П2 = 1,2 барлық қалған жағдайларда.
П3, коэффициентінің ӘК қолданылатын жүктемелердің қайталануы туралы деректерді есепке алатын шамасы мыналарға тең қолданылады:
П3 = 1,0, пайдалану салыстырмалы үлкен кезеңі үшін ӘК осы түрінде алынған (немесе қарастырылатынға жақын өлшемдері бар ӘК атмосфералық турбуленттілігінің сипаттамалары үшін) және пайдаланудың ерекшеліктерімен, географиялық шарттарымен, трассаның ұзартылуымен және т.б. байланысты жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтар есепке алынған жүктемелердің қайталануы туралы тиімді экспериментальдік материалдар пайдаланылса.
П3 = 1,5, егер ӘК-ң жекелеген топтарының немесе даналарының жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтарының талдауынсыз жүктемелердің қайталануы туралы орташаландырылған экспериментальдік материалдар пайдаланылса.
Ескертпе. Жүктемеленудегі мүмкін болатын айырмашылықтар деңгейіне қатысты П3 арнайы талдаудың нәтижeлepi бойынша 1 < П3< 1,5 диапазонында қабылдануы мүмкін.
П3 = 2, егер оңтайлы есептік әдіс негізінде алынған жүктемелердің қайталануы туралы материалдар пайдаланылса.
Ескертпе. Жүктемелердің қайталануының оның асыра көтерілген мәнінде бағалау тәсілін пайдалану кезінде коэффициент шамасы П3 = 1. шамасына дейін төмендеуі мүмкін.
Шыдамдылықтың қасиеттерінің азаюын есепке алатын П4, коэффициентінің шамасы сыналған бірдей конструкцияның санына қатысты 3-кестеге сәйкес қабылданады.
3-кесте
Үлгілер саны | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
n4 | 5,0 | 4,0 | 3,5 | 3,2 | 3,1 | 3 |
Ескертпе 1: шыдамдылыққа сынау кезінде оң және сол конструктивтік элементтер бірдей болып есептеледі.
Ескертпе 2: егер сынақтар кезінде Nmax циклдердің (блоктардың) барынша саны бірдей жағдайда қол жеткізу кезінде Nmin минимальдігіне қатынасы (тоза бастаған зақымдануды тапқанға дейін белгілі бip шамаға зақымданудың туындауына дейін, жекелеген конструктивтік элементтердің толық немесе жекелей бұзылуына дейін) 4-кестеде келтірілген мәннен аспаса, сынақталатын конструкциялардың саны ұлғайтылуы тиіс. Конструкциялар санын ұлғайту мүмкін болмағанда, сондай-ақ олардың санының алтыдан жоғары ұлғайту қажет болғанда П4 коэффициентін орналастыру арнайы талдау нәтижелері бойынша жүргізіледі.
4-кесте
Кестелер саны | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Nmax/Nmin | 1,4 | 1,7 | 1,9 | 2,1 | 2,3 |
Ескертпе 3: егер бірдей конструктивтік элементтер бірдейлік жағдайға дейін келтірілмеген болса (тоза бастаған зақымдану пайда болғанға дейін, шаманы анықтаудың зақымдануы туындағанға дейін, жекелеген конструктивтік элементтерінің толық немесе жартылай бұзылуларына дейін) циклдердің (блоктардың) орташа санын айқындау және 4.3-кестеге сәйкес коэффициентті таңдау арнайы талдау нәтижелері бойынша жүргізілуі тиіс.
Егер шыдамдылығына сынақтар кезінде қандай да бip конструктивтік элемент бұзылса немесе зақымданса, онда оны жаңамен ауыстыруға немесе зақымдалған жеріне жөндеу жүргізуге тура келеді; зақымдану табылғаннан кейін ауыстырғанға (жөндеуге) дейін зақымданудың даму деңгейін анықтауға дейін жүктемелендіруді жүргізу ұсынылады. Сынақтар конструкцияның басқа бұзылған жерлерін табу және жөндеу тиімділігін тексеру үшін жалғастырылуы тиіс. Бұл ретте ауыстырылған немесе жөнделген конструктивтік элементтің жұмыс icтеуі оның сынақтарының басынан бастап, ал қалған конструкциялар - сынақтардың суммарлық көлемі бойынша есептеледі.
