Қалыпқа келтіру сәтін шаңғы аэродинамикалық сәтінің 40%-не тең шамаға қарсылық білдіруші сәтінен артық алу ұсынылады. Шаңғыға әрекет етуші аэродинамикалық сәт қаралып отырған ұшу жағдайларында шаңғының жылдамдық арынына және әсер ету бұрышына сәйкес анықталуға тиіс. Шаңғының әсер ету бұрышы қанаттың әсер ету бұрышының, қанатқа қатысты шаңғының орнату бұрышының және белгіленген жағдайынан оның ауытқу бұрышының алгебра жиынтығы ретінде алынады.
Пайдалану жүктемеге сақтандырғыш тростың ұзындығымен анықталатын бұрышқа шаңғы ауытқыған кезде амортизаторда пайда болатын күш алынады.
Ескертпе: Жиналатын шаңғы үшін амортизаторды (серіппені) таңдау талаптарға сәйкес жүргізілуі мүмкін, бірақ Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың жиналмаған шаңғымен ұшудың рұқсат етілген максимальді жылдамдығы және жиналмаған шаңғымен кенеттен маневрлеу жасауға тыйым салу түрінде шектеулер жазылуға тиіс.
220. Сақтандырғыш трос қаралып отырған жағдайлардың пайдалану жүктелімі кезінде шаңғының аэродинамикалық сәтінен және инерциялық күштерінің сәтінен құрастырылған жалпы сәттен оған келетін күштерге беріктіктің төрт еселік қорымен шыдауға тиіс.
Ескертпе: Амортизатор мен сақтандырғыш трос бекітілетін шаңғы мен ӘК бөліктері олардан күштерге тексеруден өтуге тиіс.
221. Шассиді жинау мен шығару тетігі. Инерциялық күштерден басқа шассиді жинау мен шығару тетігінің беріктігін тексерген кезде аэродинамикалық күштер және шассиге әрекет етуші сәттер және ұшудың қаралып отырған режиміне (Vmax. у.ш. ұшу жылдамдығы) және жинау тетігінің кинематикасымен анықталатын шассидің жағдайына сәйкес онда бар жармалар ескерілуге тиіс.
Шассиді жинау мен шығару және құлпылар тетіктерінің беріктігі тапсырылған максимальді және минимальді пайдалану жүктелімдердің шамаларына сәйкес шассиді шығарылған және жиналған жағдайында, сондай-ақ шассиге және оның жармаларына келетін сияқты аэродинамикалық жүктемелермен тексерілуге тиіс.
Сондай-ақ шассиді жинау мен шығару және құлпылар тетіктерінің беріктігін тексеру шаңғы толық жиналған кезде жүргізіледі. Шаңғы шығарылған кезде осы элементтердің беріктігі шаңғының амортизаторы таңдалған жағдайларға сәйкес тексерілуге тиіс.
Барлық жоғарыда көрсетілген жағдайларда шасси (шаңғы) құлпыларына қауіпсіздік коэффициент f=2. Шассидің құлпылары сондай-ақ тынықсыз ауада ұшқан кезде динамикалық жүктеу жағдайына тексерілуге тиіс.
Егер шассиді жинау мен шығарудың барлық тетігі немесе оның жекелеген бөліктері шасси қонструкциясының күштік схемасына кіретін болса, онда ол шассиді жүктеудің барлық жағдайларына тексерілуге тиіс.
Шассиді жинау мен шығару тетігі көтерілгеннен кейін айналған доңғалақтарды тоқтату үшін кенеттен тежеу сәтінде пайда болатын күштерден беріктікке тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
222. Гондалалар (ағымпаздар) және шассидің жармалары Гондолалардың (ағымпаздардың) және шасси жармалары мен оларды жинау тетігінің беріктігі А', В, С, D' есепті жағдайларда, тынықсыз ауада ұшқан кезде және тіпті Vmax max дейінгі жиналған шассиімен ӘК ұшуының барлық жылдамдықтарында сырғумен ұшу режимдерінде тексерілуге тиіс. Бұдан басқа, жармалардың және оларды жинау тетігінің беріктігі А'3 және В3, есепті жағдайларда, тынықсыз ауада ұшқан кезде және Vmax.шұшу жылдамдығы кезінде сырғумен ұшу режиміндерінде тексерілуге тиіс. Егер ӘК шассиді шығару мен жинау процесінде ғана ашық жағдайда болатын жармалар болса, осы жармалардың ашық жағдайда беріктігі ұшудың Vmах в.у.ш жылдамдығы кезінде тексеріледі.
Гондолаларға (ағымпаздарға) және шассидің жармаларына әрекет ететін пайдалану аэродинамикалық жүктемелер ұшудың тиісті есепті режимінде М саны кезінде аэродинамикалық трубалардағы сынақтардың нәтижелері бойынша жарманың әрбір жағдайы үшін айқындалуға тиіс.
30. Қозғалтқышқа қойылатын қондырғыны жүктеу жағдайы
223. Жүктеудің төменде келтірілген жағдайлары қаралуға тиіс. Жүктеу жағдайларында жүктеменің бағыты қозғалтқыштың осьна жақын келетін қалыпты алынуы мүмкін. Осындай жағдайларда қозғалтқыштың және винттің гироскопиялық сәтінің жиынтығы ескерілуге тиіс.
Жүктеудің барлық жағдайларында mд және Jд - салмақ және тиісінше қозғалтқыш қондырғысында орналасқан барлық агрегаттарымен қозғалтқыш инерциясының салмақты сәті.
224. Ад жағдайында қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді.
PY = - nYmax(a)gm A
Гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді нөлге тең алған жен.
225. Ад жағдайында қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
PY = - nYmax(a)gm A
А' жағдайының әсер ету мен М саны кезінде аэродинамикалық трубадағы гондола, капот және пилон үлгері сынақтарының нәтижелерінің негізінде гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді есепке алған жөн.
226. Dд жағдайында қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
PY = - nYmax(a)gm A
Гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді нөлге тең деп алған жөн.
227. Dд жағдайында қозғалтқышқа жоғарыдан төмен қарай инерциялық күш әрекет етеді
PY = - nYmax(a)gm A
D' жағдайының әсер ету мен М саны кезінде аэродинамикалық трубадағы гондола, капот және пилон үлгілері сынақтары нәтижелерінің негізінде гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді есепке алған жөн. Қону мен шарықтау кезінде қозғалтқыш қондырғысын жүктеу жағдайы.
228. Көтермеу күшін шамасы туралы нұсқауларды ескере отырып, қозғалтқыштың қондырғысы шассиді (симметриялы және симметриялы емес) жүктеуді барлық жағдайларына тексерілуге тиіс.
229. Мд жағдайы (тек турболы-винталы қозғауыш үшін).
Қозғалтқыштың жұмысын ӘК тұрағында қараған жөн. Жоғары тартым, бұрамадан сәт және тік жүктеме (төмен) әрекет етеді
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
Бұдан басқа PYy = -gmA және тоқталған қозғалтқыштың (теріс тартымымен) бұрама кедергісінің күшімен ұшудың барлық режимдерінде максимальді (шың) күшімен қозғалтқыш қондырғысының жүктемесін қараған жөн. Бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға флюгерлеудің тәуелсіз жүйелері болған кезде де белгіленбеуі мүмкін және қалақтардың жағдайы ең аз бұрышқа тіреуімен шектелетінін алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициент f=1,30.
230. Tд жағдайында (тек қана турболы-винталы қозғауыш үшін).
Стандарттық жағдайлардан сыртқа ауа температурасының ауытқуын ескере отырып айқындалған ең жоғары тартыммен деңгейлес жүктеме (төмен)
РYy=-gmA
Егер тартымның кері қимылы қолданылса, қозғалтқыш қондырғысының беріктігі сондай-ақ ең жоғары теріс тартымның әрекеті жағдайына тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
231. Ад+Мд және Dд+Мд жағдайлары (тек турболы-винталы қозғауыш үшін). Қозғалтқыш жұмыс істеген, істен шыққан кезде де винтке әрекет ететін аэродинамикалық күштерді және сәттерді ескере отырып Ад және Dд, жағдайларын қараған жөн. Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде аэродинамикалық күштердің және сәттердің (тартымның, қисық үрлеу қүштерінің және реактивтік сәттің) шамаларын есеп немесе қаралып отырған есепті жағдайға (Ад немесе Dд,) сәйкес келетін жылдамдық арынының және ӘК шабуыл бұрышының мәндері кезіндегі арнайы сынақтардың негізінде айқындаған жөн.
Қауіпсіздік қоэффициенті f=1,5.
Тоқталған қозғалтқыштың (теріс тартымымен) бұрама кедергісінің күшімен ұшудың барлық режимдерінде максимальді (шың) күшімен қозғалтқыш қондырғысының жүктемесін қараған жөн. Бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға флюгерлеудің тәуелсіз жүйелері болған кезде де белгіленбеуі мүмкін және қалақтардың жағдайы минималды бұрышқа тірелумен шектелетінін алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициент f=1,30.
232. Ад+Тд және Dд+Тд жағдайларында (тек турболы-винталы қозғауыш үшін). Пайдалану жүктемені Ад және Dд жағдайларына сайкес, ал тартымның пайдалану мәнін - ұшудың қаралып отырған жағдайына (Ад немесе Dд) сәйкес аэродинамикалық есептен алған жөн.
233. Нд+Мд жағдайында (тек турболы-винталы қозғауыш үшін).
Нд жағдайын Мд жағдайында көрсетілген қозғалтқыш тартымын ескере отырып қараған жөн.
Қозғалтқыштың оң тартымы әрекеті кезінде қауіпсіздік коэффициенті f=2,00 және теріс тартымы әрекеті кезінде f=1,30.
234. Нд+Тд жағдайы (тек турболы-винталы қозғауыш үшін).
Нд жағдайын Тд жағдайында көрсетілген қозғалтқыш тартымын ескере отырып қараған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
235. Тынымсыз ауада ұшу жағдайы. Тынымсыз ауада ұшқан кезде (Норманың 28 тарауында) қанатты жүктеу үшін берілген сол бір жағдайларда қозғалтқыш жұмыс істеген, істен шыққан кезде де қозғалтқыш қондырғысын жүктеуді қараған жөн. Гондоладағы, капоттағы және пилондағы аэродинамикалық күштерді тартымды, бұраманы қисық үрлеу күші мен реактивтік сәтті, сондай-ақ инерциялық күштерді есепке алған жөн.
Бұдан басқа қозғалтқыштың қондырғысы жүктемелердің динамикалық әрекетін ескере отырып тексерілуге тиіс.
236. Сырғи отырып ұшу жағдайында қозғалтқыш қондырғыны қозғалтқыштың ауырлық пен тартымның күшінен, бұрамаға әрекет ететін аэродинамикалық күштер мен сәттерден (қисық үрлеу күштерден, реактивтік сәттен) және есепті жағдайларда және тік қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде қаралатын (В сырғу бұрыштарында гондалаға, капотқа және пилонға әрекет ететін аэродинамикалық күштерден жүктеуді қараған жөн.
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде винтке аэродинамикалық жүктемелердің шамасын есептер мен арнайы сынақтардың негізінде В көрсетілген мәндеріне сәйкес айқындаған жөн.
Турбореактивтік қозғалтқыштардың қондырғылары үшін қауіпсіздік коэффициенті f=1,50, турбовинттік қозғалтқыштардың қондырғылары үшін f=2,60. Дегенмен нақтыланған есептер мен эксперименталдық деректер болған кезде турбовинттік қозғалтқыштардың қондырғылары үшін қауіпсіздік коэффициенті f=1,50 дейін төменделуі мүмкін.
Тоқталған қозғалтқыштың (теріс тартымымен) винттік кедергісінің күшімен ұшудың барлық режимдерінде максимальді (шың) күшімен қозғалтқыш қондырғысының жүктемесін қараған жөн. Бұраманың қалақтары флюгерлік жағдайға флюгерлеудің тәуелсіз жүйелері болған кезде де белгіленбеуі мүмкін және қалақтардың жағдайы минималды бұрышқа тірелумен шектелетінін алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,30.
31. Қозғалтқыштардың гондолалары, капоттары және ауа жинағыштарды жүктеу жағдайы
237. Гондолалардың, капоттардың, ауа жинағыштардың және олардың элементтерінің беріктігін айқындаған кезде олардың ішкі де, сыртқы да жүктемелерін ескерген жөн.
238. Гондолалардың, капоттардың, жинағыштардың және олардың элементтерінің сыртқы үстіңгі беттерін жүктеу жағдайларында гондолаларға, капоттарға, ауа жинағыштарға және олардың элементтеріне аэродинамикалық жүктемелер М сандары және А', С, D' жағдайларына сәйкес келетін әсер бұрыштары кезінде «тынымсыз ауада ұшу», сондай-ақ тік қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде табылған сырғу бұрыштарында сырғумен ұшу режимдерінде айқындалуға тиіс. Эксперименталдық деректер болмаған жағдайда гондоланың, капоттың, және жинағыштың олардың сыртқы беттеріне жүктемелерді анықтау үшін нұсқауларды пайдалануға рұқсат беріледі.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
Капотты бекіту тораптары үшін f=2,40 қауіпсіздік коэффициентін қабылдау қажет.
239. Гондолалардың, капоттардың және жинағыштардың ішкі беттерін жүктеу жағдайларында қозғалтқышқа ауаны апаратын арналардың барлық ішкі беттерінде біркелкі әрекет ететін үлес жүктеменің (қысымның) шамасын барлық жағдайларда Рyalood=kpadl l тең алған жөн,
мұндағы p.атм Н - осы биіктіктегі атмосфералық қысым,
k- ауаның қысылғынын ескеретін коэффициент, оны осы биіктікте ұшудың М санына қарай 15-суреттегі кесте бойынша анықтаған жөн. Рyalood шамасы арнайы есеппен нақтылануы мүмкін.
Қозғалтқышқа ауаны апаратын арналардың беріктігін, бұдан басқа, орнында қозғалтқыш жұмыс істеген кезде арналарда пайда болатын жүктемелерге тескерген жөн. Арналардың барлық бетіне біркелкі әрекет ететін (Рyalood) үлес жүктеменің шамасы апаратын арналардың есептерінен айқындалатын максимальді келтірілген жылдамдыққа қарай 1-суреттегі кесте бойынша айқындалуға тиіс.
Келтірілген Л жылдамдығы дағдарысты жылдамдыққа арнадағы ағыстың жергілікті жылдамдығының қатысы тең болады. Қозғалтқыш элементтерінің суыту арналары үшін Рyalood максимальді үлес жүктемелердің шамалары (қысымы немесе сиретілу) ауаның қысылуын ескере отырып эксперименталдық деректердің негізінде анықталуға тиіс. Осындай материалдар болмаған кезде үлес жүктемелердің шамалары жоғарыда көрсетілгендей қозғалтқышқа ауаны апаратын арналар үшін алынуға тиіс.
Ескертпе: Қозғалтқыш арналарын +рвнутр жүктемемен жүктеген кезде арна қабырғаларының деформациясы арна қиылысының қандайда бір кенеттен өзгеруіне және оның конфигурациясының винттеріне, сондай-ақ жекелеген панельдер арасында қосушы жіктерінің герметикалығы бұзылмауға тиіс.
15-сурет.
16-сурет.
240. Помпаж жағдайында қозғалтқышқа ауа апаратын арналар ауа жинағыштар механизациясының элементтері (жармалар және т.б.) помпаж пайда болуы мүмкін V < Vmax max кезінде барлық режимдерде козғалтқыштың помпаж жағдайына тексерілуге тиіс. Бұл ретте жүктемелер әрекетінің динамикалығын назарға алған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=1,20.
241. Бұрамалардың коктарына жүктемелерді М есептік саны кезінде аэродинамикалық трубалардағы сынақтардың нәтижелері бойынша айқындаған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
32. Флюзеляжға күш түсу жағдайы
242. Фюзеляжді жүктеудің негізгі жағдайлары.
Фюзеляждің беріктігін қанатты, артқы қауырсындануды және қозғалмалы қондырғыны (соңғысы фюзеляжда болған кезде) жүктеудің барлық жағдайларына сәйкес қараған жөн, оның үстіне пайдалану жүктемелер мен қауіпсіздік коэффициенттері қаралып отырған жағдайларға тиісінше алынады.
Фюзеляжді жүктеудің қаралып отырған жүктеу жағдайларына сәйкес алынатын жүктемелер мен қауіпсіздік коэффициенттері кезінде сондай-ақ шассиді жүктеудің барлық жағдайларында (симметриялы және симметриялы емес) тексерілуге тиіс; бұл ретте, барлық жағдайларда инерциялық күштерден басқа ӘК тиісті көтермелі күшін ескерген жөн.
Бұдан басқа, фюзеляждің беріктігі ӘК динамикалық жүктеу жағдайларына тексеріледі.
Фюзеляждің жергілікті беріктігін жүктемелер М сандары және А', С, D' жағдайларына сәйкес келетін әсер ету бұрыштары кезінде «тынымсыз ауада ұшу», сондай-ақ сатылас қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде табылған сырғу бұрыштарында сырғумен ұшу режимдерінде тексерген жөн.
Жергілікті беріктікті тексеру үшін қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
243. Фюзеляжді қосымша жүктеу жағдайлары.
Нф жағдайында сатылас және бүйірлі жазықтықтарда инерциялық күштермен фюзеляждің тұмсықтық бөлігін (тұмсығынан қанаттың бірінші лонжеронына дейін) жүктеуді қараған жөн.
Есептік схемада фюзеляждің тұмсықтық бөлігі бірінші лонжеронда жасалғанын алған жөн.
Пайдалану сатылас жүктелім nэу =1,00.
Пайдалану бүйірлі жүктелімді S<80 м2 қанатының көлемімен ӘК үшін nэн =±1,50 және S>100 м2 қанатының көлемімен ӘК үшін nэн=+1,00 тең алған жөн.
80 м2 <S<100 м2 үшін nyi-ді оның S=80 және 100 м2 мәндерінің арасында сызықтық интерполяциямен айқындаған жөн.
Қауіпсіздік коэффициенті f=2,00.
244. Кф жағдайында (алдыңғы доңғалағымен шассиі бар ӘК үшін қаралмайды). ӘК 17-суретте көрсетілген жағдайда қараған жөн.
ӘК ауырлығының орталығында жерге қалыпты nэEgmnoc тең күш салынған, мұндағы nэE- Еш.пос жағдайының жүктелімі. Шассидің негізгі тіректеріне (Рэ) және ӘК (Nэ) алдыңғы бөлігіне әрекет ететін пайдалану жүктемелерді статикалық тепе-теңдік жағдайынан анықталады.
17-сурет.
245. Мф жағдайы (суға мәжбүрлі қону). Фюзеляждің және олар бұзылған кезде жолаушылар мен экипаж ӘКн шығу үшін қажетті уақыт ішінде ӘК қалқымалылығы қамтамасыз етілмейтін сол бір люктердің, терезелердің және есіктердің жергілікті беріктігін қамтамасыз ету қажет.
Барынша нақты деректер болмаған кезде есептік жүктемелерді үлестіру (фюзеляж бетіне қалыпты қысымдар) 18-суретке сәйкес алынады.
18-сурет.
246. Фюзеляж конструкциясының элементтерін жүктеу жағдайларында экипаж кабинасының шамдарына аэродинамикалық жүктемелерді М саны және А' жағдайларының әсер ету бұрыштары кезінде «тынымсыз ауада ұшу», сондай-ақ тік қауырсындануға жүктемелерді айқындаған кезде табылған сырғу бұрыштарында сырғумен ұшу режимдерінде тексерген жөн.
Алдыңғы әйнектердің беріктігін сондай-ақ С жағдайына тексерген жөн. Бұдан басқа, А' және «тынымсыз ауада ұшу» жағдайларында экипаж кабинасы шамдарының беріктігі шамның көлденең қиылысы жүктемені симметриялы емес бойынша үлестіру кезінде тексерілуге тиіс. Бұл ретте, шамның бір жартысынан алу, ал басқасына симметриялы үлестіру кезінде шамның бір жартысына келетін жүктеменің 10% қосқан жөн.
Ескертпе 1: даланудың оң қысымының шамасы экипаж кабинасының ішінде сиретілу мүмкіндігі есебінен 0,3 qmax max -ке көбейтілуге тиіс.
Ескертпе 2: Егер шам фюзеляждің конструкциясы күштік бөлігінің жұмысына іске қосылса, оның беріктігі қауіпсіздіктің тиісті коэффициенттерімен фюзеляжді жүктеудің барлық жағдайларына тексерілуге тиіс.
Герметикаланған кабиналар.
Герметикалық кабинадағы максимальді қысым.
