Сауда-саттық бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттық өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап кемінде күнтізбелік он төрт күн өткеннен кейін өткізіледі.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мақтаны сатудан түскен сома мынадай реттілікпен бөлінеді: ең алдымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығыстар жабылады, содан кейін мақта өңдеу ұйымына мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі жөніндегі қызметтері үшін сыйақы төленеді, бұдан соң кепіл куәлігін ұстаушының талаптары қанағаттандырылады, ал қалған бөлігі қойма куәлігін ұстаушыға қойма куәлігі түпнұсқасының орнына қайтарылып беріледі.
3. Әрбір кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толығымен қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
27-бап. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін жоғалту
1. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігін) жоғалтқан жағдайда мақта қолхатын немесе тиісті куәлікті жоғалтқан адам бұл туралы мақта өңдеу ұйымын жазбаша нысанда дереу хабардар етуге міндетті.
Кепіл туралы мәліметі бар қойма куәлігін жоғалтқан жағдайда, қойма куәлігін жоғалтқан адам бұл туралы қойма куәлігінде көрсетілген қойма куәлігін ұстаушыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
2. Жоғалған мақта қолхаты немесе оның бөліктері (қойма немесе кепіл куәлігі) бойынша құқықтарды қайта қалпына келтіруді сот жүргізеді.
6-тарау. Мақта өңдеу ұйымдарының қызметін мемлекеттік бақылау
28-бап. Мақта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру)
1. Мақта нарығын реттеу және мақта нарығына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган дербес және (немесе) тиісті мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, сондай-ақ мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор мақта өңдеу ұйымдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталу нысанасына инспекциялауды (тексеруді) жүргізеді.
2. Мақта өңдеу ұйымы осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаларға инспекциялау (тексеру) жөніндегі тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша жәрдем көрсетуге, мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау пункттерінің аумағындағы барлық өндірістік объектілерге, сондай-ақ инспекциялау (тексеру) жүргізуге қажетті ақпараты бар барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) барысында алынған коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
29-бап. Мақта шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік инспектор
1. Мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік инспектор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде:
1) осы Заңның 9-бабына сәйкес мақтаның қауіпсіздігін және сапасын тексеруді жүзеге асыруға;
2) өндіріс, шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу, шитті мақтаны сақтау объектілеріне кедергісіз (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгісі бар тексеріс тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде) кіруге, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды және мақта нарығы мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Уәкілетті органның басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің тиісті лауазымына «мақта саласын дамыту жүйесінің мемлекеттік инспекторы» деген қосымша арнайы атау беруге құқылы.
30-бап. Мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
Тексеру нәтижелері бойынша мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуға міндетті жазбаша нұсқамалар беру;
2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта өңдеуші ұйым оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
31-бап. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру
Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
7-тарау. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару
32-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару
1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілетін қалпына келтіруге бағытталған әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушылық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің ең болмағанда біреуі болса жеткілікті:
1) осы Заңның 24-бабында көзделген тәртіппен мақта қолхатын ұстаушының алғашқы талабы бойынша мақтаны беруден бас тартуымен білдірілген шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі шарттық міндеттемелердің жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) тиісінше орындалмауы;
2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етілген мақта мөлшерінің сақтаудағы мақтаның нақты мөлшерінен артық болуы фактілерінің анықталуы.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша уақытша басқаруды енгізудің шарты осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын мақта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялау (тексеру) нәтижесінде жасалатын анықталған бұзушылықтар туралы акті болып табылады.
Мақта өңдеу ұйымының қызметіне уәкілетті органның инспекция (тексеріс) жүргізуі үшін:
1) облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы;
2) тексерістер жүргізу кестесі;
3) мақта қолхаттарын ұстаушылардың мақтаны беруден бас тартудың екі және одан да көп фактілері бойынша ресми өтініштері (шағымдары) негіздер болып табылады.
4. Мақта өңдеу ұйымына қатысты сырттай бақылау рәсімі енгізілген жағдайларда уақытша басқару енгізілмейді.
5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
6. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
7. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Уақытша басқару кезеңінде заңсыз әрекеттерімен мақта өңдеу ұйымына келтірілген нұқсан үшін уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелері, уақытша әкімшілік мүшелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
33-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу
1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді уәкілетті орган облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша қабылдайды, онда:
1) уақытша басқаруды енгізу үшін негіздің бар екендігі туралы қорытынды;
2) уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар болуға тиіс.
2. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және онда:
1) уақытша басқару енгізілетін мақта өңдеу ұйымының атауы және орналасқан жері;
2) уақытша басқаруды енгізу үшін негіздеме;
3) уақытша басқару іс-әрекетінің басталуы және мерзімі;
4) мақтаны беруді тоқтата тұруды қоса алғанда, мақта өңдеу ұйымы қызметін шектеулердің тізбесі;
5) уақытша басқару жөніндегі комиссияның дербес құрамы;
6) уақытша басқару енгізілетін мақта өңдеу ұйымының басшы қызметкерлеріне жұмыс туралы есеп дайындау және оны уақытша әкімшілікке ұсыну туралы және осы мақта өңдеу ұйымы берген белгілі мақта қолхаттарын ұстаушыларды міндетті түрде уақытша басқаруды енгізу туралы хабардар ету жөніндегі нұсқамасы болуға тиіс.
3. Мүдделі тұлғалар уақытша басқаруды енгізу туралы шешімге сот тәртібімен шағымдана алады. Аталған шешімге шағымдану оның қолданысын тоқтатпайды.
4. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мақта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Уәкілетті орган мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді жариялаумен бір мезгілде осы мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау мақсатында мақта қолхаттарын ұстаушылар жиналысына қатысу құқығы туралы хабарламаны жариялайды.
34-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия
1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің және облыстың жергілікті атқарушы органының өкілдерінен тұрады. Уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуға және үш адамнан кем болмауға тиіс.
2. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
1) уақытша әкімшіліктің құрамын бекіту;
2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;
3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау;
4) уақытша әкімшіліктің құрамы бекітілгенге дейін осы Заңның 35-бабына сәйкес оның функцияларын жүзеге асыру жатады.
3. Уақытша комиссия уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мақта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің атына осы мақта өңдеу ұйымының шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.
4. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және уақытша әкімшіліктің орындауы үшін міндетті болып табылады.
5. Уақытша басқару жөніндегі комиссия:
1) уақытша әкімшілікке мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезеңіндегі өз қызметінің негізгі бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкімшіліктен өз қызметі және мақта өңдеу ұйымының қызметі туралы ақпарат беруін талап етуге;
3) уәкілетті органға мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату не мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
35-бап. Уақытша әкімшілік
1. Уақытша әкімшілік аталған мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уәкілетті органның, мақта өңдеу ұйымының, мақта өңдеу ұйымы қатысушысы болып табылатын мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерінен құралады.
2. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның мақта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі республикалық мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіліктің құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын өткізуді ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануға осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың басым құқығы болады.
3. Мақта қолхаттарын ұстаушылардан және (немесе) мақта өңдеу ұйымынан уақытша әкімшіліктің құрамына кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда, уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшілік құрамын дербес бекітуге құқылы, бұл ретте мақта қолхаттарын ұстаушылардың арасынан сақтаулы мақтаның барынша көп мөлшері бар тұлғалардың бірі уақытша әкімшілік мүшесі болып белгіленеді.
4. Шешімдер қабылдау кезінде уақытша әкімшілік мүшелерінің дауыстары:
1) мақта қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
2) мақта өңдеу ұйымы - жиырма бес процент;
3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;
4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - жиырма бес процент болып бөлінеді.
5. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару іс-әрекеті кезеңінде мақта өңдеу ұйымын басқаруды уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
Уақытша басқару енгізілгеннен кейін мақта өңдеу ұйымының атынан және есебінен жасалған барлық мәмілелер уақытша әкімшіліктің жазбаша келісімінсіз жарамсыз деп танылады.
Уақытша басқару іс-әрекеті кезеңінде мақта өңдеу ұйымы құрылтайшыларының (акционерлерінің, қатысушыларының) және өзге де басқару органдарының мақта өңдеу ұйымының міндеттерін ұлғайтуға, мақта өңдеу ұйымының мүлкін пайдалануға немесе иеліктен шығаруға қатысты шешімдерін және мақта өңдеу ұйымының берілген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауына ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін өзге де шешімдерді орындау тоқтатылады.
6. Уақытша әкімшілік:
1) осы Заңда айқындалған құзыреті шегінде тиісті актілер қабылдауды қоса алғанда, мақта өңдеу ұйымы қызметінің барлық мәселелері бойынша өз бетінше шешімдер қабылдауға;
2) уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарынан туындайтын барлық талаптарды оларда көрсетілген мақта көлемінің елу процентке дейінгі мөлшерінде тоқтата тұруға;
3) мақта өңдеу ұйымының қабылданған мақта көлемі бойынша міндеттемелерін қайта қалпына келтіруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;
4) мақта өңдеу ұйымының атынан және оның мүддесіне орай, соның ішінде сотта да, өкілдікті жүзеге асыруға;
5) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарын ұстаушылардың атынан осы мақта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша берешекті өтеу туралы талаптар қоюға;
6) мақта өңдеу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
7. Уақытша әкімшілік бірінші кезектегі тәртіппен:
1) мақта өңдеу ұйымының қаржылық жай-күйіне мына бағыттар: капиталының бара-барлығы, активтерінің талдамасы, кірістері мен шығыстарының талдамасы бойынша талдау жүргізуге;
2) мақта өңдеу ұйымының мүлкіне және оның міндеттемелеріне түгендеу, сондай-ақ, осы мақта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау пунктінде) сақталатын мақтаға түгендеу жүргізуге;
3) мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы берешегін қоса алғанда, кредиторлық берешегін анықтауға;
4) сотқа талап-арыздар әзірлеу мен ұсынуды қоса алғанда, мерзімі өткен дебиторлық берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қолдануға;
5) мақта өңдеу ұйымының басқару құрылымын және штат санын айқындауға;
6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілетті адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болған жағдайда) бар карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгілерін уәкілетті органға табыс етуге;
7) банкте банктік операциялар бойынша операциялар жасау үшін құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдардың қойылған қолдарының үлгілері бар жаңа карточканы қызмет көрсететін банкке табыс етуге (бұл ретте уақытша әкімшілік тағайындалғанға дейін табыс етілген карточка жойылуға тиіс);
8) уақытша басқару жөніндегі комиссияға мақта өңдеу ұйымының нақты жай-күйі туралы ақпарат беруге және осы мақта өңдеу ұйымының шаруашылық қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.
8. Уақытша әкімшіліктің мақта өңдеу ұйымының мүлкін мүлікті кепілге беруді, мүліктік жалдауды қоса алғанда, иеліктен шығару жөнінде шешімдер қабылдауына жол берілмейді.
36-бап. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату
1. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару:
1) уәкілетті органның шешімімен белгіленген уақытша басқару мерзімінің аяқталуы бойынша;
2) уәкілетті орган уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған жағдайда;
3) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша тоқтатылады.
2. Уақытша басқару:
1) мақта өңдеу ұйымы берілген мақта қолхаттары бойынша өз міндеттемелерін орындау қабілеттілігін қалпына келтірген;
2) басқа да мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптарын тиісінше орындауға ықпал ететін жағдайлар болмаған кезде уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарын ұстаушылардың барлық мәлім етілген талаптарын толық көлемде қанағаттандырған жағдайларда мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Уақытша әкімшіліктің уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау үшін негіздердің болуы туралы актісінің негізінде қабылдайтын уақытша басқару жөніндегі комиссияның ұсынысы уәкілетті органның уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
3. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгізуге әкеп соққан себептердің жойылуына байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімінен бұрын) осы мақта өңдеу ұйымына қатысты барлық шектеулерді жоюға әкеп соғады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы ұсыныс енгізуге және мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз беруге бастама жасауға құқылы
8-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын мақта өңдеу ұйымын тарату және оның кредиторларының
талаптарын қанағаттандыру тәртібі
37-бап. Мақта өңдеу ұйымын тарату үшін негіздер
1. Мақта өңдеу ұйымы:
1) оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ, құрылтай құжаттарында кез келген негізде таратуға уәкілеттік берілген заңды тұлға органының шешімі бойынша таратылуы (ерікті түрде тарату) мүмкін, бұл ретте уәкілетті органға жазбаша хабарлама жіберіледі;
2) сот шешімі бойынша таратылуы (мәжбүрлеп тарату) мүмкін.
38-бап. Мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату үшін негіздер
Мақта өңдеу ұйымын сот:
1) банкроттық;
2) мақта өңдеу ұйымын құрған кезде жойылмайтын сипаттағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтарға жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған;
3) мақта өңдеу ұйымының жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясыз қызметті жүзеге асырған не осы Заңмен тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, не қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған, соның ішінде корпоративтік табыс салығы (жиынтық жылдық кіріс және жасалған шегерімдер туралы) туралы декларацияны немесе заңда белгіленген табыс ету мерзімінен кейін бір жыл өткен соң оңайлатылған декларацияны ұсынбаған, мақта өңдеу ұйымының тұрған жері бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай-ақ, өздерінсіз мақта өңдеу ұйымы бір жыл ішінде жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды тұлғалар болмаған;
5) егер мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілеттілігін қалпына келтірмеген жағдайларда, мәжбүрлеп таратуды жүргізеді.
39-бап. Конкурстық массаны қалыптастырудың ерекшеліктері
Мақта өңдеу ұйымы банкрот болған, таратылған кезде, сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге қабылданған мақта, соның есебінен мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары қанағаттандырылатын мүліктің құрамына, сондай-ақ, мақта өңдеу ұйымының конкурстық массасына енгізілмейді.
40-бап. Мәжбүрлеу тәртібімен таратылатын мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру кезектілігі
1. Мәжбүрлеп таратылатын мақта өңдеу ұйымы кредиторларының талаптары, соның ішінде банкроттығына байланысты белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылады:
1) бірінші кезекте өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылатын мақта өңдеу ұйымы жауапты болатын азаматтардың талаптары тиісті мерзімдік төлемақыларды капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбекақы, жалақыдан ұсталған алименттерді және міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ, авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі берешектер төлемі бойынша есеп айырысу жүргізіледі;
3) үшінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының жүргізілген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте таратылатын мақта өңдеу ұйымының мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша кредиторлардың талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;
7) жетінші кезекте Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да кредиторлармен есеп айырысу жүргізіледі.
2. Тарату ісін жүргізуге байланысты, соның ішінде мақта өңдеу ұйымы тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар, сондай-ақ, таратылатын мақта өңдеу ұйымының негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты жүргізіледі.
Мақта өңдеу ұйымын тарату кезеңінде туындайтын салықтық міндеттемелер, олардың туындауына қарай Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
41-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.