98) күш және қосалқы қондырғылардың жұмысын бақылайтын құралдар - қозғалтқыштар жұмысының параметрлерін және күш және қосалқы қондырғылар жүйелерін өлшеу мен индекстеуді қамтамасыз ететін аппаратура;
99) отын жүйесі - отынды ӘК орналастыруға, оны белгілі бір тәртіппен шығаруға, отынды күш қондырғысы және қосалқы күш қондырғы қозғалтқышына және басқа да тұтынушыларға беруге, сондай-ақ қосалқы функцияларды орындауға арналған жүйе;
100) отынды орталықтандырылған құю жүйесі - құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, отынды қысыммен беру кезінде бактарды берілген бірізділікпен және белгілі бір мөлшерде отынмен толтыруды қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
101) отынды авариялық ағызу жүйесі - құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, қажет болған жағдайларда ұшу уақытында атмосфераға бактардан белгілі бір мөлшерде отынды тез ағызуды қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
102) отын бактарын дренаждау жүйесі - құрылғылар мен труба құбырларын қамтитын, атмосферамен бактардың ауа қуыстарының қатынасын қамтамасыз ететін ӘК отын жүйесінің бір бөлігі;
103) отынның кессон багы - отынды орналастыруға арналған ӘК конструкциясының герметикаланған бөлігі;
104) отын толтыру сорғысы - отынды шығыс багынан немесе отын багының шығыс бөлігінен қозғалтқыштарға беретін сорғы;
105) отын қотару сорабы - ӘК бір отын бактарынан екіншісіне қайтаруға арналған сорғы;
106) отынының шығыс багы - отынды қозғалтқыштарға (қозғалтқышқа) және басқа тұтынушыларға беретін ӘК отын багы;
107) отын багының шығыс бөлігі - ӘК отынды қозғалтқышқа және басқа тұтынушыларға беретін отын багының бір бөлігі;
108) май жүйесі - қозғалтқыш пен күш қондырғысының агрегаттары мен тораптарын қамтитын, майдың орналасуы мен суытылуын, сондай-ақ оның жұмысы барысында қозғалтқыштың үйкелісі, тораптарын майлау мен суыту үшін оның айналысын қамтамасыз ететін күш қондырғысының жүйесі;
109) күш қондырғысын суыту және желдету жүйесі - мотогондол конструкциясының неғұрлым жылу қарбаластығы элементтерін, қозғалтқыштың сыртқы корпустары мен агрегаттарын суыту, ал қосымша газ-турбиналық қозғалтқыш үшін оны ұшуда іске қосуға қосымша қажетті температуралық жағдайлар жасау үшін ауаны әкелу мен шығаруды қамтамасыз ететін ӘК пен қозғалтқыш элементтерінің жиынтығы;
110) қозғалтқыштарды басқару жүйесі - іске қосуды, жұмыс режимін (тартымды немесе қуатты) өзгерту мен ұстап тұруды және қондырғысының әрбір қозғалтқыштың күш ажыратуды қамтамасыз ететін барлық элементтердің жиынтығы;
111) ӘК өрттен қорғау құралдарының кешені - өрттен қорғаудың конструктивтік шараларының, өрт сигнал беру және өрт сөндіру құралдарының, оларды ӘК бақылау мен басқарудың жиынтығы;
112) Өрт қауіпі бар бөлік - ӘК өрт ошағы туындауының әлеуетті қауіптілігі бар бөлік;
113) Өртке қарсы қолданылатын құбыршүмек - қозғалтқышқа және өрт қауіпі бар бөліктің басқа да тұтынушыларына отынның түсуін тоқтатуға арналған арақашықтық басқару бар құрылғы;
114) от өтпейтін материал - алау диаметрі 120 мм және 1100+500С температурамен 15 минут ішінде керосин немесе газ лампасының жалынын өткізбейтін материал;
115) отқа төзімді материал - алау диаметрі 120 мм және 1100+500С температурамен 5 минут ішінде керосин немесе газ лампасының жалыны әрекетіне шыдайтын материал;
116) максималды режим - жерде немесе шектелген уақыт ішінде ұшу кезінде максималды тартыммен (қуатпен) сипатталатын қозғалтқыш жұмысының белгіленген режимі;
117) максималды ұзақ режим - жұмыс уақытын шектеусіз техникалық пайдалануы жөніндегі нұсқаулықпен рұқсат етілген шектеулі уақыт ішінде эквиваленттік әуе және электр қуатының алынатын максималды мөлшерімен сипатталатын қосымша газ-турбиналық қозғалтқыштың қалыптасқан жұмыс режимі;
118) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың эквиваленттік әуе қуаты - көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштан алынатын сығылған ауаның атмосфералық қысымға дейін адиабатты ұлғаюы кезінде оның үдете алатын қуаты;
119) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың электр қуаты - электр энергиясын ұшақтың қабылдағыштар үшін көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың электр-генераторларынан алынатын электр күші;
120) бос жүріс режимі - көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың қуат алмай жұмыс істейтін оның қалыптасқан жұмыс режимі;
121) кіші газ режимі - көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың орнықты жұмысын қамтамасыз ететін турбокомпрессор роторы айналысының минимальды жиілігіндегі қалыптасқан режим;
122) қалыпты іске қосу - көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың роторын қозғалыссыз күйінен (немесе авторотация режимінен) техникалық құжаттамада белгіленген шектерде іске қосу уақытын және басқа параметрлерін сақтай отырып, кіші газ режиміне немесе бос жүріс режиміне жеткізгенге дейін айналдырудың ауыспалы процесі;
123) жалған іске қосу - көмекші газ турбиналық қозғалтқыштың роторын оталдыру жүйесі ажыратылған кезде жану камерасына отын бере отырып, іске қосу құрылғысы арқылы айналдыру;
124) салқын түрде іске қосу - көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ажыратылғаннан кейін екі сағаттан ерте емес немесе техникалық құжаттамада белгіленген басқа бір уақыт аралығында жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
125) ыстық түрде іске қосу - жұмыс істеп тұрған көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ажыратылғаннан кейін 15 минуттан кешіктірмей жүзеге асырылатын қалыпты іске қосу;
126) рұқсат берілген максималды айналдыру сәті (тек еркін турбиналық көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа ғана қатысты) - қолданылуы 20 секунд ішінде көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш үшін қауіпті салдарларға әкелмейтін ең жоғары айналыс мезеті;
127) айналыстың максималды жиілігі - егер максималды режим техникалық пайдалану жөніндегі басшылықты көзделмесе, қосымша газ турбиналық қозғалтқышты пайдаланудың күтіліп отырған жағдайында максималды немесе максимальды ұзақ режимде ротор айналысының максималды жиілігі;
128) рұқсат етілген максималды айналыс жиілігі - максималды айналыс жиілігінен асып кеткен кезде көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш автоматты түрде ажыратылатын пайдаланудың күтіліп отырған жағдайларындағы ротор айналыс максималды жиілігі;
129) газ температурасы (көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың газ-ауа трактысы қималарының біріндегі) - тежелген газ ағынының (осы қимадағы) орташа массалық температурасы;
130) қауіпті зардаптарға әкелетін көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың істен шығуы - авариялық жағдайларға әкелуі мүмкін болатын жабдықтардың істен шығуларға. Қауіпті зардапқа әкелетін істен шығуларға:
көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш корпусының ішінде сынықтары алмайтын ротор элементтерінің қирауы (оқшауландырылмаған қираулар);
көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы оқшауландырылмаған өрттер;
(кондициялау жүйесіне) алынатын ауадағы қозғалтқыштан туындаған зиянды қоспалардың рұқсат етілген шоғырлануының артуына әкелетін жабдықтардың істен шығуы;
авариялық жағдайда ұшу барысында көмекші газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалануға мүмкіндік бермейтін жабдықтардың істен шығуы жатады;
131) атқарым - жердегі жағдайларда және ұшуда көмекші газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалану циклдары ішінде, қосулар ішінде, сағатта көрсетілген, пайдалану ұзақтығы;
132) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде қозғалтқыштың (бөлшектердің) жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқталуы тиіс.
