2) 19-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Халықты медициналық сауықтыру және аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізінде жүзеге асырылады.».
11. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж, № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 21-құжат; № 14, 92, 96-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
6-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;».
12. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат):
1) 5-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
2) 5-3-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы алып тасталсын;
3) 6-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
4) 10-баптың 1-тармағының 33), 34) және 35) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«33) мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет жасау саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысуға;
34) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың жай-күйi мен даму үрдiсiн талдауды жүзеге асыруға;
35) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi өңірлік комиссиялардың қызметiн үйлестiрiп отыруға;».
13. «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 11-12, 263-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 145-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; 2004 ж., № 11-12, 67-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
1) 10-баптың үшінші абзацы алып тасталсын;
2) 11-баптың он сегізінші абзацы алып тасталсын.
14. «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 273-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж, № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 13-14, 54-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат):
1) 6-баптың төртінші абзацы алып тасталсын;
2) 7-баптың үшінші абзацы алып тасталсын;
3) 8-бапта:
1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;
2-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;
4) 11-бап алып тасталсын.
15. «Өрт қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 20, 728-құжат; № 23, 931-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 14, 112-құжат; № 24, 177-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 13, 67-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
5-баптың үшінші абзацы алып тасталсын.
16. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5,41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 10-1-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;»;
2) 10-2-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;»;
3) 10-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 10-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
17. «Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 93-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 1999 ж., № 4, 101-құжат; 2000 ж., № 6, 142-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 18-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;»;
2) 19-баптың бесінші абзацы алып тасталсын.
18. «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
1) 23-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тiлдiң дамуы мемлекеттiк тiлдiң басымдығын және iс қағаздарын жүргiзудi қазақ тiлiне кезең-кезеңмен көшiрудi көздейтiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк жоспарлау жүйесінің құжаттарымен қамтамасыз етiледi.»;
2) 25-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 25-2-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 25-3-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын.
19. «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 48-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат):
1) 4-баптың бесінші абзацы алып тасталсын;
2) 6-бапта:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы алып тасталсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы алып тасталсын.
20. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 220-құжат; 2001 ж., № 23, 318-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):
1) 11-баптың 2) тармақшасында:
екінші және үшінші абзацтар алып тасталсын;
бесінші және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртiбiн;»;
«жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін;»;
2) 13-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
17), 24) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«17) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;»;
«24) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін әзірлейді;»;
«27) асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау тәртібін әзірлейді;»;
3) 14-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
4) 16-бапта:
3-тармақтың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйін, оның есепке алынуы мен есептілігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;»;
«4) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалануы тәртібін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың өз құзыретi шегiндегі актілерiн асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлердiң, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғалардың орындауы мiндеттi.»;
5) 16-3-баптың бірінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге, бюджеттік субсидиялар алған жеке және заңды тұлғаларға тиесілі асыл тұқымдық өнiм (материал) мемлекеттік есепке алынуға жатады.»;
«Жеке және заңды тұлғалар асыл тұқымды малды бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, қолда бар асыл тұқымды малын асыл тұқымды малдың мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзу үшін ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына есеп ұсынады.»;
6) 16-4-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттiк қолдау бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.»;
7) 18-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғалар бюджет қаражаты есебінен сатып алған асыл тұқымды және селекциялық мал Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен пайдаланылады.»;
8) 24-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк әлеуетiн ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетiлдiру;»;
9) 25-баптың тақырыбындағы және бірінші абзацындағы «Малды асылдандырушы» деген сөздер «Асыл тұқымдық» деген сөздермен ауыстырылып, үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«асыл тұқымды малдың тектiк әлеуетiн ғылым жетiстiктерiне сәйкес жетілдіру;»;
10) 26-баптың тақырыбындағы және 1-тармағының бірінші абзацындағы «Малды асылдандырушы» деген сөздер «Асыл тұқымдық» деген сөздермен ауыстырылып, 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Асыл тұқымдық орталықтардағы тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын уәкілетті орган ғылыми ұйымдармен бiрлесе отырып өңірлік мамандануға, тұқымдық жерсiндiрiлуге қарай және Қазақстан Республикасының малды қолдан ұрықтандыруды өткiзуге арналған ұрыққа деген қажеттiлiктерiн ескере отырып, белгiлейдi.»;
11) 28-1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) құстардың, оның ішінде тектік қоры шектеулі құстардың тектік әлеуетін ғылым жетістіктеріне сәйкес жетілдіру;».
21. «Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 5-баптың 3-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
4) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) денсаулық сақтау органдарына есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың теріс пайдаланылуы саласындағы қызметтi реттеу бойынша, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруға және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiгін қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;»;
«17) Қазақстан Республикасындағы нашақорлық ахуалдың даму жай-күйi мен үрдiстерiн талдауды жүзеге асырады;»;
2) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимылды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».
22. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 8, 55-құжат; 2009 ж., № 11-12, 53-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
18-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
23. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат):
6-1-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.
24. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат):
1) 5-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы бірыңғай саясатты айқындайды;»;
2) 7-бапта:
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;»;
3) 8-баптың 3) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді;»;
«9) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету тәртібін әзірлейді;»;
4) 10-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысады;»;
5) 36-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекемелердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ал қалған ұйымдарда - мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты жұмыстарды орындау кезінде олардың негізгі қызметінен алынатын қаражаттың есебінен жүзеге асырылады.».
25. «Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 732-құжат; 2006 ж., № 1, 3-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат):
7-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бюджеттік субсидияларды пайдаланатын кәсiпорындар санына;».
26. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
4-3-баптың 10) тармақшасы алып тасталсын.
27. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 20-21, 123-құжат):
5-баптың 1-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруды үйлестiру;».
28. «Денешынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 84-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 5-бап алып тасталсын;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу жоспарларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес оқу және ұзартылған күн режимiнде, сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары оқытудың бүкiл кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде сегіз сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде үш сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында аптасына кемiнде төрт сағат жүргiзiледi.»;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық денешынықтыру-спортпен шұғылдануын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттарда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалады.»;
4) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Спорт қызметін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi заңды тұлғалармен бiрлесе отырып, денешынықтыру және спорт проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсынымдар әзірлейді, дене шынықтыру және спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi отандық және шетелдік мамандарды келiсiмшарт негiзiнде Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады.»;
5) 23-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын;
6) 23-1-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.
29. «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 7, 165-құжат; 2004 ж., № 11-12, 62-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
30. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 12, 87-құжат; № 13, 91-құжат):
8-баптың 6-тармағының екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары салымшыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер қаражатының немесе ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қаражатының есебiнен беріледі.
Салымшыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер қаражатының немесе ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қаражатының есебiнен берілетін аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі кредиттік шартқа сәйкес белгіленеді.».
31. «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы» 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 385-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2011 ж., № 21, 173-құжат):
36-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
32. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат):