23-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қамтамасыз ету
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Темiр жол, су және әуе көлiктерiнде, сондай-ақ тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын қорғаныс және стратегиялық объектiлерде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысатын ұлттық қауiпсiздiк органдарының бөлiмшелерi, сол сияқты бұларды ұстау мен пайдалану жөнiндегi шығыстарды көтеретін тиiстi органдар мен ұйымдардың есебiнен жабдықталған, оның iшiнде байланыс құралдарымен жабдықталған қызметтiк үй-жайлармен, сондай-ақ жол жүру үшiн бiр жылдық қызметтiк билеттермен қамтамасыз етiледi. Әскери қарсы барлау органдары сонымен бiрге автокөлiкпен, жанар-жағармай материалдарымен, қару-жарақпен және тұрмыс-тiршiлiгі үшiн қажеттi басқа да мүлiкпен, сондай-ақ тұрғын үймен және әкімшілік үйлердің күзетімен осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына бөлінетін бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етiледi.
24-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жүктеледi.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiн прокурорлық қадағалау
Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл және бiркелкі қолданылуына, ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметiнiң заңдылығына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен ол өкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
26-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
27-бап. Осы Заңның күшiне ену тәртібі
Осы Заң 1996 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енедi.
28-бап. Осы Заң жүзеге асыру жөніндегі шаралар
1. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы» 1992 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
2. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының