6. Адамның әкелуге және әкетуге арналған тiндерін және (немесе) ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) биологиялық қауiпсiздiк тұрғысынан зерттеу, консервациялау және тасымалдау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.»;
9) 173-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«173-бап. Адамның қаны мен оның компоненттерін, жасушаларының, тіндерінің, биологиялық сұйықтықтары мен сөлдерінің үлгілерін әкелу, әкету үшін негіздер»;
2 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының аумағынан қан мен оның компоненттерін әкету:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі Қазақстан Республикасының азаматына медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жердегi жақын туыстары мен жұбайына (зайыбына) медициналық көмек көрсету қажет болған кезде;
3) диагностикалық зерттеулер қажет болған кезде;
4) бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргiзген кезде;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда;
6) Қазақстан Республикасының халқын қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін (келісімшарттық фракциялау) Қазақстан Республикасының қан қызметі саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында дайындалған қан компоненттерінен плазмалық қан препараттарын шетелдік өндірушінің зауыттарында өндіру үшін қан компоненттері шетелге жіберілген кезде жүзеге асырылады.»;
«4. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге арналған лицензияны уәкілетті орган медициналық қызметке арналған лицензияға сәйкес «қан дайындау» мамандығы бойынша қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының өтiнiшi бойынша бередi.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
6. Қан мен оның компоненттерін жеке тұлғалардың әкелуіне және әкетуіне жол берілмейді.»;
10) 174-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«174-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн әкелудiң, әкетудiң тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 172-бабының 3-тармағында және 173-бабының 4-тармағында көрсетiлген денсаулық сақтау ұйымдарының адамның ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) тiндерін, қан мен оның компоненттерiн Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттарда және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті орган адамның тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді үш жұмыс күні ішінде, ал адамның ағзаларын әкелуге, әкетуге арналған лицензияны беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді бір жұмыс күні ішінде қабылдайды.».
4. «Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 25-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 8-құжат):
1) 5-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен:
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға;
заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкестігіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
жарылғыш материалдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданып жасалған бұйымдарды сақтауға;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсаттар береді;»;
2) 11-баптың 1-тармағының 33) тармақшасы алып тасталсын.
5. «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 17-18, 221-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2002 ж., № 10, 106-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 5-6, 30-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 9, 81-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Кеден одағына мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкету есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
Әкелуге немесе әкетуге берілген лицензияны есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы көрсетілген қызметке арналған лицензиясының болуына қарамастан, басқа заңды тұлғаға беруге болмайды.»;
2) 13-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке тұлғалар растайтын құжат болған кезде медициналық көрсеткіштер бойынша жеке қолдану үшін құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлік препараттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыра алады. Растайтын құжаттың нысанын есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейді.».
6. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары ретінде:
1) оқжатарының (барабанының) сыйымдылығы 10 патроннан асатын, ұңғысының ұзындығы немесе ұңғы қорапшасымен қоса ұңғысының ұзындығы 500 миллиметрге жетпейтін және қарудың жалпы ұзындығы 800 миллиметрге жетпейтін, сондай-ақ оның ұзындығын 800 миллиметрге жетпейтіндей етіп жасауға мүмкіндік беретін конструкциясы бар және бұл ретте, ату мүмкіндігі жойылмайтын ұзын ұңғылы атыс қаруының;
2) оқты түйдектете атуға мүмкіндік беретін азаматтық атыс қаруының;
3) түрі басқа заттарға ұқсайтын атыс қаруының;
4) ұңғы ұзындығының 40 пайызынан аспайтын ойық бөлігі бар «парадокс жүйесіндегі» қаруды қоспағанда, ойық ұңғылы атыс қаруының патрондарына жасап шығарылған тегіс ұңғылы атыс қаруының;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, қол шоқпарлардың, кастеттердің, сурикендердің, бумерангтердің және қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген ұрып-уататын, лақтыратын, шаншып-кесетін басқа да заттардың;
6) ұшы мен жүзінің ұзындығы 90 миллиметрден астам болғанда, батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан ұшы мен жүзі не өздігінен шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және өздігінен бекітілетін суық сұқпа қару мен пышақтардың;
7) ауырлық орталығы ауыстырылған бронь бұзғыш, өртегіш, жарғыш немесе жарқырағыш оқтары бар патрондардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес газды тапаншалар мен револьверлерге арналған бытыралы снарядтары бар патрондардың;
8) зақымдағыш күші радиоактивті сәулені және биологиялық әсерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;
9) жүйкені сал ететін, уландыратын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган қолдануға тыйым салған басқа да заттармен жарақталған газды қарудың, сондай-ақ бір метрден астам қашықтықтан адам өміріне қауіпсіз зақым келтіре алатын, алайда денсаулықтың жиырма бір күннен астам мерзімге ұзақ уақыт бұзылуына не еңбек ету қабілетін 10 және одан астам пайызға елеулі түрде тұрақты жоғалтуға әкеп соғатын газды қарудың;
10) криминалистiк талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының;
11) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтін қару мен оның патрондарының;
12) зақымдағыш әсері электромагнитті, жарық, жылу, инфрадыбыстық немесе ультрадыбыстық сәулелерді пайдалануға негізделген қарудың және өзге де заттардың;
13) шығыс параметрлері мемлекеттік стандарттарда белгіленген шамадан асатын өзін-өзі қорғаудың ұңғысыз атыс қаруының, электрошок құрылғыларының және ұшқынды разрядтауыштардың;
14) металл детекторлармен табуға мүмкіндік бермейтін материалдардан жасап шығарылған қарудың айналымына тыйым салынады.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға рұқсаттар, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар берілгені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.»;
3) 20-баптың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылданғанға дейін заңды немесе жеке тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген қауiпсiздiк талаптарын, қаруды беру, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау, тіркеу, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау және қолдану қағидаларын бұзғанда;»;
4) 25-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті органның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
3. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу осы Заңның талаптары ескеріле отырып, iшкi iстер органдары қорытындыларының негізінде жүргізіледі.»;
5) 26-баптың 4, 5 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Шетелдіктер аңшылыққа арналған келiсiмшарт немесе спорттық іс-шараларға қатысу үшін шақырту болған кезде және қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негізінде азаматтық қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады. Әкелiнген қару келiсiмшартта немесе шақыртуда белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасынан әкетілуге тиiс.
5. Қазақстан Республикасына шақырту бойынша немесе өздерiнiң қызметтiк тапсырмаларын орындауға байланысты келетiн шетелдiк құқық қорғау органдары, арнаулы қызметтер және әскерилендiрiлген ұйымдар қызметкерлерiнiң жауынгерлiк қол атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуi, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуі Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен тиiстi органдар басшыларының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«8. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды берілгені үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.»;
6) 27-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын есепке алу, сақтау, алып жүру, тасымалдау, коллекциялау, экспонаттау және жою тәртiбiн қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
7) 29-баптың 1-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар бередi;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдамалар береді;».
7. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146, 150-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 25-құжат; № 8, 63, 64-құжаттар; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат):
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын:
«78) электромагниттік үйлесімділік - техникалық құралдың берілген электромагниттік жағдайда белгіленген сапада жұмыс істеу және басқа техникалық құралдарға жол берілмейтін электромагниттік бөгеуілдер жасамау қабілеті.»;
2) 8-бапта:
1-тармақта:
12) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-7) тармақшамен толықтырылсын:
«19-7) импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;»;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) пайдалануға рұқсат болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгiленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды өшiру;»;
3) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиiлiктi құрылғыларын қоса алғанда, радиожиілік спектрін пайдалануға, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды іске қосуға рұқсаттар беру;»;
4) 11-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Радиожиілік спектрін және байланыс жерсеріктерінің орбиталық позицияларын пайдалануды реттеу мемлекеттің ерекше құзыретінде болады.
Радиожиілік спектрін пайдалануды реттеуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады және ол радиожиілік спектрін тиімді пайдалануға және жиiлiктер белдеуiн, радиожиiлiктi (радиожиiлiк арнасын) иелікке беру (тағайындау) рәсімінің ажырамас бөлігі болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық және техникалық шаралар кешенін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізуді Қазақстан Республикасының радиожиілік органдары жүзеге асырады.
Радиожиілік спектрі байланыс саласындағы ұлттық ресурс болып табылады.»;
5) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды әкелу тәртібі
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шектеулі, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу Қазақстан Республикасы ратификациялаған тауарлардың сыртқы саудасын лицензиялау саласындағы халықаралық шарттар мен «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген орган беретін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
2. Егер, импорттан өзгеше жағдайларда, алты айдан аспайтын мерзімге әкелінетін азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар:
1) шетелдік ресми делегациялардың Қазақстан Республикасының аумағында болуын қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстар мен өзге де мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелерде көрсетуге;
4) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарды жүргізуге;
5) сәйкестікті растау (сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау) мақсаттарында сынақтар жүргізуге арналған болса, олар уәкілетті органның қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінеді.».
8. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 8-баптың 24-12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«24-12) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекітеді;»;
2) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;»;
51-36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51-36) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;».
9. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) 11-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар;»;
2) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін, атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтегі лицензиарларды, экспорттық бақылауға жататын өнімдер импорты мен экспортының лицензиарларын қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.».
10. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 23-24, 125-құжат):
1) 1-баптың 16-тармағының 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) 9-баптың 11) тармақшасындағы «16-тармағының 3) және 6) тармақшаларын» деген сөздер «16-тармағының 3) тармақшасын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын, 6-тармағының 2) тармақшасын және 5) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.