ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі - бақылаудағы құжаттардың орындалу және өткізу мерзімін, ОМО-да атқарушылық тәртіптің жай-күйін, құжаттардың тіркелуін, бақылауға қойылуын, орындалған құжаттардың бақылаудан алынуын, бақылаудағы тапсырмалар тізбесінің дайындалуын және ОМО басшылығы мен ОМО бөлімшелеріне оларды орындау мерзімдері туралы ескертулердің жіберілуін бақылауды жүзеге асырады; құжаттарды бақылауға қою және оларды бақылаудан алу дұрыстығына, бақылаудағы құжаттардың орындау мерзімдерін белгілеуге және ауыстыруға жауапкершілік көтереді.
35. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ОМО іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықта мемлекеттік органның бөлімшелерінде бақылаудағы құжаттарды өткізу мерзімдері және тәртібі, сондай-ақ бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындалған құжаттарды міндеттерді бөлуге сәйкес қол қоюға немесе бұрыштама қоюға ОМО басшылығына беру тәртібі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Бақылаудағы құжаттарды орындау барысында ОМО бөлімшелері дайындаған құжаттардың жобалары міндеттерді бөлуге сәйкес ОМО басшылығына орындау мерзімі біткенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, ал ОМО бірінші басшысына - орындау мерзімі біткенге дейін екі күннен кешіктірмей бұрыштама қоюға беріледі.
Бақылаудағы құжаттардың орындалуы 5-тен 10 жұмыс күніне дейінгі мерзіммен орындау барысында дайындалған құжаттар орындау мерзімі біткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығына бұрыштама қоюға және ОМО бірінші басшысына қол қоюға беріледі.
Бақылаудағы құжаттарды орындау барысында 5 жұмыс күніне дейін орындау мерзімімен дайындалған құжаттар көрсетілген лауазымды адамдар кезектен тыс тәртіппен оның дайындауы бойынша дереу және тез арада ОМО басшылығына міндеттерді бөлуге сәйкес бұрыштама қоюға және ОМО бірінші басшысына қол қоюға беріледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 37-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
37. ОМО-да хат-хабарларды өткізуге байланысты рәсімдердің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында оның ресми интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналасады:
ОМО-да құжаттарды орындау және өткізу мерзімдерін бақылау үшін жауапты құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;
ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ОМО-да жұмыс істейтін сенім телефонының нөмірі;
ОМО басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі;
заңнамаға сәйкес өзге де ақпарат.
9. Орталық мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
және азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру
38. ОМО-да азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қарашадағы № 221 заңдарына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.