ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 25-тармақққа мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды
25. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарға қаржыландырудың жиынтық жоспарымен бекітілген республикалық бюджетке түсетін айлар бойынша бөлінген түсімдер жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен бекітілген айлар бойынша бөлінген міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жылдық сомасын алғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бекітеді және бір уақытта өздеріне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларын:
республикалық бюджет бойынша - «Қазынашылық-клиент» ақпарат жүйесі (бұдан әрі - «Қазынашылық-клиент» АЖ) бойынша қызмет көрсеткен кезде өзінің орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге қағаз және магнит тасығыштарында - осы Ереженің 2-1, 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша электрондық түрлерін, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және жеке қаржыландыру жоспарын жасау үшін жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген түпнұсқаларын;
жергілікті бюджет бойынша - бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қағаз және магнит тасығыштарда береді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндайлар болмаған жағдайда - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға) болмаған жағдайда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен қаржыландырудың жеке жоспарларын бұйрыққа сәйкес олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар бекітеді.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарлама әкімшісі барлық мемлекеттік мекемелер бойынша бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарларының жалпы сомасының ҚР ББС-ның әрбір бюджеттік бағдарламасы бойынша және айлар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргізеді және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бекітілген қаржыландырудың жиынтық жоспарының бір данасын бекітілген қаржыландырудың жеке жоспарларымен, осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данадағы тізіліммен бірге қағаз және магнит (электронды) тасығыштарда береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде - осы Ереженің 13-1, 14-1, 15-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының электронды үлгілерімен 119-қосымшасына сәйкес бекітілген жоспардың электронды үлгісі және осы Ереженің 2-1, 4-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган басшысының және жиынтық жоспарларды жасау үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қол қойылған осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркеліп беріледі.
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, жергілікті бюджет бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының мемлекеттік мекемелердің барлық қаржыландырудың жеке жоспарлары шығыстарының жиынтық сомасына сәйкес келуін, сондай-ақ олардың аумақтық қазынашылық бөлімшесіне уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің орналасқан жері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері барлық мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде барлық мемлекеттік мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына, міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасының түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбір ҚР ББС бағдарламалары бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкес келуін тексеруді жүргізеді және Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - ҚБАЖ) енгізеді (жүктейді).
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар барлық мемлекеттік мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсімдерінің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбір ҚР ББС бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексеруді жүргізеді және ҚБАЖ-ға енгізеді (жүктейді).
Орындауға қабылдаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің жауапты орындаушылары жергілікті бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларының кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшелері белгіленген талаптар орындалмаған кезде қаржыландырудың жеке жоспарларын түзету үшін республикалық бюджет бойынша - республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне, жергілікті бюджет бойынша - жергілікті бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себептері көрсетіле отырып қайтарылады).
27. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейін төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиісті бюджеттерге түсетін кірістердің (ерекшеліктер деңгейіне дейін) жоспарының бекітілген айлар бойынша бөлінуін жібереді.
28. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органнан алынған кірістер түсімдерінің жиынтық жоспарларын (ерекшеліктер деңгейіне дейін) 2 (екі) жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленуін қамтамасыз ету саласында басшылық етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның қаперіне жеткізеді.
29. Бюджет кодексінің 74-бабының 3-тармағында және 75-бабында белгіленген жағжайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын Ереженің 2-28-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде жасайды.
5-тарау. Қаржыландырудың жеке жоспарына, түсімдердің жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бюджет кодексiнде айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бөлiнетiн бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ай сайынғы түсiмдерi мен шығыстарын түзетудi және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi арасында соманы түзетудi талап ететiн факторлар пайда болған кезде жүргiзiледi.
Түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiнен алынған есепке және өзгерістер негiздемесiне қоса берiлетiн мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтiнiмдер негiзiнде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негiздемесiне қоса берiлетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын түсiмдердiң жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер есепті кезең аяқталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын беріледі.
Қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік мекемелерден алынған есептемелер және өзгерістер негiздемесi қоса берiлген міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын өзгертуге өтінімдер (бұдан әрі - мемлекеттік мекенің өтінімі) негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын ҚР ББС-ға сәйкес жасалған қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асыралады.
Өтiнiмдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдығы бар, үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын санмен көрсетiледi. Өтiнiмдер мен анықтамалар осы Ереженің 18-30-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31. Мемлекеттiк мекемелер мемлекеттiк мекеменiң өтiнiмдерiн қалыптастыру және оны бекiту үшiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiне жiберу жолымен тиiстi бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша қаржыландыру жоспарының бекiтiлген жылдық сомасы шегiнде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерi жөніндегі соманы кемiтудi (арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған жағдайда, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасына сәйкес өзгерiстер енгiзе алады.
32. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгерістер енгізу, атқарушы құжаттарды орындау, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды бөлу жағдайларын қоспағанда, айына бір реттен артыққа жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемдерін қозғамайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне және бюджеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларына қатысты міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін әкімші осы Ереженің 26 және 27-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша 3 данада анықтама қалыптастырады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша анықтамалар қалыптастырады.
Анықтамалардағы өзгерістер сомасы үтірден кейін бір белгіден аспайтын бөлшек қалдығы бар сандармен мың теңгемен көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 34-тармақ өзгертілді
34. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мемлекеттік мекемелердің өтінімдері негізінде төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама және мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама (бұдан әрі - қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама) қалыптастырады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы қалыптастырғанға және мемлекеттік мекеменің өтінімін қарағанға дейін өзі орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық органына тиісті шығыстарды оқшаулауды жүзеге асыру және осы Ереженің 31-қосымшасына сәйкес 4-20 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысанын беру қажеттілігі туралы қағаз тасығышта хатпен өтініш жасайды. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі рәсімдер аяқталғанға дейін жоспарлы тағайындауларды өзгерту жоспарланған бағдарламалар, кіші бағдарламалар, ерекшеліктер бойынша мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін тіркеуді және оның төлемдерін жүргізуді тоқтата тұрады.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша операцияларды тоқтата тұрған кезде өзiнiң ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемелерге қаржыландырудың жеке жоспарына жоспарланған өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Бұл ретте мемлекеттік мекемелерге шығыстардың бюджеттік сыныптамасының өзгертiлетiн кодтары бойынша операцияларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу рәсiмi аяқталғанға дейiн жүргiзуге тыйым салынады.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi мыналар ескеріле отырып қалыптастырылады:
ерекшелік сомаларын ағымдағы айдан алдағы айларға және керісінше аударуға тыйым салынады;
жоспарлы тағайындаулар мен жасалған кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестiктi сақтауды;
төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңiне мiндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуi тиiс болған кезде мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы арақатынастың сақталуы;
қабылданған, бiрақ ақы төленбеген мiндеттемелердi;
инкассолық өкiмдердiң болуын;
шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша жоспарлы соманы қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып, жоспарлы тағайындалулардың сомасына азайту жасалуы мүмкін;
жоспарлы соманы бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелiктерi бойынша ұлғайту (азайту) қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша айдың қорытынды сомасы шегiнде басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы азайту (ұлғайту) есебiнен, бюджеттiк бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша жылдық сома шегiнде жүзеге асырылуы мүмкін;
бір бюджеттік бағдарлама шегінде бюджеттік кіші бағдарламалар арасындағы қаражатты қайта бөлу бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сомалар шегінде жүргізіледі;
Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген қаулысы бюджеттік даму бағдарламасы бойынша бюджет қаражатының жылдық көлемі шеңберінде сыртқы қарыздар және грант қаражаты есебінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларының бюджеттік кіші бағдарламалары арасында бюджет қаражатын қайта бөлу үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмiне басшы немесе өзі өкілеттік берген тұлға, оларды жасауға міндетті мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғысы болмаған кезде - тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және өзгерістерге есептемелер мен бірге олардың негiздемесi ағымдағы айдың 10 күнінен кешіктірілмей тиiстi бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiне беріледi.
35. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi қоса берілген өзгерістер бойынша негіздемені және осы Ереженің 33-34-тармақтарында белгіленген талаптардың сақталуын тексереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 36-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 36-тармақ өзгертілді
36. Осы Ережеде көзделген талаптар сақталған кезде бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітеді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 3 данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге, екіншісін өзінің орналасқан жері бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге жібереді, үшіншісін өзінде қалдырады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы 4 данада бекітеді, олардың біреуін мемлекеттік мекемеге жібереді, екіншісін өзінде қалдырады, үшіншісін және төртіншісін осы Ереженің 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 2 данадағы тізіліммен бірге аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жібереді, мұнда осы анықтаманы орындауы туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің белгісі соғылған төртінші дана бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалануы үшін жіберіледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 26-1, 27-1-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың қалыптастырылған, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының және қаржыландырудың жеке жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің құрылымдық бөлімшесі басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық үлгілерін осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркейді.
Қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген пішімдегі қағаз және магниттік (электрондық) тасығыштарда немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде мынадай тәртіппен береді:
қаржыландырудың жиынтық жоспарына енгізілетін өзгерістерге қатысты қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама бекітілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;
қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілетін өзгерістерге қатысты емес қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей айына кемінде бір рет, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы айдың оныншы күнінен кешіктірмей беріледі.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде ҚБАЖ қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды жүктегеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесі жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ҚБАЖ-ға аталған анықтамаларды жүктегенін растағаны туралы хабарлама жібереді. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі келесі жұмыс күні бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға аумақтық қазынашылық бөлімшесінің қаржыландырудың жеке жоспарларына қосымшасымен бірге өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындағаны туралы растамамен ілеспе хат жібереді.
Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезінде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджеттен немесе республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекіткеннен кейінгі кезеңде мемлекеттік мекеме міндеттемелерді қабылдауы немесе кассалық шығыстарды жүргізуі және ҚР ББС сәйкессіздігі, жоспарлық тағайындаулардың дұрыс бөлінбеуі себептері бойынша жоспарлы тағайындаулар жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне анықтаманы орындаусыз қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебі көрсетіле отырып қайтарылады).
Осы Ереженің 34-тармағы үшінші бөлігінің оныншы абзацында көрсетілген нормативтік құқықтық актісі болмаған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлімшесі жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы орындамай бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қайтарады («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша себебі көрсетіле отырып қайтарылады).
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38. Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың ай сайынғы көлеміне өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері осы Ереженің 30-тармағының талаптарын сақтай отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінім (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің өтінімі) қалыптастырады, оны ол енгізілетін өзгерістердің тиісті негіздемелерімен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі өтінімді қалыптастырған кезде осы Ереженің 34-тармағында жазылған ережелерді сақтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ай сайынғы көлемдеріне өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімін бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сомалар шегінде мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы бөлімде белгіленген тәртіппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.