467. Мұзданудан қорғалмаған жекелеген ұстап тұратын беттерінің және конструкцияның басқа да элементтері бар ӘК үшін талаптарға сәйкес барлық пайдалану биіктіктері мен жылдамдықтарында мұздану жағдайындағы ұшудың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
468. Мұздану жағдайында ӘК басқару және механикаландыру органдарын мұздың бітеп тастауы немесе бұзуы болмауы тиіс.
469. Мұздану жағдайларына қарастырылмаған ӘК үшін ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес авариялық жағдайдың туындауынсыз мұздану аумағынан шығуға қажетті уақыт ішінде мұздану жағдайына қасақана емес түсуі кезінде ұшу қабілеті қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Көрсетілген ӘК мұздану сигнал беруін, сондай-ақ күштік қондырғылардың мұзданудан, экипаж қабинасының, биіктік-жылдамдық өлшемдерінің аспаптар датчиктерінің т.б. қырауланудан қорғалуын көздеу ұсынылады.
470. ӘК осы тараудың талаптарына, сондай-ақ мұздану жағдайларында ұшуға қатысты 9, 10, 13, 14, 15-тараулар осы Норманың талаптарына сәйкес келетін табиғи мұздану жағдайларында сынақтарды қоса алғанда жерүсті және ұшу сынақтарының есептерімен және кешендерімен растауы тиіс. Сынақтардың ұсынылатын тізбелері:
1) ӘК жекелеген бөлімдерінің немесе олардың моделдерінің «құрғақ» ауада және табиғи мұздану жағдайларында зертханалық және стендтік сынақтары;
2) ӘК моделдерін немесе оның жекелеген бөлшектерін аэродинамикалық түтікте мұз имитаторларымен сынау;
3) ӘК құрғақ ауада ұшу сынағы;
4) ӘК немесе оның бөліктерін табиғи мұзданудың бақылататын жағдайларында ұшу сынағы;
5) ӘК мұз имитаторларымен ұшу сынағы;
6) ӘК табиғи мұзданудың бақыланатын жағдайында ұшу сынағы.
71. Ұшу ақпаратын жинау жүйесі
471. Жинау жүйесі жинақтаған ұшу ақпараты ұшу оқиғаларының себептерін және олардың алғы шарттарын белгілеу мен талдауға арналған әрі авиациялық техниканың техникалық жай-күйін бағалауға, ӘК жүйелері мен агрегаттарының жұмыс режимін бақылауға, экипаждың іс-қимылын бағалауға арналған.
Ұшу ақпаратын жинау жүйесі құрамына:
өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы;
дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы кіруі тиіс.
Ескертпе: салмағы 10 т кем және экипаж мүшелері 2 адамнан аспайтын ӘК үшін дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы орнату бөлігіндегі талаптар ұсынбалы болып табылады.
Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы мен дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы ӘК қалыпты жұмысы кезінде бақыланатын жүйелері мен жабдықтарының жұмыс қабілетін бұзбауы, ал бұл борт құралдары мен байланыс желілерінде ақау болған кезде ұшудың қиындатылған жағдайларынан нашар ахуалдарға әкелмеуі тиіс.
Ұшу ақпаратын жинау жүйесінде өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы электр қуатының авариялық көзінен ажыратып-қосуды қамтамасыз ететін құрылғы көзделуі тиіс.
Ескертпе: өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралына авариялық қуат көзімен қамтамасыз етілмеген ұшақтардың жүйелерінен алынған сигнал беру қоспау ерекшелігін құрайды.
Борт құралдарын қосу және ажырату автоматты, сондай-ақ қолмен жүргізілуі тиіс. Ұшуда бұл борт құралдарын ажырату болмауы тиіс.
Өлшемдік және дыбыстық ақпаратты ілеспе жаңалау қамтамасыз етілуі тиіс.
Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралдары мен дыбыс ақпаратын жинау құралдары осы Норманың 1025 және 1026-тармақтарына сәйкес сыртқы ықпал ету жағдайларында қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
Өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы осы Норманың 1025 және 1026-тармақтарына сәйкес сыртқы әсер ету жағдайларында қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
Өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғалған жинағыштары ұшу оқиғалары кезінде ақпараттың сақталуын барынша ықтималдығын қамтамасыз ететін орындарда орнатылуы ұсынылады.
Өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы және дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғалған жинағыштары ашық қызғылт-сары немесе ашық-сары түске боялып, «АВАРИЙНЫЙ САМОПИСЕЦ» - орыс тілінде «FLIGHT RECORDER» - өлшемдік ақпараттарды жинаудың борттық құралы үшін, «VOICE RECORDER» - дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы үшін ағылшын тілінде жазулар болуы тиіс.
72. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы
472. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы өлшемдердің мына топтарын тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс:
қызметтік өлшемдер (уақыт, рейс нөмірі, ӘК нөмірі, ұшу күні);
ӘК қозғалысын сипаттайтын өлшемдер;
ӘК басқару органдарының жағдайын сипаттайтын өлшемдер;
күштік құрылғылардың жай-күйін сипаттайтын өлшемдер;
ӘК жүйесінің жай-күйін сипаттайтын өлшемдер.
473. Өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралының қорғанбалы жинақтағышы өлшемдік ақпаратты жинаудың борттық құралы жұмысының кемінде соңғы 25 сағаты ішіндегі ақпаратты жинақтауын және сақтауын қамтамасыз етуі тиіс.
73. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы
474. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы ішкі және сыртқы байланыстар бойынша сөйлесулерді, ұшқыштардың телефонына және қатты сөйлегіштерге түсетін арнайы сигналдарды, сондай-ақ экипаж кабинасындағы ашық сөйлесулерді үздіксіз жазуды қамтамасыз етуі тиіс.
475. Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралдарында жазбалардың кемінде төрт тәуелсіз арналары болуы тиіс.
Ақпаратты бөлуді былайша орындау ұсынылады:
1-канал бойынша - сол жақтағы ұшқыш (Ішкі байланыс аппаратурасын қолдана отырып);
2-канал бойынша - оң жақтағы ұшқыш (Ішкі байланыс аппаратурасын қолдана отырып);
3-канал бойынша - экипаж кабинасында орнатылған ашық микрофон (микрофондар);
4-канал бойынша - уақыт жазбасы.
Дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралдары жинақтаған ақпарат кемінде дыбыстық ақпаратты жинаудың борттық құралы жұмысының соңғы 30 минутына дейін сақталынуы тиіс.
Ішкі байланыс аппаратурасымен жұмыс істейтін каналдар бойынша сөздерді жаңғырту сапасы жинақталған дыбыс ақпаратын түсінікті болуын қамтамасыз етуі қажет.
74. Авариялық-құтқару жабдығы
476. ӘК жолаушылар мен экипаж мүшелері жарақаттануының ең аз мүмкіндігіне әкелу және ӘК авариялық қонуы жағдайында оларды көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатындағы осы Норманың талаптарын қанағаттандыратын борттық авариялық-құтқару кешенімен жарақтандырылуы тиіс.
477. Адамның креслоға бекіген басы, денесі мен аяғының мүмкін болатын орналасу аймағында ӘК авариялық қонуы кезінде жүктеме әсерімен оған жарақат түсіруі мүмкін конструкциялар мен жабдық элементтері болмауы тиіс.
478. ӘК ұшуы мен қонуы кезінде отырған немесе ӘК қалыпты ұшуы, тұрған және авариялық көшіру кезінде ӘК ішімен қозғалуы кезінде жарақат түсіруі мүмкін конструкциялар мен жабдықтардың шығып тұрған элементтерінің бұрыштары дөңестене бітуі немесе жұмсақ қамтамасыз болуы тиіс.
479. Егер ӘК жекелеген кабиналарға (салондарға) бөлініп, олардың арасындағы өткін тар боса, онда жекелеген әрбір кабина (салон) осы Норманың 436-тармағының талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
75. Креслолар мен бекітпе құралдары
480. ӘК бортындағы әрбір адам үшін тиісті бекітпе құралдары бар кресло (отырғыш) көзделуі тиіс.
Әрбір кресло (отырғыш), оның ӘК бекіткіш тораптары, ондағы адамды бекітпе құралдары мен олардың адамды бекіту тораптары (отырғышқа, ӘК конструкциясына) жобалануы тиіс.
Бұл ретте жолаушы мен борт жолсерігінің салмағы 80 кг, ал экипаж мүшесінің салмағы 90 кг тең болуы тиіс.
Жолаушылар мен борт жолсеріктерінің креслолары (отырғыштары) ӘК ұшуының бағыты бойынша немесе оған қарсы орнатылуы тиіс. Креслоларды ӘК ұшу бағытына қарсы орнату кезінде ӘК авариялық қонуы жағдайында адамның басына арналған тірекпен қамтамасыз етілуі тиіс.
Экипаждың барлық креслолары белдік және иықтық байлау белдіктерімен жарақталуы тиіс. Экипаждың ұшу құрамының креслолары иықтық байлау белдіктерін автоматты түрде тұйықтау тетігімен жарақталуы тиіс.
Борт жолсеріктерінің креслолары кабинаның едені деңгейіндегі авариялық шығыстар маңында орналасуы тиіс.
Ескертпе: егер борт жолсеріктерінің саны кабинаның едені деңгейіндегі авариялық шығыстар санынан астам болса, онда қалған борт жолсеріктері олардың функционалдық міндеттері мен кабинадағы жолаушылардың бөлінуіне қарай кез келген басқа жолаушылар кабинасында орналасуы мүмкін.
481. Жолаушылардың креслолары:
1) белдік байлау белбеулерімен, немесе;
2) белдік немесе иықтық байлау белбеулерімен, немесе;
3) белдік байлау белбеулерімен немесе адамның денесі мен басын ұстайтын соққы жұтқыш тірекпен жарақтандырылуы тиіс.
482. Реттемелі, жиналмалы және айналмалы креслолар (отырғыштар) ұйғарылған жүктелім жағдайларында олар бекітпе тораптарында қозғалмайтындай болып жобалануы тиіс. Оларды жұмыс немесе жұмыстан тыс жағдайын орнату кезінде бұл креслоларды (отырғыштарды) бекіту қамтамасыз етілуі тиіс.
76. Экипажға арналған авариялық шығулары
483. ӘК экипажының кабинасында фюзеляждың әрбір бортында экипаж үшін бір бірден немесе бір жоғары люк түрінде жеңіл қол жетімді авариялық шығулар көзделуі тиіс.
Ескертпе: егер экипаж оның кабинасына тікелей жақын орналасқан жолаушыларға арналған авариялық шығуларды пайдалана алатын болса, 20-дан аспайтын жолаушылар орны саны бар ӘК үшін мұндай шығуларды көздемеуге болады.
484. Экипажға арналған авариялық шығулар ойығының мөлшері:
1) борттық шығулар - 480x510 мм;
2) жоғарғы люк - 500x510 мм кем болмауы тиіс, бұл ретте олар тік бұрышты нысанда немесе люктің дөңгелек нысаны кезінде диаметрі 640 мм. болуы тиіс.
Экипаждарға арналған авариялық шығулар ретінде, егер олардың ойығы белгіленген авариялық шығуларға сәйкес болса, ашпакөздер де пайдаланылуы мүмкін.
485. ӘК экипаж кабинасынан жолаушылар кабинасына (вестибюль) өтетін есік көзделуі тиіс, ол:
1) жолаушылар кабинасына қарай ашылуы;
2) экипаж кабинасынан жабылатын құлпы;
3) экипаж кабинасынан жабық есік алдындағы кеңістікті көруді қамтамасыз ететін оптикалық «көзшесі» болуы;
4) ашық күйде бекітілуі тиіс.
77. Жолаушыларға арналған авариялық шығулар.
Үлгілері мен орналасуы
486. Жолаушыларға арналған авариялық шығулардың үлгілері мен жалпы орналасуы осы Норманың 498-тармағында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
487. І үлгі бұл үлгі шығуының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 610 мм және биіктігі кемінде 1220 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
І үлгі шығу кабина еденінің деңгейінде орналасуы тиіс.
488. ІІ үлгі бұл үлгі шығуының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 510 мм және биіктігі кемінде 1120 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
II үлгі шығуы, егер ол қанат үстінде орналаспаса кабина еденінің деңгейінде болуы тиіс. Шығу қанат үстінде орналасқан кезде оның ӘК ішіндегі төменгі жиегі еденнен 250 мм аспайтын биіктікте, ал ӘК сыртына шығатын төменгі жиектен шыққан кезде адам басуы тиіс қанат үстіне дейінгі ара қашықтық 430 мм аспауы тиіс.
489. ІІІ үлгі бұл үлгі шығуының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 510 мм және биіктігі кемінде 910 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
ІІІ үлгісінің шығуы кабина деңгейінің еденінен жоғары орналасуы тиіс, бұл ретте оның ӘК ішіндегі төменгі жиегі еденнен 510 мм аспайтын биіктікте, ал ӘК сыртына шығатын төменгі жиектен шыққан кезде адам басуы тиіс қанат үстіне дейінгі арақашықтық 690 мм аспауы тиіс.
490. ІV үлгі бұл үлгі шығуының дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/3 аспайтын, ені кемінде 480 мм және биіктігі кемінде 660 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс.
ІV үлгінің шығуы кабина қанат үстінде орналасуы тиіс, бұл ретте оның ӘК ішіндегі төменгі жиегі еденнен 740 мм аспайтын биіктікте, ал ӘК сыртына шығатын төменгі жиектен шыққан кезде адам басуы тиіс қанат үстіне дейінгі арақашықтық 910 мм аспауы тиіс.
491. Бұл шығу үлгісі жолаушылар кабинасынан фюзеляждың төменгі бөлігінің қаптамасы арқылы шығуды білдіреді. Бұл тип шығуының мөлшері мен нысаны І үлгісінің шығуына сәйкес болуы тиіс (ӘК жердегі қалыпты жағдайы кезінде).
492. Бұл үлгі шығуы жолаушылар кабинасынан фюзеляждың құйрық бөлігінен қаптама және фюзеляждың ашылмалы құйрық сүйірі (конусы) арқылы шығуды білдіреді.
Осы үлгі шығуы кемінде ІІІ үлгі шығуына сәйкес болуы тиіс.
А үлгі, егер ол мына талаптарға сәйкес болса, авариялық шығу А үлгі ретінде анықталуы мүмкін:
1) шығу дөңгелектелген бұрыш радиустері ойық енінің 1/6 аспайтын, ені кемінде 1070 мм және биіктігі кемінде 1830 мм болатын тік бұрышты нысандағы ойығы болуы тиіс;
2) шығу кабина еденінің деңгейінде болуы тиіс;
3) егер тек бір бойлық өткін болса, онда шығу жолаушылар ағыны жолаушылар кабинасынан ӘК алдыңғы жағынан да артқы жағынан да бағытталатындай болып орналасуы тиіс;
4) әрбір шығулар жақын бойлық өткінге дейін ені кемінде 910 мм болатын бос көлденең өткін болуы тиіс;
5) егер екі немесе одан да көп бойлық өткіндер болса, онда олардың арасында жақын бойлық өткіннен авариялық шығуға дейін көлденең өткіндерге бастайтын, ені кемінде 510 мм болатын бос көлденең өткіндер болуы тиіс;
6) мұндай әрбір шығу жанында борт жолсерігіне арналған ең кемі бір кресло көзделуі тиіс;
7) көлденең өткіннің екі жағындағы әрбір шығу жанында көлденең өткіннің осы тармақтағы енін азайтпай, жолаушыларды эвакуациялау кезінде экипаж мүшелері көмек көрсете алатындай тереңдігі кемінде 300 мм және ені кемінде 600 мм болатын бос орын көзделуі тиіс;
8) көмекші құрал қажет болатын қанат үстінде орналасқан әрбір шығу екі жолдық авариялық траппен немесе екі дербес ағынмен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ететін соған баламалы құралмен жарақтандырылуы тиіс;
9) қанат үстінен 430 мм астам орналасқан әрбір шығу қанаттан эвакуациялық түсуді жеңілдетуге арналған көмекші құралмен жарақтандырылуы тиіс.
494. Қанат үстіндегі авариялық шығулар ӘК жер үстіндегі қалыпты жағдайы немесе шассидің бір немесе одан да көп тіректерінің сынуына сәйкес оның кез келген жағдайы кезінде адамның қанатқа қауіпсіз шығуы қамтамасыз етілетіндей түрде орналасуы тиіс.
495. Олардың нысаны тік бұрышты ма немесе олай емес пе, оған қарамастан мөлшері астам шығулар, мынадай егер:
1) бекітілген үлгідегі шығу ойығы осы шығу ойығына сәйкес болуы мүмкін;
2) бұл шығу ойығының негізі ені бекітілген типтегі шығу ойығының төменгі жиегінің енінен кем емес жазық көлденең беті болған;
3) бұл шығудың төменгі жиегінен кабинаның еденіне және адам шыққан кезде аяқ басатын қанат бетіне дейінгі арақашықтық бекітілген типтегі шығуға арналған мәннен аспайтын болған жағдайларда қолданылуы мүмкін.
496. Жолаушыларға арналған авариялық шығулар фюзеляж ұзындығы бойынша мына факторларды ескере отырып, орналасуы керек:
1) жолаушылардың кабинада орналасуы және оларды авариялық шығуларға кедергісіз келуін қамтамасыз ету;
2) жолаушылардың әлеуетті қауіпті аймақтар арқылы (қозғалтқыштардың ыстық бөліктері, айналатын винттер т.б.) қозғалуын болдырмау.
497. Егер фюзеляждың әрбір бортынан кабина едені деңгейінде тек бір авариялық шығу қажет болып, фюзеляждың кұйрық (конус) бөлігінен фюзеляж асты шығуы көзделмеген болса, онда еден деңгейіндегі шығулар жолаушылар кабинасының артқы бөлігінде орналасуы тиіс (егер, олардың басқа орналасуы жолаушыларды авариялық эвакуациялау жағдайын жақсартпаса).
498. Егер фюзеляждың әрбір бортынан кабина еденінің деңгейінде бірден астам авариялық шығу қажет болса, онда жолаушылар кабинасының алдыңғы және артқы бөлігіне жақын фюзеляждың әрбір бортынан кабина едені деңгейінде ең азы бір-бір шығу көзделуі тиіс.
78. Авариялық шығулар саны
499. Фюзеляждың әрбір бортынан жолаушыларға арналған авариялық шығулардың ең аз саны мен типтері 7-кестеге сәйкес ӘК жолаушылар санына сәйкес болуы тиіс:
7-кесте
Жолаушылар орнының саны | Фюзеляждың әрбір бортына арналған авариялық шығулар саны |
І Үлгі | ІІ Үлгі | III Үлгі | ІV Үлгі |
1-10 | - | - | - | 1 |
11-19 | - | - | 1 | - |
20-39 | - | 1 | 1 | - |
40-79 | 1 | - | 1 | - |
80-109 | 1 | - | 2 | - |
110-139 | 2 | - | 1 | - |
140-179 | 2 | - | 2 | - |
500. Оны жаңғырту кезінде ӘК жолаушылар сыйымдылығы ұлғайған кезде немесе ӘК 179-дан астам, бірақ 299-дан аспайтын жолаушылар орнының барынша көп саны бар ӘК жасау кезде және фюзеляждың екі борттарында бір-бірден орналасқан авариялық шығулар 8-кестеде берілген мәліметтерге сәйкес болуы тиіс:
8-кесте
Авариялық шығу үлгісі (фюзеляждың әрбір бортында) | А Үлгі | I Үлгі | ІІ Үлгі | III Үлгі |
Жолаушылар орнының саны | 100 | 45 | 40 | 35 |
Ескертпе: егер эвакуация бойынша жүргізілген зерттеулер мен сынақтар нәтижесінде І үлгісінің шығу мөлшерінен А үлгі шығуының мөлшеріне дейін оның мөлшерлерін ұлғайту кезінде авариялық шығудың өткізу қабілетінің ұлғаятыны дәлелденсе, онда зерттеулер мен сынақтар нәтижесі бойынша мұндай әрбір шығуға келетін жолаушылар орнының санын ұлғайтуға рұқсат етіледі.
501. 299-дан астам жолаушылар орын саны болған кезде фюзеляж бортына арналған авариялық шығу А үлгі немесе І үлгі шығу болуы тиіс. Фюзеляждың екі бортына бір бірден орналасқан А үлгінің әрбір жұп шығу үшін 100-дан аспайтын жолаушылар орнына, ал І үлгісінің әрбір жұп шығуына 45-тен аспайтын жолаушылар орнынан аспауы тиіс.
