2. Келісім мәні, мақсаттары мен міндеттері
2.1 Осы Келісімге сәйкес _____ қаржы жылына арналған _______ бюджеттік бағдарлама бойынша ________ бюджетте көзделген нысаналы трансферттер шегінде тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша міндеттемені ЖТББӘ береді, ал Әкім өзіне қабылдайды.
2.2 Мақсаттар:
2.2.1
2.2.2
2.3 Міндеттер:
2.3.1
2.3.2
2.4 Тікелей нәтижелер:
2.4.1
2.4.2
(Мысал: магистралдық газ құбырын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемін орындау және оны белгіленген тәртіппен қаржыландыру, магистралды газ құбырын салуды іс жүзінде аяқтау және оны пайдалануға тапсыру жылу энергетикалық жүйесінің (магистралды газ құбырының) объектісін салуға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тікелей нәтижелер болып табылады.
Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша халыққа иммунопрофилактика өткізу, ересек гемотологиялық ауруларды химиялық терапиямен қамсыздандыру, халықты вакциналауды қамту және т.б.) тікелей нәтижелер болып табылады.
2.5 Түпкілікті нәтижелер:
2.5.1
2.5.2
(Мысал: жылу энергетика жүйесінің объектілері бойынша аймақты тұрақты газбен қамтамасыз ету, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру, өндірісті дамыту мен жұмыс орындарын құру түпкілікті нәтиже болып табылады
Дәрілік заттарды вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып any бойынша халықтың ауруға шалдығу көрсеткіштерін төмендету, күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыру, медициналық қызметтердің сапасына шағымдарды төмендету және т.б.) түпкілікті нәтиже болып табылады.
3. Нысаналы трансферттердің сомасы және төлем тәртібі
3.1. ______ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)/аудан (облыстық маңызы бар қала) үшiн ______ бюджеттiк бағдарламасы бойынша нысаналы трансферттiң сомасы _______ мың теңгенi құрайды.
3.2. ЖТББӘ-нiң ________ облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi кiрiсiне нысаналы трансферттiң сомасын аударуы:
1) ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша айдың (қаңтар, 25-күнiнен кешiктiрмей) бiрiншi 5 жұмыс күнiнде;
2) нысаналы даму трансферттерi бойынша аударымдар осы Келiсiмнiң 3.3-тармағына сәйкес 5 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
3.3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансфертті төменгі тұрған бюджеттің кірісіне аудару үшін мынадай құжаттар қажет:
- Нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы Келісім;
- төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары.
4. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4.1. Әкім:
- осы Келісімде келтірілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді толық көлемде және кепілдендірілген сапада, уақтылы қамтамасыз етуге;
- 10-тармақта көрсетілген мерзімде және нысанда ЖТБНӘ-ге тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы есепті ақпарат беріп отыруға;
- қызметтің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауға;
- мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған көрсеткіштеріне барынша табысты қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті шараларды, оның ішінде қосымша іс-шараларды өткізуге;
- тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді уақтылы, тиімді және мақсатқа сай пайдалануға;
- жоғары тұрған бюджеттен нысаналы дамуға арналған трансферттері есебінен қаржыландырылатын әрбір жаңа жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;
- республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен орындалатын іс-шаралармен байланысты шығыстарды, объектілердің техникалық параметрлері, өндірістік қуаттары өзгерген жағдайларда жергілікті бюджеттен қаржыландыруға;
- өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттердің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруға;
- өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттердің сомасын және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға;
- өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің сомасы, ол бойынша ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган шешім қабылдамаса, жыл басына арналған бюджеттік қаражат қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға;
- мемлекеттік қаржылық бақылау органы нысаналы трансферттер сомасының мақсатқа сай пайдаланылмағанын айқындаған жағдайда, бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін бір ай ішінде осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтаруға міндеттенеді.
4.2. Әкімнің:
- ЖТББӘ-нен нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуын талап етуге;
- ЖТББӘ-нен нысаналы трансферттердің уақтылы аударылмаған жағдайда бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін (аудан әкімі, бірінші басшы - облыс әкімін) хабардар етуге;
- өткен қаржы жылында республикалық немесе облыстық бюджеттен дамытуға бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнем пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының соңына дейін олар бойынша жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді пайдалану жүзеге асырылған бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға үнемдеудің тиісті сомасын пайдалануға;
- ЖБББӘ келісімі бойынша Келісімге өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
4.3. ЖТББӘ:
- облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті кірісіне нысаналы трансферттің сомасын осы Келісімнің 3.2-тармағында көрсетілген мерзімде аударуға;
- жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен орындалатын іс-шаралардың мониторингін жүргізуге;
- конкурстық рәсімдерді уақтылы жүргізуге міндеттенеді1.
4.4. ЖТББӘ:
- Келісімнің қосымшасына сәйкес тікелей және түпкілікті нәтижелерге уақтылы, толық, сапалы қол жеткізуді талап етуге;
- мемлекеттік орган қызметінің көрсеткіштеріне қол жеткізу кемшіліктерін жедел жоюды, қызметтің жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу тәуекелдерін басқару бойынша шараларды уақтылы қабылдауды талап етуге;
- Үкіметті:
1) Әкімнің осы Келісімге сәйкес міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынбағаны туралы;
2) Келісімге қосымшаға сәйкес олардың орындалуы үшін жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінген іс-шараларды әкім уақтылы және тиісінше орындамауы туралы;
- осы Келісімнің міндеттемелерін бұзған үшін әкімге әкімшілік шаралар қолдану туралы Үкіметке ұсыныс беру;
- осы Келісімге әкіммен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабардар етуге құқылы.
5. Ресми хабарламалар
5.1. Егер Әкім Келісімді орындау кезінде нысаналы трансферттер шеңберінде тіке және соңғы нәтижелерге жету бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауға кедергі болатын жағдайларға тап келсе, әкім кешіктірілу фактісі, оның болжамды ұзақтығы мен себебі туралы ЖТББӘ кідірмей хабардар етуі тиіс.
Бұл ретте, Келісімге өзгерістер енгізу осы Келісімнің 7-т. сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін.
5.2. Бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама Келісімге сәйкес кейіннен хабарламаның түпнұсқасын жібере отырып, жеделхат немесе факс түрінде жіберілуі мүмкін.
6. Тараптардың жауапкершілігі
6.1. ЖТББӘ өзіне алған міндеттемелер үшін қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
- нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді уақтылы жасамағаны үшін;
- осы Келісімнің 3.2-тармағына сәйкес төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді уақытылы аудармағаны үшін;
- конкурстық рәсімдерді уақытылы өткізбегені үшін жауапты болады2.
6.2. Әкім өзіне алған міндеттемелерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес:
- осы Келісімге сәйкес нысаналы трансферттерді пайдаланғаны үшін;
- Келісімді уақтылы жасаспағаны үшін;
- тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы есептік ақпаратты ұсынбағаны немесе уақтылы, толық ұсынбағаны үшін;
- мақсаттарға, міндеттерге, тікелей және түпкілікті нәтижелерге жетпегені үшін жауапкершілік тартады.
7. Келісімге өзгерістер енгізу
Келісімге өзгерістер енгізу мынадай жағдайларда:
- нысаналы трансферттер сомасы анықталған немесе түзетілгенде;
- осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген нысаналы трансферттер сомасын айлар бойынша бөлулер түзетілгенде;
- бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде объектілер арасында сомаларды қайта бөлу;
- күтпеген мән-жайлар туындаған жағдайда өзара келісім бойынша жүргізіледі.
8. Форс-мажорлық мән-жайлар
Тараптардың біреуі шартты толық немесе ішінара орындауды мүмкін емес ететін жағдайлар, атап айтқанда: тараптарға байланысты емес өрт, дүлей апаттар, әскери қақтығыстардың барлық түрлері және баска да тежеусіз күштік мүмкін жағдайлары туындаған кезінде Міндеттемелердің орындалу мерзімі осы жағдайлардың әрекеті ішіндегі уақытқа ұзартылады.
9. Дауларды шешу
9.1. Осы Келісімнен туындайтын немесе оған байланысты кез келген дау мен келіспеушілік ЖТББӘ бірінші басшысы мен әкім арасында өзара келіссөздер жүргізу жолымен шешілетін болады.
9.2. ЖТББӘ және әкім:
- олардың арасындағы өзара қолайлы шешімді іздеу мақсатында туындаған мәселенің талдануын қамтамасыз етуге;
- олардың арасындағы өзара қолайлы шешімді таппаған жағдайда Премьер - Министрге туындаған жағдай туралы ұсыныс енгізуге тиіс.
10. Есепті ұсыну нысаны мен мерзімі
10.1 Әкім 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы аралық және қорытынды есепті ЖТББӘ және бюджета атқару бойынша орталық уәкілетті органға ұсынады.
10.2 Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы аралық есебі ағымдағы жылғы 30 шілдеден кешіктірілмей жарты жылдық қорытынды бойынша берілуі тиіс.
10.3 Әкімнің тікелей және түпкілікті нәтижелерге нақты жету туралы қорытынды есебі келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.*
11. Қолданылу мерзімі
Келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
12. Заңды мекен жайлары мен банктік деректемелері
Екі тараптың банктік деректемелері көрсетіледі.
____________________ _____________________
(қолы) (қолы)
Мемлекеттік органның бірінші Облыстың (республикалық маңызы
басшысы - жоғары тұрған бар қаланың, астананың),
бюджеттік бағдарламалар ауданның (облыстық маңызы бар
әкімшісі қаланың) әкімі.
М.О. М.О.
Ауданның (облыстың маңызы бар қалалардың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізілгендігі туралы аралық және қорытынды есепті көрсетілген мерзімге 10 күн қалғанға дейін ұсынуы тиіс.
_________________________
1 Егер конкурстың рәсімдерді жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жүзеге асырса
2 Егер конкурстың рәсімдерді жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жүзеге асырса
1-қосымша. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Нысаналы трансферттер бойынша
нәтижелер туралы Үлгі келісімге
2-қосымша
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер
туралы аралық есеп
20 __ ж. «___» __________
Мемлекеттік органның атауы _____________________________________________________________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы ____________________________________________________________________________________________
Есеп кезеңі ____________________________________________________________________________________________________________
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды
Р/с № | Тікелей нәтиже |
Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар) | Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері | Жоспар мың теңгемен | Факті мың теңгемен | Ауытқуы мың теңгемен |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
М.О.
Әкім __________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
Бірінші басшы -
төмен тұрған бюджеттің
бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі _______________ __________________
(Т.А.Ә) (қолы)
ҚР Үкіметінің 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Нысаналы трансферттер бойынша
нәтижелер туралы Үлгі келісімге
3-қосымша
Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізулер
туралы аралық есеп
20 __ ж. «___» __________
Мемлекеттік органның атауы _____________________________________________________________________________________________
Нысаналы трансферттің атауы ____________________________________________________________________________________________
Есеп кезеңі _____________________________________________________________________________________________________________
Жоғары тұрған бюджеттен алынған қаражаттар сомасы _______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның атауы)
_______________________________________________________________________________________________________________________
(бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) коды
Р/с № | Тікелей нәтиже |
Көрсеткіштер атауы (жоспардағы іс-шаралар) | Іс-шаралардың нақты орындалуы, нәтижелерге қол жеткізу сатысы | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері | Жоспар мың теңгемен | Факті мың теңгемен | Ауытқуы мың теңгемен |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Түпкілікті нәтиже |
| Жоспарланған көрсеткіштер (іс-шаралар) | Нәтижелерге нақты қол жеткізу | Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
Ескертпе: Әкім жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша есептілікті ұсынған кезде «Түпкілікті нәтиже» деген жол аяқталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша толтырылады.
