2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
52. Жеке тұлға болып табылатын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын әлеуетті өнім беруші, мынадай:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері немесе бірлесіп орындаушысы мынадай:
лицензиялардың не электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түріндегі лицензияның және (немесе) патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге арналған құқығын растайтын басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін бермеу;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнінің алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуетті өнім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің болуы;
аукцион жарияланған күннен кейін берілген тиісті салық органының үш айдан астам салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болуы туралы белгіленген нысандағы анықтамасының электрондық көшірмесін бермеу;
тиісті салық органының анықтамасында үш айдан астам бір теңге және одан көп мөлшерде салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәліметтердің болуы;
аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді бермеу;
әлеуетті өнім берушінің аукциондық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берілмеу фактісінің анықталуы негіздемелері бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп анықталса;
2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтінімнің екінші бөлігін қарау кезінде кері қайтарылады.
53. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтінімінің екінші бөлігін аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұрау салу жіберуіне және өзге де іс-қимылдарына жол берілмейді.
54. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін, егер онда ұсынылған өтінімдердің екінші бөлігінің мәнін қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келеді деп қарайды.
55. Аукционға қатысуға өтінімдердің екінші бөлігін қарау нәтижелері бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан аукцион жеңімпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер қатарынан мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға үміткерлерді айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпеді деп таниды.
56. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелері қол қояды және хатшы аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күні аукционның барлық қатысушыларын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.
8. Аукционға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
57. Ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің аукционға қатысуға өтінімін аукционға қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
2) аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукционға қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
3) аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай аукцион жеңімпазы деп айқындалған аукцион қатысушысына қолданылмайды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және аукцион жеңімпазы АҚ-да көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
5) әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайлардың бірі басталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
58. Ұйымдастырушы аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:
1) аукционның жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) аукционның жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған;
3) егер аукционды өткізу басталғаннан кейінгі отыз минут ішінде аукционға қатысушылардың бір де біреуі өткізілетін аукционның мәні болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермеген жағдайларда қайтармайды. Бұл жағдайда аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы аукционның барлық қатысушыларына қайтармайды.
9. Аукцион қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59. Аукционның жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің аукционға қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелерін веб-порталда аукцион қорытындыларының хаттамасын жариялаған күнінен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады;
60. Тапсырыс беруші «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
61. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі тиіс.
62. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
63. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Егер мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төлеу көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының кемінде үш пайызы болуы тиіс.
64. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдайды.
65. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
66. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 67-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
67. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
68. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
69. Заңның 37-бабының 6, 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт оның бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалуы туралы ережені қамтуы тиіс.
70. Шартта мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы талап қамтылуы тиіс.
71. Отандық тауар өндірушілермен және жұмыстарды, қызметтерді отандық берушілермен жасалған шартта тауарларды бергені, жұмыстарды орындағаны не қызметтерді көрсеткені үшін алдын ала ақы төлеу және толық ақы төлеу туралы талап қамтылуға тиіс, бұл ретте толық ақы төлеу мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелер орындалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
5-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші тауарлар сатып алу кезінде толтырады)
Аукционның № _____________________________
Аукционның атауы __________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы _____________________________________
БСН/ЖСН _________________________________
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он жыл ішінде берген (өндірген), аукционда сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).
Тауардың атауы | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірi | Тауарды беретін орын | Тауарды беретін күн | Шарттың құны, теңге (көрсетілмесе де болады) |
| | | | | |
3. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау қажет
___________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
5-қосымша
Біліктілігі туралы мәліметтер
(әлеуетті өнім беруші тауарларды сатып алу кезінде толтырады)
Электрондық конкурстың № _____________________________________
Электрондық конкурстың атауы __________________________________
Лоттың № ____________________________________________________
Лоттың атауы _________________________________________________
1. Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:
Атауы ________________________________________________________
БСН/ЖСН ____________________________________________________
ҚР Үкіметінің 2012.19.12. № 1618 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әлеуетті өнім беруші соңғы он жыл ішінде берген (өндірген), конкурста сатып алынатындарға ұқсас тауарлардың көлемі (бар болған жағдайда толтырылады).
Тауардың атауы | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс берушінің телефон нөмірi | Тауарды беретін орын | Тауарды беретін күн | Шарттың құны, теңге (көрсетілмесе де болады) |
| | | | | |
3. Қаржы ресурстарына (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.) қол жеткізу туралы мәліметтер. Төменде санамалау қажет
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын
Қолы ______________________
Күні _______________________
Электрондық мемлекеттік сатып алуды
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
Рұқсат беру хаттамасы
Аукцион № {Аукционның нөмірі}
{Аукционның атауы}
Аукциондық комиссияның құрамы:
№ | Т.А.Ә. | Ұйымдағы лауазымы | Комиссиядағы рөлi |
| {комиссия мүшесінің аты-жөні} | (Ұйымдағы лауазымы) | {Комиссидағы рөлі} |
Аукцион мәнінің түрі: {тауар, жұмыс немесе қызмет}
Аукцион мәнінің атауы: {Лоттың атауы}
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: {Аукционның жоспарлы сомасы}
Аукционға қатысуға берілген мынадай өтінімдер кері қайтарылды1:
№ | өнім берушінің кодтық нөмірі | Кері қайтару себебі |
| {Өнім берушінің толық атауы} | {мағыналар анықтамалығына сәйкес: Аукциондық құжаттамаға сәйкес болмауы Заңның 6-бабының талаптарын бұзуы} |
Аукциондық комиссия мүшелерінің кері қайтарылған өтінімдер бойынша дауыс беру нәтижелері2:
№ | өнім берушінің кодтық нөмірі | Т.А.Ә., лауазымы, комиссиядағы рөлi | Комиссия мүшесінің шешімі | Кері қайтару себебі | Кері қайтару себебі негіздемесі (Кері қайтару жағдайында көрсетіледі) |
| { өнім берушінің кодтық нөмірі } | {Комиссия мүшесінің Т.А.Ә., ұйымдағы лауазымы, комиссиядағы рөлі} | {келесі себептер қабылданған шешімге қарайды: жіберілді, кері қайтарылды, дауыс Берген жоқ} | {мағыналар анықтамалығына сәйкес: Аукциондық құжаттамаға сәйкес болмауы Заңның 6-бабының талаптарын бұзуы } | {Комиссия мүшесі енгізген кері қайтару себебінің негіздемесі} |
____________________
1 Мәліметтер әлеуетті өнім бершілердің кейінге қалдырылған өтінімдері болмаған жағдайда шығарылмайды
2 Мәліметтер әлеуетті өнім бершілердің кейінге қалдырылған өтінімдері болмаған жағдайда шығарылмайды
Аукциондық сауда-саттықтың күні мен уақыты мемлекеттік сатып алу веб-порталында аукционның хабарландыруында жарияланған.
Рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілер екеуден аз болған жағдайда аукциондық сауда-саттық өткізілмейді.
{Комиссия мүшесінің Т.А.Ә.} ________________________________________
(қолы)
{хаттаманы КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС форматында қалыптастыру күні мен уақыты}
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы
__________________________________________________________________________________________________________________
Банктің деректемелерi

Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi

№ _______ кепілдік міндеттеме
_____________________________ (орналасқан жері) | «_____»____________ ___ ж. |
Біз бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын _______________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
__________________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған ________________________________________ сатып алу жөніндегі электрондық аукционға қатысатындығынан және
__________________________________________________________________________________________________________________
(аукцион бойынша тауарлардың,
__________________________________________________________________________________________________________________
жұмыстардың, қызметтердің атауы)
бойынша көрсетілетін беруді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
___________ ж.»____»________ жоғарыда аталған аукционды өткізу жөніндегі аукциондық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің банктік кепілдік түрінде аукционға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ______________________________________________ осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ Өнім беруші:
аукционға қатысуға соңғы мерзім өткеннен кейін аукционға қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығын;
аукционның жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығын;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, аукциондық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығын жазбаша растауыңызды алғаннан кейін, Сізге Сіздің талабыңыз бойынша
_________________________________________________________________________________________________________________
(санмен және жазбаша)
сомаға тең қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме аукционға қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің аукционға қатысуға аукциондық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер аукционға қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
Конкурстық құжаттаманың
электрондық нысанына
6-қосымша
Банктік кепілдік
Банктің атауы
__________________________________________________________________________________________________________________
Банктің деректемелерi
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
№ _______ кепілдік міндеттеме
_____________________________ (орналасқан жері) | «_____»____________ ___ ж. |
Біз бұдан әрі «Өнім беруші» деп аталатын ______________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің атауы)
__________________________________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
ұйымдастырған ________________________________________ сатып алу жөніндегі электрондық конкурсқа қатысатындығынан және
__________________________________________________________________________________________________________________
(электрондық конкурс (лот/-тар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың
__________________________________________________________________________________________________________________
қызметтердің атауы)
тауарларды жеткізуді (жұмыстарды орындауды, қызметтерді көрсетуді) жүзеге асыруға дайындығынан хабардармыз.
Жоғарыда аталған электрондық конкурсты өткізу жөніндегі ___________ ж. «____»________ конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді банктік кепілдік түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз ____________________________________________________ осымен өзімізге
(банктің атауы)
Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін, сондай-ақ Өнім беруші:
электрондық конкурсқа қатысуға түпкілікті мерзім өткеннен кейін электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді кері қайтарып алғандығын не өзгерткендігін және (немесе) толықтырғандығына;
электрондық конкурсқа қатысушы деп танылған, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығын не кері қайтарып алғандығына;
электрондық конкурстың жеңімпазы етіп анықталған қатысушы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғандығына;
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығын не уақтылы орындамағандығына жазбаша растауды алғаннан кейін, Сіздің талабыңыз бойынша Сізге
__________________________________________________________________________________________________________________
(сома санмен және жазбаша)
сомаға тең кері қайтып алынбайтын міндеттемені төлеуді аламыз.
Осы кепілдік міндеттеме электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің қолданылуының соңғы мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер электрондық конкурсқа қатысу өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы мен мөрі Күні мен мекенжайы
Электрондық мемлекеттік сатып алуды
жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Аукцион өткізу нәтижелерінің хаттамасы
Аукцион № {Аукционның нөмірі}
{Аукционның атауы}
Аукцион мәнінің түрі: {тауар, жұмыс немесе қызмет}
Аукцион мәнінің атауы: {Лоттың атауы}
Сатып алу үшін бөлінген сома, теңге: {Аукционның жоспарлы сомасы}
Аукцион басталатын күні мен уақыты: {КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС }
Аукцион аяқталатын күні мен уақыты: {КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС }
Аукцион қатысушыларының соңғы ұсыныстары туралы мәліметтер:
Қатысушының коды | Ұсынылған баға, теңге | Ұсыныстың берілген уақыты |
| | КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС (Астана қаласының уақыты бойынша) |
{хаттаманы КК.АА.ЖЖЖЖ СС:ММ:СС форматында қалыптастыру күні мен уақыты
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Аукциондық құжаттаманың
электрондық нысанына
7-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы анықтама
Банктің атауы ________________________________________________________________________________________________
Банк деректемелері ____________________________________________________________________________________________
Кімге:
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы
_____________________________________________________________________________________________________________
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының деректемелерi
_____________________________________________________________________________________________________________
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегi банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы көрсетілciн) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.