1176. Электрмен жабдықтау жүйесі шектен шықпаған, авариялық жұмысқа сәйкес келетін сипаттамалары бар электр қуатымен электрмен жабдықтау жүйесінің кез келген бөлігі, оның ішінде қадамдық қозғалтқыштарда орнатылған барлық генераторлардың істен шыққандығын қоса алғанда немесе электр энергиясын таратудың бастапқы жүйесінің жекелеген істен шығу оқиғасы болғанда бірінші санатты электр энергиясының қабылдағыштарын қамтамасыз ететіндей етіп жобаланып, дайындалып және құрастырылуы қажет. Егер қабылдағыштар жалғанған шинада немесе шинаны электр энергиясының қабылдағышымен жалғайтын қайталама тарату желісінің элементтерінде жекелеген істен шығу оқиғасы болған болса, қабылдағыштарды электр қуатынан ажыратуға жол беріледі.
1177. Электрмен жабдықтау жүйесі:
1) оның жұмыс режимдерінде бірінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарының авариялық электр қуат көздеріне көшеді, екіталай оқиғалармен салыстырғанда сирек кездесетін;
2) оның жұмыс режимдерінде барлық электр энергиясы қабылдағыштарының қалыпты және авариялық жұмыстары үшін сапасы осы Норманың 165-тарауының талаптарына сәйкес келмейтін электр энергиясымен қамтамасыз етуі өте сирек кездесетін оқиға болатындай етіп жобаланып, дайындалып және құрастырылуы қажет.
1178. Авариялық режимде жерге (суға) қонғаннан кейін электрмен жабдықтау жүйесі жерге (суға) қонғаннан кейін жұмыс істеуі қажет электр энергиясы қабылдағыштарын, егер олардың жеке автономды электр қуат көздері жоқ болса, электр энергиясымен қамтамасыз етуі қажет.
1179. Әрбір бастапқы электрмен жабдықтау жүйесінің және онымен байланысты қайталама жүйенің жұмысы басқа электрмен жабдықтау жүйелерінің жұмысына тәуелді болмауы қажет.
1180. Электр жабдығы осы әуе кемесінде болуы мүмкін кез келген оның жұмыс режимдерінде өрт шығу қаупі болмайтындай етіп орындалуы және құрастырылуы қажет.
1181. Тұтанғыш булармен ластану қауіптігі өте жоғары орындарда электр қосылыстары мен электр агрегаттарының саны осы орында жабдықтың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті санымен ғана шектелуі қажет.
1182. Жұмыс барысында басқаруды немесе реттеуді қажет ететін барлық электр жабдықтары электр тогына ұшырау қауіптілігін болдырмайтындай етіп орындалуы және (немесе) құрастырылуы қажет.
1183. Тарату құрылғыларының түрлі деңгейіндегі кернеу учаскелері бөлек орналасуы қажет. Кернеуі 40 В-тан жоғары орныққан режимдегі элементтермен жанасу мүмкін болатын орындарда кернеу шамасы көрсетілген жазулар болуы қажет.
1184. Электрмен жабдықтау жүйесінің электр өлшемдерінің ең төмен мөлшерін өлшеу және индикациялау қамтамасыз етілген болуы қажет, олар электр энергиясын өндіру мен тарату жүйесінің аппаратурасымен берілетін сигналдармен бірге борттық электрмен жабдықтау жүйесінің ақаулы еместігін бағалау үшін жеткілікті.
1185. Егер (ұшу барысында) көмекші күш-қуат қондырғысын іске қосу режимінде электр энергиясының сапасы осы норманың 165-тарауында белгіленген авариялық жұмыс үшін белгіленген шектерден шығатын болса, онда көмекші күш-қуат қондырғысын іске қосу кезеңінде көмекші күш-қуат қондырғысын іске қосу жүйесі мен бірінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарына бөлек жұмыс істейтін электр энергиясы көздерінен электр қуатын беруді қамтамасыз ету қажет.
1186. Жер бетіндегі қуат көздерін электрмен жабдықтау жүйесіне қосуды әуеайлақтың қуат беру ажыратқыштарының көмегі арқылы жүргізу қажет. ӘК бортында кері полярлы немесе фазаларының орналасу реті кері болатын жер бетіндегі қуат көзінің қосылуын болдырмайтын құралдар көзделуі тиіс.