502. Егер талап етілетін борттық авария шығуларына қосымша фюзеляж асты авария шығулары немесе ӘК шассиінің бір немесе одан да көп тіректері сынып, эвакуация үшін барынша қолайсыз жағдайда тұратын ІІІ үлгі шығулары арқылы эвакуация жылдамдығынан кем емес жолаушыларды эвакуациялау жылдамдығын қамтамасыз ететін фюзеляждың артқы бөлігіндегі (конус) шығу көзделсе, жолаушылар орны санының мына шектерден тыс ұлғайтуға рұқсат етіледі:
1) 12 қосымша жолаушылар орындарына арналған фюзеляж асты шығулары үшін;
2) биіктігі кемінде 1530 мм болатын кабина едені деңгейіндегі герметикалық қабырға ойығы бар және 25 қосымша жолаушыларға арналған 512-тармаққа сәйкес көмекші құралдарымен жарақталған фюзеляждың артқы бөлігіндегі (конус) шығу үшін;
3) ең азы III үлгісіне сәйкес келетін, оның жоғары жиегінің биіктігі кабина еденінен кемінде 1420 мм болатын герметикалық қабырға ойығы бар және 15 қосымша жолаушылар арналған фюзеляждың артқы бөлігіндегі (конус) шығу үшін.
503. Қанаттарының орналасуы қанат үстіндегі авариялық шығулардың болуына мүмкіндік бермейтін ӘК ІV үлгісінің әрбір шығуы орнына ең азы III үлгісінің шығуына сәйкес келетін шығу қолданылуы тиіс.
504. Авариялық шығулардың ең аз қажетті санынан тыс бекітілген жолаушылар кабинасындағы әрбір авариялық шығу осы Норманың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
79. Суға қону кезіндегі авариялық шығулар
505. Егер ӘК көзделген авариялық шығулар осы Норманың талаптарына жауап бермесе, онда бұл талаптарды қанағаттандыратын қосымша авариялық шығулар көзделуі тиіс.
506. 10 және одан да аз жолаушылар орын саны бар ӘК төменгі жиегі ватержелісінен биік болатын, ең азы ІV үлгі шығуына сәйкес келетін фюзеляждың әрбір бортына арналған шығулар көзделуі тиіс.
507. 11 және одан да аз жолаушылар орын саны бар ӘК төменгі жиегі ватержелісінен биік болатын, ең азы III үлгі шығуына сәйкес келетін фюзеляждың әрбір бортына арналған шығулар көзделуі тиіс. Бұл ретте 35 адамнан тұратын жолаушылардың әрбір тобына немесе осындай топтың бір бөлігіне кемінде екі шығу (фюзеляждың әрбір бортына бір-бірден) көзделуі керек.
Ескертпе: егер жүргізілген зерттеулер немесе сынақтар нәтижесінде үлкен мөлшерлі шығуларды қолдану кезінде немесе басқа да тәсілдермен жолаушыларды эвакуациялау жағдайын жақсарту мүмкіндігі дәлелденсе, онда әрбір шығуға сәйкес жолаушылар санын ұлғайтуға болады.
508. Егер бүйірлік шығулар ватержеліден жоғары тұрса, онда олар мөлшерлері III үлгісінің шығуларынан кем болмайтын жеңіл қол жетімді жоғары авариялық люктердің тең санымен ауыстырылуы тиіс.
36 жолаушылар орын саны және кемінде III үлгісінің екі бүйірлік шығуы бар ӘК оларды бір жоғары авариялық шығумен ауыстыруға болады.
80. Авариялық шығулардың құрылысы
509. Әрбір авариялық шығу ӘК ішінен және сыртынан ашылуы тиіс. Экипаж кабинасына тікелей жақын орналасқан және оған оңай қол жеткізу мен бұл кабинадан эвакуацияны қамтамасыз ететін басқа авариялық шығулар болса, экипажға арналған ашпакөз түріндегі авариялық шығулар тек ӘК ішінен де ашылуы мүмкін.
510. Авариялық шығулардың есіктері мен қақпақтары, әдетте ӘК сыртына ашылады. ӘК ішіне қарай ашылатын есіктер мен қақпақтар ӘК ішінде есік немесе қақпақ маңында оны ашуға кедергі жасайтын адамдар жиналуын болдырмайтын құрал болған кезде ғана қолданылуы мүмкін.
Авариялық шығулардың есіктері кейіннен бекітпені қолмен ажырата алатын мүмкіндік қамтамасыз етіле отырып, толық ашық жағдайында автоматты түрде бекітілуі тиіс.
511. Фюзеляждың деформациясы болмаған кезде әрбір авариялық шығуды ашудың мүмкіндігі:
1) ӘК жердегі қалыпты жағдайы мен шассидің бір немесе одан да көп тиісті сынуының кез келген мүмкін жағдайында шығуды ашу құралдарын (тұтқасын) әрекетке келтіруге қажетті 15 кгс-дан аспайтын күшпен;
2) шығудың ашу құралдары әрекетке келгеннен бастаған сәттен толық ашқан сәтке дейін 10 с ішінде қамтамасыз етілуі тиіс.