М.О.
Әкім __________________ ____________________
(Т.А.Ә) (қолы)
Бірінші басшы -
төмен тұрған бюджеттің
бюджеттік бағдарламалар
әкімшісі _______________ __________________
(Т.А.Ә) (қолы)
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 94-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 94-қосымша
____ ж. «___» ______________
шетелдік валютаны айырбастауға
№ өтінім
ММ атауы және коды: _________________________________________________
Тапсырыс бойынша*: _______________________________________________________________________________________________________
Почталық мекен-жайы: ______________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеме)
Мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоты ___________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоты,
БСК ____________________________________________________________________________________________________________________
Шетел валютасындағы қаражатты пайдалану бағыты:
________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________
(төлеуге берілетін шотта төлемнің мақсатында сәйкес келуі тиіс төлемнің мақсаты, азаматтық-құқықтық мәмілені (келісімнің, келісім-шарттың) тіркеу туралы хабарламаның № көрсетіледі)
СТК:
Төлеуге берілетін шоттың №
Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетелдік валютада ақшаны айырбастау мәміле жасасуды тапсырамыз:
Валюта түрі | Валютаны айырбастаусомасы | Ұлттық Банк бағамы | Теңгеде айырбастау сомасы |
| | | |
Өтінім іс-әрекетінің мерзімі 20__ж.»___» ______________ дейін
Қаржыландыру көзі: _______________________________________________
Орталық атқарушы органның
жауапты хатшысы (белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай
болмаған жағдайда - басшы (мемлекеттік
мекеменің, немесе аумақтық қазынашылық
бөлімшесі) ____________________ ____________________
(аты-жөні) (қолы)
М.O
Бас бухгалтер ______________________ _____________________
(аты-жөні) (қолы)
М.О.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 95-қосымша өзгертілді
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
ережесіне 95-қосымша
___ ж.»____» _____________
шетелдік валютаны қайта айырбастауға
№ өтінім
ММ атауы және коды:___________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________
Тапсырыс бойынша*: ________________________________________________________________________________________
Почталық мекен-жайы: _______________________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеме не аумақтық қазынашылық
Мемлекеттік мекеменің шетел валютасындағы шоты ______________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоты,
БСК ______________________________________________________________________________________________________
СТК:
Теңгеде алатын алушының шот деректемелері (атауы, коды, БСН, БСК, ЖСК, БСК) _________________________________
___________________________________________________________________________________________________________
Біздің шотымыздың есебінен және біздің атымыздан төмендегідей шарттарда шетелдік валютада ақшаны қайта айырбастап алуға мәміле жасасуды тапсырамыз:
Валюта түрі | Валютаны қайта айырбастау сомасы | Ұлттық Банк бағамы | Теңгеде қайта айырбастау сомасы |
| | | |
Өтінім іс-әрекетінің мерзімі 20__ж.»___» ______________ дейін
Қаржыландыру көзі: __________________________________________________________________________________________
Орталық атқарушы органның
жауапты хатшысы (белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның
жауапты хатшысының өкілеттіктері
жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай
болмаған жағдайда - басшы (мемлекеттік
мекеменің, немесе аумақтық қазынашылық
бөлімшесі) ____________________ __________________
(аты-жөні) (қолы)
М.O
Бас бухгалтер _____________________ ___________________
(аты-жөні) (қолы)
М.О.
___________________________________
* Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган толтырады
Бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет корсету
ережесіне 96-қосымша
«Бекітемін»
Орталық атқарушы органның жауапты
хатшысы (белгіленген тәртіппен
орталық атқарушы органның жауапты
хатшысының өкілеттіктері жүктелген