29) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
30) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
31) жоба алдындағы құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиесілі түрде орындаған өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
32) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
34) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
35) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу;
37) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
38) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;
39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
40) 2010.02.04. № 279 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
43-1) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;
44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;
50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;
53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу.
56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;
57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;
он үшінші абзацы 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
58) тапсырыс берушіге «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің», сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;
59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Кепілдендірілген тапсырыс тәсілімен сатып алу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар (бұдан әрі - кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші) арасында технологиялық меморандум жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
19. Тапсырыс беруші осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Кепілдендірілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті берушілердің барлығының арасында кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы мынадай тәртіппен орналастырады:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер арасында кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жариялайды;
2) кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушілері айқындайды;
3) өткізілген сатып алу негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өндірісті ұйымдастыру және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің осы шартта көрсетілген техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізу бойынша әлеуетті өнім берушімен (лермен) (бұдан әрі - өнім беруші) кемінде үш жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс шартын (тарын) жасасады;
4) өнім беруші (лер) кепілдендірілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.
20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу веб-порталында осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.
21. Сатып алу ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды
Үлгі ережеге
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі
ақпарат
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің СТН | Тапсырыс берушінің атауы | СЭҚ ӨН коды (9 белгі) | Сатып алынатын ТЖК атауы мен қысқаша (қосымша) сипаттамасы |
Мемлекеттік тілде | орыс тілінде | Мемлекеттік-тілде | орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | Тауарлар | | |
| | | | Жұмыстар | | |
| | | | Көрсетілетін қызметтер | | |
кестенің жалғасы
Өлшем бірліктерінің коды (СЭҚ ӨН сәйкес) | Заттай мәнде сатып алу көлемі | Жоспарланатын сатып алу сомасы, теңге | Сатып алу тәсілі | Сатып алуды өткізу орны (ӘАОК сәйкес елді мекен коды) | Сатып алуды өткізу мерзімі | Тауарды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімі | Сатып-алу жоспарының жылы |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпаратта ақпаратты толтыру жолдар бойынша, мынадай тәртіппен әрбір тауар, жұмыс және көрсетілетін қызмет бойынша жеке жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. 9 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.100).
6-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) мемлекеттік тілде көрсетіледі.
7-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) орыс тілінде көрсетіледі.
8-баған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (5-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
9-баған. 8-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес табиғи шамада саны (сатып алу көлемі) көрсетіледі.
10-баған. Жоспарланатын сатып алу сомасы көрсетіледі, теңге.
11-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
12-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу орнының, елді мекенінің коды көрсетіледі.
13-баған. Сатып алуды өткізудің жоспарланатын мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
14-баған. Жоспарланатын жеткізу мерзімі көрсетіледі (ерікті жолақ).
15-баған. Сатып алу жоспарының жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
Ескертпе:
1. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
2. Ақпараттар электрондық түрде,.xls форматында (Microsoft Excel 2003) не мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Үлгі ережеге
2-қосымша
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат, № 1 кесте
Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің СТН | Тапсырыс берушінің атауы | Тапсырыс беруші өңірінің коды (ӘАОК сәйкес) | Шарт № | Сатып алу тәсілі | Шарт жасасу күні (кк.аа.жжжж.) |
мемлекеттік тілде | орыс тілінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
кестенің жалғасы
Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні | Шарт бойынша есепті кезеңде іс жүзінде төленген сома, теңге | Шарттың жалпы сомасы, теңге | Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге | Өнім берушінің атауы | өнім берушінің БСН (ЖСН) |
мемлекеттік тілде | орыс тілінде |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
| | | | | | |
| | | | | | |
кестенің жалғасы
Өнім берушінің СТН | Өнім беруші елінің коды | Өнім беруші өңірінің коды (ӘАОК сәйкес елді мекен коды) | Өнім берушінің заңды мекенжайы | Шарт мәртебесі |
мемлекеттік тілде | орыс тілінде |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| | | | | |
| | | | | |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта (№ 1 кесте) ақпаратты толтыру мынадай тәртіппен әр жол бойынша әрбір жасалған шарт туралы есепті кезеңде жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
2-баған. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
3-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі.
4-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі.
