6) алқабилер назарын сотталушының айғақ беруден бас тартуы немесе оның сотта жауап бермеуі заң тұрғысынан маңызға ие болмайтынына және сотталушының кінәлілігінің дәлелі ретінде түсіндірілмейтініне аударады;
7) кеңесу, бюллетеньдерді негізгі мәселелер бойынша толтыру тәртібін, үкім шығару мәселелері бойынша жалпы дауыс беру тәртібін түсіндіреді.
4. Тараптар сот отырысында төрағалық етушінің объективтілік принципін бұзу себептері бойынша жүгінуінің мазмұнына байланысты қарсылық білдіруге құқылы, ол сот отырысының хаттамасына енгізілуге жатады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 568-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
568-бап. Алқабилер кеңесінің құпиясы
1. Жарыссөздер аяқталғаннан кейін судья және негізгі алқабилер үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.
2. Судья мен алқабилерден басқа, кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде төрағалық етуші кеңесу бөлмесінен шығып, демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 569-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара)
569-бап. Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс берудi жүргізу тәртібi
1. Төрағалық етуші алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешілуге жататын мәселелерді рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс беруді және дауыстардың есебін жүргізеді.
2. Кеңесу бөлмесінде алқабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерінде туындаған түсінбеушіліктер бойынша төрағалық етушіден түсініктер алуға құқылы.
3. Негізгі мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргізіледі. Судья мен алқабилердің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқықтары жоқ. Судья мен алқабилердің дауыстары тең.
4. Судья мен алқабилер сотталушылардың саны бойынша соттың мөртабаны басылып, дауыс беруге арналған: «Өзімнің ар-намысым, ар-ожданым бойынша және ішкі нанымым бойынша менің қорытындым...« деген сөздер жазылған, таза бюллетеньді алады. Олардың әрқайсысы құпияны қамтамасыз ете отырып, бюллетеньге сұрақ парағында қойылған және шешілуге жататын сұрақтардың әрқайсысына жауап жазады. Сұрақ парағында қойылған сұрақтардың реті бойынша жауап мақұлдаған «иә» немесе құптамаған «жоқ» деген немесе жауаптың мәнін ашатын («иә, дәлелденді», «жоқ, дәлелденген жоқ», «иә, кінәлі», «жоқ, кінәсіз») міндетті түсіндірме сөзден немесе сөз тіркестерінен тұруға тиіс. Судья мен алқабилер өздерінің бюллетеньдерін дауыс беруге арналған жәшікке салады.
5. Дауыс беру аяқталғаннан кейін төрағалық етуші алқабилердің қатысуымен жәшікті ашады және әрбір бюллетеньдегі дауыстарды санайды, дауыстарды санау нәтижесін сұрақ парағында көрсетілген негізгі үш сұрақтың әрқайсысының тұсына дереу жазады.
6. Алқабилер мен судьяның жауаптары бар бюллетеньдер қылмыстық істе сақталатын конвертке салынып, желімделеді.
7. Егер алдыңғы сұраққа берілген жауап кейінгі сұраққа жауап берудің қажеттілігін жойса, төрағалық етуші алқабилердің көпшілігінің келісімімен сол кейінгі сұрақтың тұсына "жауап берілмейді" деген сөздерді жазады.
8. Егер осы Кодекстің 566-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген үш сұрақтың әрқайсысына мақұлдаған жауаптарға дауыс берушілердің көпшілігі дауыс берсе, айыптау шешімі қабылданған болып есептеледі.
9. Егер қойылған негізгі сұрақтардың кез келгеніне берілген құпталмаған жауапқа дауыс берушілердің алтауы және одан да көбі дауыс берсе, ақтау шешімі қабылданған болып есептеледі.
10. Егер сотталушының кінәлілігі туралы мәселе оң шешілсе, онда судья бұл әрекет қылмыс болып табыла ма деген және оның нақ қандай қылмыстық заңда көзделгені (бабы, бөлігі, тармағы) туралы мәселені шешеді, сондай-ақ осы әрекеттер үшін қандай жазалау шарасы көзделгенін алқабилерге түсіндіреді.
