2) газдинамикалық беріктігін бұзушылықтарын реттегеннен кейін қозғалтқыштың жұмысқа қабілеттілігі расталды.
759. Компрессор мен турбина қалақтарының бүліну салдарын айқындау және желдеткіш қалақтарының беріктігін тексеру.
Сынақ компрессордың немесе турбинаның үзілген қалақтары қозғалтқыш корпустарымен ұсталып тұратындығын, ал оның үзілуін тудыратын қайталама тиімділігі қауіпті салдармен істен шығуға алып келмейтіндігін көрсетуі тиіс. Бұл мынадай тәсілдердің бірімен:
1) үзілген қалақтың корпустарды бүлдірмегендігін және қалақтардың бұзылуынан пайда болған қайталама көріністерінің қауіпті салдарының жоқтығын тексеру бойынша қозғалтқыштың арнайы сынақтарымен;
2) осы қозғалтқыштың текшелік жетілуі мен ұшу сынақтары кезінде конструкцияны, әзірлеу әдісі, шеңберлі жылдамдығы мен тоқтатуға талап етілетін уақыт аралығы, сондай-ақ басқа сипаттамалар бойынша қаралып отырған қозғалтқыштың тиісті бөлшектерімен салыстырылған басқа қозғалтқыштарды, жұмыс қалақтарын, корпустар мен роторлардың текшелік жетілуі, ұшу сынақтары және сынау кезінде алынған қалақтардың үзілуінің салдары туралы ақпараттың негізінде көрсетілуі тиіс.
Сынақтар:
1) компрессордың немесе турбинаның қалақтарының үзілу мүмкіндігінде де, қозғалтқыш қалақтарының үзілу салдарынан туындаған қолайсыз күшпен зақымдану мүмкіндігінде де аса дағдарысты сатысын;
2) қалақ үзілгеннен кейін қозғалтқышты ажыратып тастау үшін талап етілетін пайдаланудағы ең жоғары мүмкін уақытты айқындау мақсатында талдау алдыңғы қатарда болуы тиіс.
Сынақтар қозғалтқыш толық жиналған жағдайда өткізілуі тиіс. Оған қатысы бар статор бөлшектері бар жекелеген сатының немесе қозғалтқыштың жекелеген бөлігінің сынақтарын мынадай жағдайда:
1) қозғалтқыш жүйесіндегі жұмыс жағдайларының имитациясы (қысым, ауаның немесе газдың температурасы);
2) басқа қалақтар үзілген жағдайдағы қауіпті салдарлардың болмауының дәлелдемесін;
3) қозғалтқышқа қолайсыз күштердің оның толық тұтасуына әсері бойынша нәтижелердің алдын алу мүмкіндігі кезінде өткізуге рұқсат етіледі.
Кейбір жағдайларда температура немесе қысым бойынша талап етілетін шарттарды орындаудың мүмкін еместігі сатының айналу жиілігін тиісінше ұлғайтумен өтеуге рұқсат етіледі.
Сынақтар кезінде компрессордың немесе турбинаның жұмыс дөңгелектерінен айналу жиілігінде пайдалануда ең жоғары мүмкіндік кезінде түбірінен қиылған бір қалақ бөлінуі тиіс.
Қозғалтқыш қалақтар үзілгеннен кейін қозғалтқыштарды басқару рычагтарын талдаумен белгіленген уақыт кезеңі ішінде өзгермеген жағдайда, бірақ кемінде 15 сек немесе өздігінен ажыратылғанға дейін жұмыс істеуі тиіс.
Сынақтардан кейін тартымның (қуаттың) толық жоғалуына рұқсат етіледі. Сынақтардың нәтижелері қалақ үзілген кезде қауіпті салдарлармен істен шыққандарының болмауы туралы куәландыруы тиіс. Желдеткіш қалақтарының беріктігін тексеру үшін мыналарды көрсету мақсатында сынақтар өткізілуі тиіс, олар:
1) ең жоғары айналу жиілігіне қатысты айналу жиілігі бойынша беріктігі жағдайында қолайлы қорлары бар қалақтардың бейінді бөлігін және құлыптамалы қосылуын;
2) жұмыс қалақтарын сөрелік құрсаулау қалақтардың байланыс беттерінің тозу процесін, қалақ тәжінің бөгде заттармен зақымдануын, сондай-ақ қозғалтқыштың зақымдануының салдарынан туындаған көтеріңкі тетіктік және жылу жүктемесін, құрсаудың түйіспесінің ажырап кетуіне немесе ондағы тартқыштың жоғалуына алып келмейтінін, нәтижесінде қалақтарда өсу беріктігінің жағдайлары бойынша қауіпті тербеліс кернеулерінің болу мүмкіндігін көрсету.