Ескертпе: Егер ауыстыру немесе жөндеу қалған конструкциялардың элементтеріндегі жүктемелі жағдайдың елеулі өзгерістерін туғызса, бұл өзгерістер эквиваленттердің шамаларын нақтылауға сәйкес есепке алынатын болады. Мұндай есеп мүмкін болмағанда немесе тиімсіз болғанда осындай элементтердің одан әpi сынақтары есептелмеген ретінде танылады.
313. Тоқтаусыз жұмыс icтеуін (қауіпсіз зақымдануын) есепке ала отырып пайдаланудағы жол берілген жұмыс icтеуді айқындау конструкцияның шыдамдылық есептеріне сәйкес келетін жалпы шыдамдылығы мен тоқтаусыз жұмыс істеуіне зертханалық сынақтардың, сондай-ақ жүктеме беру және бекіту шарттары бойынша конструкцияны жалпы сынақтарының шарттарына жақындайтын тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар негізінде анықталады.
Тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар (зақымданудың) оның тоза бастаған зақымдануы немесе жекелеген конструктивтік элементтердің ішінара (толық) бұзылуы мүмкін болған кезде қалдық беріктік ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаманы сақтайтындығын растау мақсатында жүргізіледі. Тоқтаусыз жұмыс icтеуге зертханалық сынақтар кезінде пайда болған зақымдардың орны мен деңгейі конструкцияның нақты үлгісіне және конструкциялардың ұшу жарамдылығын бақылау мен пайдалануда күтілетін ауыспалы жүктемелердің әсер етуінен зақымдалулардың даму жылдамдығын есепке ала отырып, пайдалануда зақымдауларды тауып алу мүмкіндігіне байланысты айқындалады.
Ең төменгі жол берілетін қалдық беріктік конструкцияның зақымдалмаған бөлігіне қатысты зақымданудың (бұзылудың) барынша қолайлы емес орналасуы мүмкін жағдайда Рр - зақымдалмаған конструкцияның қаралатын орнын қажетті беріктігін анықтайтын жүктемеліліктің тиісті жағдайының есептік жүктемесі болатын 0,67Рр бастап Рр дейін диапазонында жүктемеге сәйкес келуі тиіс. Әpбip нақты жағдайдағы жүктеменің, шамасы арнайы талдаудың негізінде анықталады. Фюзеляждің герметикалық бөлігі үшін мынадай жағдайлар қаралуы тиіс:
Шамасы көрсетілген диапазоннан жоғары және Pdaaeca кабинасындағы артық қысымнан қабылданатын жүктеме жағдайындағы жүктемелердің үйлесімі;
үлгілік ұшулардың ішінен барынша қолайсыздықтарын орындау кезінде крейсерлік биіктікте көлденең ұшуда туындайтын PYeca
=1,15 Pdaaeca кабинасындағы пайдаланушылық артық қысымның үйлесімі.
Ескертпе: шаманың негіздемелік сараптамалық материалдарының бар болуы кезінде П4 сенімділік коэффициенттері тоза бастаған зақымдауды дамыту сатысы үшін 2-кecтeciндe көрсетілгендермен салыстырғанда төмендетілуі мүмкін.
Тоза бастаған зақымдаулардың туындаған орнын болуы мүмкін өзара орналастырудың қосымша талдауы бар болған кезде техникалық жай-күйі бойынша пайдалануға рұқсат берушілікті көрсететін пайдаланудағы зақымданулардың даму жылдамдығы мен оларды тауып алудың сенімділігі П = 2 қарағанда аз коэффициенттің мәні ретінде ерекше қабылдануы мүмкін.
Tөзімділік пен сақталғыштыққа зертханалық сынақтар аяқталғаннан кейін конструкцияның жай-күйі толық тексеру жүргізілуі тиіс, оның ішінде сынақ процесінде табылуы қиын немесе мүмкін болмайтын тоза бастаған зақымдауларды анықтау мақсатында ажыратылмайтын қосылыстарды бөлшектеу (ажырату) арқылы, бақылаудың инструментальды әдістерін пайдалану арқылы.
314. Бастапқы тағайындалған ресурсты орнату сәтіне қанағаттанарлық нәтижелерімен жүргізілген ӘК төзімділігіне арналған зертханалық сынақтардың көлемі есептен шығарғанға дейін кемінде бip реттік ресурсқа (сенімділіктің коэффициентінсіз) сәйкес келуі керек.
ӘК болжанып отырған пайдалану жағдайларында жүктеменің шамасы және олардың қайталанушылығы ұқсас типтегі ӘК бойынша материалдар, пайдалану жағдайындағы болжам нәтижелері, жүргізілген ұшу сынақтары мен есеп айырысулар процесінде жүктемелерді өлшеу бойынша деректер негізінде анықталады.
315. Белгіленген ресурс ретімен (кезең бойынша) мыналардың:
ӘК паркін пайдаланудың сипаты мен жағдайын нақтылау;
арнайы ұшу сынақтарының нәтижелері бойынша ӘК агрегаттарының жүктемелігін қажет болған кезде нақтылау;
осы типтегі ӘК ұшу кезіндегі ауырлық орталығында жүктемеліктің қайталанушылығы бойынша статистиканы жинақтау;
нәтижелердің, қажет болған жағдайда төзімділік пен сақталғыштыққа (зақымданулардың қауіпсіздігі) қосымша зертханалық сынақтар, оның ішінде пайдаланудағы нобайы бар конструкциялардың;
осы типтегі ӘК пайдалану тәжірибелері негізінде бастапқы немесе кезекті тағайындалған ресурсты әзірлеу шамасына қарай ұлғаяды.
Белгіленген ресурстар шегіндегі пайдаланудың қауіпсіздігі барлық парктің және ӘК бастапқы рейстері топтарының тәжірибесімен бақылануы тиіс.
Бас топтардың ӘК ретінде нобайы бойынша қалған парктен барынша асып түсетін ӘК тағайындалуы тиіс. Бас ӘК саны мен топтарының құрамы әpбip ӘК типі үшін нақты белгіленуі тиіс.
Бас топтың әpбip ұшағында жоғары көлемде және үздіксіз оны пайдаланудың шарттарын есепке алу жүргізілуі тиіс, сондай-ақ штаттық базада және олар орнатылған жағдайда арнайы құралдардың жүктемелік жағдайы белгіленуі тиіс.
Бас топтардың ӘК бірінші кезекте техникалық жай-күйі бағалаудың барынша тиімді әдістері, оның ішінде конструкциялардың тұтастығының бұзылмайтын бақылауының жаңашыл құралдары пайдалануы тиіс.
Ұлғайтылған белгіленген ресурстарды белгілеуімен бip уақытта белгіленген ресурстар шегінде ұшудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары анықталған және нақтыланған болуы тиіс, ал оның ішінде:
пайдалану және жөндеу кезінде жүйелік бақылауға жататын конструкцияның орны, сондай-ақ осы ic-шаралардың мерзімдері (кезеңділігі) көрсетіле отырып, конструкцияны ауыстыру және пысықтау тізімі айқындалған болуы тиіс;
ӘК пайдалану шарттарын бақылау және олардың кезекті белгіленген ресурсты бекітілген кезде қабылданған шарттарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
48. Әуе винтін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша нұсқаулар
316. Төзімділік жағдайлары бойынша әуе винтінің қауіпсіздігі винтті жобалаудың, әзірлеу мен пайдаланудың мынадай негізгі кезендерінде бағаланған болуы тиіс:
жобалау процесінде (төзімділіктің перспективалық бағасы);
зауыттың ұшу сынақтарының басталуы алдында (оларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін);
зауыттық мемлекеттік және пайдалану сынақтары аяқталғаннан кейін (жаппай пайдалану үшін алғашқы белгіленген ресурсты белгілеу);
бұрын белгіленген ресурсты әзірлеу шарасы бойынша жаппай пайдалану процесінде (кезеңдер бойынша дәйекті, конструкциялардың жүктемелігі мен оның төзімділік сипаттамасы жағдайлары туралы мәліметтердің дәйектілігіне орай жаппай пайдалану үшін белгіленген ресурстардың ұзартылған мәндерін бекіту.
Әуе винтін анықтау кезінде мынадай түрде көрінген сенімділік коэффициенттерінің жүйесін пайдаланған жөн:
қолданыстағы жүктеменің (кернеулердің) амплитудалары көбейтілуі тиіс nо кернеулері бойынша запастары;
төзімділікке арналған сынақтардың ең жаман нәтижелеріне сәйкес келетін ресурстың мәні бөлінуі тиіс ПN = П1 П5 ұзақтықтың қоры.
Төзімділік пен өлшенген жүктемелердің (кернеулердің) сипаттамаларының шашырандылығын ескеретін Па сенімділік коэффициентінің мәні 20-суретте келтірілген кесте бойынша n конструкциялары үлгілерінің төзімділікке сыналғандарының ішінен байланысты анықталуы тиіс. nо қоры көрсетілген шамалары қаралатын конструкциялардың төзімділік сипаттамасын шашыраңқылық бағасының, жасаудың үлкен мәні кезінде қисық төзімділіктің өзгеру сипаттамасының және ұшу кезінде өлшенген ауыспалы жүктеменің (кернеудің) деңгейінің тұрақтылық дәрежесінің негізінде нақтылануы мүмкін. Әуе винтінің қалағы үшін осы сенімділік коэффициентінің ең аз маңызы Па= 1,3 мөлшepiмeн шектеледі.
Төзімділікке арналған сынақ бағдарламасын құрастырған кезде және ресурсты бағалаудың есептік әдістерін пайдаланған кезде дәлсіздікті есепке алатын П1 сенімділік коэффициентінің шамасы П = 2,0 тең қабылдануы тиіс. Аталған П1 сенімділік коэффициентінің шамасы бойынша да, олардың ic-әрекетінің реттілігі бойынша да жүктеменің (кернеудің) қайталанушылығын көрсететін төзімділікке арналған сынақ бағдарламаларын жүргізген жағдайда азаюы мүмкін.
Әуе винтінің металл қалақшалары үшін бастапқы тағайындалған ресурсты орнатқан кезде пайдаланудан болған төзімділік сипатының мүмкін нашарлану мүмкіндігін ескеретін П5 сенімділіктің қосымша коэффициенті енгізілуі тиіс. Осы сенімділік коэффициентінің шамасы қалыпты пайдалану жағдайларында П5=3,0 тең қабылдануы тиіс. n5 аталған сенімділік коэффициентінің мәні пайдаланудағы және бұрынғы пайдаланудағы пысықтауға ие әуе винтінің қалақшаларының төзімділігіне арналған сынақтар бойынша салыстырмалы деректер негізінде нақтылануы мүмкін. Пысықталған құлақшалар үлгілерінің саны жердегі мен ұшудағы пайдалануда және бұл ретте туындайтын зақымданулардың үлгілік жағдайларын сипаттау үшін жеткілікті болуы тиіс.
317. Әуе винт төзімділігінің перспективті бағасы есептен шығарғанға дейін ресурсы бойынша төзімділік пен берілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге қатысты оның құрылымының әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау мақсатында жобалау сатысында жүргізілуі тиіс. Жобалау сатысында әуе винтінің құрылымдық элементтерінің кернеулік жағдайын бағалау үшін жүктемені ұшудың барынша сипаттық режимдері үшін анықтаған жөн. Үлгілік ұшудың ұсынылып отырған кестесі туралы бұл ретте пайдаланылатын деректерді тапсырыс берумен келісім бойынша ӘК типіне және белгіленуіне байланысты таңдаған жөн.
Әуе винті конструкциясы элементтерінің төзімділігіне сипаттама ұқсас конструкциялардың, оның ішінде пайдалануда әзірлеумен бірге әуе винттері элементтерінің төзімділігіне арналған сынақтардың нәтижелері бойынша жинақталған деректердің, негізінде айқындаған жөн. Жекелеген жағдайларда кернеулердің мүмкін болатын шоғырлануын есепке ала отырып, конструкцияның қаралатын элементі сияқты дәл сондай материалдан зертханалық үлгілердің шыдамдылығына арналған сынақтардың нәтижелері де пайдаланылуы мүмкін.
318. Жүктеменің бірлескен талдауы мен төзімділікке сынақтардың нәтижелерінің негізінде зауыттық ұшу сынақтарын бастаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін қажетті деректер алынған болуы тиіс.
Беріктігі бойынша материалдардан басқа бұл ретте әуе винті конструкциясы элементтерінің төзімділігіне арналған сынақтардың нәтижесі.
Ескертпе: егер әуе винттерінің немесе конструкциясы элементтерінің төзімділігі туралы конструкция бойынша да, оларды әзірлеу технологиялары бойынша да қаралатын сияқты жеткілікті ұқсас деректер бар болатын болса, мұндай сынақтар жүргізілмеуі мүмкін;
қарқынды ұқсас модельдер мен әуе винтінің стендтік сынақтарында, сондай-ақ ұқсас құрылымдағы әуе винттерін сынақтан өткізу кезінде тензометрлеу нәтижелері;
зауыттық ұшу сынақтары бағдарламасының ерекшеліктерін есепке алатын (сынақ бағдарламаларының толық және жекелеген режимдердегі ұзақтығы, ұшудың жалпы саны және т.б.), жүктеменің (кернеудің) қайталануын бағалау жөніндегі материалдар пайдаланылуы тиic.
Зауыттық ұшу сынақтары барысында әуе винттерін тензометрлеу жүргізілуі тиіс.
319. Әуе винтінің алғашқы белгіленген ресурсын бекіту мынадай деректердің:
зауыттық ұшу сынақтары кезінде әуе винттерын тензометрлеу нәтижелерінің;
тапсырыс берушінің ресурстарды алғашқы белгілеу сәтінде ұсынған материалдардың негізінде қажеттілігі жағдайында анықталған үлгілік ұшудың кестесінің;
әуе винті конструкциясы элементтерінің төзімділігіне арналған сынақтардың нәтижесінің негізінде белгіленуі тиіс.
Ескертпе: алғашқы белгіленген ресурсты бекіту үшін шыдамдылыққа әуе винтінің кемінде 10-15 қалағын сынақтан өткізу ұсынылады.
320. төзімділікке сынақ әуе винті конструкциясының қаралатын элементіне қолданылатын жүктеменің жиынтықтығына жүргізілуі тиіс. Мұндай сынақтарды жүргізу мүмкін болмаған кезде сынақтар кезінде конструкцияға қолданылмайтын жүктемелердің беріктігіне әсері сенімді түрде бағалануы тиіс.
Төзімділікке арналған сынақтар жүктемесіне қосымша сипаттама бойынша екі типті болуы тиіс:
бағдарламалық сынақтар (көпсатылы);
жүктеменің (кернеудің) тұрақты теңселу шегінде сынақтар.
321. Жүктемелердің (кернеулердің) теңселу шегінің спектрін бағалау кезінде циклдің тиісті орташа жүктемелері (кернеулері) кезінде теңселу шегінің зауыттық ұшу сынақтары кезінде қаралатын режимдерде барлық өлшенгендерді ескерген жөн.
