3) ротор тіректерінің тығыздалған май қуыстарындағы қысымның түсіп кетуі;
4) жылу айырбастағышқа кіреберістегі және одан шыға берістегі майдың және жылудың температурасы;
5) май багындағы майдың деңгейі;
6) суфлирленген жүйедегі ауаның қысымы өлшенуі тиіс.
Май жүйесінің сипаттамаларын айқындау бойынша сынақтар негізгі және резервтік майларда жүргізілуі тиіс.
780. Қозғалтқыштың биіктік-жылдамдық сипаттамаларын айқындау кезінде қозғалтқыштың биіктік-жылдамдық сипаттамалары оның термобарокамерадағы сынақтары кезінде расталуы тиіс. Сынақтар бағдарламасында:
1) ұшудың есептік жағдайларында дросселдік сипаттаманы алып тастау;
2) ұшудың күтілетін жағдайларына барынша тән 3-4 дросселдік сипаттамаларды алып тастау;
3) қозғалтқыштың агрегаттары жүктемелерінің негізгі деректеріне және компрессордан ауаны іріктеп алудың ӘК-қ мұқтаждарға әсерін бағалау;
4) қозғалтқыштың жердегі статикалық жағдайларда биіктік-жалғастық сипаттамаларын растау бойынша олардың сынақтар жүргізілгенге дейінгі және жүргізілгеннен кейінгі біркелкілігін тексеру үшін бақылау дросселдік сипаттамаларын анықтау көзделуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқыштың биікті-жылдамдық сипаттамаларын эксперименттік растау мүмкін болмаған жағдайда, термокамерада тексеру ұшу сынақтары кезінде ұшу зертханасында орындалуы тиіс.
781. Белгіленген режимдерде және ауыспалы процестерде роторлар тіректерінің подшипниктеріне ықпал ететін осьтік күшке өлшеу жүргізілуі және олардың подшипниктің динамикалық жүк көтергіштігіне сәйкестігі бағалануы тиіс.
Осьтік күшті өлшеу мүмкін болмаған жағдайда, оларды тиісті қысымдарды өлшеу негізіндегі есептік айқындауға рұқсат етіледі.
Қозғалтқыштың 150-сағаттық сынақтары олардан бөлінетін жылу мен майлауды бұру үшін, қозғалтқыштың ақауы кезінде подшипниктердің жай-күйі бойынша бағаланатын ротордың тірек подшипниктері арқылы майды айдаудың жеткіліктілігі тексерілуі тиіс.
782. Қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы деңгейін тексеру қозғалтқышта орнатылған бақылау құралдары жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын тиісті жобаның құжаттама және материалдар негізде жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқышта орнатылған, бақылау құралдарын тексеру 150-сағаттық текшелік сынақтар бағдарламасы қамтылуы тиіс.
Бақылау жарамдылық деңгейін тексеру кезінде:
1) қозғалтқыштың бақылау жарамдылығы бойынша техникалық құжаттаманың толықтығы;
2) бақылау үшін өлшемдерді таңдаудың дұрыстығы және қозғалтқыштың тиісті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
3) қозғалтқыштың бақылау жарамдылығын бақылау жөніндегі сындарлы іс-шаралардың тиімділігі;
4) қозғалтқышқа орналастырған датчиктер мен басқа бақылау құралдарының жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігі;
5) жердегі бақылау құралдарының қозғалтқыштағы тиісті бақылау құралдарымен (пайдаланылған түйісу элементтері, кабельдері, тасымалдағыштары және т.б.) бойынша жанасымдылығы бағалануы тиіс.
Қозғалтқышта орналастырылған бақылау құралдары, егер олар:
1) қозғалтқыштың пайдаланудағы жұмысын сенімді бақылауды;
2) олардың туындауы мен дамуының ерте кезеңіндегі ақаулығын анықтауды;
3) «техникалық жай-күйі бойынша» пайдалануға қажетті қозғалтқыш жүйелерінің жонылған бөлігі мен жұмыс жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етсе, қанағаттанарлық деп танылады.
Ескертпе: бақылаудың кешенді жүйелерімен жабдықталған ӘК пайдалануға арналған қозғалтқыштар, бақылау құралдарының қанағаттанғандығын бағалау үшін текшелік аппараттармен сынақтар өткізу кезінде жүргізілуі мүмкін.
