6) көліктегі сақтандыру жағдайы туралы акті жасауға;
7) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты адамға кері талап қою құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
3. Осы баптың 2-тармағының 4), 5) және 7) тармақшаларында аталған сақтанушының міндеттері сақтандыру жағдайы басталған сәтте көлік құралын тікелей жүргізген адамға жүктеледі.
14-бап. Сақтандырушының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандырушы:
1) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтанушыдан, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына енгізу үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандырудың осының алдындағы шарттары, сақтандыру жағдайлары және сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты беруін талап етуге;
2) тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретіне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактісін және жәбірленушілерге келтірілген зиянның мөлшерін растайтын құжаттарды сұратуға;
3) көлік оқиғасының себептерін және өзге де мән-жайларын анықтау үшін жәбірленушінің зақымдалған (жойылған) мүлкіне бағалау жүргізуге;
4) жәбірленушінің денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянның мөлшерін бағалау және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
5) осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайларда келтірілген зиян үшін жауапты тұлғаға кері талап қоюға;
6) осы Заңның 24-бабында көзделген негіздер бойынша сақтандыру төлемін толық немесе ішінара жүзеге асырудан бас тартуға құқылы.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына қайшы келмейтін басқа да құқықтары көзделуі мүмкін.
2. Сақтандырушы:
1) сақтанушыны (сақтандырылушыны) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру талаптарымен таныстыруға, оның тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
2) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқаннан кейін сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисін беруге;
3) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезде оны шұғыл түрде тіркеуге;
4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабар алынған кезден бастап жеті жұмыс күні ішінде сақтанушының немесе оның өкілінің өтініші бойынша келтірілген зиянның мөлшеріне бағалау жүргізуге, сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабын көрсете отырып сақтандыру актісін жасауға және оны танысу үшін пайда алушыға ұсынуға;
5) сақтандыру жағдайы басталған кезде осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жасауға;
6) сақтанушыға (сақтандырылушыға) олардың сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатымен жұмсаған шығыстарын өтеуге;
7) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттері көзделуі мүмкін.
15-бап. Жәбірленушінің құқықтары
1. Жәбірленуші:
1) сақтандырушыға сақтанушының (сақтандырылушының) жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдауды жүзеге асыруы нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлауға;
2) сақтанушының (сақтандырылушының) орнына сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды жинауға және оларды сақтанушымен (сақтандырылушымен) тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан сақтандырушыға беруге;
3) денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау үшін тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға;
4) сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған, келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелерімен және сақтандыру төлемі мөлшерінің есеп-қисабымен танысуға;
5) осы Заңда белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін алуға;
6) сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы немесе оның мөлшерін азайтуы туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен дау айтуға;
7) келтірілген зиян сомасының алынған сақтандыру төлемі сомасынан асатын мөлшерінде келтірілген зиянды өтеу туралы тасымалдаушыға талап қоюға құқылы.
2. Осы Заңда көзделген жайларда, жәбірленушінің осы баптың 1-тармағында белгіленген құқықтары пайда алушылар ретінде әрекет етуші өзге тұлғаларға өтеді.
4-тарау. Сақтандыру сыйлықақылары
16-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
1. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асырған кезде көлік құралының әр бірлігі үшін жылдық сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерлері белгіленеді (айлық есептік көрсеткіштермен):
Рет N | Көлік құралының атауы | Жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері |
1. | Автомобиль көлігі | |
| 1) жеңіл автомобильдер, автобустар, шағын автобустар жолаушылар орны 4-ке дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 4-тен 7-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 7-ден 16-ға дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 16-дан 30-ға дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 30-дан көп 2) трамвайлар, троллейбустар | 3 5 11,5 16 23 7 |
2. | Әуе көлігі | |
| 1) ұшақтар жолаушылар орны 50-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 50-ден 120-ға дейін жолаушылар орны 120-дан 200-ге дейін жолаушылар орны 200-ден көп 2) тікұшақтар | 400 990 2180 3820 135 |
3. | Теңіз көлігі | |
| жолаушылар орны 50-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 50-ден 100-ге дейін жолаушылар орны 100-ден 150-ге дейін жолаушылар орны 150-ден 300-ге дейін жолаушылар орны 300-ден көп | 50 100 150 300 530 |
4. | Ішкі су көлігі | |
| жолаушылар орны 50-ге дейін, қоса алғанда жолаушылар орны 50-ден 100-ге дейін жолаушылар орны 100-ден 150-ге дейін жолаушылар орны 150-ден 300-ге дейін жолаушылар орны 300-ден көп | 17,5 35 50 90 160 |
2. Темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау бойынша іске асырылатын қызмет көрсетуден түскен, тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартының қолданылу күшінің кезеңі ішінде тасымалдаушының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша алған (алуға тиіс) кіріс сомасының 0,2 процентін құрайды, бір ай ішінде алынған (алынуға тиіс) кірістен ай сайынғы жарналар түрінде төленеді.
3. Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын он екі айдан кем мерзімге жасасқан кезде сақтандыру сыйлықақыларының мынадай мөлшерлері белгіленеді:
Рет N | Сақтандыру мерзімі | Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (жылдық сақтандыру сыйлықақысынан процент есебімен) |
1 | 2 | 3 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 | 1 айға дейін, қоса алғанда 1 айдан 2 айға дейін, қоса алғанда 2 айдан 3 айға дейін, қоса алғанда 3 айдан 4 айға дейін, қоса алғанда 4 айдан 5 айға дейін, қоса алғанда 5 айдан 6 айға дейін, қоса алғанда 6 айдан 7 айға дейін, қоса алғанда 7 айдан 8 айға дейін, қоса алғанда 8 айдан 9 айға дейін, қоса алғанда 9 айдан 10 айға дейін, қоса алғанда 10 айдан 11 айға дейін, қоса алғанда 11 айдан жоғары | 20 30 40 50 60 70 75 80 85 90 95 100 |
Осы тармақтың күші темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушымен жасасқан тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартына қолданылмайды.
17-бап. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін ұлғайту
1. Темір жол тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша, бірақ тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қолданылатын кезеңнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушылар мен олардың мүлкін тасымалдаудан алынған (алынуға тиіс) кіріс сомасының 0,5 процентінен аспайтын мөлшерге дейін ұлғайтуы мүмкін.
2. Темір жол тасымалынан басқа, жолаушылар тасымалының өзге де түрлерін жүзеге асыратын тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандырушы осы Заңның 16-бабының 1-тармағында көзделген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін өзі жүргізген сақтандыру тәуекелін бағалаудың нәтижелері бойынша көбейтуі мүмкін, бірақ ол елу проценттен аспауға тиіс.
18-бап. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен мерзімдері
1. Сақтандыру сыйлықақысын төлеудің тәртібі мен мерзімдері тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында белгіленеді.
2. Егер тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысын төлем мерзімін ұзартып төлеу көзделсе, онда сақтанушының кезекті сақтандыру жарнасын төлемеуі сақтандырушының осы шартты мерзімінен бұрын тоқтатуы үшін негіз бола алмайды.
3. Кезекті сақтандыру жарнасы уақтылы төленбеген жағдайда сақтанушы сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353-бабында белгіленген тәртіппен және мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
5-тарау. Сақтандыру жағдайын, келтірілген зиянның және
сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
19-бап. Сақтандыру жағдайын және келтірілген зиянның мөлшерін айқындау
1. Тасымалдау кезінде жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру жағдайы деп танылады.
2. Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға оның қайтыс болуына, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуына байланысты зиянның материалдық көрінісі жатады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшері тиісті ұйымдар берген құжаттар негізінде осы Заңға сәйкес айқындалады.
3. Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян жолаушының тасымалдаушы тасымалдауға қабылдап алған және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы), тасымалдау кезінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің (багаж) құнын қамтиды.
Багаж және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар тасымалдаушының кінәсінен жоғалған, жетіспеген және (немесе) зақымдалған (бүлінген) кезде келтірілген зиянның мөлшері мынадай түрде:
1) багаж, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар жоғалған немесе жетіспеген жағдайда - жоғалған немесе жетіспеген багаждың және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы) заттардың құны мөлшерінде;
2) багаж, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттар зақымдалған (бүлінген) жағдайда - олардың төмендеген құны сомасының мөлшерінде, ал зақымдалған багажын, сондай-ақ жолаушының жанындағы (қолындағы) заттарды қалпына келтіруге мүмкіндік болмаған кезде - олардың құны мөлшерінде;
3) тасымалдауға құны жарияланып тапсырылған багаж жоғалған жағдайда - багаждың жарияланған құны мөлшерінде айқындалады.
4. Сақтандыру жайының басталуын, сондай-ақ оларға келтірілген зиянның мөлшерін дәлелдеу сақтанушының (сақтандырылушының) мойнында болады.
Сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының немесе оның өкілінің жазбаша өтінішімен сақтандырушы айқындайды.
5. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшеріне сақтандырушы немесе тәуелсіз сарапшы жасаған бағалаудың нәтижелерімен келіспеген жағдайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші зиянның мөлшерін бағалау үшін басқа тәуелсіз сарапшыға жүгінуге құқылы. Бұл орайда, сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбірленуші шеккен шығындар, егер жүргізілген бағалаудың негізділігі мен объективтілігін сақтандырушы мойындаса немесе сот белгілейтін болса, сақтандырушы сақтандыру төлемінің жүзеге асырылғанына қарамастан, өтеуге тиіс.
6. Егер сақтанушы немесе тәуелсіз сарапшы өздері сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарды алғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлікті тиісті қарауды және мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалауды сақтандыру актісін жасай отырып жүргізбеген болса, онда сақтанушы (сақтандырылушы) не жәбірленуші тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтерді пайдалануға және мүлікті қалпына келтіруді (кәдеге жаратуды) бастауға құқылы. Бұл ретте сақтандырушы, егер зақымдалған (жойылған) мүлікті уақтылы бағалаудың мүмкін болмағандығы дәлелді себептерге (осы мүлік иесінің қайтыс болуы, сырқаттануы) байланысты екендігін не сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбірленушінің мүлікті бағалауға ұсынудан жалтаруына байланысты кінәсі бар екендігін дәлелдей алмаса, мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалаудың нәтижелеріне дау айтуға құқылы емес.
20-бап. Сақтандыру төлемінің мөлшерін айқындау
1. Бір сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі мынаны құрайды (айлық есептік көрсеткішпен):
1) теңіз және әуе тасымалы бойынша:
әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуға - 2000;
мүгедектің:
I тобы белгіленсе - 1600;
II тобы белгіленсе - 1200;
III тобы белгіленсе - 800;
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс;
әрбір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 250-ден көп емес;
2) темір жол, ішкі су және автомобиль тасымалы бойынша:
әрбір жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін және ол мыналарға әкеп соқса:
қайтыс болуға - 1000;
мүгедектің:
I тобы белгіленсе - 800;
II тобы белгіленсе - 600;
III тобы белгіленсе - 400;
мертігуге, жарақаттануға немесе денсаулықтың мүгедектік белгіленбейтін өзге де зақымдалуына - амбулаториялық және (немесе) стационарлық емделуге жұмсалған нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ 200-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемінің мөлшері стационарлық емделудің әрбір күні үшін кемінде 1,5 айлық есептік көрсеткішті құрауға тиіс;