Қозғалтқышты:
1) текшелік ұзақ және эквивалентті-циклдық сынақтардың;
2) арнайы сынақтардың;
3) конструкция жұмысының шарттары және қауырсын мен құрсаудың көлемдері бойынша сөренің және т.б. байланыс беттері бойынша материалға, жасау тәсіліне, шарттардың мәндеріне салыстырғанда құрсауланған қалақтары бар басқа қозғалтқыштарды пайдаланудың;
4) қолайлы әдістермен алынған басқа деректердің нәтижелерін талдау негізінде белгілеу керек.
760. Қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін тексеру бойынша арнайы текшелік сынау, -400С температуралы нүктені қоспағанда, атмосфералық ауаның температурасы және мұз қатудың жасанды жағдайлары кезінде жүргізілуі тиіс.
Сынақтар текшелік ауажинағышпен жабдықталған және 150-сағаттық текшелік сынаққа ұсынылып отырған қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйенің конструкциясы бар қозғалтқышта жүргізілуі тиіс.
Қозғалтқыштағы мұз қатуға қарсы жүйенің жұмысының тиімділігі оның жұмысының мынадай режимдерінде:
1) жердегі аз газбен;
2) ұшудағы аз газбен;
3) қозғалтқыштағы мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін тексеру бойынша текшелік сынақ бағдарламасында көрсетілген аралық белгілермен;
4) шарықтаумен тексерілуі тиіс.
Мұз қатуға қарсы жүйені текшелік сынауды 00С- минус 300С температуралардың диапазонын қамтумен өткізген жөн. Бұл ретте эксперименталдық нүкте қоршаған ауаның (в0С) нақты температураларының мынадай аралықтарында: 00 - минус 50; минус 70 - минус 150; минус 150 - минус 250; минус 250 - минус 300 алынуы мүмкін.
Мұз қатуға қарсы жүйенің берілген талаптарға сәйкестігі сынақтар барысында алынған ең аз температураның шамасына дейін расталады. Ауаның әрбір нақты температурасы үшін сулылықты 6-кестенің деректері бойынша тұрғызылған қисық сулылық бойынша орнату керек.
Қозғалтқыштың жұмыс істеп тұрған мұз қатуға қарсы жүйесін жер жағдайында режимдердің әрқайсысына сынаудың ұзақтығы:
1) Осы Нормалардың 458-тармағында көрсетілген температураға, сулылыққа және тамшы диаметріне сәйкес келетін мұз қату жағдайларында 30 мин;
2) Осы Нормалардың 459-тармағында көрсетілген температураға, сулылыққа және тамшы диаметріне сәйкес келетін мұз қату жағдайларында 5 мин тұруы тиіс.
Сынақтардың уақыты осы режим үшін Техникалық пайдалану басшылығында көрсетілген үздіксіз жұмыс уақытынан аспауы тиіс.
Ескертпе: орындаудың тәртібі мен бірізділігі сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс. Бірнеше сынақтар өткізуге рұқсат етіледі, олардың әрқайсысы температуралар үшін белгіленген тұрақты сулылық кезінде өткізіледі.
Минус 100С-тан 00С-қа дейінгі температуралар диапазонында және өткізілген сулылық шамасы кезінде жердегі және ұшудағы аз газ режимдеріндегі тексерулер аяқталғаннан кейін шарықтау режиміне дейін қолайлылықты тексеру жүргізілуі тиіс. Қолайлылықты тексеру саны сынақтар бағдарламасында көрсетілуі тиіс.
Қозғалтқыштың мұз қатуға қарсы жүйесі мен ауажинағыштың мұз қатуға қарсы жүйесін қосуды кешіктірген кезде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру ұшудағы аз газ режимінде және басқа да бағдарламада көзделген мұз қату жағдайларындағы аралық режимдерде белгіленген текшелік сынақтар кезінде жүргізілуі тиіс.