5-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес тапсырыс берушінің заңды тіркелген елді мекенінің коды көрсетіледі.
6-баған. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынған шарттың нөмірі көрсетіледі.
7-баған. Сатып алу тәсілі көрсетіледі.
8-баған. Шарт жасасу күні көрсетіледі (мысалы: 30.07.2012).
9-баған. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні көрсетіледі (мысалы: 31.12.2012).
10-баған. Шарт бойынша есепті кезеңде іс жүзінде төленген сома көрсетіледі, теңге.
11-баған. Шарттың жалпы сомасы көрсетіледі, теңге (мысалы: 100,00).
12-баған. Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы көрсетіледі, теңге (ақпараттың түсу шамасына қарай толтырылады).
13-баған. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің мемлекеттік тілдегі атауы көрсетіледі (өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
14-баған. Мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікке сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің орыс тіліндегі атауы көрсетіледі (өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
15-баған. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (болған жағдайда толтырылады).
16-баған. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса, толтырылмайды).
17-баған. Елдердің мемлекетаралық жіктеуішіне сәйкес өнім беруші елінің коды көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, Қазақстан Республикасының коды көрсетіледі).
18-баған. Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес өнім берушінің заңды тіркелген елді мекенінің коды көрсетіледі (егер өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған жағдайда толтырылмайды).
19-баған. Өнім берушінің заңды мекенжайы: мемлекеттік тілде елді мекен, көше, үй, кеңсе көрсетіледі.
20-баған. Өнім берушінің заңды мекенжайы: орыс тілінде елді мекен, көше, үй, кеңсе көрсетіледі.
21-баған. Шарттың мәртебесінің жіктеуішіне сәйкес шарт мәртебесінің коды көрсетіледі (төменде қараңыз).
Ескертпе:
1. Шарттардың мәртебесінің жіктеуішіне:
жіктеуіш коды | Атауы |
0 | Жасалды |
1 | Орындалды |
2 | Бұзылды |
2. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
3. Ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы беріледі.
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпарат, № 2 кесте
Шарттың № | Тапсырыс берушінің БСН | Тапсырыс берушінің СТН | СЭҚ ӨН коды (9 белгі) |
1 | 2 | 3 | 4 |
| | | Тауарлар |
| | | Жұмыстар |
| | | Көрсетілетін қызметтер |
кестенің жалғасы
Сатып алынған ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы | Өлшем бірліктерінің коды (СЭҚ ӨН сәйкес) | Сатып алу көлемі |
мемлекеттік тілде | орыс тілінде | заттай мәнде | құндық мәнде, теңге |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| | | | |
| | | | |
кестенің жалғасы
Жоспарланатын сатып алу көлемі |
заттай мәнде | құндық мәнде, теңге |
10 | 11 |
| |
| |
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер туралы ақпаратта (№ 2 кесте) ақпаратты толтыру жолдар бойынша, бір шарт шеңберінде сатып алынған әрбір тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызмет бойынша жеке мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1-баған. Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынған шарт нөмірі көрсетіледі.
2-баған. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі (бар болған жағдайда толтырылады).
3-баған. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тапсырыс берушісінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
4-баған. 9 белгі деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы бойынша тауардың, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.11.100).
5-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) мемлекеттік тілде көрсетіледі.
6-баған. Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (техникалық шарттары, қасиеттері және сипаттамасы, ең жоғары саны 100 белгі) орыс тілінде көрсетіледі.
7-баған. Экономикалық қызмет түрлері бойынша Өнімнің (тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (4-бағанға сәйкес автоматты түрде толтырылады).
8-баған. 7-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәндегі саны (сатып алу көлемі) көрсетіледі.
9-баған. Теңгемен құндық шамада сатып алу көлемі көрсетіледі.
10-баған. 7-бағанның көрсетілген өлшем бірлігіне сәйкес заттай мәндегі жоспарланатын сатып алу көлемі көрсетіледі.
11-баған. Теңгемен құндық мәнде жоспарланған сатып алу көлемі көрсетіледі.
Ескертпе:
1. Грамматикалық қателермен толтырылған не өзгертілген форматта берілген ақпарат қабылданбайды.
2. Ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында нысандарды толтыру арқылы беріледі.