Бастапқы белгіленген ресурсты бекітумен бip уақытта құлақшалардың жоғары жағдайы және әуе винтінің конструкциясының басқа элементтері үшін бақылау, оның ішінде инструментальдық бойынша ұсынымдар әзірленуі тиіс.
49. ӘК конструкциясы мен жүйелері
322. Осы Норманың 49-90-тараулар талаптары ӘК мынадай функционалдық:
басқару;
шасси;
дөңгелектерді тежеу;
гидравликалық және пневматикалық;
тыныс-тіршілік (герметикалық кабиналар, кабинадағы қысымды реттеу, кондиционерлеу, оттегі жабдығы);
мұздануға қарсы;
ұшу ақпаратын жинау;
атмосфералық электрден ӘК қорғау жүйелеріне қолданылады.
Талап сондай-ақ ӘК авариялық қорғау, конструкцияны пайдалану технологиялығына, конструкциялық материалдарға, жолаушылар кабиналары мен багаж-жүк бөлігіне қолданылады.
323. ӘК, оның жүйелері мен агрегаттарының конструкциясы 2-баптың жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс.
324. Осы Норманың 49-90-тарауларында айтылған талаптар пайдаланудың күтілетін жағдайларында қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, агрегаттардың, функционалдық жүйелердің жұмыс қабілеті ұшу кезінде және жерде ӘК пайдалану процесінде ӘК орын алатын сыртқы әсер етулер жағдайында қамтамасыз етілуі тиіс.
325. Құбыры, агрегаттар және жүйенің басқа да элементтері:
Барлық бекіту тетіктерін нығыздау құралдарымен қамтамасыз етілуі;
пайдалану құжаттамасына сәйкес қосылыстардың қажетті герметикалығын қамтамасыз ететін арматурамен біріктіруі тиіс.
326. Тұрба құбыры өткізгіштерінің және ӘК функционалдық жүйелерінің олардың элементтері:
1) белгіленген ресурстың осы құбыры үшін бекітілген шекте ӘК пайдаланудың күтілетін жағдайында құбыры мен олардың элементтеріне әсер ететін инерцияның қысымы мен пульсацияларынан, дірілінен, монтаждың және температуралық кернеуінен жүктеменің қалыпты герметикалығынан жоғалтусыз шыдауға;
2) герметикалыққа, нығыздыққа (нықтауға) және беріктікке сынаққа ұшырауы тиіс.
Олардың бас тартуы ұшу жағдайларын күрделілендіруден де нашар жағдайға алып келуі мүмкін жекелеген тұрба құбырларының және олардың элементтерінің тозу сынақ ӘК нақты пайдалануда жұмыс істейтін жүктемелерге негізделуі және жүйенің жұмыс денесінен жүктемені және сыртқы жүктемені ескеруі;
3) белгіленген ресурстың төзімділігі расталған есеп және (немесе) сынықтар болуы;
4) ӘК конструкциясымен, оның жылжымалы элементтерімен кепілді саңылауды қамтамасыз етуі, сондай-ақ құбырдың мүмкін болатын деформациясын өтейтін элементтері болуы тиіс.
327. Олардың icкe қосылуы тepic салдарларға (ерекше жағдайға) алып келуі барлық құрылғылар олардың кездейсоқ icкe қосылуынан қорғалуы тиіс.
328. Арақашықтық басқару және бақылау, оларды орналастыру және жөндеу мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
басқарылатын объектілердің жұмысын бақылау;
ұшудағы басқарудың қарапайымдылығы;
Ұшуды пайдалану жөніндегі басқару көзделген кез келген жұмыс режиміне функционалдық жүйенің көшу мүмкіндігі;
сенімді жұмыс істеуі.
329. ӘК кабиналарындағы шу экипажға зиянды әсер eтуі тиіc емес. Ұшу жағдайында экипаж мүшелерінің арасында өз орындарындағы анық сөйлесу байланысы қамтамасыз етілуі тиіс.