Мұз қатудың штаттағы белгі берушілері жұмыс істей бастаған сәтпен салыстырғанда көрсетілген мұз қатуға қарсы жүйені қосуды кешіктіру бір минутты құрауы тиіс.
Қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенінің тиімділігін тексеру қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенің мұқтажына бір мезгілдегі ауажинағыш мұз қатуға қарсы жүйесі жұмысы үшін талап етілетін ауа шығысының имитациясы арқылы ауаны іріктеп алуды қамтамасыз ететін құрылғымен өткізілуі тиіс.
Қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйенің тиімділігін бағалау бойынша сынақтар кезінде пайдаланылуы қозғалтқыш мұз қатуға қарсы жүйесін қосу кезінде шешілетін ауаны (газды) таңдап алу бойынша барлық құрылғылар қозғалтқыштың жұмысы үшін барынша қолайсыз жағдайда болуы тиіс. Ауаны (газды) таңдап алу бойынша құрылғылардың басқаша болуы мүмкін жағдайының қозғалтқыштың жұмысында ақаулардың пайда болмайтындығына алып келмейтіндігі расталуы тиіс.
761. Қоршаған ауаның әртүрлі температуралары кезінде жердегі жағдайларда қозғалтқышты іске қосу қасиеттерін тексеру кезінде іске қосу жүйесінің электр бөлігі, ӘК мұқтажына қызмет көрсетуге арналған агрегаттардың саны мен үлгісі, сондай-ақ сынақтар кезінде іске қосу құрылғысының қорек көздері қозғалтқышқа арналған техникалық құжаттамада көрсетілгендерге сәйкес келуі тиіс. Қажет болған жағдайда қоректену көздерінің имитациясына жол беріледі.
Қозғалтқышты іске қосу қасиеттерін және іске қосу сенімділігін тексеру бойынша арнайы сынақтар шарттардың диапазонында және отын мен майдың тиісті температуралары кезінде өткізілуі тиіс. Осы сынақтар табиғи жағдайларда немесе термокамерада өткізілуі мүмкін.
Сынақтардың шарттарында көзделген іске қосулардың жалпы санының қозғалтқыштың кіре берісіндегі майдың ең аз мәлімделген температурасы кезінде кейінгі (әрбір жалған іске қосудан кейін) қалыпты іске қосумен (отынды дренаждауға белгіленген уақыт кезеңі аяқталғаннан кейін) кем дегенде екі қалыпты іске қосулар мен екі жалған іске қосулар орындалуы тиіс.
1-ескертпе: электр стартері қолданылған жағдайда қалыпты іске қосу ең аз мәлімделген кернеу кезінде, жалған іске қосу - электр тогының ең жоғары мәлімделген кернеуі кезінде орындалуы тиіс.
2-ескертпе: әуе стартері қолданылған жағдайда қалыпты іске қосу ең аз мәлімделген ауа қысымы кезінде, жалған іске қосу - іске қосу құрылғысының кіре берісіндегі ең жоғары мәлімделген ауа қысымы кезінде орындалуы тиіс.
Іске қосу жөніндегі сынақтармен көрсетілген шарттарда:
1) қозғалтқышты іске қосу жүйесі жұмысының қоректенудің борттық көздерінен де және әуеайлақтық көздерден де (іске қосылған қозғалтқыштан, қосымша газ турбиналық қозғалтқышы, жердегі іске қосу қондырғысынан) алынған жеткілікті сенімділігі;
2) іске қосуды қамтамасыз етуге арналған отын аппаратурасын бірыңғай реттеудің жеткіліктілігі көрсетілуі тиіс.
Ескертпе: қозғалтқышты бірыңғай реттеумен іске қосуды тексеру кезінде жылу реттегіш аппаратураға техникалық жағдайлары арқылы айқындалған отын шығыстары жағдайында қозғалтқышты қалыпты іске қосу мүмкіндігі расталуы тиіс.
762. Әуежинағышқа бөгде заттардың (құстардың, судың, кесек мұз бен бұршақ кесегінің) түсуі кезіндегі қозғалтқыштың жұмыс қабілетін тексеруде:
1) әуежинағышқа бір ірі құстың түсуінің салдарынан қозғалтқыш алған ақау қауіпті зардаптары бар істен шығуды тудырмайды (тартымның немесе қуаттың толық ысырабы мұндай жағдайда қауіпті салдар ретінде қарамайды);
2) әуежинағышқа орташа көлемдегі немесе ұсақ құстардың түсу салдары рұқсат етілген болып табылады. Егер қозғалтқыш оған бөгде заттар түсуден сақтандыру үшін қорғау құрылғыларымен жабдықталса, онда осы құрылғы сынақтар кезінде жұмыс жағдайында болуы тиіс.