175. Өндіру жүйелері
1187. Өндіру жүйесінің қалтқысыз жұмысы кезінде оның қуаты (бастапқы және қайталама электрмен жабдықтау жүйелерінде) барлық мүмкін болатын электр энергиясы қабылдағыштарының іске қосылу жағдайларында оларды қуаттандыру үшін жеткілікті болуы қажет.
1188. Өндіру жүйесінің қуаты (бастапқы және қайталама электрмен жабдықтау жүйелерінде) мынадай болуы қажет, егер ӘК жалпы саны үшеу болатын қадамдық қозғалтқыштардың біреуі (генератор) және жалпы саны төртеу және одан да көп болатын қадамдық қозғалтқыштардың екеуі (генераторлар) істен шыққан жағдайда, электрмен жабдықтау жүйесі қалыпты жұмыс істеу үшін барлық электр энергиясы қабылдағыштарын осы норманың 165-тарауының талаптарына сапасы сәйкес келетін қуатпен қамтамасыз ету қажет. Үшінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарын ажыратуға жол беріледі.
1189. Кез келген қайталама электрмен жабдықтау жүйесіндегі үш қуат көзінің жартысы немесе біреуі істен шыққан жағдайда, электрмен жабдықтау жүйесі қалыпты жұмыс істеу үшін барлық электр энергиясы қабылдағыштарын осы Норманың 165-тарауының талаптарына сапасы сәйкес келетін қуатпен қамтамасыз ету қажет. Үшінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарын ажыратуға жол беріледі.
1190. Әрбір қуат көзі бұйымының (реттеу және басқару аппаратурасын, сондай-ақ желі элементтерін қоса алғанда) мүмкін болатын кез келген жекелеген істен шығуы:
1) басқа электр энергиясы көздерінің;
2) басқа зақымдануға ұшырамаған тізбектердің істен шығуына әкелмеуі қажет.
1191. Өндіру жүйесінің қорғау аппаратурасы осы норманың 165-тарауына сәйкес электр энергиясының сапасын және электр қуатының үзіліс уақытын қамтамасыз ете отырып, ақаулы қуат көздерін токтан ажыратуды және өшіруді жүргізуі қажет.
1192. ӘК-де әрбір бастапқы электр энергиясы көздерін (соның ішінде электрмен жабдықтау жүйесінің аккумуляторлық батареяларын) тарату жүйесінен мәжбүрлеп ажыратуға арналған құралдар орнатылған болуы қажет. Осы құралдарды басқару органдары барлық күтіліп отырған пайдалану жағдайларында оларды қолдануға болатындай етіп орнатылуы қажет.
1193. Электр энергиясын өндіру жүйесінің әрбір қуат көзі мен түрлендірушісі үшін экипажға қуат көзінің ақаулығы жайлы және резервтік қуат көздеріне көшу туралы дереу ескертетін құралдар көзделген болуы қажет.
1194. Генераторларды және оларды тарату құрылғысымен жалғайтын желілерді қысқа тұйықталу мен шамадан тыс кернеуден қорғайтын құралдар көзделген болуы қажет.
Ескертпе. Тұрақты ток жүріп тұратын коллекторлық генераторларды қолданған жағдайда кері токтан қорғану көзделген болуы қажет.
1195. Электрмен жабдықтау жүйесінің аккумуляторларын экипаж кабинасынан және жолаушылар салонынан тыс жерде орнату қажет немесе оларды кабинадан немесе салоннан оқшауланған бөлімдерде ӘК немесе жолаушыларға қауіп туғызбайтындай етіп орналастыру қажет.
1196. Аккумуляторлық батареяны орнату әдісі:
1) қарау және ауыстыруға еркін қолжетімділікті;
2) пайдалану процесі барысында қалыпты жұмыс істеу үшін электролит температурасын қажетті шектерде ұстауды;
3) тұтанғыш және улы газдардың қауіпті концентрациясын болдырмау үшін аккумуляторлар мен бөлімдерді желдетуді;
4) ӘК конструкциясын электролиттің іс-әрекетінен және аккумуляторлардан бөлінетін газдан туындайтын тоттанудан қорғауды қамтамасыз етуі қажет.
1197. Аккумуляторлық батареялар кез келген пайдалану жағдайларда және ӘК есептелген кез келген эволюцияларда электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау жүйесінің авариялық жұмысы үшін осы Норманың 165-тарауының талаптарына сәйкес келетін сападан кем емес электр қуатымен қамтамасыз ететіндей сипаттамалары болуы және жоғарыда айтылған жайттарды ескере отырып орнатылуы қажет.
176. Тарату жүйесі
1198. Тарату құрылғыларының шиналарымен жалғанған тарату жүйесінің барлық сымдары қорғаныш автоматтарымен немесе балқымалы сақтандырғыштармен қысқа тұйықталудан және осы сымдарда болуы мүмкін рұқсат берілмеген асыра салмақ түсуден қорғалған болуы қажет. Егер қорғаныш аппаратуралары коммутациялық аппараттардың, электр жалғағыштардың контактілері немесе басқа монтаждау элементтері арқылы өтпейтін болса, онда оларды тарату құрылғыларының ішіндегі ұзындығы бір метрге дейінгі сымдарда орнатпауға жол беріледі.
1199. Тарату жүйесінің коммутациялық аппаратурасы түскен салмақтың шамасы мен сипатына байланысты таңдалуы қажет.
1200. Бір қорғаныш аппаратымен тек қана борттық жабдықтың бір жүйесінің функционалды тәуелді элементтері болып табылатын бірінші немесе екінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарының бір ғана электр қуат беру тізбегінің немесе осындай электр энергиясы қабылдағыштары тобы тізбегінің сымдары қорғалуы мүмкін.
Ескертпе: функционалды тәуелді элементтер деп элементтердің біреуі істен шыққан жағдайда барлық элемент топтары жұмысының тоқтатылуына әкелетін элементтерді айтамыз.
1201. ӘК бортында осы ӘК-нің қайталама тарату жүйесінде қолданылатын әрбір сақтандырғыш номиналының 1 данасы есебінен алынған қосалқы балқымалы сақтандырғыштардың жиынтығы болу қажет.
177. Электрмен жабдықтау жүйесін және электр жабдықтары агрегаттарын сынақтан өткізу
1202. Әрбір электр жабдығының үлгісі осы Норманың 1026-1027-тармақтарының талаптарына сәйкестігі бойынша сынақтан өтуі қажет.
1203. Сертификатталатын ӘК электрмен жабдықтау жүйесінің нақты макетін стендтік сынақтан жүйенің қалтқысыз жұмысы барысында және оның істен шығу оқиғаларын қолдан жасау арқылы өткізу қажет. Стендтік сынақтар барысында генератор жетектерінің сипаттамалары ұшақ қозғалтқышының сипаттамаларына максимальды дәрежеде сәйкес келуі қажет.
1204. Сертификатталатын ӘК ұшу сынақтары кезінде электрмен жабдықтау жүйесін стендтік сынақтар барысында қолдан жасау мүмкін емес ұшу жағдайлары барысында сынақтан өткізу қажет.
178. Жарық беру техникалық жабдықтары
1205. Осы тараудың талаптары мынадай жарық беру жабдықтарының түрлеріне:
аэронавигациялық жабдықтарға;
қону-рульдеу жабдықтарына;
экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға арналған жабдықтарға;
ішкі кабиналық жарықпен сигнал беруге арналған жабдықтарға;
жолаушы кабиналарын жарықтандыруға арналған жабдықтарға;
ӘК қызметтік жайларын жарықтандыруға арналған жабдықтарға қолданылады.
1206. Жабдықтар міндетті жарық беру техникалық жабдықтары болып табылады және аспаптар жөніндегі ұшу ережесі бойынша ұшатын ӘК-де орнатылуы қажет. Көзбен шолу жағдайларындағы ұшуға арналған ӘК-де мынадай жарық беру техникалық жабдықтарын:
қону-рульдеу жабдықтарын;
жолаушы кабиналарын жарықтандыру жабдықтарын орнату міндетті болып табылмайды.
1207. ӘК-де орнатылған жарық беру техникалық жабдықтары экипаж мүшелерінің көздерін шағылыстырмауы немесе олардың міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін қандай да бір ыңғайсыздықтар тудырмауы қажет.
Ішкі кабиналық жарық экипаждың сыртқы кеңістікті шолуы барысында олардың көру қабілетін төмендетпеуі қажет.
Жарық беру техникалық жабдықтарының жұмысы басқа үлгідегі жабдықтардың жұмысына кедергі келтірмеуі қажет.