330. Электр энергиясын тұтынатын функционалдық жүйелер немесе олардың элементтері (қабылдағыштар) талаптарға сәйкес болуы тиіс.
50. ӘК басқару жүйелері
331. Осы Норманың 47, 48-тарауларында ұзына, көлденең және тік осьтерге қатысты ӘК басқару жүйелеріне, беріктік пен басқарушылықтың сипаттамаларын жақсарту, ӘК теңгермесі жүйелеріне, сондай-ақ қанаттың механизациясын басқару жүйелеріне қойылатын талаптар жазылған.
332. Басқару жүйелерінің функционалдық, статистикалық және динамикалық сипаттамаларына қойылатын жалпы талаптар. Басқару жүйесі 6-21-бөлімнің талаптарына сәйкес пайдаланудың күтілетін жағдайларындағы ӘК басқарушылығы, тұрақтылығы және маневрлік сипаттамасын қамтамасыз етуі тиіс. Пайдалану шектеуінен ӘК қасақана шығуы немесе өздігінен шығуы кезінде (тіптен шекті шектеулерге жеткенге дейін) Ұшуды пайдалану жөніндегі басқару режимінде көзделген ӘК қайтуына кедергі келтіретін басқару жүйесі сипаттамасының мұндай нашарлауы болуы тиic емес.
333. Басқару жүйесі 6-21-бөлімнің талаптарын орындауды, жүктемелер мен дірілдерді басқару жүйесіне әсер етуді ескере отырып, қамтамасыз ететін статикалық және динамикалық сипаттамалары болуы тиic.
334. Басқару жүйесі беріктікке қатер төндіретін және (немесе) ұшып-қонуды қиындататын ұстап қалуларсыз, автотербелістерсіз және қауіпті дірілдерсіз қалыпты жұмыс істеуі тиіс.
335. Фюзеляждың, қанаттардың, механикалық басқарудың қауырсындану және жүргізудің деформациясы басқару органдарын ауытқыту және олардың тиімділігі жөніндегі қордың төмендеуіне немесе пайдаланудың күтілетін жағдайларында және ic жүзінде мүмкін болмайтынға жатқызылған функционалдық бас тартулардың әсер eтуі кезінде басқару жүйесінің қысқа мерзімді ұстап қалуларын тудыратын қордың төмендеуіне алып келуі тиіс.
51. Басқару жүйесінің сенімділігі
336. Ерекше келісілген механикалық ұстап қалу, ажырату және бұзу типінің бас тартуларын қоспағанда, өзара ic-әрекет жасайтын жүйені қоса, басқарудың әрбip арнасында (тангаж, қисаю, бағыт) кез келген бip бас тарту қаралады. Тұрақтылықтың, басқарудың және маневрліктің сипаттамасынан осындай бip бас тартудан кейін осы қалыпты ұшу үшін осы Норманың 15-18 тарауларда белгіленген шегі қалуы тиіс.
337. Ic жүзінде төтенше жағдайға жатқызылмаған eкі дәйекті бас тартулардың кез келген комбинациясы қаралады. Осындай екі бас тартулардан кейін тұрақтылықтың, басқарушылықтың және маневрліктің сипаттамасының осындай нашарлауына жол беріледі, бұл ретте, басқа режимдерге қауіпсіз көшу және оны қауіпсіз аяқтауды қоса, осы режимдердегі ӘК ұшуын жалғастыру қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, авариялық нашар жағдай туындауы тиic емес.
338. Егер мұндай бас тарту ic жүзінде мүмкін eместігі көрсетілмесе, басқару жүйелерінің жылжымалы элементтерін кез келген ұстап қалу, ажырату немесе бұзу қаралады. Егер қаралатын бас тарту «ic жүзінде мүмкін емеске» қарағанда неғұрлым жиі санатқа жатқызылған жағдайда апаттыдан жаман емес жағдаят жағдайында ұшуды аяқтау мүмкіндігі сақталатынын көрсетілуі тиіс.