Сынақтардың растау жағдайы мынадай талаптарды қанағаттандыру тәсілдермен:
1) қозғалтқыштың кіре берісіндегі (кіру бағыттау аппаратының қалағына, алдыңғы подшипниктің корпусы және т.б.) ағатын бөліктің жылжымайтын бөлшегінің бұзылу салдарлары бойынша аса қауіпті ірі құс түскен жағдайда, жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін қозғалтқыш арқылы сынаумен;
Бұл сынақ, егер қозғалтқыштың ағатын бөлігі жылжымайтын бөлшегінің сынуы, ротордың бөлшегі айналып тұрған кезде ірі құстың түсуі нәтижесінде болған сынудан гөрі аса ауыр салдарға алып келмейтіні дәлелденген болса, өткізілмеуі мүмкін;
2) қозғалтқыш роторының бөлшегі айналып тұрған кезде ірі құстың түсуі жағдайындағы сынақпен расталуы тиіс.
Сынақтар жағдайындағы растау мынадай талаптарды қанағаттандыру тәсілдердің біреуімен:
1) бағдарламада белгіленген уақыт ішінде ең жоғары оң режимде құстар тасталғаннан кейін қозғалтқыштың істеген жұмысымен;
2) құс тасталғаннан кейін компрессордың алдыңғы сатыларының жұмыс қалақтарын тербеліс кернеулерін арттыру беріктігінің жағдайлары бойынша жол берілмейтін қалақтарда қозғалтқыштың болуы мүмкін ақауын көрсету мақсатында тензометриялаумен расталуы тиіс.
Егер орташа және ұсақ құстарды тастағаннан кейін тартқыштың (қуаттың) жоғалуы 25%-ды құраса немесе қауіпті салдарлары бар істен шығуға әкелуі мүмкін қозғалтқыштың ақауы табылса, онда қажетті конструктивтік құралдар әзірленуге және осы құралдардың тиімділігіне тиісті сынақтар қайталау арқылы тексеруі жүргізілуі тиіс.
Қозғалтқышқа жаңбыр суының, мұз кесегінің және бұршақтың түсуі олардың:
1) ротордың сыналануына алып келуі мүмкін (мысалы, ротор мен статордың арасындағы саңылауларды азайтқаннан) қозғалтқыш конструкциясының механикалық ақауларын;
2) қозғалтқышты өшіруге алып келуі мүмкін техникалық сипаттамалардың дереу немесе кейіннен нашарлауын;
3) техникалық жағдайлар бойынша жол берілетінмен салыстырғанда газ температурасының арттыруды;
4) техникалық жағдайлар бойынша қозғалтқыштың жол берілмейтін тартымдық сипаттамаларының нашарлауын тудырмайтынын көрсету қажет.
Қозғалтқышқа қауіпті болуы мүмкін судың, мұздың немесе бұршақтың түсуінен көрсетілген салдарлар болған жағдайда ӘК бірнеше қозғалтқыштарында бір мезгілде туындаған кезде, кейіннен олардың тиімділігін эксперименталдық растай отырып, тиісті конструктивтік құралдарды әзірлеу және қолдану қажет.
Қозғалтқыштың әуежинағышына берілген судың көлемі жаңбыр кезінде қозғалтқышқа түскен 1 м3 ауаның құрамына сәйкес келуі тиіс. Ұзақтығын және сынақтардың шарттарын атмосферада жаңбыр болған кезде ұшу жағдайларында қозғалтқыштың жұмыс істеу мүмкіндігін ескеріп, бағдарламада белгілейді.
Қозғалтқыштың жұмыс режимі, мұз бен бұршақ кесектерінің көлемі мен саны, оларды тастаудың кезеңділігі таңдап алынады.
Осы сынақтар үшін қозғалтқышты тұтастыру 150-сағаттық текшелік сынақтар үшін мынадай элементтер бойынша:
1) алдыңғы тіректер мен кіретін бағыттаушы аппараттың конструкциясы бойынша;
2) желдеткіш сатының қалақтары мен жоғары және төмен қысымды компрессорлар сатыларының конструкциясы бойынша;
3) газды әуе жолының берік бөлігіндегі статорлық және роторлық бөлшектердің арасындағы осьтік және радиальдық саңылаулардың шамасы бойынша оны тұтастыруға сәйкес келуі тиіс.
1-ескертпе: кез келген заттарды жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа тастағаннан кейін соңғысы талап етілген уақыт ішінде оның жұмысын жалғастырудың алдында қарау үшін қалдырылуы мүмкін.
2-ескертпе: қозғалтқыштың біреуінде барлық сынақтарды жүргізуге жол беріледі. Мұндай жағдайда қозғалтқышқа заттар тасталғаннан кейін қажетті ұсақ жөндеу (рихтовка, тазалау, және т.б.) жүргізілуі мүмкін.
763. Қозғалтқыш роторларының беріктігін тексеру кезінде қозғалтқышты әрбір роторы үшін олардың өлшенген температуралары бойынша энергия сыйымды элементтердің (мысалы, дискілер, барабандар, проставкалар, цапф) статикалық беріктік қорларының есептілік шамасы айқындалуы тиіс. Беріктік қорларының жеткілікті шамасы ұқсас конструкциялардың қозғалтқыштарын пайдаланудың бар тәжірибесі негізінде бағаланады.
Роторлардың статикалық беріктігін сынау мынадай жағдайларда:
1) айқындалған беріктік қорларының жеткіліксіз шамалары кезінде;
2) қағидаттық жаңа конструкциялар, материалдар мен жасау технологиялары үшін немесе есептемелік бағалаудың сенімді әдістері болмаған кезде өткізілуі тиіс.
Ескертпе: егер сынақтарға жекелеген дискілер жататын болса, онда роторға тұратын бөлшектермен жанасу және жүктемелер жағдайларын жаңғырту кезінде осы дискілерді ғана сынауға рұқсат етіледі.
Қозғалтқыш роторларының әрқайсысын олардың қайсысы ауыр екендігіне байланысты төменде көрсетілген беріктік жағдайларына қарай аса ауырында 5 мин ішінде:
1) ең жоғары мәннің 120% тең ротордың айналу жиілігі кезінде. Айналу жиілігінің ең жоғары мәні мен пайдаланылатын бөлшектердің температурасы техникалық пайдалану басшылығына сәйкес пайдалану кезінде мүмкін болатын барынша қолайсыз жағдайларға сәйкес келуі тиіс;
2) қозғалтқыштың айналу жиілігін көбейтуді тудыратын қандай да бір элементінің немесе жүйесінің істен шығуы кезінде барынша мүмкін болатын 105% тең ротордың айналу жиілігі кезінде жеке сынау қажет.
Бөлшектердің сынақтар кезіндегі температурасы мұндай жағдайда көрсетілген істен шығу кезінде мүмкін болатындардың ішінен аса қолайсыздарға сәйкес келуі тиіс. Осы тармақта көрсетілген айналу жиілігі материалдың ең аз рұқсат етілген беріктік сипаттамаларына және сыналатын бөлшектердің көлемдеріне (рұқсат ету шектерінде) жатқызылады.
Сынақтардың нәтижелері, егер роторлардың бұзылған жағдайлары байқалмаса, қанағаттанарлық деп танылады.
Сынақтардың мынадай түрлерін қабылдауға оңтайлы деп есептеген дұрыс:
1) қозғалтқыштың құрамындағы ротордың сынау. Мұндай жағдайда ротордың 115%-ке дейін айналу жиілігін төмендетуге рұқсат етіледі;
2) екпінді текшеде толық көлемдегі роторды жылылықпен және айналу жиілігімен сынау;
3) екпінді текшеде толық көлемдегі роторды айырмашылығы бар жылытпастан немесе жылыту жағдайлары кезінде сынау. Мұндай жағдайда статикалық беріктік қоры есептемелік жолмен (жағдайлардағы жылытпастан сынақтар өткізу кезінде алынған деректерді қайта санай отырып) айқындалуы тиіс.
Роторды және оның жекелеген бөлшектерін аз циклді көнеруін және беріктік ұзақтығын қозғалтқышта немесе баламалы-циклдық бағдарламалар бойынша арнайы жабдықталған екпінді текшеде тексеру.
764. Роторларды тексеру шарықтау режиміне сәйкес келетін айналу жиілігі кезіндегі және пайдаланудың күтілетін жағдайлары үшін шарықтау режиміндегі ең жоғары температураның кем дегенде 450С-қа арттыратын турбина алдындағы газ температурасы кезіндегі сынақпен жүргізілуі тиіс. Қозғалтқыш роторлары бөлшектерінің жай-күйін сынақтан өткізгеннен кейін олардың одан әрі пайдалануға жарамдылығы расталуы тиіс.
Бір ротордан көп роторлы қозғалтқыштағы әрбір ротор турбина алдындағы рұқсат етілген газ температурасынан асатын тиісті температура кезінде тексеруден өтуі тиіс. Осы сынақ, егер осы сынақтың талаптары турбинаның ыстық бөлшегіне температуралық және уақыттық аса қатты немесе тым болмаса, көрсетілген шарттарға баламалы әсері бойынша көрсетілген болса, сынақпен ауыстырылуы немесе олармен біріктірілуі мүмкін.
765. Еркін турбинамен көтеріңкі айналдыру сәті кезінде турбовинттік қозғалтқыштың жұмыс қабілетін тексеру кезінде еркін турбиналы турбовинттік қозғалтқыш не еркін турбина валына ең жоғары рұқсат етілген айналдыру сәті кезінде, не ең жоғары мәлімделген айналдыру сәтінің (қайсысының көптігіне байланысты) 3%-ға көп айналдыру сәті кезінде сынақтан өткізу қажет.
Көтеріңкі айналдыру сәті кезіндегі сынақ регламенттелген 150-сағаттық сынақтардың бөлігі ретінде немесе арнаулы текшелік сынақ ретінде өткізілуі мүмкін.
Сынақты, егер осы сынақты алмастыратын басқа эксперименттерден алынған дәлелдер ұсынылған болса, өткізбеуге болады. Мұндай дәлелдер қозғалтқышты тұтастай сынақтардан өткізудің немесе оның элементтерінің жекелеген топтарын оларға барабар сынақтар өткізудің нәтижесінен алынуы мүмкін.
Сынақ тежегіш құрылғымен немесе шарықтау режимінің айналу жиілігі кезінде тиісті әуе бұрымымен бірлесіп жүргізілуі тиіс.
Егер шарықтау режиміне сәйкес келетін айналу жиілігі кезінде көтеріңкі айналдыру сәтіне қол жеткізілмесе, онда сынақты осындай айналдыру сәтін алу мүмкіндігі жағдайында айналу жиілігі кезінде өткізген жөн.
Еркін турбинаға кірер алдындағы газдың температурасы шарықтау режиміне арналған ең жоғары температураға тең, ал қозғалтқышқа кіре берістегі майдың температурасы еркін турбинаның подшипниктері жұмысының аса ауыр жағдайларына сүйене отырып белгіленуі тиіс.
Көтеріңкі айналдыру сәті кезіндегі сынақ мыналардан:
1) қозғалтқыштың мөлшермен 0,75 шарықтау қуатына сәйкес келетін режимдегі 5 мин ішіндегі үздіксіз жұмысынан;
2) қозғалтқыштың (әрқайсысының ұзақтығы кем дегенде 3 мин үздіксіз циклдармен) режимдердің біреуіндегі, 15 мин ішіндегі жұмысынан тұруы тиіс.
Өлшемдерден басқа, сынақтар кезінде еркін турбина подшипниктерінің температурасы өлшенуі тиіс.
Сынақтардың нәтижелері, егер қозғалтқышты сынақтардан өткізгеннен кейін бөлшектердің ақауын табу олардың одан әрі пайдалану үшін жарамдылығы туралы куәландырса, қанағаттанарлық деп танылады.
766. Техникалық құжаттамада көрсетілген тазалау жұқалығы, ең жоғары және ең төмен қысымдар мен пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қозғалтқышқа кіре берістегі отын температуралары жағдайында қозғалтқыштың отын жүйесінің жұмыс қабілетін растайтын сынақтар жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ отын жүйесінің жұмыс қабілеттілігі мен қозғалтқыштың автоматты реттеу жүйесінің үлгі бейіні бойынша ұшудың ең жоғары ұзақтығының кем дегенде жартысына тең уақыт ішінде отын сүзгішінде сақталатыны көрсетілуі тиіс барлық сынақтар жекелеген элементтерде (агрегаттарда), жүйелерде немесе қозғалтқышта өткізілуі мүмкін.