1208. Жарық беру техникалық жабдықтары қалыпты пайдалану жағдайларында, сондай-ақ оның қандай да бір бөлшегінде ақау болған жағдайда өрт жағынан қауіпсіз болуы қажет.
Қолданылатын кез келген қалпақтар немесе түсті сүзгіштер қалыпты пайдалану жағдайларында өздерінің түсін немесе формасын өзгертпейтіндей және жарықтың едәуір жоғалуын болдырмайтындай етіп дайындалуы қажет.
1209. Жарық беру лампаларды ауыстырғанда немесе оларды алып тастау кезінде ток соғуды болдырмайтындай етіп құрастырылуы қажет.
179. Аэронавигациялық жабдық
1210. Аэронавигациялық жарық беру техникалық жабдығы ӘК қашықтан оңай әрі қатесіз тануға мүмкіндік беретін, түнде қалыпты көру жағдайларында ӘК соқтығысуын болдырмайтын іс-қимылдар орындауға жеткілікті уақытты қамтамасыз ететін ӘК-нің әуедегі және жердегі орны мен ұшу бағыты туралы ақпарат беруді қамтамасыз етуі қажет.
1211. Аэронавигациялық жабдық аэронавигациялық шамдар мен жарық маягынан құралуы қажет.
1212. 22-суретте бейнеленген борттық аэронавигациялық шамдардың ауытқымалы жарық таралу сызығын жасаған кезде мынадай анықтаулар қабылданған:
1) ӘК көлденең жазықтығы - жанама кіндіктеме арқылы өтетін және оның симметриясының жазықтығына перпендикулярлы жазықтық;
2) ӘК тік жазықтықтары - көлденеңге перпендикулярлы жазықтықтар;
3) «Л» бұрышы біріншісі ӘК жанама кіндіктемесіне параллель, ал екіншісі ӘК жанама кіндіктемесін бойлай алға қарағанда біріншіден солға қарай 1100С бұрышта жатқан, қиылысатын екі тік жазықтықтар арқылы құралады;
4) «П» бұрышы біріншісі ӘК жанама кіндіктемесіне параллель, ал екіншісі ӘК жанама кіндіктемесін бойлай қарағанда біріншіден оңға қарай 110о бұрышта жатқан, қиылысатын екі тік жазықтықтар арқылы құралады;
5) «X» бұрышы ӘК жанама кіндіктемесін бойлай артқа қарағанда тиісінше оңға қарай 70оС және солға қарай 70оС бұрыш құрайтын, жанама кіндіктеме арқылы өтетін тік жазықтықпен қиылысатын екі тік жазықтықтар арқылы құралады.
1213. Аэронавигациялық шамдар ӘК салыстырмалы курсы туралы ақпарат беріп отыруы қажет:
1) сол жақтағы қызыл борттық шам «Л» бұрышы шегінде;
2) оң жақтағы жасыл борттық шам «П» бұрышы шегінде;
3) артқы жақтағы ақ шам «X» бұрышы шегінде.
1214. Аэронавигациялық шамдардың жарық сигналдары үздіксіз немесе жарқылдауық болуы мүмкін.
1215. Шамдардың жарқылдау жұмысы кезінде мүмкін болатын екі режимнің біреуі қолданылуы қажет:
1) шамдардың циклдық режимде іске қосылуы. Сол жақтағы, оң жақтағы және артқы жақтағы навигациялық шамдар бір құрылғыдан мынадай реттік тәртіпте іске қосылуы қажет:
қызыл - жасыл - ақ - қызыл және т.б.;
2) осы Норманың 1213-тармағында көрсетілген шамдардың бір мезгілде (синхронды) іске қосылу режимі. Бұл ретте мынадай қосымша шамдардың біреуін немесе екеуін:
жарқылдауық артқы ақ шаммен кезектесіп тұратын жарқылдауық артқы қызыл шамды;
осы Норманың 1213-тармағында көрсетілген шамдардың іске қосылуымен кезектесіп тұратын, барлық бағыттардан көрінетін жарқылдауық ақ шамды іске қосуға рұқсат беріледі.
22-сурет. Көлденең жазықтықта жарықтың таралуы
1216. Шамдардың циклдық режимде іске қосылуы кезінде әрбір шамның жарқылдау жиілігі минутына 30+3 жарқылды құрауы қажет.
1217. Көлденең жазықтықтағы аэронавигациялық шамдар жарық күшінің ең төменгі көрсеткіштері 22-суретте және 22-кестеде келтірілген.