116. 150 сағаттық текшелік сынақтар
783. Қозғалтқыш бағдарлама бойынша 150 сағаттық текшелік сынақтардан, оны ұшуға пайдаланудың сенімділігі мен жарамдылығын тексеру үшін жалпы талаптарды орындаумен қанағаттанғанарлық түрде өтуі тиіс.
Қозғалтқышта конструкциядағы, реттеу схемасындағы, сипаттамалардағы және қолдану жағдайларындағы, атап айтқанда, жергілікті әуе желілерінің ӘК-ке арналған ерекшеліктер болған жағдайда, сынақ бағдарламасы өзгеруі мүмкін.
784. 150 сағаттық сынақтар бөлігі болып табылатын мынадай:
1) қозғалтқышты бөлшектеу;
2) қозғалтқыш бөлшектерін және оның агрегаттарын (дайын бұйым ретінде жеткізілген агрегаттар сынақтар алдында бөлшектенбейді) қарап шығу;
3) қозғалтқыш бөлшектердің микрометриялық өлшеуді арнайы бақылау және бөлшектердің техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру;
4) агрегаттардың жұмыстарын және олардың сипаттамаларын тексеру дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Ескертпе: 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған қозғалтқышқа арналған барлық агрегаттар бағдарламада белгіленген көлемде олардың сипаттамаларын айқындау арқылы сыналуы тиіс;
5) 150 сағаттық сынақтарға арналған қозғалтқышты жинау.
Сынақ текшелеріне, жабдықтарға және олардың талаптарына ұсынылып отырған бақылау-өлшеу құралдарына сәйкестігін растайтын материалдар ұсынылуы тиіс.
785. 150 сағаттық сынақтар алдында:
1) қозғалтқыштың (гидротежегіші бар текшедегі турбо винттік қозғалтқыштар үшін) техникалық жағдайларына сәйкес қозғалтқыштың тапсыру және бақылау сынақтары;
2) қозғалтқыштың іске қосу қасиеттерін пайдаланудың күтілетін жағдайларында қолданылатын немесе оларға энергетикалық сипаттамалары бойынша тең қоректену көздерімен және басқа да қоректендіру көздерінің қуатымен іске қосу құрылғыларынан екі-үш қалыпты іске қосуды бақылап тексеру;
3) қозғалтқыштың дроссельдік сипаттамаларын айқындау өткізілуі тиіс.
786. Қозғалтқыштың сипаттамаларын айқындау кезінде және 150 сағаттық сынақтар процесінде қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдерін өлшеу мынадай талаптарды сақтау арқылы жүргізілуге тиіс:
1) қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдері оның конструкциясына кіретін штуцерлерді, датчиктерді және т.б. пайдаланып, өлшенуі тиіс;
2) қозғалтқыштың сипаттамаларын айқындау кезінде ӘК агрегаттарын жүктемелеу мен ӘК пен қозғалтқыштың жүйелері үшін ауаны іріктеп алу, егер бұл сынақтың арнайы мақсаты болып табылмаса өткізу қажет емес;
3) қозғалтқыштың негізгі деректері мен өлшемдерін өзгерту сипаттамалары жердегі аз газдан шарықтауға дейінгі режимдердің диапазонында бағалануы тиіс.
Қозғалтқышты берілген режимде ұстау уақыты барлық бақыланатын өлшемдердің тұрақты сипатын қамтамасыз ететін уақыттан кем болмауы тиіс. Осы уақыттың шамасы эксперименттік жолмен бағаланады және техникалық құжаттамаға енгізіледі.
Сипаттамадағы айналу жиілігі кеміген жағдайда, кем дегенде жеті нүкте, айналу жиілігі өскен жағдайда - бес нүкте алынуы тиіс.
787. 150 сағаттық сынақтарды бастау алдында және олар аяқталғаннан кейін:
1) техникалық құжаттамада берілген режимдерде және майдың берілген температурасы кезінде май айдауды өлшеу және майға жылу беруді айқындау. Қозғалтқышта отынмай жылу айырбастаушы болған жағдайда, жылу айырбастағыштың текшелік жүйесіне қосуға рұқсат етіледі;
2) қозғалтқыштың аз газды режиміндегі уақыттың осы режимі үшін техникалық құжаттамада ең жоғары мәлімделген уақыт ішінде үздіксіз жұмысын бақылап тексеру;
3) қозғалтқыштағы авариялық қорғау, белгілі беру және диагностикалық құрылғылар жүйелерінің жұмыс істеу дайындығын тексеру;
4) жұмыс істеп тұрған турбовинттік қозғалтқыштың автоматтық және қолмен флюгирлеу жүйелерін әрбір жүйеден флюгирлік жағдайға әуе бұрамын үш мәрте енгізу жолымен тексеру орындалуы тиіс.
788. Егер сипаттамаларды айқындау кезінде қозғалтқышқа кіреберістегі ауа температурасы 150С-қа тең және одан кем болған жағдайда, онда ең жоғары өлшенген айналу жиілігі қабылданған қозғалтқышты реттеу заңына сәйкес ең жоғары айналу жиілігіне қарағанда кем болмауы тиіс.
Егер сипаттамаларды айқындау кезінде қозғалтқышқа кіреберістегі ауаның температурасы 150С-тан жоғары болса, онда ең жоғары өлшенген айналу жиілігі
neci = n0 V T*AO,
288,15
тең болуы тиіс.
мұндағы nо - t*AO = 15оС ең жоғары режимі кезіндегі айналу жиілігі;
T*AO - қозғалтқышқа (К) кіре берістегі ауаның өлшенген температурасы.
Егер осы формула бойынша анықталған ең жоғары өлшенген айналу жиілігі қозғалтқыштың беріктік талаптары бойынша жол бермеу, онда оның шамасының сипаттамаларын алу кезінде ең жоғары жол берілген айналу жиілігінен кем болмауы тиіс.
Сипаттамаларды айқындау кезінде өлшенген айналу жиілігінің ең жоғары жол берілген мәніне жету үшін айналу жиілігінің реттегішін жолға қоюды өзгертуге рұқсат етіледі.
789. Тежегіш құрылғысы бар текшеде тұрақты айналу жиілігі жағдайында турбовинтік қозғалтқыш сипаттамасын айқындау кезінде, тұрақты айналу жиілігі кезінде сипаттама тежегіш қуаты отын шығысына тәуелді түрде алынады.
790. 150 сағаттық сынақтар 12-кестенің деректеріне сәйкес жалпы ұзақтық режимдерінен тұруы тиіс.
12-кесте
Жұмыс режимі | Сағат-мин істелген жұмыс, сынамалар саны |
Шарықтау | 18-45 |
Ең жоғарғы ұзақ | 45-00 |
Жердегі аз газбен ең жоғарғы ұзақ режимінің арасындағы аз газ режимімен ең көп ұзақ режимінің арасындағы аралықтар айналу жиілігі бойынша мөлшермен бірдей белгіленген режимдер жұмысы 15-тен кем емес | 62-30 |
Ауыспалы процестер (қолайлылық, газ тастандысы және басқа) мен жердегі аз газ | 23-45 |
Қолайлылық сынамасы | 300 |
Іске қосу сынамасы | 100 |
Кері қозғалатын тартым сынамасы | 200 |
791. 150 сағаттық сынақтар алты сағаттық кезеңдердің 25-інде өткізілуі тиіс. Әрбір кезең (өз кезегімен 1-ден бастап 25-ке дейін нөмірленген) әдеттегідей, өткізілуге және 6.3-кестесінде көрсетілген бөліктерден тұруы тиіс.
Ескертпе: тұрақты айналу жиілігі кезінде жұмыс істейтін қозғалтқыш үшін, 150 сағаттық сынақтардың 4-кезеңінің бөлігінде тартқыш (қуат) сатылы өзгеруі мүмкін.
792. Турбовинттік қозғалтқыш үлгісі мен конструкциясы әуе бұрамына сәйкес келетін, олар пайдаланылатын әуе бұрамымен бірге 150 сағаттық сынақтардан өтуі тиіс.
793. 150 сағаттық сынақтар процесінде өлшемдерді өлшеу:
1) ұзақтығы 10 минуттан кем режимдер үшін - осы режимдегі соңғы 2 минуттық жұмысты бір өлшеу;
2) ұзақтығы 10 минуттан астам режимдер үшін - бірінші өлшеу осы режимдегі қозғалтқыш жұмысын 8-10 мин арқылы орындау, ал қалған өлшемдер - режим соңында немесе осы режимдегі қозғалтқыш жұмысының әрбір 15 минуты сайын жүргізілуі тиіс.
794. Егер кезеңдердің кез келген жұмыспен өтеу уақытында қозғалтқыш тоқтатылса, онда осы кезең, егер бұл қажет деп танылса, қайталануы тиіс.
13-кесте
| Бөлік сағат-мин кезең бөлігінің ұзақтығы | Жұмыс жағдайлары |
1 | 1-00 | Алты 10 минуттік циклдер, оның әрқайсысы: а) қолайлылықты немесе ұшуы аз газды тексеру режимінің қолайлылық сынамасынан; б) шарықтау режиміндегі 5 минуттық жұмыстан; в) газды жердегі аз газ режиміне дейін тастаудан тұрады; г) қалған уақыты жердегі аз газ немесе ұшудың аз газы (таңдау бойынша) режимдерінде жұмыспен өтеледі. |
2 | 0-30 | 1, 3, 4, 6, 8, 9, 11, 13, 14, 16, 18, 19, 21, 23 және 24 кезеңдерде - ең жоғары ұзақ режим; 2, 5, 7, 10, 12, 15, 17, 20, 22 және 25 кезеңдерде - шарықтау режимі. |
3 | 1-30 | Ең жоғары ұзақ режим. |
4 | 2-30 | Жердегі аз газбен ең жоғарғы ұзақ режимінің арасындағы аз газ режимімен ең көп ұзақ режимінің арасындағы аралықтар айналу жиілігі бойынша мөлшермен бірдей белгіленген режимдер жұмысы 15-тен кем емес. |
5 | 0-30 | Алты 5-минуттық циклдер, олардың әрқайсысы: а) жердегі, аз газ режимінің қолайлы сынамынан; б) шарықтау режиміндегі 30 жұмыстан; в) газдың жердегі аз газ режимінен режиміне дейін тасталудан тұрады; г) қалған уақыт жердегі аз газ режимінде жұмыспен өтеледі. |
Ескертпе: егер қозғалтқышты тоқтатқанда, ӘК агрегатының немесе текшелік жабдықтың істен шығуына әкеп соқса, онда үзілген кезең істен шығу жойылғаннан кейін ұзартылуы мүмкін.
795. Ауыспалы. 1 процестер кезінде (газдың мүмкіндігі мен тасталуы) қозғалтқыш жұмысын тексеру.
Қозғалтқыш жұмысы:
1) жердегі аз газ режимінен шарықтау режиміне дейін газ тастандысын айдау кезінде;
2) мүмкін тексеріс режимінен немесе ұшудағы аз газдан шарықтау режиміне және газ тастандысына дейін екпіндеу кезінде тексерілуі тиіс.
Мүмкіндікті тиісті мүмкіндігі тексерілетін режимінің ережесінен қозғалтқыштарды басқару иінтіректерді ауыстыруды бастау сәтінен қозғалтқыштың шарықтау тартқыштың (қуатының) 95% сәйкес келетін айналу жиілігіне жету сәтіне дейінгі уақыт аралығы ретінде анықтаған жөн.
Мүмкіндікті және газ тастандысын тексеруді орындау кезіндегі қозғалтқыштарды басқару иінтіректерін бір соңғы жағдайдан екіншісіне бір секундтан аспайтын мерзім ішінде орнын ауыстыруы тиіс. Турбовинттік қозғалтқыш үшін мүмкіндікті қозғалтқыштарды басқару иінтіректерді бастапқы режимінен шарықтау қуатының 95% сәйкес келетін отын қысымының шамасына жеткен сәтке дейінгі уақыт аралығы ретінде анықталады.
Турбовинттік қозғалтқышта газ жинаудың ұзақтығын қозғалтқыштарды басқару иінтіректерді жылжыта бастаған сәттен шарықтау режиміне сәйкес келетін жағдайдан жердегі аз газ режимінде тартымды 10% арттыратын тартымға қол жеткізген сәтке дейінгі аралық уақыт ретінде айқындаған жөн.
Кері қимылдайтын құрылғымен жабдықталған қозғалтқыштарда кері қимылдайтын тартым кезінде мүмкіндігі тексерілуі тиіс. Бұл үшін:
1) жердегі аз газ режимінде (немесе соған жақын режимде) жұмыс істейтін қозғалтқыштың қозғалтқыштарды басқару иінтіректер кері қимылдайтын құрылғыны кері қимылдайтын тартым жағдайына қайта салу белгісін алғаннан кейін дереу тиісті ең жоғары кері қимылдайтын тартым жағдайына бір минуттан аспайтын мерзім ішінде жүргізген жөн. Қозғалтқыштарды басқару иінтіректер араластыра бастаған сәттен ең жоғары 95% кері қимылдайтын тартымға қол жеткізген сәтке дейінгі уақыт аралығы техникалық құжаттамада көрсетілген мәннен аспауы тиіс;
2) белгіленген шарықтау режимінен кері қимылдайтын құрылғыны қозғалтқыш ең жоғарғы кері қимылдайтын тартым режиміне қосқан және ауыстырған жөн.