Ескертпе. көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың белгіленген ресурсы шегіндегі регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі жөндеулер және кейбір бөлшектерін ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал бөлшектердің белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының мәндері оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы техникалық шарттарымен берілген мәндеріне дейін біртіндеп ұлғаяды. Көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі детальдардың уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. Көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады;
133) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың ресурсы - пайдалану басталғаннан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі белгіленген атқарым.
Ескертпе. Топтап шығару процесінде және пайдалану барысында ресурс алғашқы күрделі жөндеуге дейін оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа берілген техникалық шарттар мәніне дейін ұлғаюға жатады. Алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурс пен жөндеуаралық ресурстар шегінде кейбір бөлшектердің ауыстыра отырып, Техникалық Қызмет көрсету Регламентінде көзделген жергілікті жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жол беріледі;
134) орташа алынған пайдалану циклы (пайдаланушы циклы) - көмекші газ-турбиналық қозғалтқышқа кірудегі ауа қысымының және температурасының уақыт бойынша өзгеруі, роторлар айналысы жиілігінің және ұшақтағы көмекші газ турбиналық қозғалтқыштың жұмыс режимін сипаттайтын басқа да параметрлердің өзгеруі. Пайдалану циклы көмекші газ-турбиналық қозғалтқышты пайдалану барысындағы оның нақты жұмыс жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың жер бетіндегі ӘК-гі және ұшу барысындағы үлгі жұмыс циклдерін талдау, топтастыру және орташа алу арқылы жасалады;
135) сынақ циклы - пайдалану барысында пайдаланушы циклдарды пайдаланудың салыстырмалы жиіліктерін ескере отырып, осы циклдерде жинақталған зақымданудың ең толық және жеделдетілген көрінісін қамтамасыз ететін текшелік сынақтар кезінде көмекші газ турбиналық қозғалтқышқа кірудегі роторлардың айналыс жиіліктерінің, реттегіш органдар қалыптарының уақыт бойынша өзгеруі;
136) қалыптасқан режим - параметрлері уақыт ішінде (техникалық құжаттамадағы рұқсат берілген шектерде параметрлерді өзгертуге жол беріледі) өзгермейтін көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштың жұмыс режимі;
137) ауыспалы процесс - қалыптасқан екі режим арасында (іске қосу, бір режимнен екінші бір режимге ауысу, тоқтау және т.б.) көмекші газ-турбиналық қозғалтқыш параметрлерінің уақыт ішіндегі өзгеру процесі;
138) Әуелік винт - қозғағыш айналысқа келтіретін және ӘК қозғауы үшін қажетті тартқышты алуға арналған қалақты жылытқыш;
139) өзгермелі қадамды әуе винті - қалақтары жұмыс уақытында автоматты түрде немесе қолмен басқару арқылы өз осінен айнала алатын және қажетті бұрышта орнығатын әуе винті;
140) әуе винтінің төлкесі - қалақтарды қозғалтқыш біліктерімен (редукторлармен) біріктіретін әуе винтінің бөлігі;
141) қадамды орталыққа келтіретін ауыртпалық - әуе винтінің қадамдарын ұлғайту арқылы оның тарқатылуын болдырмауға арналған қорғаушы құрылғы;
142) қадамды орталыққа келтіретін орнықтырғыш - әуе винтінің қадамдарын орнықтыру арқылы тарқатылуын болдырмауға арналған қорғауыш құрылғы;
143) әуе винтінің реттегіші - әуе винтінің қадамын басқаратын және оның айналысының берілген жиілігін автоматты түрде ұстап тұратын қозғалтқыштың агрегаты;
144) әуе винтінің реттеу және басқару жүйесі - қалақтарды орнату бұрышы өзгертумен әуелік винтінің айналу жиілігін реттеуге арналған жүйе;
145) флюгерлеу жүйесі - әуе винттің қалақтарын флюгерлік жағдайға ауыстыруға арналған және автоматты қолмен қосылатын жүйе;
146) әуе винтінің қуаты - әуе винтінің айналдыруға қозғалтқыштың жұмсайтын қуаты;
147) әуе винтінің теріс тартым күші - ӘК қозғалысының қарама-қарсы бағытындағы әуе винтінің тартым күші;
148) әуе винтінің кері қимылдық жұмыс режимі - әуе винтінің жұмыс режимі, онда винттің айналуына қуат жұмсаған кезде теріс тартым жасалады;
149) тәжірибелік әуе винті - мемлекеттік сынақтардан өтпеген әуе винті.