1218. Тік жазықтықтағы аэронавигациялық шамдардың жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері 23-суретте келтірілген. Кез келген бағытқа арналған кез келген тік жазықтықтағы шамның жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері 23-кестеде келтірілген көрсеткіштерден кем болмауы қажет.
22-кесте
Көлденең жазықтықтағы аэронавигациялық шамдар жарық күшінің ең төменгі көрсеткіштері
Шамдардың қолданыс бұрышы | Алға бағытталған ӘК жанама кіндіктемесінен оң және сол жақта орналасқан салыстырмалы ұшу бағытының бұрышы | Жарық күші, кд |
«Л» немесе «П» | 0-ден 10-ға дейін 10-нан 20-ға дейін 20-дан 110-ға дейін | 40 30 5 |
«Х» | 110-нан 180-ге дейін | 20 |
23-кесте
Кез келген тік жазықтықтағы аэронавигациялық шамдардың жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері
Көлденең жазықтықтан жоғарыға немесе төменге ысырылатын бұрыш | Жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері |
0 | 1,0 Ja |
0-ден 5-ке дейін | 0,90 Ja |
5-тен 10-ға дейін | 0,80 Ja |
10-нан 15-ке дейін | 0,70 Ja |
15-тен 20-ға дейін | 0,50 Ja |
20-дан 30-ға дейін | 0,30 Ja |
30-дан 40-қа дейін | 0,10 Ja |
40-тан 90-ға дейін | 0,05 Ja |
Ескертпе. Ja - көлденең жазықтықтағы тиісті бұрыштарға арналған аэронавигациялық шамдардың қазіргі нақты жарық күші.
1219. Шектес аймақтарда аэронавигациялық шамдардың шектес жарық сигналдарын ұластырған кезде ұластырылған шоғырлардағы рұқсат берілген ең жоғары жарық күші (кд) 24-кестеде келтірілген шамаларға сәйкес келуі тиіс.
23-сурет. Тік жазықтықта жарықтың таралуы
24-кесте
Рұқсат берілген ең жоғары жарық күші (кд)
| «А» зонасы | »В» зонасы |
«Л» бұрышы шегіндегі жасыл жарық | 0,33 Ja | 0,20 Ja |
«П» бұрышы шегіндегі қызыл жарық | 0,33 Ja | 0,20 Ja |
«X» бұрышы шегіндегі жасыл жарық | 0,25 Ja | 0,05 Ja |
«X» бұрышы шегіндегі қызыл жарық | 0,25 Ja | 0,05 Ja |
«Л» бұрышы шегіндегі ақ жарық | 1,00 Ja | 0,20 Ja |
«П» бұрышы шегіндегі ақ жарық | 1,00 Ja | 0,20 Ja |
1-ескертпе: «А» аймағы қырлары жарық көзі арқылы өтетін және шамдардың жазықтық шекарасын үлкен бұрышта 100-та және кіші бұрышта 200-та қиып өтетін екі қырлы бұрыштағы барлық бағыттарды қосады. «В» аймағы қырлары жарық көзі арқылы өтіп, шамдардың жазықтық шекарасын үлкен бұрышта 200-та қиып өтетін екі қырлы бұрыштағы барлық бағыттарды қосады. 0-100 бұрыш диапазоны жарық күшінің ең жоғары көрсеткіші мен «А» аймағы арасындағы ауыспалы аралықты білдіреді.
2-ескертпе: Ja - көлденең жазықтықтағы тиісті бұрыштарға арналған аэронавигациялық шамдардың қазіргі нақты жарық күші.
1220. Жарық маягы әуеде ӘК ұзақ қашықтықтарда орналасқан орнын белгілеуге арналған.
ӘК-де кем дегенде жарық маягының екі шамы (жоғарғы және төменгі жарты шарлар үшін бір-бірден) орнатылуы тиіс.
1221. Кез келген тік жазықтықтағы жарық маягы шамының тиімді жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері 24-суретте және 25-кестеде келтірілген көрсеткіштерден кем болмауы қажет.
Ескертпе. J-жарықтың тиімді күші.