Герметикалық кабинадағы максимальді пайдалану қысымды рэизб = 1,15рклизб тең, бірақ кемінде 1,3ррабизб алған жөн, мұндағы рклизб - шығарушы сақтандырғыш клапан-автоматтың ашылуына сәйкес келетін артық қысым;
ррабизб - кабинадағы ең жоғары артық жұмыс қысымы.
Гермитикалыққа фюзеляждарды сынақтан өткізген кезде (жаңаларды да, жөндеуден кейін де) нығыздау қысым максимальді пайдалану қысымнан аспауға тиіс.
Герметикалық кабинаның ішінде сиретілу.
247. рэразр = - 0,3 qmах mах, бірақ кемінде 4900 Па (500кгс/м2) алған жөн.
248. Герметикалық кабинаның беріктігін:
кабинаның ішінде рэизб =1,15 ррабизб артық қысымның және неғұрлым қолайсыз ұшу жағдайларында пайдалану жүктемелердің (оның ішінде кабина мен шамның сыртқы бетіне аэродинамикалық күштердің) әрекетінен ӘК бір бөлігіне сияқты герметикалық кабинасына келетін күштердің бірлескен әрекетіне;
pэразр кабинасында сиретілу және 25%-ке кемітілген пайдалану жүктемелердің (оның ішінде кабина мен шамның сыртқы бетіне аэродинамикалық күштердің) әрекетінен ӘК бір бөлігіне сияқты герметикалық кабинасына келетін неғұрлым күштердің бірлескен әрекетіне тексеру қажет.
рэразр = - 0,22 qmах mах, бірақ кемінде 4900 Па (500кгс/м2) алған жөн.
ӘК қысымның (сиретілудің) кері күрт түсуін шектейтін сенімді әрекет етуші жүйесі болған кезде рэразр ретінде 1,15 рклразр алынуы мүмкін, мұндағы рклразр - көрсетілген шектеу жүйесінің жұмыс істеуіне сәйкес келетін сиретілу шамасы.
249. Герметикалық кабиналардың терезелеріне, шамдарының әйнектеріне, люктары қақпақтарына және есіктеріне жүктемелер. Терезелер, шамдардың әйнектері, люктардың қақпақтары және есіктер, фюзеляжға герметикалық кабиналары осы бөліктерінің бекітпе элементтерін қоса ұшуда осы бөліктерге әрекет ететін неғұрлым аэродинамикалық жүктемелердің комбинациясында «Герметикалық кабинадағы максимальді қысым» және «Герметикалық кабинаның ішінде сиретілу» жағдайларына тексерілуге тиіс.
Қауіпсіздік коэффициент f=2,00.
Бұдан басқа, герметикалық кабиналардың көрсетілген бөліктері қауіпсіздік коэффициенті f=2,00 кезінде ржұмарт жұмыс артық қысымына тексерілуге тиіс.
Ескертпе: Сиретілуге герметикалық кабиналар терезелерінің беріктігін ауаның сыртқы температурасы минус 60 0С, ал кабина ішіндегі температура 20 0С жағдайы болған кезде айқындаған жөн.
250. Егер фюзеляждің герметикалық бөлігі жекелеген бөліктерге бөлінсе және осы орайда кенеттен герметизациясыздандыру болған кезде бөліктер арасындағы қысымды теңестіретін ауаны қайта іске қосу жүйесі орнатылмаса, онда әрбір бөліктің беріктігі кез келген көршілес бөлік герметизациясыздандырылған болжаммен ржұмарт жұмыс артық қысымның әрекетіне қосымша қамтамасыз етілуге тиіс. Қайта іске қосу жүйесі бар болған кезде пайдалану қысымы ол арқылы герметизациясыздандыру болатын тесік көлеміне және қайта іске жүйесі сипаттамаларына байланысты анықталады. Қауіпсіздік коэффициенті f=1,30.
ӘК экипажын қорғайтын кабина шамының маңдайлық әйнектері, сондай-ақ осы әйнектерді ұстайтын конструкция элементтері неғұрлым қолайсыз температуралық жағдайларда 1,8 кг салмағымен құстың соғылуына шыдауға тиіс. Бұл ретте, бір біріне соғылысудың есептік шынайы жылдамдығы биіктікті алу, төмендеу және бағыт бойынша ұшу жылдамдықтардың 0-ден 2500 м дейін биіктіктер үшін Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың ұсынылғандардан ең жоғарғысынан 10% асатын жылдамдық алынуға тиіс. Бірақ Vmax э не мәніне неғұрлым сәйкес келетін бір біріне соғылысу жылдамдығы алынбайды.
