2. Керек-жарақтарды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кедендік баждар, салықтар төленбей және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай жүзеге асырылады.
3. Осы тараудың ережелері жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін қолданатын көлік құралдарындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.
476-бап. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операцияларды жасау ерекшеліктері
1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде керек-жарақтарға қатысты кедендік операциялар келу орындарында, кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде - халықаралық тасымалдауды бастау орындарында не кету орындарында жүргізіледі.
2. Керек-жарақтар тауарларды кедендік рәсімдермен орналастырмай кедендік декларациялауға жатады.
Керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларация ретінде тауарларға арналған декларация, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттар пайдаланылуы мүмкін.
Керек-жарақтарды кедендік декларациялау кезінде кедендік декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтердің тізбесі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
3. Керек-жарақтарға қатысты кедендік операциялар тіркелген еліне немесе су, әуе кемелерінің немесе поездардың ұлттық тиесілігіне қарамастан, бірдей жасалады.
477-бап. Керек-жарақтарды пайдалану
1. Жолаушылардың және су кемелерінің экипаж мүшелерінің тұтынуына арналған керек-жарақтар және осы кемелерді қалыпты пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті керек-жарақтар, егер экипаж осы уақытта кемені тастап кетпесе, жолаушылардың және экипаж мүшелерінің санына, сондай-ақ аялдау ұзақтығына тиісті мөлшерде олардың кеден одағының кедендік аумағында болуы, соның ішінде су кемелерін докта, верфьте немесе кеме жөндеу зауытында жөндеу кезінде осы кемелерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.
2. Әуе кемелерінің кеден одағының кедендік аумағында орналасқан бір әуежайға немесе бірнеше әуежайға жоспарланған қонуы кезінде осы кемелерді қалыпты пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге арналған керек-жарақтар және әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде экипаж мүшелерінің және жолаушылардың тұтынуына арналған керек-жарақтар әуе кемелерінің қону пункттерінде болуы кезінде және олардың арасында ұшу кезінде пайдаланылуы мүмкін.
3. Әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаж мүшелеріне сатуға арналған керек-жарақтар, оларды осы кемелердің борттарында пайдалану мақсатынсыз сату осы кемелердің борттарында жүзеге асырылған жағдайда әуе кемелерінің кеден одағының кедендік аумағында болуы кезінде сатылуы мүмкін.
4. Поездар жолаушыларының және поезд бригадалары жұмыскерлерінің пайдалануына арналған керек-жарақтар және осы поездарды қалыпты пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету үшін қажетті керек-жарақтар осы поездардың жүру жолында немесе аралық тоқтау не кеден одағының кедендік аумағында тұру пункттерінде жолаушылардың және поезд бригадалары жұмыскерлерінің санына, сондай-ақ тұру ұзақтығына және жолда болу уақытына сәйкес мөлшерде тұтынылуы және пайдаланылуы мүмкін.
5. Кеден органдары тасымалдаушыны су кемелерінің, әуе кемелерінің немесе поездардың кеден одағының кедендік аумағында болуы кезінде осы тарауда көзделген керек-жарақтарды пайдаланудың шарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қолдануға міндеттеуге құқылы. Кеден органының шешімі бойынша керек-жарақтар сақталатын орын кедендік пломбалар мен мөрлерді қою жолымен мөрленуі мүмкін.
6. Егер осы тарауда көзделген шарттар сақталса, кеден органының рұқсатымен керек-жарақтар уақытша түсірілуі, тиісінше жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын басқа да кемелерге немесе басқа да поездарға берілуі мүмкін.
7. Керек-жарақтарды осы тарауда көзделмеген мақсатта пайдалануға олар ішкі тұтыну немесе экспорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылған кезде жол беріледі.
8-бөлім. Кеден органдарында қызмет өткеру тәртібі
58-тарау. Кеден органдарында қызмет өткеру тәртібі
478-бап. Кеден органдарындағы қызмет
1. Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өз құзыреті шегінде кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметінің арнайы түрі болып табылады.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кеден органдарында қызмет өткеру тәртібі осы Кодекспен, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, сондай-ақ осы Кодекске, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.
479-бап. Кеден органдарына қызметке қабылдау
1. Кеден органдарына қызметке Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті, өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім деңгейі жағынан өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті азаматтары қабылданады.
2. Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) тиісті лауазымдарды атқару үшін денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптар біліктілік талаптарында белгіленген жағдайларда, лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін аурулардың жоқ екені туралы медициналық мекеме қорытындысының болуы;
2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгілеген біліктілік талаптарына сәйкес болуы қажет.
3. Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей, үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен айқындалатын негіздер бойынша, сондай-ақ жағымсыз себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.
5. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
480-бап. Жаңадан қабылданғандардың кеден органдарында қызмет өткеру ерекшеліктері
Кеден органдарына қызметке жаңадан қабылданған, орналасқан адамдар кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағылымдамадан өтеді.
481-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
2. Кеден органдарының өзге лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалады және қызметінен босатылады.
3. Кеден органдарының лауазымды адамдарына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметтік куәлік пен жеке нөмірлі мөр беріледі.
482-бап. Кеден органы лауазымды адамының анты
Кеден органының лауазымды адамы кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан халқына адал болуға ант береді.
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 483-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
483-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі
1. Құқық қорғау органдарының функцияларын атқаратын кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.
Құқық қорғау органдарының функцияларын атқаратын кеден органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін және соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
3. Нысанды киімнің және нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Нысанды киім және нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
484-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
485-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
486-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
487-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
488-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
489-бап. Кеден органының лауазымды адамын ротациялау тәртібі
1. Кеден органының лауазымды адамына сол кеден органында не сол жердегі басқа кеден органына немесе басқа жерге қызметке ротациялау кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, кедендердің, мамандандырылған кеден мекемелерінің басшылары және олардың орынбасарлары атқаратын басшылық қызметінде үздіксіз болғанына бес жыл өткеннен кейін сол кеден органында не басқа кеден органына ротациялануға жатады.
3. Кеден органының лауазымды адамын басқа жерге қызметке ротациялаған кезде оған өтем төлеу және аталған лауазымды адамға өзге де шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
490-бап. Кеден органдарында қызметті тоқтату үшін негіздер
1. Кеден органдарындағы қызметті тоқтату үшін мынадай жағдайлардың бірі:
1) осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен кеден одағы лауазымды адамының жұмыстан босатылуы;
2) кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуы;
3) кеден органы лауазымды адамының Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылуы;
4) кеден органы лауазымды адамының қайтыс болуы;
5) кеден органы лауазымды адамының мемлекеттік қызметте болуына байланысты міндеттерді және шектеулерді сақтамауы;
6) кеден органының лауазымды адамына қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы негіз болып табылады.
2. Кеден органдарының лауазымды адамдары:
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) штаттың қысқартылуына байланысты;
3) өз қалауы бойынша;
4) аттестаттау нәтижелері бойынша белгіленген қызметке сәйкес еместігіне байланысты;
5) сынақ мерзімі ішінде кеден органдарындағы қызметке жарамсыздығы анықталған жағдайда;
6) кеден органының лауазымды адамы беделін түсіретін әрекет жасаған кезде;
7) кеден органының лауазымды адамы қызмет тәртібін үнемі бұзғаны үшін;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жұмыстан босатылады.
3. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
59-тарау. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60-тарау. Кеден органдарының лауазымды адамдарын материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау
496-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбекақы төлеу
1. Кеден органдарының лауазымды адамдарына ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін, бюджет қаражаты мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылатын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі негізінде белгіленеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақшалай қаражатты, қызмет атқарудың ерекше жағдайлары үшін үстеме ақыны қамтиды.
2. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
497-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын көтермелеу
2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қызметтік мiндеттерiн үлгілi орындағаны және қызметтегі жоғары көрсеткіштері үшiн кеден органдарының лауазымды адамдарын көтермелеудің мынадай түрлерi:
алғыс жариялау;
бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
бағалы сыйлықпен марапаттау;
Құрмет грамотасымен марапаттау;
«Кеден қызметінің үздiк қызметкері» төс белгiсiмен марапаттау;
«Кеден қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» Құрмет белгiсiмен марапаттау;
«Кеден органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3, 2, 1-дәрежелі ведомстволық медалімен марапаттау;
«Кедендік ынтымақтастықты дамытқаны үшін» ведомстволық медалімен марапаттау;
«Кеден қызметінің ардагері» ведомстволық медалімен марапаттау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де көтермелеу нысандары көзделеді.
2. Көтермелеу ретiнде бұрын берілген тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастау қолданылуы мүмкiн.
498-бап. Кеден органы лауазымды адамының демалысы
Кеден органдарының лауазымды адамдарына екі лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күн жыл сайынғы ақы төленетін демалыс берiледi.
499-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру
Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
500-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
501-бап. 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
502-бап. Кеден органдарының лауазымды адамдарына, оның ішінде зейнеткерлікке шыққан адамдарға медициналық қызмет көрсету
Кеден органының лауазымды адамдары және олармен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан адамдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады.
61-тарау. Кеден органдарының және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығы
503-бап. Кеден органдарының жауаптылығы
1. Кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актілерді шығаруы салдарынан келтірілген зиян кеден органдарының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуіне жатады.
504-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының жауаптылығы
Кеден органдарының лауазымды адамдары заңсыз шешімдері, іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және өзге де жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы маусымның 30-ы.
№ 296-IV