Кері қимылдайтын құрылғыны бір соңғы жағдайдан екіншісіне қайта салудың ұзақтығы техникалық құжаттамада көрсетілген уақытқа сәйкес келуі тиіс.
Қабылдағыш сынамасы немесе газ тастандысы алдында қозғалтқыш тиісті бастапқы режимде айналу жиілігі мен газ температурасының тұрақты мәнін алғанға дейін төзуі тиіс.
Қабылдағыштығын және газдың тасталуын тексеру кезінде мыналарды:
1) қабылдағыш уақытын немесе газдың тасталуын;
2) газ температурасы екпін барысындағы регламенттелген мәндерін арттыру шамасын немесе газдың тасталуы кезінде турбокомпрессордың (еркін турбинаның) роторы айналу жиілігінің сәтсіздігінің шамасын тіркеген жөн.
Айналу жиілігін, кері қимылдайтын құрылғының жағдайы мен газ температурасын өлшейтін құралдардың көрсеткіш мүмкіндігі сынаманың алдындағы бастапқы режимде және қабылдағышты тікелей орындағаннан кейін қозғалтқыштың ең жоғары айналу жиілігі кезінде тіркелуі тиіс.
150 сағаттық сынақтар ішінде аз газды жер режимінен қабылдағыш 150 сынама және мүмкіндігін тексеру немесе ұшудың аз газды режимінен мүмкіндіктің 150 сынамасы жүргізілуі тиіс. Егер 13-кестенің 1-бөлігінде көзделген мүмкіндік сынамасы аз газды ұшу режимінен өткізілсе, онда регламенттелген мүмкіндік сынамдардың саны 105 сағаттық сынақтар бағдарламасында қосымша белгіленуі тиіс.
Ауа мен қуат алудың регламенттелген мүмкіндігін тексеру кезінде ол қозғалтқыштың мұқтажы үшін ғана жүргізілуі тиіс. Қабылдағыш сынақтарынан кейін дроссельдеу немесе берілген режимдерге өту кезінде газды тастандысының орындалуы мүмкін. Қабылдағышты және газдың тасталуын тексерген кезде қозғалтқыш жұмысының (қалқымалы, үзікті, алаулы және т.б.) сипатын атап өту қажет.
Қозғалтқышта ауаны (газды) іріктеп алу болған жағдайда, мұндай іріктеудің мүмкіндігінің әсері іріктеп алудың ең жоғары шамасы кезінде, сондай-ақ ӘК пайдалану кезінде қажетті болатын іріктеп алудың әртүрлі шамалары кезінде анықталуы тиіс.
1-ескертпе: іріктеп алудың әсері сынақтардың бірінші кезеңінің басталар алдында және соңғы кезеңнің аяғында анықталуы тиіс.
2-ескертпе: ең жоғары іріктеп алудың әсері 150 сағаттық сынақтарға ұсынылатын қозғалтқышта белгіленуі тиіс. Іріктеп алудың басқа шамаларының әсері қозғалтқыштың басқа даналарында анықталуы мүмкін.
3-ескертпе: ауаны (газды) ең жоғары іріктеп алу және қозғалтқышқа кіре берістегі майдың ең төмен температурасы кезінде 10 мүмкіндік орындалуы тиіс.
796. Ағаттық сынақтар ішінде қозғалтқышты 100, олардың 25-сі суықтай, 10 ыстықтай және 10 жалған іске қосу орындалуы қажет. Іске қосулар кезеңдер арасында мөлшермен теңдей арақашықтықтар арқылы, сондай-ақ 150 сағаттық сынақтар басталар алдында және аяқталғаннан кейін жүргізілуі тиіс. Қозғалтқыштың аз газды жер режиміне шығу уақыты тіркелуі тиіс.
797. 150 сағаттық сынақтардың барлық кезеңдері мәлімделген қысымға сәйкес келетін майдың қысымы кезінде өткізілуі тиіс. Бір кезең мәлімделген ең жоғары ұзақтық режимінде қозғалтқышқа кіреберістегі майдың ең төмен қысымы кезінде орындалуы тиіс.