512. Авариялық шығуларды ашу құралдары мен тәсілдері қарапайым, ыңғайлы және авариялық шығулардың бір үлгілері үшін бірдей болуы тиіс. Әрбір авария шығуларын ашу көмекші құрылғыларды қолданбай-ақ (құрал, кілттер, алынбалы тұтқа т.б.) бір адам жүзеге асыруы тиіс.
Авариялық шығуларды ашу құралдарын әрекетке келтіру бір-екі қарапайым операциялармен жүзеге асырылуы тиіс.
513. Жолаушылар кабинасындағы әрбір авариялық шығуларды іштен бекіту және оның ұшудағы өздігінен ашылу, сондай-ақ ӘК адамдардың кездейсоқ және бекіту құрылғысының кез келген элементінің бұзылуы нәтижесінде ашуы мүмкіндігін болдырмау үшін құрылғы көзделуі тиіс.
Экипаж мүшелерінің (борт жолсеріктерінің) жолаушылар кабинасындағы авариялық шығулардың толық бекігеніне көз жеткізу үшін бекіту құрылғыларын көзбен шолу мүмкіндігі болуы керек.
Бұдан өзге экипаж кабинасында авариялық шығулардың жабық күйінің сигнал беру құралы көзделген болуы тиіс.
514. ӘК авариялық қонуы кезінде фюзеляждың майысуы нәтижесінде авариялық шығулардың сыналасу мүмкіндігін төмендету үшін конструктивтік шаралар қабылдануы қажет.
515. ӘК қалыпты жағдайы кезінде немесе шассилерінің бір немесе одан көп тіректерінің тиісті сынуындағы оның кез келген мүмкін жағдайында төменгі жиегі жерден 1800 мм биіктікте болатын қанат үстінде орналасқан авариялық шығуларды қоспағанда, әрбір авариялық шығу жолаушылар мен экипажды жерге қамтамасыз етуге арналған көмекші құралдармен жарақтануы тиіс.
516. Жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығулардың көмекші құралдары жұмыс жағдайында дербес ұсталатын авариялық трапы немесе басқа да баламалы құралы болуы тиіс, олар:
1) ӘК ішінен авариялық шығуды ашу процесінде автоматты түрде әрекетке түсуі тиіс. Бұл ретте кіру немесе қызметтік есік болып табылатын жолаушыларға арналған әрбір авариялық шығуда кәдімгі пайдалану жағдайында ӘК ішінен немесе сыртынан есікті ашу кезінде олардың іске қосылуын болдырмауға арналған құрал көзделуі тиіс;
2) авариялық шығу ашылғаннан бастап 10 с аспайтын уақыт ішінде автоматты түрде жұмыс жағдайын қабылдай алатын болуы;
3) ӘК жердегі қалыпты жағдайы кезінде және шассилердің бір немесе одан да көп тіректері сынған кезде адамдарды қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етуі;
4) кез келген бағытта 13 м/с жел жылдамдығы кезінде дербес қалыпты жұмыс жағдайын қабылдай алуы тиіс.
517. Экипаждың авариялық шығулары үшін көмекші құралдар авариялық трап, авариялық арқан немесе басқа да баламалы құрал болуы мүмкін.
Авариялық арқан:
1) ұзына бойы әрбір 400 мм сайын түйіндері бар жеткілікті түрде ұзын және диаметрі кемінде 15 мм болуы;
2) авариялық шығу ойығының жоғары жиегіне немесе соның маңына бекітілуі;
3) түйіні бар бекітпе 180 кгс статикалық жүктемені ұстай алуы тиіс.
518. Адамдарды эвакуациялауға арналған қатаң үсті авариялық шығуының әрқайсысында адамдардың жерге сырғанауы үшін пайдаланылатын жабын беттерін қоспағанда, тайғанақ емес беті бар жолдар көзделуі тиіс.
Эвакуация жолының ені А типі авариялық шығулары үшін кемінде 1070 мм және эвакуацияланатын адамдардың қозғалысын реттеуге арналған арнайы құралдар көзделген жағдайларды қоспағанда, барлық қалған авариялық шығулар үшін кемінде 600 мм болуы тиіс.