25-кесте
Кез келген тік жазықтықтағы жарық маягы шамының тиімді жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері
Көлденең жазықтықтан жоғары немесе төмен бұрыш, град | Жарықтың тиімді күшінің салыстырмалы көрсеткіштері |
0-ден 5-ке дейін 5-тен 10-ға дейін 10-нан 20-ға дейін 20-дан 30-ға дейін 30-дан 75-ке дейін | 1,0 J 0,6 J 0,2 J 0,1 J 0,15J |
1222. Көлденең жазықтықтағы жарық маягы шамының қолданыс бұрышы кемінде 3600 болуы тиіс.
1223. Маяк шамы ӘК конструкциясы элементтерімен экрандалған жағдайда маяктың аталған қолданыс аралығы шегінде «өлі аймақтарға» жол беріледі. Әрбір шамға арналған «өлі аймақ» бұрышының жиынтық шамасы ӘК кіндіктемесіне қатысты орталықтанған және кері кеткен 0,15 стерадианға тең болатын дене бұрышы шегінде 0,03 стерадианнан аспауы қажет.
1224. Әрбір шамның тиімді жарық күшінің абсолюттік көрсеткіші кемінде:
ақ түсті сәуле шығаратын маяк үшін - 400 кд;
қызыл түсті сәуле шығаратын маяк үшін - 400 кд болуы қажет.
1225. Маяктың әрбір шамының жарқылының жиілігі минутына 40-90 болуы қажет. Ұласу аймақтарында жарқыл жиілігінің жиынтығы минутына 180 жарқылдан аспауы қажет.
1226. Жарық маягының шамдары авиацияда қабылданған ақ түсті немесе қызыл түсті болуы және тиісті талаптарына қанағаттандыруы тиіс.
1227. Осы Норманың 1217-1219, 1221-1223-тармақтарында келтірілген жарық күшінің көрсеткіштері ӘК электр желісінің номиналды пайдалану кернеуіне сан жағынан тең болатын кернеуде, барлық жарық сүзгіштері мен қалпақтары орындарында орнатылған аппаратурамен қамтамасыз етілуі қажет.
180. Қону-рульдеу жабдықтары
1228. Қону-рульдеу жабдықтары қону және рульдеу (немесе қону-рульдеу) фарларынан құралуы қажет және:
1) ӘК қонуға бет алғанда және ӘК алдыңғы аяғы жерден көтерілгенге дейін ұшу-қону жолағы мен оның жақын маңайының қажетті жарықтандырылуын;
2) ӘК әуеайлақ бойынша жылжыған кезде ұшу-қону жолағы мен рульдеу жолдарының қажетті жарықтандырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
1229. Қону (қону-рульдеу) фарларының саны кемінде екеу болуы тиіс. Рульдеу фарларының саны регламенттелмейді.
181. Экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға және ішкі кабиналық жарықпен сигнал беруге арналған жабдықтар
1230. Экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға арналған жабдықтар:
1) барлық приборлардың, жабдықтардың және ӘК басқару органдарының жарықтандырылуын;
2) экипаж мүшелері жұмыс орындарының қажетті жарықтандырылуын;
3) приборларды жарықтандырудың жарықтығын реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
1231. Жарық сигналдары күндізгі уақытта анық ажыратылуы қажет және түнгі уақытта көзді шағылыстырмауы тиіс.
182. Жолаушы кабиналары мен қызметтік жайларды жарықтандыруға арналған жабдықтар
1232. Жолаушы кабиналары мен қызметтік жайларды жарықтандыруға арналған жабдықтар:
1) жолаушы кабиналары мен қызметтік жайлардың қажетті жарықтандырылуын;
2) түнгі уақытта ӘК қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін ӘК техникалық бөлімдерінің жарықтандырылуын қамтамасыз етуі қажет.
1233. ӘК жолаушылар кабинасының жарықтандырылуы жолаушыларға ұшу сапарының жайлы болуын және ұшу барысында жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.
183. Жарық беру техникалық жабдықтарының түстік сипаттамалары
1234. Жасыл, қызыл, сары және ақ түстер жарықтандыру бойынша ұсынылған және 26-кестеде келтірілген түстік координаттарға сәйкес келуі қажет. Түстік кестеде қосарланған 1, 2, 3, 4 нүктелерді жалғап аталған түстерге сәйкес келетін иілген және тіке аралықтар көрсетілген.
