1) тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктерді ескеру;
2) әдеби тіл нормаларына сәйкестік;
3) бір әкімшілік-аумақтық бірліктің шегіндегі елді мекендерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне бір атауды бір мәрте ғана беру;
4) жеке адамның есімімен аталған, ол берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде он жыл өткен соң берілген есімді қайта атау, оны өзгерту;
5) аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында еңбек сіңірген басқа да жеке адамдар қайтыс болған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң олардың есімдерін беру болып табылады.
26-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
6 тарау. Тiлдi шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану
27-бап. Тiл - халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкiлдiктерiнiң қызметi мемлекеттік тiлде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдердi пайдаланып жүзеге асырылады.
Екiжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттік тiлдерiнде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімiмен белгiленген тiлдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкiлдерiмен өткiзiлетiн ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тiлдерге аударылып, мемлекеттік тiлде жүргiзіледi.
Қазақстан Республикасының