33. Басқаруды жүктеу жағдайы
251. Төменде қолмен де, бустерлік те басқару кезінде басқару тартылымының механикалық бөлігінің элементтеріне қойылатын талаптар келтірілген. Бұл ретте, егер қауіпсіздіктің шамалы коэффициенті көрсетілмесе, есептік жүктемені f=2,0-ден айқындаған жөн.
252. Егер басқару жүйесінде тартымдағы күштерді азайтуға арналған арнайы құрылғылар орнатылса, беріктікті тексеру үшін көрсетілген құрылғылардың болуын есепке алуды рұқсат етіледі; бұл ретте, есептік жағдайларды дайындаушы - мемлекеттің құзыретті органының келісімі бойынша дайындаушы белгілейді.
Рульдерді, элерондарды, жалғас қанатшаларды және алғы қанатшаларды басқару (тұрақтандырғышымен, басқарылатын) бөлшектердегі күштер олардың бейтарап (жиналған) жағдайында, шеткі және, егер осы жағдайда күштер көп болса, кез келген аралық жағдайларында айқындалуға тиіс.
Басқа барлық жағдайларда басқару тартым арқылы өзара теңестірілетін топсалы сәттің симметриялы (элерондар үшін) немесе асимметриялы (деңгейлес және екікильдік сатылас қауырсындау үшін) бөлігінен тартымда пайда болатын және тұтқаға (штурвалға) немесе басқышқа берілмейтін қосымша күштерді ескеру қажет.
253. Басқару жүйесінде қосалқы және автоматты құрылғылар болған кезде (бустер, автопилот, орнықтылық мен басқарылатын автоматтар, берілетін сандар өзгерісінің автоматы және басқа да) басқару бөлшектеріндегі күштер осы құрылғылар әрекетінің ескере отырып айқындалуға тиіс.
Қайтарусыз бустерлі басқару кезінде оларға сәйкес бустер мен басқару органының арасындағы басқару элементтерінің беріктілігі тексерілуге тиіс пайдалану топсалық сәттің Mэш және қауіпсіздік коэффициентінің мәндері мынадай сипатта:
1) тынымсыз ауада ұшқан кезде рульдер мен элерондарды жүктеу, қозғалтқыштар тоқтаған кезде бағыт рулінің жағдайларынан басқа элерондарды, бағыт және биіктік рульдерін, жалғасқанатшаларды және алғы қанатшаларды жүктеудің барлық жағдайларында
- егер Маэр > Мбуст+қос, f=2,0 қауіпсіздік коэффициенті
кезінде Mэш = Мбуст+ қос;
- егер Маэр > Мбуст+ қос f=2,0 қауіпсіздік коэффициенті
кезінде Mэш = Маэр немесе f=1,5 қауіпсіздік коэффициенті кезінде Mэш = Мбуст+доб қайсысы көп;
2) тынымсыз емес ауада рульдер мен элерондарды f=1,5 қауіпсіздік коэффициенті кезінде Mэш = Маэр қозғалтқыштар тоқтағанда бағыт рульдерін жүктеу жағдайларында айқындалады.
Маэр шамасы үшін оларды жүктеу қаралып отырған жағдайларда басқару органдарына әрекет ететін аэродинамикалық күштерден пайдалану топсалы сәтті (теңестіргенге дейін) алған жөн.
Mбуст+қос шамасы үшін гидрожүйеде, атаулы қысым және тұтқадан (штурвалдан, басқыштан), автоматты құрылғылардан және т.б. сәтті ескере отырып шток орнын ауыстыруының нөлдік жылдамдығы болған кезде бустер дамытатын максимальді сәтін алған жөн; екі камералық бустерлер болған кезде екі камерада дамытатын сәтті қараған жөн.
Ескертпе. Басқарылатын стабилизатор үшін Маэр айқындаған кезде жүктеудің барлық жағдайларында хд қысым орталығының жағдайын (хисп- 0,03) < хд < {хисп+ 0,03) диапозонында қараған жөн, мұндағы хиспаэродинамикалық трубалардағы сынақтардың нәтижелері бойынша айқындалған хд мәні.