26-кесте
Жарық беру техникалық жабдықтарының түстеріне рұқсат берілген аралықтар
Нүкте координаттары | X1 | Y1 | Х2 | Y2 | Х3 | Y3 | X4 | Y4 |
Қызыл | 0,735 | 0,265 | 0,665 | 0,335 | 0,655 | 0,335 | 0,720 | 0,267 |
Жасыл | 0,266 | 0,724 | 0,024 | 0,414 | 0,245 | 0,414 | 0,311 | 0,465 |
Сары | 0,603 | 0,397 | 0,545 | 0,455 | 0,530 | 0,447 | 0,590 | 0,390 |
Ескертпе. Ү0 - Х=Х0 болатын Планк сәуле шығарғышы үшін оның Ү кіндіктемесі бойынша координаты.
184. Экипаж кабинасын жинақылау
1235. Осы тараудың талаптары экипаж кабинасын жинақылауға қолданылады.
Кабинаны жинақылау берілген құрамдағы экипаж мүшелеріне:
антропометрикалық талаптарды сақтай отырып, кабинадағы барлық экипаж мүшелерінің жайлы жайғастырылуын;
Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көзделген барлық ұшу режимдерінде функционалдық міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1236. Экипаждың әрбір мүшесі үшін жұмыс орнының көзделуі қажет. Ұшқыштардың жұмыс орындары кабинаның алдыңғы жағында, ӘК командирінің орны кабинаның сол жағында орналасқан болуы қажет. ӘК экипаж құрамына пилоттардан басқа бортинженер кіреді, оның орны оң жақ бортта немесе пилоттардың жұмыс орындары арасында орналасуы қажет.
Экипаж мүшелерін ұшу бағытына қарсы артқа қаратып орналастыруға жол берілмейді.
Ескертпе. Егер Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулықта бортинженердің жұмыс орнындағы қызметі оң жақ бортта да, сол сияқты ұшқыштардың жұмыс орындарының арасында да көзделген болса, онда оған:
екі жұмыс орнында да оған жұмыс істеуге ыңғайлы болуын;
ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ бір жұмыс орнынан екіншісіне жылжуға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1237. Пилоттарға күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы барлық маневрлер кезінде және барлық режимдерде оларға ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін, жеткілікті түрде кең ауқымды көлеңкесіз, бұрмаламай кабинадан шолуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі қажет. Қос пилоттың жұмыс орындарында нысана сызығының шартты жағдайындағы ұшқыштардың көздерін табуға бақылау жасауды қамтамасыз ететін құралдар болуы қажет. Күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты ішкі және сыртқы кабиналық кеңістікті күндіз және түнде шолуға қиындық туғызатын түрлі сәулелердің көзге шағылысуын болдырмау қажет. Атмосфералық жауын-шашыннан маңдайлық әйнектің бетін тазалауға арналған құрылғылар ішкі кабиналық кеңістікті шолуға жеткілікті мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1238. Кабинадағы барлық жазулар өздеріне қатысты элементтерде (тұтқаларда, тумблерлерде және т.б.) орналасуы тиіс және күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты күндіз де, түнде де қараған кезде анық, айқын болуы қажет. Мәтін бойынша қысқартылған жазулар олардың мағынасын түсіндіруге байланысты түрлі түсінік тудырмауы тиіс.
185. ӘК-ні күш-қуат қондырғысын және жабдықтарды басқару органдарын экипаждың жұмыс орындарына орналастыру
1239. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатылып және ұшу барысында қолданылатын ӘК, күш-қуат қондырғысының және жабдықтардың басқару органдарына экипаж мүшелерінің қолдары жете алатындай және ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ олардың жұмыс орындарынан көрінетіндей болуы қажет.
1240. Ең жиі қолданылатын, оның ішінде ең күрделі ұшу кезеңдері (мысалы, пилоттарға - қонуға бет алғанда және қону кезінде) барысында, сондай-ақ күрделі және авариялық жағдайларда қолданылатын басқару органдары әрбір экипаж мүшесіне қолжетімді және шолу жасай алатын олардың жұмыс аралық аймақтарындағы ең ыңғайлы орындарда орналасуы қажет. Бұл ретте басқару органдарының орналасуы ӘК жерден көтерілуі барысында, қонуға бет алғанда, қонуы кезінде және Ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулық бойынша іс-қимылдарды орындау үшін екінші айналысқа кеткенде пилоттар штурвалдардағы қолдарын ауыстырып жатпайтындай етіп таңдау қажет.