339. Бас тартулар мен сынақтарды талдау негізінде мыналар анықталуы тиіс:
олардың ӘК қозғалысы кезінде жасайтын тұрақтылығы, басқарушылығы және наразылық білдіру сипаттамасына және басқару жүйесінің сипаттамасына бас тартулардың әсер ету деңгейі;
бас тартуларды самғау үшін қажетті экипаждың ic-әрекеті;
әpтүpлі бас тартулар кезіндегі ұшудың қауіпсіз режимдері саласында.
340. Талаптарды орындау үшін мыналар ұсынылады:
резервтеуді қолдану, олардың кезінде мыналар қамтамасыз етіледі: функционалдық жүйені, агрегатты, элементті тәуелсіз кіші жүйелерге бөлу, ұқсас функцияларды орындайтын элементтер; кіші жүйелердің, элементтердің, агрегаттардың бөлігі бас тартқан кезде тапсырылған функцияларды жүйенің, агрегаттың, элементтің орындау қабілеті; басқару жүйесінде бас тартулардың болуы кезінде ұшу қауіпсіздігі артатын басқа режимдерге көшудің мүмкіндігі;
ӘК белгілеген шектеулердің асуын тудыруы мүмкін және экипаж самғауы болуы мүмкін емес басқару жүйелерінің шығуында кіші жүйелердің, агрегаттардың, наразылық білдіру элементтерінің бас тарту сәтінде туындауы мүмкіндіктерін болдырмау;
мыналарды қамтамасыз ететін бақылау жүйесін қолдану: ұшу алдындағы тексеру уақытында бақылау жүйелерінің жай-күйін бақылау; қажеттілік кезінде - бас тартқан кіші жүйелерді, элементтерді, агрегаттарды автоматты үзу; басқару жүйелеріндегі бас тарту туралы дабыл құралдары арқылы және қауіпті бас тартулардың әсер eтуі жағдайында ӘК қонуы жөніндегі экипажға нұсқаулықты берудің қажеттілігі кезінде экипажды қажетті хабарландыру;
басқару жүйелері элементтерінің, әсіресе, «жалпы нүктелер» жүйесінде құралатын элeмeнттepдің жоғары ceнімділігін қамтамасыз ету.
341. Олардың бас тартуы авариялық нашар жағдайға алып келуі мүмкін жылжымалы қосылыстар мен тетіктердің бөлшектері үшін тозулардың шекті шамалары анықталуы және пайдаланудағы тозу шамасын бақылау құралдары мен әдістері көзделуі тиіс.
52. Бустерлік басқару
342. ӘК бустерлік басқаруды қолдану кезінде бекітілген талаптарды орындау қамтамасыз етілуі тиіс.
343. Бустерліксіз басқаруға көшусіз болмай қоймайтын бустерлік басқару ӘК-да басқару органдары күш тетіктерін қоректендіру тәуелсіз гидравликалық немесе электрлік кіші жүйелерден жүзеге асырылуы тиic.
Кем дегенде бір кіші жүйе басқару жүйелерінің гидравликалық агрегаттарын ғана қоректендірумен қамтамасыз eтуінe ұсыным беріледі.
Қоректендіру жүйесінің өлшемдері қоректендірудің кем дегенде кез келген екі кіші жүйесінің бас тартуы кезінде ӘК ұшуы мен қонуы қамтамасыз етілетіндей жолмен таңдалуы тиіс.
ӘК қозғалтқыштарындағы гидравликалық және электр қоректендіру көздepiн тарату кез келген қозғалтқыштың бас тартуы кезінде қоректендіру жүйелерінің минимал санының бас тартуын ескере отырып, орындалуы тиіс.
Барлық қозғалтқыштардың бас тартуы кезінде ӘК басқару талаптарға сәйкес қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте, ӘК басқару үшін электр және (немесе) гидравликалық қоректендіру қамтамасыз етілмесе, онда қозғалтқышпен байланысты емес қоректендірудің апатты көздері қарастырылуы тиic.