Ескертпе. Мемлекеттік сынақ - ауалық бұрамның жарамдылығы туралы куәлікті ресімдеуге үшін «ӘК орнатқанға дейінгі» әуе винтінің сертификатталуын анықтайтын Нормативті-мехникалық құжаттамалары мен осы Нормалардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында ресми комиссиялар орындайтын тәжірибелік әуе винттерінің сынағы;
150) топтамалы әуе винті - топтамалы өндірісте жасалатын және негізгі деректерге, параметрлерге, құрылымдарға сәйкес келетін, әуе винттері материалдарына қолданылатын, мемлекеттік сынақтардан өткен және Жарамдылығы туралы куәлігін алған әуе винті;
151) модификацияланған әуе винті - сипаттамасы мен ұшу жарамдылығына айтарлықтай әсер ететін өзгерістерімен құрылымдардың топтық әуе винтінің дамуы болып табылатын әуе винті;
152) жөндеуші әуе винті - жөндеу аралық ресурс шегіндегі әрі қарай пайдалануды қамтамасыз ететін жай-күйге дейін жөнделген топтамалы әуе винті;
153) қатерлі зардаптармен әуе винті істен шығуы - авариялық жағдайға әкеп соқтыратын істен шығу. Қатерлі салдарлары бар істен шығулар:
әуе винті қалақтарының немесе олардың бөліктерінің үзілуіне әкеп соқтыратын бұзылу;
жол берілмейтін теріс тартымға әкеп соқтыратын істен шығулар жатады;
154) әуе винтін пайдаланудағы күтілетін жағдайлар төменде көрсетілген ұшу параметрлерін (режимдерін), жай-күйі, параметрлерді және әуе винтіне сыртқы ортаның әуе винтіне әсерін және пайдалану факторларын, оның ішінде ұшу циклы ішінде бұл сипаттамалардың уақыт бойынша өзгеруін (мүмкін болатын жерде) қамтиды. Ұшу циклы күтілетін белгіленген режимдерді және жерде қозғағыштарды іске қосудан бастап ӘК қондырғаннан кейін ажыратқанға дейінгіні, әуе винті жұмысының ауыспалы процесін, сондай-ақ бір ұшу техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізген кездегі, циклына жатқызған барлық режимдерді өзіне қамтиды;
155) атқарым - сағаттарда, пайдалану циклдары санында көрсетілген, әуе винтін жер бетінде және ұшуда жағдайларда пайдалану ұзақтығы;
156) Әуе винтінің (бөліктерінің) жиынтық атқарымы, оған жеткен кезде әуе винтінің (бөліктерінің) жай-күйіне қарамастан пайдалану тоқталуы тиіс.
Ескертпе. Әуе винтінің белгіленген ресурсы шегіндегі регламенттелген жөндеулер, оның ішінде күрделі жөндеулер және кейбір бөлшектерін ауыстыра отырып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін, ал бөлшектердің белгіленген ресурстары шегінде олардың регламенттелген қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Әуе винтінің (бөлшектерін) уақытша белгіленген ресурсының мәндері оның бастапқы мәндерінен бастап көмекші газ-турбиналық қозғалтқыштағы техникалық шарттарымен берілген мәндеріне дейін біртіндеп ұлғаяды. Әуе винтінің (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсы регламенттелген жөндеу немесе қалпына келтіру жұмыстары кезінде міндетті түрде ауыстырылуы көзделмеген негізгі бөлшектердің уақытша белгіленген ресурстары шегінде орнатылады. Әуе винтінің (бөлшектердің) уақытша белгіленген ресурсының ұлғаюына қарай оның пайдалануын ұзартуға болады;
157) негізгі бөлшектер - бұзылуы немесе бұзылу салдарлары ӘК үшін қатерлі салдарларға әкелуі мүмкін бөлшектер. Негізгі бөлшектердің нақты тізбесі әуе винттің бойына жеткізу, оның түпкі үлгілерін және пайдалану тәжірибесін ескере отырып, қауіпті салдарлары болуы мүмкін істен шығуларды талдау негізінде анықталады;
158) алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі әуе винтінің ресурсы - пайдаланудан бастап алғашқы күрделі жөндеуге дейін белгіленген атқарым.
Ескертпе. Топтамалық өндіріс және алғашқы күрделі жөндеуге дейінгі ресурстар оны бастапқы мәнінен әуе винтіне техникалық құжаттамамен берілген мәнге дейін ұлғайтуға жатады. Күрделі жұмысқа және жөндеу аралық ресурстары шегінде Техникалық регламентке көзделген жергілікті жөндеулер мен жеке бөлшектерді ауыстыру арқылы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі;
159) орташаланған ұшу циклы (ұшу циклды) - әуе винтінің жұмыс режимдерін уақыт және оның ӘК-гі жұмыс жағдайын сипаттайтын басқа да параметрлерін уақыт бойынша өзгерту. Ұшу циклы әуе винтінің пайдаланудағы жұмысының нақты жағдайлары туралы деректерді пайдалана отырып, үлгілік ұшу циклдарын талдау, топтастыру және орташаландыру арқылы алынады;
160) сынақ циклы - осы циклдарды пайдалану барысында пайдаланудың салыстырмалы жиіліктерін ескере отырып, ұшу циклдарында жиналған зақымдануды мүмкін неғұрлым толық және жедел қалпына келтіруді қамтамасыз ететін текшелік сынаулар кезінде әуе винтінің жұмыс режимдерін уақыт бойынша өзгерту;
161) орныққан режим - әуе винтінің параметрлері уақыт бойынша өзгермейтін кездегі оның жұмыс режимі (әуе винтіне техникалық құжаттамада көрсетілген рұқсат етілген шектерде параметрлерді өзгертуге жол беріледі);
162) ауыспалы процесс - екі орныққан режим (іске қосу, тоқтату және басқалары) әуе винтінің параметрлерінің уақыт бойынша өзгеру процесі.
3. Азаматтық ӘК, азаматтық ӘК қозғалтқыштары мен жабдықтарын сертификаттауға қойылатын жалпы талаптар
6. ӘК-ні, оның қозғалтқыштары мен жабдықтарын сертификаттау кезінде ӘК-тің осы Нормаларға сәйкестігі белгіленеді.
Азаматтық ӘК-тің қозғалтқыштарын сертификаттау кезінде олардың осы Нормалардың 91-126-тараулары мен 194-219 тарауларында мазмұндалған талаптарға сәйкестігі белгіленеді.
Азаматтық ӘК-тің турбовинттік қозғалтқыштарын сертификаттау кезінде қозғалтқыш пен әуе винтінің осы Нормалардың 91-126 және 220-232 тарауларының талаптарына сәйкестігі белгіленеді.
Азаматтық ӘК-тің жабдықтарын сертификаттау кезінде олардың осы Нормалардың 156-193-тарауларының талаптарына сәйкестігі белгіленеді.
7. ӘК, қозғалтқышын және жабдығын сертификаттау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасы азаматтық ӘК-тің ұшу жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасына сәйкес жүргізіледі.
8. ӘК, оның қозғалтқыштары және жабдығы мынадай:
1) зауыттық;
2) мемлекеттік;
3) пайдалану;
4) қосымша және/немесе бақылау (қажетті жағдайларды) сынақтарынан өтеді.
9. ӘК, қозғалтқыш пен жабдықтың осы Нормаларға сәйкестілігі оларға қойылатын талаптар осы Нормалардың қағидаларымен регламенттелген есептердің, моделдеудің, зертханалық, текшелік, жер үсті мен ұшу сынақтарының нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
ӘК, қозғалтқыш пен жабдықтың барлық сынақтары орындаушылар бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
10. Зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарының қорытындылары бойынша орындаушы мен тапсырыс беруші ӘК, қозғалтқыш пен жабдықтың осы Нормалардың талаптарына сәйкестігін белгілейді.
11. Дайындаушы уәкілетті органға осы Нормаларға (сынақ бағдарламасы, зертханалық сынақ бағдарламасы, ұшу сынағы бағдарламасы, баламалы-циклдық сынақтар бағдарламасы және т.б.) ӘК, қозғалтқыш пен жабдық үлгісінің сәйкестігін растайтын құжаттардың қосымшасымен сәйкестілік кестесін (сәйкестілік кестесі - ӘК типі, қозғалтқыштары мен жабдықтарының осы Нормалардың талабына сәйкестілігі туралы куәландыратын құжат) ұсынады.
12. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сертификаттау және сертификат беру қағидасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган ӘК үлгісінің ұшу жарамдылығына сертификат береді.
4. Ұшу осы Нормаларға қойылатын жалпы талаптар
13. Осы Нормалар белгілейді:
1) ӘК ұшу жарамдылығының деңгейіне осы Нормалардың барлық талаптарын орындаумен қол жеткізу кезінде ӘК ұшу жарамдылығына мемлекеттік талаптарды;
2) ерекше жағдайлардың пайда болуына әкелетін және ӘК ұшу жарамдылығын бағалаған кезде қарауға жататын факторларды (жағдайлар мен себептерді), олар осы Нормалардың тиісті тармақтары мен бөлімдерінде көрсетіледі.
Бұл ретте ерекше жағдай қолайсыз факторлардың әсері нәтижесінде туындаған немесе олардың үйлестіруі және ұшу қауіпсіздігінің төмендеуіне әкелетін жағдай болып танылады.
Қауіптілік дәрежесі бойынша ерекше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
1) экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеусіз көтерілуімен немесе тұрақтылығы мен басқарылу сипаттамаларының ұшу жағдайларының немесе ӘК ұшу сипаттамаларының елеусіз нашарлауымен сипаттайтын ерекше жағдай. Ұшу жағдайларын қиындату ұшу жоспарын дереу немесе алдын ала көзделмеген өзгерту қажеттілігіне әкелмейді және оның сәтті аяқталуына кедергі жасамайды;
2) экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеулі көтерілуімен немесе тұрақтылығы, басқарылу сипаттамаларының күрделі жағдайлары не болмаса пайдалану шегінен ұшу параметрлерінің бір немесе бірқатарының шығуы, шекті шектеулерге жету және/немесе есептік жағдайларсыз;
3) экипажға психофизиологиялық жүктелімнің елеулі көтерілуімен немесе тұрақтылығы, басқарылу сипаттамаларының авариялық жағдайларымен немесе пайдалану шегінен ұшу параметрлерінің бір немесе бірқатарының шығуымен, бірақ шекті шектеулерге жету және/немесе есептік жағдайларсыз сипатталатын курделі жағдайлар;
4) авариялық жағдай туындаған кезде адамдардың қаза табуына жол бермеу тіпті мүмкін болмай қалатын апатты жағдайлар.