11. Судья алқабилердің қатысуымен соттың әрекетті дәрежелеу мәселесін шешкеннен кейін осы Кодекстің 371-бабы бірінші бөлігінің 5)-8) және 14) тармақтарында көзделген, шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданатын мәселелер үзіліс жасалмай шешіледі. Егер оған дауыс берушілердің көпшілігі жақтап дауыс берсе, шешім қабылданған деп есептеледі.
Осы Кодекстің 371-бабы бірінші бөлігінің 9) - 13), 15) - 18) тармақтарында және бесінші бөлігінде көзделген мәселелерді судья дербес қарайды.
12. Он бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, егер осындай шешімге дауыс берушілердің сегізі және одан да көбі дауыс берсе, тағайындалуы мүмкін.
13. Айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы судья мен алқабилер бірауыздан шешім шығарған кезде ғана тағайындалуы мүмкін.
14. Судья мен алқабилердің жауаптары бар сұрақ парағына судья мен алқабилер қол қояды және ол іс материалдарына қоса тігіледі.
570-бап. Алқабилер қатысатын сот қабылдайтын шешімдердің түрлерi
Алқабилердің қатысуымен сотта қылмыстық істі талқылау мына шешімдердің бірін:
1) осы Кодекстің 324-бабында көзделген жағдайларда, істі қысқарту туралы қаулыны;
2) алқабилердің қатысуымен сот осы Кодекстің 566-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негізгі үш сұрақтың кем дегенде біреуіне теріс жауап берген жағдайларда, ақтау үкімін;
3) осы Кодекстің 375-бабының екінші бөлігіне сәйкес айыптау үкімін қабылдаумен аяқталады.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 571-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
571-бап. Үкімнің қаулысы
1. Үкімге осы Кодекстің 44-тарауында белгіленген тәртіппен төрағалық етушінің мынадай ерекшеліктермен қаулысы шығарылады:
1) үкімнің кіріспе бөлімінде алқабилердің тегі көрсетілмейді;
2) ақтау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінде алқабилердің қатысуымен сот ақтау шешімін шығарған айыптаудың мәні баяндалады және шешімге не мемлекеттік айыптаушының айыптаудан бас тартуына сілтеме қамтылады;
3) айыптау үкімінің сипаттамалы-дәлелді бөлігінде сотталушы жасағаны үшін кінәлі деп танылған қылмыстық әрекеттің сипаттамасы, жасалған әрекеттің дәрежеленуі, жаза тағайындау себептері және азаматтық талапқа қатысты сот шешімінің негіздемесі қамтылуға тиіс;
4) үкімнің қарар бөлігінде апелляциялық сатыға үкімге шағым жасау және наразылық білдіру тәртібі туралы түсінік қамтылуға тиіс.
2. Yкімге іс бойынша төрағалық етуші қол қояды.
572-бап. Сотталушының есі дұрыс емес екендігінің анықталуына байланысты қылмыстық істі қарауды тоқтату
1. Егер алқабилердің қатысуымен соттың істі талқылау барысында сотталушы өзінің психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін емес не оны өз іс-әрекеттеріне есеп беру немесе оларды басшылыққа алып жүру мүмкіндігінен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиісті қорытындысымен расталған, жан күйзелісі ауруына шалдықты деп есептеуге негіз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етуші алқабилер қатысқан соттың қылмыстық істі қарауды тоқтатуы туралы қаулы шығарады және оны осы Кодекстің 12-бөлімінде көзделген тәртіппен соттың қарауына жібереді.
2. Төрағалық етушінің алқабилер қатысқан соттың істі қарауды тоқтатуы және оны осы Кодексте көзделген жалпы тәртіппен соттың қарауына жіберуі туралы қаулысы түпкілікті болып табылады және апелляциялық тәртіппен шағым жасауға, наразылық білдіруге жатпайды.
573-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктерi
1. Сот отырысының хаттамасы, осы Кодекстің 328-бабының талаптарына сәйкес, осы бапта көзделген ерекшеліктермен жүргізіледі.
2. Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын құру барысы міндетті түрде көрсетіледі.
3. Төрағалық етушінің жүгінуі сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтіні қылмыстық іс материалдарына тіркеліп, бұл туралы хаттамада көрсетіледі.
4. Сот отырысының хаттамасында соттың іс қарауының бүкіл барысы оның өтуінің дұрыстығын куәландыратындай етіп көрсетуге тиіс.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енбеген үкімдерді,
қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 574-бап жаңа редакцияда
574-бап. Алқабилердің қатысуымен сот шығарған, заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларға шағымдану және наразылық келтіру
Алқабилер қатысуымен соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық келтіру тәртібі, осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстің 46 және 47-тарауларында көзделген қағидалармен айқындалады.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бр.ред.қара); 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 575-бап өзгертілді
575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi
1. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:
1) істі аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін жол берілетін дәлелдемелерді талқылаудан негізсіз алып тастау;
2) істі аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді тараптың зерттеуінен негізсіз бас тарту;
3) істің аяқталуына әсер еткен дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтын іс жүзіндегі деректерді сот отырысында зерттеу;
4) осы Кодексте көзделген қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзу;
5) төрағалық етуші:
алқабилер алқасын қалыптастырған кезде;
алқабилердің қатысуымен талқылануға жатпайтын мәселелерді талқылаған кезде;
алқабилердің шешуіне жататын мәселелерді тұжырымдаған кезде;
сот жарыссөздерін жүргізген кезде;
төрағалық етушінің алқабилерге арнаған сөзінде жіберген, сот төрелігі үкімінің шығарылуына ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін бұзушылықтар негіз болып табылады.
2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы. Бұл ретте, кассациялық сатының неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны күшейтуге құқығы жоқ.
3. Қылмыстық iс жүргiзу заңын прокурордың, жәбiрленушiнің немесе оның өкiлінің дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылықтар, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 5) тармағында көзделген, оның ішінде жол берілетін дәлелдемелер негізсіз алып тасталған жағдайларды қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкiмi апелляциялық сатыда күшін жоймауға тиiс.
2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 62-тарау жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62-тарау. Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді,
қаулыларды қайта қарау жөніндегі iс жүргізу ерекшелiктерi
575-1-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын кассациялық сатыдағы сотта қайта қарау
1. Егер сот талқылауы барысында қылмыстық іс жүргізу заңын:
1) үкімді алқабилер алқасының заңсыз құрамымен шығаруына әкеп соққан;
2) жәбірленушіні сотта қорғалу құқығынан айырған елеулі түрде бұзушылықтарға жол берілсе, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімін және апелляциялық алқаның қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарауға жол беріледі.
2. Мыналар:
1) қылмыстың қайталану түрі мен түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс айқындамау;
2) талап арызды қараусыз қалдыру жағдайларынан басқа, азаматтық талап арызды дұрыс шешпеу;
3) үкімді орындау тәртібімен заңсыз қаулы да қайта қаралуға жатады.
3. Кассациялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда, іс бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберіледі.»;
576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қарау
Алқабилердің қатысуымен қаралған істер бойынша заңды күшіне енген үкімдерді, қаулыларды қайта қарау туралы iс жүргізу осы Кодекстің 48-1-тарауында көзделген негiздер бойынша және тәртіппен облыстық және оған теңестірілген соттардың кассациялық сатысында жүзеге асырылады. Жоғарғы Соттың алқасында қайта қарау кассациялық сатыда қаралғаннан кейін ғана осы Кодекстің 459-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағында және екінші бөлігінің 1), 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мүмкiн болады.
577-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшіне енген үкімін, қаулысын қайта қараған кезде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу
Соттың айыптау үкiмiн, сондай-ақ қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соғатын өзге де негiздер бойынша қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкiмiн не қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Ақмола, 1997 жылғы 13 желтоқсан
№ 206-І ҚРЗ