және көмекші қозғалтқыш пен оның агрегаттарын сырттай қарау;
3) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштан агрегаттарды алып тастау, олардың сипаттамаларын тексеру мен бөлшектеу;
4) тозуын, крипін, деформациясын, тартуын және т.б. анықтау мақсатында детальдарын микрометриялық өлшеу мен бөлшектеу арқылы көмекші газ турбиналы қозғалтқышты талдау;
5) детальдардың ақауларына ведомость жасау;
6) бақылау-өлшеу аппаратуралары мен құралдарын баламалауды бақылау тексеру;
7) 150 сағаттық сынақтардың нәтижелері бойынша материалдарды өңдеу және акт жасау.
210. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышы ресурстарын белгілеу жөніндегі сынақтар
1429. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың алғашқы тағайындалған ресурсын белгілеу үшін тораптар мен негізгі бөлшектерге және тұтастай көмекші қозғалтқышқа баламалы-циклдық сынақтар жүргізіледі.
Тораптар мен бөлшектердің сынақтары, негізінен, толық көлемдегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыш жүйесінде жүргізіледі. Бұл жағдайда, олар тұтастай көмекші қозғалтқыштың баламалы-циклдық сынақтармен бірлесуі мүмкін. Толық көлемді көмекші қозғалтқыш жұмысының жағдайларына сәйкес келетін шағын циклды қажу бойынша жүктемені сақтау жағдайы кезінде автономды қондырғылардағы көмекші қозғалтқыштың жекелеген бөлшектеріне сынақтар жүргізуге рұқсат беріледі.
Баламалы-циклдік сынақтар сынақтық циклдарды бірнеше рет орындау жолымен өткізілуге тиіс. Баламалы-циклдық сынақтарға арналған сынақ циклдарын пайдалану циклының негізінде қалыптасуы тиіс, онда мынадай талаптар ескеріледі:
1) сыналып отырған циклдағы барынша жүктемеленген режимдерде істелген жұмыстың жиынтық уақыты қозғалтқыштың ыстық бөлігінің барынша жүктемеленген бөлшегінің пайдалану циклындағы істелген жұмыс уақытының ұзақ беріктігі бойынша баламалы болуы тиіс;
2) ауыспалы процестердің саны пайдалану циклындағы олардың санына тең болуы тиіс;
3) режимдердің жұмысы саласындағы, шағын газды және бос жүріс режимдерін қоса алғанда, қозғалтқыштың динамикалық беріктігін растау үшін бірнеше диапазондарға бөлінеді және әрбір диапазонда пайдалану циклындағы 1 сағаттық істелген жұмысқа кем дегенде 1 минут есебінен істелген жұмыс қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда көрсетілген сынақтар бірлесіп жүргізілуі мүмкін.
Аз кернеулі ұзақ стационарлық режимдердегі істелген жұмыстарды болдырмауға және ауыспалы процестердің бөлігін оларды барынша жүктемеленген режимдерге баламалы келтіру жолымен (тиісінше ұзақ беріктік және аз циклды қажу бойынша) рұқсат беріледі.
Жеткілікті техникалық негіздемелер болған жағдайда, осы қозғалтқыш үшін аз циклды қажу және ұзақ беріктік бойынша дағдарысты жекелеген бөлшектердің сынақтық циклдарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқыш детальдарына баламалы-циклдық сынақтар жүргізген кезде, оларды қарауға, көмекші қозғалтқышты ішінара және толық бөлшектеуге, детальдарды ауыстырғанда ақау табылса, жөндеу пысықтамалары кезінде көзделген орындауға рұқсат беріледі. Қарау саны олардың арасындағы уақыт сияқты реттелмейді. Детальдардың барлық ауысуы, сағат және сынақтық циклдардағы олардың істелген жұмысы (жалпы және режимдер бойынша) сынақтар бойынша есепте тіркелуі тиіс.
Nи қозғалтқышының тораптары мен бөлшектерінің эксперименттік тексерілген ұзақтығы іс жүзінде баламалы-циклдық сынақтардың оң нәтижелерімен өткізілген нақты шектердің сағаттардағы және сынақ циклдарындағы істелген жұмысы бойынша белгіленеді.
Негізгі детальдар мен тораптар үшін алғашқы тағайындалған ресурстың Nи пайдалану циклдарында есептеу жолымен бойынша айқындалады:
Қор Nи экспериментті тексерілген ұзақтықтың ең аз мәніне қатысы бойынша алынады.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының (сағаттардағы және циклдардағы) бастапқы тағайындалған ресурсы 1 көмекші қозғалтқыштың 1 және 2-сынақ циклдарының саны бойынша қоры бар баламалы-циклдық сынақтар негізінде белгіленеді.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының бастапқы тағайындалған ресурсы айырбастауға жатпайтын негізгі бөлшектердің бастапқы тағайындалған ресурстардың ең аз мәніне тең болуы тиіс.
Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының бастапқы тағайындалған ресурсын белгілеу бойынша жүргізілген сынақтардың барысында сағаттардағы немесе циклдардағы тағайындалған ресурс көмекші қозғалтқыш үшін белгіленгеннен кем көмекші қозғалтқыш бөлшектерін ауыстыру көзделуі тиіс.
1430. Бірінші күрделі жөндеуге дейінгі көмекші қозғалтқыштың бастапқы ресурсын белгілеу үшін үш стендтік сынақтар: біреуі - пайдалану бағдарламасы бойынша, екеуі - баламалы-циклдар бағдарламасы бойынша өткізілуі тиіс.
Ескертпе: баламалы-циклдық сынақтар үшін көмекші газ турбиналы қозғалтқыш ретінде ұшу сынақтарын өткен көмекші қозғалтқышты пайдалануға рұқсат беріледі. Егер оның ұшудағы жиынтық жұмысы белгіленген бастапқы ресурстан кем болса, онда ол белгіленетін ресурсқа тең жалпы істелген жұмысқа дейін стендтік баламалы-циклды сынақтардан өтуі тиіс. Көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың стендтік сынақтары пайдалану циклының негізінде қалыптасатын сынақтар циклдарын бірнеше рет орындау жолымен жүргізіледі. Сынақтың алғашқы күрделі жөндеуіне дейінгі бастапқы ресурсты белгілеу үшін ұзақтығы орташа пайдалану циклы кезінде бірінші күрделі жөндеуге дейінгі бастапқы ресурсқа сәйкес келетін пайдалану циклдары санынан 20% артық сынақтар циклдарының санымен өткізіледі.
Пайдалану бағдарламасы бойынша көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың сынақтары үшін сынау циклдары орташаланған пайдалану циклының барлық белгіленген режимдердің сағаттарында істелген жұмыс және ауыспалы процестер саны толығымен ұдайы өндірілуі тиіс.
Баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы бойынша қозғалтқыштың сынақтары бастапқы тағайындалған ресурсты белгілеу үшін баламалы-циклды сынақтар сол бір сынақ циклын пайдаланып жүргізілуі тиіс.
Сынақтардан кейін әрбір қозғалтқышты бөлшектеу және дефектация жүргізілуі тиіс.
Бірінші күрделі жөндеуге дейін бастапқы ресурсты белгілеу жөніндегі сынақтар, егер оларды жүргізген кезде роторлық бөлшектердің бұзылулары, сондай-ақ пайдалану жағдайларында қауіпті салдарлармен істен шығуға алып келуі мүмкін басқа негізгі бөлшектердің істен шығулары мен ақаулары болмаса, табысты ретіндей біліктендіріледі.
211. Көмекші газ турбиналы қозғалтқышының ұшу сынақтарына қойылатын жалпы талаптар
1431. «ӘК-ге орнатылғанға дейін» сертификаттау кезінде көмекші газ турбиналы қозғалтқыш ұшу сынақтарынан қанағаттанарлықпен өтуі тиіс, олар мынадай тексерулерді қамтиды:
1) бос жүріс және жүктеме режимдеріндегі көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың өлшемдері мен орнықтылығы;
2) оның қалыпты жұмысы және істен шығулардың имитациясы кезінде көмекші қозғалтқышты реттеу жүйесінің сипаттамалары;
3) көмекші газ турбиналы қозғалтқыштың іске қосу қасиеттері;
4) көмекші қозғалтқыштың корпустары мен агрегаттарының тербеліс деңгейі;
5) турбинаны қызып кетуден қорғау жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен тиімділігі;
6) көмекші қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйенің жұмыс қабілеттілігі;
7) үлгілік бейін бойынша ұшудағы көмекші қозғалтқыштың жұмысы.
1432. Мемлекеттік сынақтарға ұсынылатын көмекші қозғалтқыштың осы түрінің үлгісіне конструкциясы мен негізгі деректері бойынша толық сәйкес келетін көмекші газ турбиналы қозғалтқыш сыналуға тиіс. Сынақтар жоғарыда көрсетілген үлгіден өзгешелігі бар, тексерілген сипаттамаларға елеулі әсер етпейтін сол бір үлгідегі басқа көмекші қозғалтқышқа жүргізілуі мүмкін.
1433. Сынақтарды көмекші қозғалтқыш тағайындалған сол бір үлгідегі ӘК, не көмекші қозғалтқыш (ұшпа зертханаларда) сынақтары үшін арнайы жабдықталған басқа үлгідегі ӘК-де орындауға рұқсат етіледі. Бұл ретте, көмекші қозғалтқыш жұмысына әсер ететін ӘК элементтері мен жүйелерінің конструкциясы осы элементтерге тәуелді (мысалы, біртектілік емес деңгейі және ауаның толық қысымының кіре берістегі отын қысымы мен температурасының, көмекші қозғалтқыштың орналасу бөлігіндегі орташа температурасының, агрегаттардың электр қорек өлшемдерінің ысырабы) көмекші қозғалтқышты пайдаланудың күтілетін жағдайларында ұдайы өзгерісін қамтамасыз етуі тиіс. Осы жағдайларды жасайтын имитаторларды пайдалануға рұқсат беріледі.