Күрделі жағдайдың авариялық немесе апаттық жағдайларға өтуін болдырмау ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес экипаж мүшелерінің уақтылы және дұрыс іс-қимылдарымен, оның ішінде дереу ұшу жоспарын, бейінін және режимін өзгертумен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Оқиғалар туындау жиілігі бойынша (істен шығулар, істен шығу жай-күйлері, ерекше жағдайлар, сыртқы әсер ету) қайталанатын, біркелкі-ықтимал, ықтималдығы төмен, ықтималдығы аса төмен, іс-жүзінде ықтимал емес болып бөлінеді.
Оқиғалардың туындау ықтималдығы сандық бағалау қажет болған кезде қаралып отырған оқиғаның сипатына байланысты ұшудың бір сағатына немесе бір ұшуға жатқызылған ықтималдардың мынадай мәндері пайдаланылуы тиіс:
қайталанатын - 10-3 астам;
біркелкі-ықтимал - 10-3 - 10-5 диапозонында;
ықтималдығы төмен - 1-5 - 10-7 диапозонында;
ықтималдығы өте төмен - 10-7 - 10-9 диапозонында;
іс жүзінде ықтимал емес - 10-9 кем;
Жүйенің істен шығу жай-күйі, егер осындай істен шығулар жалпы жүйенің жұмыс қабілетіне әрбір жағдайда бірдей нәтижелі әсер етсе, жекелеген элементтердің істен шығуларының осы істен шығулардың комбинацияларының да салдары болып табылуы мүмкін.
14. Пайдаланудан күтілетін жағдайлар мыналарды:
1) мынадай ӘК жай-күйі параметрлерін және оған сыртқы ортаның ықпал ету факторларын:
барометрлік қысымы, ауаның тығыздығы, температурасы және ылғалдылығы;
желдің бағыты мен жылдамдығы, желдің көлбеу және тік екпінділіктері олардың градиенттері;
атмосфералық электрдің әсер етуі, мұздануы, бұршақ, қар, жаңбыр, құстар;
2) мынадай пайдалану факторларын:
ӘК экипажының құрамы;
әуеайлақтың класы мен санатының, ұшу-қону жолағының параметрлері мен жай-күйі;
ӘК барлық көзделген конфигурациялары үшін салмағы мен орта кіндігі;
мүмкін болатын конфигурациялар - ұшудың әртүрлі кезеңдері мен режимдеріне сәйкес келетін ӘК геометриялық нысаны нұсқаулары (ұшып көтерілуі, биіктікті алу, крейсерлік ұшу, төмендеу, кенеттен төмендеу, қонуға кіру және қону, екінші айналымға кету);
қозғалтқыштардың жұмыс істеу режимдері мен белгілі бір режимдерде жұмыс істеу ұзақтылығы;
ӘК қолдану ерекшеліктерін (жазық, таулы және тұспал жоқ жерде, биік кеңшіліктерде, топырақты әуе айлақтарда ұшуды көру жағдайларында немесе аспаптар бойынша орындау);
ұшуды қамтамасыз ету жердегі құралдарының құрамы мен сипаттамасын;
ұшқан және қонған кезде ауа-райының жақсы болуын;
қолданылатын отын, май, қосымды және басқа жұмсалатын техникалық сұйықтықтар мен газдар;
техникалық қызмет көрсетудің кезеңділігі мен түрлері, белгіленген ресурс, ӘК қызметінің мерзімі мен оның функционалдық жүйелері;
3) ұшудың өлшемдерін (режимдерін):
ұшудың биіктігі;
көлденең және тігінен жылдамдылық;
жүктелімдер;
әсер ету, сырғу, крен және тангаж бұрыштар;
ӘК көзделген конфигурациялары үшін осы параметрлердің үйлесімдерін қамтиды. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары ӘК нақты үлгісін қолдану ерекшеліктерімен айқындалатын басқа да деректерді қамтиды. Пайдаланудың күтілетін жағдайлары ӘК пайдаланудың шектеулері, жағдайлары мен әдістері ретінде оның пайдалану құжаттамасына енеді.