Егер 150 сағаттық текшелік сынақтар жағдайы қозғалтқыштың автоматты реттеу жүйесінің кейбір функцияларын тексеруді, мысалы, еркін турбина роторының айналуын шектеуді, айналдыру сәтін, газдың температурасын қамтамасыз етпесе, онда автоматты реттеу жүйесі осы функцияларды қанағаттанарлықпен орындайтынын көрсететін қосымша арнайы сынақтар өткізілуі тиіс.
Отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі техникалық құжаттамада берілген қозғалтқыштың белгіленген режимдерін және қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін айқындайтын реттелетін өлшемдердің рұқсат етілмейтін бір режимнен екінші режимге аспауынсыз, ауытқуынсыз немесе түсуінсіз өтуі көрсетілуі тиіс.
Отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі агрегаттарының пайдаланудың ерекше жағдайларының имитациясы кезіндегі жұмыс қабілеттілігі тексерілуі тиіс, олар мыналарды:
1) кіре берістегі отынның болуы мүмкін ең төменгі қысымы (мысалы, айдап шығаратын сораптарды қосу имитациясы кезінде). Қозғалтқыштың жұмысы ұшу циклының имитациясымен тексерілуі тиіс;
2) қоректену көзін біреуінен екіншісіне қайта қосуды қамтиды.
Газ температурасы мен қозғалтқыштың басқа өлшемдерін шектеушілер өлшемді арттыру дабылының имитациясы кезінде тексерілуі мүмкін. Шектеушілер жұмысын тексерудің ұзақтығы техникалық құжаттамаға сәйкес ұшу циклындағы осы шектеушілердің іс-әрекетінің мүмкін ұзақтығына сәйкес келуі тиіс.
Сынақ шектеушілердің іске қосылуының тұрақтылығын растауы тиіс.
Арнайы сынақтар қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі агрегаттарының негізгі және резервтік отындардағы жұмыс қабілеттілігін растауы тиіс. Сынақтар кезінде:
1) пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы қоршаған ортаның температурасы өзгерген жағдайда, агрегаттарды қайта реттеу қажеттілігінің болмауы;
2) негізгі отыннан резервтік отынға көшу кезінде отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі агрегаттарындағы элементтерді реттеу диапазонының жеткіліктілігі расталуы тиіс.
Қозғалтқыштың отын жүйесі мен автоматты реттеу жүйесі элементтерінде пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ресурс ішінде қозғалтқыштың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін кавитациялық эрозияның туындамауы көрсетілуі тиіс.
Сынақтар кезінде сораптарда немесе жүйелердің басқа элементтерінде мұндай эрозияның болуы мүмкін жерлерде кавитациялық эрозияның туындамауына жәрдемдесетін аса қиындық туғызатын жағдайлар жаңғыртылуы тиіс.
Дренажды құрылғылардың талаптарына сәйкес келуі құйып алынатын отынға арналған дренажды сыйымдылық көлемінің жеткіліктілігі мен автоматты босату және отынды қайтару жүйесінің жұмыс істеуінің дұрыстығын бағалаумен тексерілуі тиіс.
767. Ротордың ең жоғары айналу жиілігін көтеру кезінде қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін ротордың мәлімделген ең жоғары айналу жиілігін қысқа мерзімді арттыру пайдалануда мүмкін болған жағдайда қозғалтқыштың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін ең жоғары айналу жиілігінің 103% құрайтын айналу жиілігі кезінде арнайы сынақтар өткізілуі тиіс.
Осындай (103%) айналу жиілігі режиміндегі жиынтықты істелген жұмыс 3 минуттен үзіліссіз, газдың аз режимінде 2,5 минут ішінде циклдер арасында үзіліспен 15 минутты құрауы тиіс.
Ескертпе: қос контурлы қозғалтқыштарда жоғары қысымды ротордың сынағы, егер оның пайдалану жағдайларында ең жоғары айналу жиілігінің артуы екіталай екені көрсетілсе, өткізілмеуі мүмкін.