Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 және «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 386 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 584 Қаулысы
(2015.25.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 521-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және балаларды асырап алуға тілек білдірген туыстары бала тұратын жердегі органға:
1) баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) жақын туыстарының баланы асырап алуға жазбаша келісімін;
4) жиынтық табыстың мөлшері туралы анықтаманы;
5) отбасы жағдайы туралы анықтаманы;
6) азаматтардың және жақын туыстарының денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы;
7) сотталмағандығы туралы анықтаманы;
8) тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжатты ұсынады.»;
9-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын туыстары баланың тұратын жері бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органына одан әрі жөнелту үшін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі - уәкілетті орган):»;
13) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Бала асырап алушылар болу мүмкіндігі туралы қорытындының және бала асырап алуға үміткерлерді тіркеу жері бойынша органның сұрау салуы негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органы Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес баланы таңдап алуға жолдама дайындайды, оны орган бала асырап алуға үміткерлерге береді.»;
26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдіктерге асырап алуға берілген балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қойылуы тиіс.»;
27-тармақтың 13-тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«асырап алынған баланың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тіркелуі;»;
41-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде есепке қою мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайды.»;
2) ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 312 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |