ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 895 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2017.07.04. № 181 Қаулысымен үлгілік қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 499 қаулысымен
бекітілген
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің
үлгілік қағидалары
(2017.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымы) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Техникалық және кәсіптік бiлiм негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждер мен жоғары колледждерде алынады.
3. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарының алдында мынадай мiндеттер тұр:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) білім алушылармен кәсіби бағдарлау жұмыстарын қамтамасыз ету;
3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту және еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамыту;
4) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын ендіру және тиімді пайдалану;
5) техникалық және кәсіптік бiлiм беру жөніндегі білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру.
4. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асырады.
5. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғалар болып табылады.
2. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
6. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдары «Білім туралы» Заңда, осы Қағидалар мен техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жарғыларында белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруда дербес болады.
7. Ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, кәсіптік және техникалық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырады.
8. Лицензиялау рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі пайдаланыла отырып, электрондық нысанда жүзеге асырылады.
9. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жүзеге асыратын оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады.
10. Оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналып бекітілген оқу-тәрбие процесінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың бекітілген кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмысының есебі теориялық және өндірістік оқытуды есепке алу журналдарын және оқу сағаттарында оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
11. Оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын тиісті үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде техникалық және кәсіптік бiлiм берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары әзірлейді.
Үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес әзірленеді.
12. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады: күндізгі, кешкі және сырттай бөлім (сырттай, кешкі нысанда білім алу рұқсат етілмейтін жекелеген кәсіптер мен мамандықтардан басқа).
Әскери мамандықтар бойынша үлгілік білім беру бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
13. Техникалық және кәсіптік бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
14. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
15. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
16. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу жылы оқу процесінің кестесіне сәйкес басталады және аяқталады.
Білім алушыларға толық оқу жылы ішінде кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің кестесіне және жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 2 академиялық сағаттан кейін 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат беріледі.
Білім алушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін 2 қосарланған сабақтан кейін ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліс көзделеді.
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды насихаттау арқылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
19. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20. Техникалық және кәсіптік білімнің бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар (курстық және дипломдық жұмыстар) және практикалар түрінде өткізіледі.
21. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылары білім алушылар, педагог қызметкерлер, ата-аналар немесе кәмелетке толмаған білім алушылардың өзге де заңды өкілдері болып табылады.
22. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, кадеттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.
23. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерге техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар жатады.
24. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны мен педагог қызметкерлер лауазымдарының тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарының және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдардың тізбесі негізінде айқындалады.
25. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері лауазымдарын алмастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
26. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне байланысты оқу-тәрбие процесін басқару үшін мамандықтар (кәсіптер) топтары, оқыту нысаны мен тілдері бойынша бөлімдер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.
27. Бөлімшеге басшылықты техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлімше меңгерушісі:
1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылар үлгерімінің есебін ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.
28. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (күндізгі, сырттай, кешкі) бөлімшелер кадрлар даярлау кезінде бір немесе бірнеше мамандықтар бойынша құрылады.
29. Білім алушылардың кәсіптік практикасы және оларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында, сондай-ақ тиісті бейіндегі өндірісте және ұйымдарда жүзеге асырылады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларына сәйкес оқу-өндiрiстiк жұмыстарды орындау, оның ішінде өнімдер (тауарлар, жұмыстар және қызметтер көрсету) шығаруды ұйымдастыруды көздейді.
Білім алушыларды өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында жүзеге асырылады.
Білім алушылардың кәсіптік практикасы оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында шарттар негізінде жұмыс берушілер ұсынатын үйрету орындарында жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында және оқыту полигондарында шығарылатын өз өндірісінің өнімдерін сатады.
30. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Кәсіптік практиканы өткізу мен ұйымдастыру және практика базасы ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларының негізінде жүзеге асырылады.
31. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары - мамандықтар бойынша кадрларды даярлау бейініне байланысты жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құрылғыларды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) әртүрлі зертханалық-практикалық сабақтар мен ауыл шаруашылығы жұмыстарының түрлері өткізіледі.
Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, әртүрлі өзі жүретін машиналарды жүргізу, әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
32. Оқу шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында оқу-өндірістік жұмыстарды орындау бойынша тізбені, мазмұны мен талаптарды кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісу бойынша тікелей техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары айқындайды.
33. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
34. Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны;
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны;
4) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы;
5) қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражатын нысаналы пайдаланбағаны;
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген өзге де талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.
35. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік білім беруді басқару органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.
Техникалық және кәсіптік білімнің, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.
36. Техникалық және кәсiптiк білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жыл сайын тегiн медициналық зерттеп-қараудан өтеді.
37. Білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу сапасын, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік жұмысты жетілдіру мақсатында техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады.
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер болып табылады.
Техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының алқалы органдарының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.
38. Кітапхана қорының болуы толық оқу кезеңінде білім алушылар контингентіне қарай үлгілік оқу жоспарларына, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларына сәйкес қалыптастырылады.
39. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, техникалық және кәсіптік бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады.