ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен 121-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
121. Бастапқы баға ұсыныстарын қабылдау уақыты 5 минутты құрайды. Әлеуетті өнім беруші баға ұсыныстарын беруге уәкілетті тұлғаның қатысуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 122-тармақ өзгертілді
122. Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің бастапқы баға ұсыныстары лот бойынша әлеуетті өнім берушінің мөрімен бекітілген және бірінші басшының немесе мұндай баға ұсынысына қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған бағалар көрсетіле отырып, жазбаша ұсынылады.
Әлеуетті өнім беруші тендердің қандай да бір лоты бойынша бастапқы баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда әлеуетті өнім беруші осы лот бойынша түпкілікті баға ұсынысын ұсыну мүмкіндігінен айырылады және тендердің жеке лоты бойынша ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысудан шеттетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 123-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
123. Егер баға ұсынысы лот бойынша сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса комиссия оны, қарамайды және осы лот бойынша мұндай баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімін қарамайды. Бұл ретте, егер осы лот бойынша ең төмен бағаны анықтау рәсіміне қатысуға екіден аз тендерлік өтінім қалса, комиссия лот бойынша екі кезеңдік рәсімді пайдаланылатын тендерді өткізілмеді деп таниды.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 124-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
124. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілердің барлық ұсынылған баға ұсыныстарын, оның ішінде лот бойынша ең төмен баға ұсыныстарын жариялайды және оларға бастапқы ұсынылған баға ұсыныстарын азайтуды ұсынады.
Түпкілікті баға ұсыныстарын қабылдау уақыты осындай ұсыныстарды қабылдаудың басталуы туралы комиссия хатшысы хабарлаған сәттен бастап бес минутқа дейін болады. Егер бастапқы баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім беруші түпкілікті баға ұсынысын ұсынбаған жағдайда комиссия оның бастапқы ұсынған баға ұсынысын түпкілікті ұсыныс ретінде қабылдайды.
Ең төменгі баға ұсынысы біреу ғана болған жағдайда ең төменгі бағаны анықтау рәсімі түпкілікті болып табылады.
Ең төменгі түпкілікті баға ұсыныстарының екі немесе одан да көбі бірдей болған кезде ең төменгі баға ұсынысын анықтау үшін үшінші баға ұсынысын ұсынуға болады.
125. Баға ұсынысы басқа баға ұсыныстарына қарағанда ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 126-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
126. Егер бірдей ең төменгі баға ұсыныстарын берген әлеуетті өнім берушілер өздерінің лот бойынша бұрын берген баға ұсыныстарын азайтудан бас тартқан жағдайда, осы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер өтпей қалды деп танылады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 983 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер нәтижесі бойынша комиссия үш жұмыс күнінің ішінде екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен өткізілген тендер қорытындысы жөнінде хаттамаға қол қояды, онда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің күні, басталу және аяқтау уақыты;
2) комиссияның құрамы;
3) ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысқан әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) лоттардың атауы және қысқаша сипаттамасы;
5) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер қорытындысы бойынша анықталған ең төменгі баға;
6) әр лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпаздарының атауы және орналасқан жері;
7) егер екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер нәтижесінде жеңімпаз анықталмаса - Комиссияның мұндай шешім қабылдау негіздемесі;
8) жеткізу шартына қол қойылуы тиіс мерзім.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
128. Ең төменгі бағаны анықтау рәсімінің аяқталу сәтінен бір жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы лот бойынша екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазының атауын интернет-ресурста жариялайды.
129. Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысқан әлеуетті өнім берушінің жазбаша талабы бойынша оған екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесі беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 129-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-1. Медициналық техниканы сатып алу бойынша екi кезеңдi рәсiмдер пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн техникалық өзіндік ерекшеліктердің көшірмелерімен қоса қағаз және doc*форматындағы электрондық түрде тендердiң қорытындысы шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiлердiң тендер жеңiмпаздарымен осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес жасалған медициналық техниканы сатып алу шарттарын (бұдан әрi - сатып алу шарты) жасасуы үшiн қабылдау-беру актiсi бойынша тапсырыс берушiлерге беруге тиiс.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 129-2-тармақпен толықтырылды
129-2. Тапсырыс берушілер медициналық техниканы сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланылған тендер қорытындылары туралы хаттаманың нотариалды куәландырылған көшірмелерін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тендер жеңімпаздарымен медициналық техниканы сатып алу шарттарын жасасуға тиіс.
130. Комиссия екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендерді, егер:
1) осы Ережеде белгіленген жағдайларды қоспағанда, ең төменгі бағаны анықтау рәсіміне қатысуға жіберілген кемінде екі әлеуетті өнім берушінің екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін берген;
2) барлық берілген өтінімдер қабылданбаған;
3) осы Ережеде 123 және 126-тармақтарында көзделген жағдайда тұтастай немесе қандай да бір лот бойынша өтпей қалды деп таниды.
Екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын тендер нәтижесі бойынша жеткізу шарты осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 130-1-тармақпен толықтырылды
130-1. Егер сатып алу осы Ереженің 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәсілдермен жүргізілген жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы медициналық техниканы жеткізушіні айқындамаса, құндық мәндегі жылдық көлемі бір айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын медициналық техниканы сатып алуды Ережеге сәйкес тапсырыс берушілер жүзеге асырады.
11-тарау. Бір көзден сатып алу және оны қолдану шарттары
ҚР Үкіметінің 2010.25.02. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 983 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді
131. Бір көзден сатып алуды бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда жүзеге асырады:
1) екі кезеңді рәсімдерді тұтасымен пайдаланып немесе оның қандай да бір болмаған лоты бойынша тендерді тану кезінде;
2) тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын осы Ереженің талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушінің бір өтінімі ғана берілгенде не әлеуетті өнім берушілер олардың біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім беруші осы Ереже талаптарына сәйкес келетін екі және одан көп өтінім берілгенде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы аталған отандық тауар өндірушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады.
3) дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар көлемін көбейтуге қатысты сол қаржы жылында тапсырыс берушінің қосымша өтінімі түскен кезде. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор белгіленген баға бойынша өнім берушілерден бір көзден сатып алуды жүзеге асырады;
4) екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын тендер жеңімпазы болып табылған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьюторға немесе тапсырыс берушіге келіспеушіліктердің болғаны туралы хабарламай, осы Ереженің 135-тармағында белгіленген мерзімде жеткізу шартына немесе сатып алу шартына қол қоймаған жағдайда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы ашық тендер жеңімпазының бағасынан аспайтын бағамен осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
5) өнім беруші жеткізу шартының немесе сатып алу шартының талаптарын орындамағандықтан, тиісінше орындамағандықтан жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бұзылғанда. Бұл жағдайда бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бұзылған жеткізу шартының белгіленген бағасынан аспайтын баға бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың қалдық көлеміне осы Ереженің біліктілік талаптарына сәйкес келетін заңды тұлғадан немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғадан бір көзден сатып алуды жүзеге асыруға құқылы. Аталған тармақтың талаптары, егер тендер жеңімпазы отандық тауар өндіруші болып белгіленген жағдайда, қолданылмайды;
6) ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) Қазақстан Республикасында тек бір ғана:
халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы бойынша аналогтары жоқ шетелдік өндірушінің дәрілік заты;
аналогтары жоқ медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника тіркелгенде.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.16.05. № 629 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 132-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 132-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
132. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы осы Ереженің 131-тармағының 1) -5) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіден (осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына, 11-2-тарауына сәйкес шарт жасалған өнім берушілерді қоспағанда) мыналарды сұратады:
1) баға ұсынысы;
2) әлеуетті өнім берушінің осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар. Осы Ереженің 131-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде, бұдан бұрын осы Ереженің талаптарына сәйкес тендерлік өтінімді ұсынған әлеуетті өнім беруші бірыңғай дистрибьютор мен медициналық техниканы ұйымдастырушыға осы Ереженің 8-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынбайды;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың осы Ереженің 4-тарауында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
ҚР Үкіметінің 2010.27.08. № 844 қаулысымен 132-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 132-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
132-1. ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 629 Қаулысымен 132-2-тармақпен толықтырылды
132-2. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде 3 жылға дейінгі мерзіммен азаматтық-құқықтық шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша аналогтары жоқ тек бiр ғана дәрiлiк зат тіркелгенде;
2) Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ тек бiр ғана медициналық мақсаттағы бұйым және/немесе медициналық техника тiркелгенде.
Азаматтық-құқықтық шарт мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасында халықаралық патенттелмеген атау бойынша дәрiлiк заттың аналогтары тіркелгенде;
2) Қазақстан Республикасында медициналық мақсаттағы бұйымдардың және/немесе медициналық техниканың аналогы тіркелгенде;
3) дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тізімінен, сондай-ақ уәкілетті орган айқындайтын медициналық техниканы сатып алу тізбесінен алып тастағанда;
4) дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйым мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасында тіркеудің қолданылу мерзімі тоқтатылғанда бұзылуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 132-3-тармақпен толықтырылды
132-3. Осы Ереженің 131-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бір көзден сатып алуды жүзеге асырған кезде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім беруші - шетелдік өндірушіден (дайындаушы зауыттан) мыналарды сұратады:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсыныс;
2) осы Ереженің 12, 13-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттар;
3) шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы бар заңдастырылған немесе апостильденген құжат.
Егер шетелдік өндірушінің (дайындаушы зауыттың) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болса, өкілдікті/филиалды есептік тіркеу туралы куәлік, өкілдік/филиал туралы Ереже ғана ұсынылады;
4) нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы бар дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге және/немесе көтерме, бөлшек саудада сатуға шетелдік өндіруші (дайындаушы зауыт) құқығын растайтын құжаттың заңдастырылған немесе апостильденген көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 163 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133. Бірыңғай дистрибьютор немесе медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастырушы бір көзден сатып алуды жүзеге асыру кезінде мынадай ақпараттан тұратын хаттама толтырады:
1) бір көзден сатып алу тәсілін қолданудың негіздемесі;
2) сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қысқаша сипаттамасы;
3) жеткізу шарты немесе сатып алу шарты жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері және мұндай шарттың бағасы.
Жеткізу шарты немесе сатып алу шарты бір көзден сатып алу тәсілін пайдалану нәтижесі бойынша осы Ереженің 12-тарауының талаптарын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютормен немесе тапсырыс берушімен жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.14.07. № 716 Қаулысымен 11-1-тараумен толықтырылды
11-1-тарау. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше
жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
тәртібі
133-1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алудың ерекше тәртібін бірыңғай дистрибьютор:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу қажет болған;
2) төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою қажет болған жағдайларда жүзеге асырады.
133-2. Сатып алудың ерекше тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде қолданылады.
133-3. Инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу, төтенше жағдайларды болдырмау және олардың салдарын жою үшін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен уақтылы қамтамасыз ету және ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) сатып алынуға тиіс дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін (тізімін) және санын;
2) кедендік тазарту бойынша шығыстарды қоса алғанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың болжамды құнын (бағасын);
3) қаржыландыру көзін айқындайды.
133-4. Әлеуетті өнім беруші ретінде ерекше тәртіппен сатып алуға қатысу үшін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар (келісімдер), сондай-ақ оларды іске асыру үшін қол қойылған халықаралық шарттар негізінде шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдарға рұқсат беріледі.
133-5. Ерекше тәртіппен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бірыңғай дистрибьютор әлеуетті өнім берушіден:
1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасы бойынша ұсынысты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың Қазақстан Республикасында тіркелгенін және олардың осы Ереженің 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды сұрайды.
133-6. Ерекше тәртіппен жүзеге асырылған Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы шартты (келісімді) осы тараудың талаптарын есепке ала отырып, бірыңғай дистрибьютор жасайды.
133-7. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарт шеңберінде жасалған шарттарда (келісімдерде) шарт сомасының 100 пайызы мөлшеріндегі аванстық (алдын ала) төлемге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1415 Қаулысымен 11-2-тараумен толықтырылды
11-2- тарау. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұзақ
мерзімді шарт бойынша сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
133-8. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу:
1) бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен;
2) әлеуетті өнім берушінің бірыңғай дистрибьюторға атауын (халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттардың құрамы немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың атауы) және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасын көрсете отырып ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау туралы өтініші бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.01. № 28 Қаулысымен 133-9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-9. Бірыңғай дистрибьютор бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары бойынша талдау жүргізеді.
Бұрын жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарттары болмаған жағдайда, осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
Осы Ереженің 11-2-тарауын қолданбай жасалған ұзақ мерзімді жеткізу шарты болған жағдайда бірыңғай дистрибьютор осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес ұзақ мерзімді жеткізу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды. Бұл ретте, сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың көлемі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу сәтінде осы Ереженің 11-2-тарауына сәйкес белгіленген өнім беруші мен осы Ереженің 11-2-тарауын қолданбай ұзақ мерзімді жеткізу шарты жасалған өнім берушінің арасында 50%-дан бөлінеді.
133-10. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау мүмкіндігі туралы шешім қабылдағаннан кейін бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан он бес жұмыс күн ішінде дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тиісті атаулары бойынша ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасаудың орындылығы туралы қорытындыны сұратады.
133-11. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бірыңғай дистрибьютор өтініш берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде бірыңғай дистрибьюторға халықаралық патенттелмеген атауы немесе дәрілік заттың құрамы және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның атауы, техникалық өзіндік ерекшелігі және ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарты бойынша дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың әрбір атауы бойынша жеткізу кезеңінің ұзақтығы көрсетілген ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындылығы туралы қорытындыны ұсынады.
133-12. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органнан ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасасудың орындынсыздығы туралы қорытынды алған жағдайда бірыңғай дистрибьютор ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартын жасау жөнінде конкурс жарияламайды.
133-13. Бірыңғай дистрибьютор уәкілетті органнан қорытындыда көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар атаулары бойынша қорытынды алғаннан сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұзақ мерзімді өнім беруші шартын жасасуға конкурс жариялайды.
ҚР Үкіметінің 2012.21.12. № 1649 Қаулысымен 133-14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133-14. Ұзақ мерзiмдi жеткiзу шарттарын жасасуға конкурстарды ұйымдастыру мен өткізу үшін бірыңғай дистрибьютор конкурстық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.
Комиссия сондай-ақ ұзақ мерзiмдi жеткiзу шартының мәнін өзгерту және/немесе оны бұзу мәселелерін бірыңғай дистрибьютордың бастамасымен қарайды, оның нәтижелері бойынша хаттама жасалады.
Комиссия ұзақ мерзімді шарттар бойынша отандық өндірушілерден сатып алынатын дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағалары бойынша ұсынымдық сипаты бар ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға ұсынады.
Бірыңғай дистрибьютор комиссияға өткен жылғы сатып алынған бағаларға талдау жолымен айқындалған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың әрбір атауы бойынша бағаларды ұсынады.
Егер дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым бірінші рет сатып алынған жағдайда, бірыңғай дистрибьютор комиссияға денсаулық сақтау ұйымдары ұсынған олардың соңғы үш жылда сатып алған дәрілік затқа және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымға арналған бағалар негізінде айқындалған бағалар талдауын ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасында аналогтары жоқ бір ғана дәрілік зат және/немесе медициналық мақсаттағы бұйым тіркелген жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор комиссияға жақын және алыс шетелдердің өндіруші елдерінде өткізілетін бағалар бойынша дәрілік заттың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымның әрбір атауы бойынша тиісті кезеңге арналған бағаларды ұсынады.
133-15. Комиссия құрамына бірыңғай дистрибьютордың бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның басшы немесе ол уәкілеттік берген адам, бірыңғай дистрибьютордың қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері (келісім бойынша), үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (келісім бойынша), аккредиттелген бейінді қауымдастық өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
133-16. Комиссия құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Комиссияның жалпы саны тақ болуы және тоғыз адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
133-17. Комиссия оны құру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап тұрақты негізде әрекет етеді.
133-18. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
133-19. Комиссия хатшысы бірыңғай дистрибьютордың қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы әлеуетті өнім берушілерден конкурстық өтінімдерді қабылдайды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлейді, комиссия отырысы өткеннен кейін хаттаманы ресімдейді, келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналын жүргізеді, онда әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынған уақыты мен күндері, әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Келіп түскен конкурстық өтінімдерді тіркеу журналы тігілген, беттері нөмірленген болуы тиіс, соңғы парағы бірыңғай дистрибьютордың мөрімен расталған болуы тиіс.
133-20. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.