798. Ықтау және ең жоғары ұзақтық режимдеріндегі қозғалтқыштың 150-сағаттық сынақтардың барлық кезеңдеріндегі істеген жұмысы осы режимдерге арналған техникалық құжаттамада көзделген ең жоғары енетін майдың температуралары кезінде, егер өзгедей келісім болмаса, жүзеге асырылуы тиіс. Майдың ең жоғары температурасына жету және ұстап тұру әдістері сынақтардың бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
799. 150 сағаттық сынақтар алдына әрбір 50 сағаттық сынақтар арқылы және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сынақ барысында майды жаңасына ауыстыру жағдайында оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін май жүйесінен майдың толық талдауы жүргізілуге тиіс. Ішінара талдау үшін (тетіктік қоспалар құрамын және ылғалдылықты, тұтану температурасын), сондай-ақ металдар құрамын талдау үшін майдың сынамаларын іріктеп алу сынақтардың әрбір 20-25 сағаты арқылы жүргізілуі тиіс.
Отынды толық талдау оның физикалық-химиялық көрсеткіштерін бағалау үшін 150-сағаттық сынақтар алдында, сынақтардың 100 сағат арқылы және олар аяқталғаннан кейін, сондай-ақ сынақтар барысында отынның жаңа партиясы түскен жағдайда өткізілуі тиіс.
800. Іріктеп алынған ауасы бар қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру жөніндегі сынақтар кезінде қозғалтқыштың сипатын алдын ала анықтау кезінде (150 сағаттық сынақтар басталғанға дейін) әрбір жеке қосылған іріктеу кезіндегі сипаттамасы және ауаның (газдың) барлық қосылған іріктеулері сипаттамасының біреуі алынуы тиіс.
Ескертпе: осы сипаттамаларды қозғалтқыштың басқа данасында анықтауға рұқсат етіледі.
801. Ауа ӘК және қозғалтқыштың мұқтажына іріктеп алынған қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру мыналарды ескере отырып, жүргізілуі тиіс:
1) қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесі 150-сағаттық сынақтардың барлық ұзақтығының кем дегенде 25%-ы ішінде, олардың 2-3%-ы - шарықтау режиміне, 8-9%-ы - ең жоғары ұзақтығы режиміне, П-12%-ы - аралық режимдерге және 2-4%-ы - газы аз режимге қосылуға тиіс. Уақыттың осындай кезеңдерінің ішінде ӘК мұз қатуға қарсы жүйесі үшін, шарықтау режимінен басқа, егер ӘК мұз қатуға қарсы жүйесі үшін ауаны іріктеп алу осы режимде жүргізілмесе, ауаны іріктеп алу жүргізілуі тиіс;
2) 3, 7, 9, 13, 17, 19 және 23 кезеңдердегі істелген жұмыс іріктеп алу көзделген жұмыс режимдеріндегі ауаны іріктеп алудың қосылған құрылғыларымен орындалуы тиіс.
802. ӘК мұз қатуға қарсы жүйесі үшін және басқа ӘК мұқтаждары үшін компрессордан іріктеп алынған ауаның саны ең жоғары ұзақтық режимінде реттелуі тиіс. Егер сынақтар бағдарламасында өзгеше белгіленбесе, онда басқа режимдерде ауаның шығысын реттеу жүргізілмеуі мүмкін. Дроссельденген шайба арқылы ӘК жүйелері үшін ауаны іріктеп алу штуцері атмосферадан хабарлануы тиіс.
803. Ауаны іріктеп алу агрегаттарының жұмыс істеуін тексеруді 150-сағаттық сынақтардың 3, 7, 9, 13, 17, 19 және 23-кезеңдерінің аяғында жүргізген жөн. Сонымен бірге, қозғалтқыш роторының (роторларының) айналу жиілігі, қажет болған жағдайда, іріктеп алуды қосқан кезде газдың ең жоғары температурасын оның рұқсат етілген мәнінен тыс арттыруды болдырмайтындай төмендеуі мүмкін.
804. ӘК кабиналарын үрлеуге арналған ауаны іріктеп алу қозғалтқыштың барлық 150 сағаттық сынақтары ішінде жүргізілуі тиіс.
805. Компрессордан ӘК кабиналарын үрлеуге және желдетуге арналған кондиционерлеу жүйесіне іріктеп алынған ауаны талдау 150-сағаттық сынақтардың басында және 7, 13, 17 және 25 кезеңдердің аяғында жүргізілуі тиіс. Талдау нәтижелері ауаның пайдалануға жарамдылығын растауға тиісті.
806. Суыту сұйықтығын бүрку кезінде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша сынау шарықтау режиміндегі суыту сұйықтығын бүрку көзделген қозғалтқыштың 150 сағаттық сынақтар бағдарламасына өзгерістер енгізілуі тиіс. Егер шарықтау режиміндегі суыту сұйықтығын пайдалану тәсілінің көрсетілгеннен айырмашылығы бар болса, онда тиісті өзгерісті сынақтар бағдарламасына енгізілуі қажет.
Ескертпе: сипатты анықтау кіре берістегі қажетті ауа температуралары болмаған жағдайда және суыту сұйықтығын бүрку сынағы 150 сағаттық сынақтарға ұсынылған басқа сондай қозғалтқышта жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда 150 сағаттық сынақтан өткен қозғалтқышта суыту сұйықтығын бүрку арқылы сынақтарға дейін және кейін негізгі деректерді ғана анықтаған жөн.
Атмосфералық ауаның жоғары температурасы кезінде қозғалтқыштың шарықтау деректерін сақтау мақсатында шарықтау режиміндегі суытатын сұйықтықты бүрікпестен айналу жиілігінен немесе газ температурасынан көп ротордың айналу жиілігінің мәндері немесе турбина алдындағы газдың температурасы кезінде жүргізілуі тиіс.
150-сағаттық сынақтар бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізілуі тиіс:
1) қозғалтқыштың сипаттамаларын анықтау жөнінде 150-сағаттық сынақтарға дейін және кейін сынау қозғалтқышқа кіреберістегі ауаның температурасы теңіз деңгейінің аса жоғары температурасына тең жағдайда, суытатын сұйықтықты бүркуді қолдану көзделетін жағдайда, суытатын сұйықтықты бүрку сипаттамаларын анықтаумен толықтырылуы тиіс;
2) 2, 8, 12, 18 және 22-кезеңдердің бірінші бөлігінде шарықтау режиміндегі қозғалтқыш жұмысының 5 минуттық кезеңдері ішінде суытатын сұйықтықтың ең жоғары санын бүріккен, қажет болған жағдайда, ең жоғары шарықтау тартымының (қуатының) артуын болдырмайтындай шамаға дейін отын шығысын шектеген жөн;
3) 4, 9, 14, 19 және 24-кезеңдерінің бірінші бөлігіндегі суытатын сұйықтық бүркілген сынақты қозғалтқыштың кіре берісіндегі ауаның температурасы теңіз деңгейінің ең жоғары температурасына тең жағдайда өткізген жөн, шарықтау режиміндегі қозғалтқыш жұмысының 5 минуттық кезеңінде суытатын сұйықтықты бүркуді қолдану көзделетін жағдайда, турбина алдындағы газ температурасының ең жоғары мәні кезінде суытатын сұйықтықты бүркумен орындалуы тиіс.
Істелген жұмыстың осы кезеңіндегі турбовинттік қозғалтқыш үшін 150 сағаттық сынақтарға дейін немесе аяқталғаннан кейін тежегіш құрылғымен текшеде орындалуы мүмкін. Мұндай жағдайда, редуктордың таяныш подшипнигінің тиісті дәрежедегі жүктемесін қамтамасыз ету үшін әуе бұрамына сәйкес келетін шарықтау режиміне қосымша 2,5 сағаттық сынақ жүргізілуі тиіс. Осы сынақ 150-сағаттық сынақтар егер оған сол редуктор орнатылған болса, кезеңінің үшінші бөлігінде немесе басқа қозғалтқышта көзделген сынақпен бірге жүргізілуі мүмкін.
Редуктордың тірек подшипнигінің жұмыс қабілеттілігін бағалау қамтылмаған сынақтар жағдайында 2,5-сағаттық қосымша сынақ жүргізілмеуі мүмкін.
Егер техникалық пайдалану басшылығында шарықтау тартымын (қуатын) үдету мақсатында стандарттық атмосфера жағдайларында суытатын сұйықтықты бүркуді көздесе, онда 150 сағаттық сынақтар бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізілуі тиіс: