4. Әскери қызметшілерге бекітіліп берілген мінетін аттар саны бойынша беріледі.
5. Жүк арту үшін штаттық аттар саны бойынша беріледі.
6. Штаттық аттар саны бойынша беріледі. Кекілдірік шеберхана бөлімдерінде жасалады.
7. Жөндеу бөлімшелері үшін беріледі.
8. 5 атқа 1 дана беріледі.
9. Қызметтік иттер саны бойынша беріледі.
10. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде:
былғары қарғыбау 1 жылға 1 дана;
қысқа шылбыр 6 айға 1 дана;
ұзын шылбыр 1 жылға 1 дана беріледі.
Әскери қызметшілерді және басқа да контингентті тіс пастасымен
жабдықтаудың № 42 нормасы
Р/с № | Қамтамасыз етілетін контингент | Айына 1 адамға тіс пастасының, тюбиктердің саны* |
1 | Әскерге шақыру бойынша сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар | 1 |
2 | Оқу орындары әскери факультеттерінің курсанттары, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусы мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері | 1 |
3 | Әскери міндеттілер мен әскери даярлықтан өтетін студенттер, курсанттар және жиындарға (тағылымдамаға) шақырылған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқушылары | 1 |
4 | Әскери-медициналық және медициналық мекемелерде, медициналық батальондар мен роталарда емделуде немесе тексерілуде болатын науқастар | 1 |
Ескертпелер:
* Тюбиктегі тіс пастасының салмағы кемінде 90 грамм.
Әскерге шақыру бойынша сарбаздар мен матростарға, сержанттар мен старшиналарға, әскери оқу орындарының курсанттарына және арнайы мектептердің тәрбиеленушілеріне тіс щеткасы 6 айға 1 дана санында беріледі.
Әскерлерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде тіс пастасының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде тіс пастасының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери қызметшілердің және басқа да контингенттің
санитарлық-гигиеналық қажеттіліктері үшін кір сабынмен
жабдықтаудың № 43 нормасы *
Р/с № | Қамтамасыз етілетін контингент (әскери қызметшілер, жұмысшылар мен қызметшілер) | Айына бір адамға сабын, грамм саны |
1 | Әскери бөлімдердің, корабльдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының аспаздары мен наубайшылары | 200 |
2 | Сарбаздар мен матростар асханаларының, мекемелер мен әскери оқу орындары асханаларының қосымша жұмысшылары | 100 |
3 | Әскери бөлімдердің лас жұмыстармен айналысатын мамандары: механиктер, моторшылар, жүргізушілер, тракторшылар, танк және өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар экипаждары, шеберханалар мен қоймалардың жұмысшылары, залалсыздандырушылар, қызметтік иттердің нұсқаушылары мен жетекшілері, слесарьлар, ұсталар, өңдеушілер, зертханашылар, жүк тиеушілер, арбакештер, етікшілер, әбзелшілер, темір ұсталары, аккумуляторшылар, сылақшылар, тас қалаушылар, саперлер, бояушылар, баспаханалардың терушілері, басушылар, кочегарлар, от жағушылар, дизельшілер | 100 |
4 | Әскери-теңіз күштері корабльдік құрамаларының және корабльдік құрамалары жағалау базаларының мамандары: машинистер, трюмшілер, электриктер, торпедашылар, моторшылар, минашылар мен сүңгуірлер. Жоспарлы қарауылдың жеке құрамына, әскери нарядтардың бақылаушыларына. | 200 |
Ескертпелер:
Осы нормамен көзделген сабын жалпыға ортақ пайдалану орындарына беріледі.
Кір сабын орнына иіс сабын беруге рұқсат етіледі.
Әскерлерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде кір сабынның ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде кір сабынның ауыспалы қорын ұстау қажет.
Моншада жуыну және санитарлық-гигиеналық қажеттіліктер үшін
әскери қызметшілер мен басқа да контингентті иіс сабынмен
жабдықтаудың № 44 нормасы
Р/с № | Қамтамасыз етілетін контингент | Айына бір адамға сабын саны, грамм |
1 | Әскерге шақыру бойынша сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар | 150* |
2 | Оқу орындары әскери факультеттерінің курсанттары, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусы мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері | 150* |
3 | Әскери міндеттілер мен әскери даярлықтан өтетін студенттер, курсанттар және жиындарға (тағылымдамаға) шақырылған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқушылары | 150 |
4 | Әскери-медициналық және медициналық мекемелерде, медициналық батальондар мен роталарда емделуде немесе тексерілуде болатын науқастар | 150* |
| Негізгі нормаларға қосымша | |
5 | Әскери бөлімдердің, корабльдердің, мекемелер мен әскери оқу орындарының аспаздары мен наубайшылары | 150 |
6 | Жоспарлы қарауылдың жеке құрамына | 150 |
Ескертпелер:
Иіс сабын болмаған кезде оны май қышқылдары кемінде 60 пайыз болатын кір сабынмен ауыстыруға рұқсат етіледі.
Әскерге шақыру бойынша сарбаздарға, матростарға, сержанттар мен старшиналарға, әскери оқу орындарының курсанттары мен арнайы мектептердің тәрбиеленушілеріне иіс сабын үшін сауыт 1 жылға 1 дана санында қосымша беріледі.
Әскерлерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде иіс сабынның және сабынға арналған құтының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде иіс сабынның ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери қызметшілерді және басқа да контингентті туалет
қажеттіліктері үшін иіс сабынмен жабдықтаудың № 45 нормасы
Р/с № | Қамтамасыз етілетін контингент | Айына бір адамға сабын саны, грамм |
1 | Әскерге шақыру бойынша сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар | 200 |
2 | Оқу орындары әскери факультеттерінің курсанттары, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусы мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері | 300 |
3 | Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін нормалар бойынша тамақтандырылуға құқығы бар әскери қызметшілер (жалпыға ортақ пайдалану орындарына беріледі)* | 200 |
| Авиация ұшқыштар құрамының санынан | 300 |
| Авиация инженерлік-техникалық құрамының санынан | 200 |
4 | Жауынгерлік кезекшілік өткеру кезіндегі жоғары және кіші офицерлер құрамы, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздар (матростар) | 200 |
5 | Корабльдерде, катерлерде және қамтамасыз ету кемелерінде, ШЕКЗ-да (оқу-жаттығудан басқа), УӨБ-де, ШЕКК-да қызмет өткеретін офицерлер құрамы және ҰҚК ШҚ бөлімшелерінде қызмет өткеретін келісімшарт бойынша әскери қызметшілер | 200 |
6 | Әскери міндеттілер мен әскери даярлықтан өтетін студенттер, курсанттар және жиындарға (тағылымдамаға) шақырылған жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқушылары | 200 |
7 | Госпитальдардың, емханалардың, лазареттердің, медициналық пункттердің, медициналық-санитарлық батальондар мен роталардың, әскери-дәрігерлік комиссиялардың, паталог-анатомиялық және санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар мен жасақтардың, ветеринарлық лазареттердің медициналық қызметкерлері | 100 |
8 | Әскери-медициналық және медициналық мекемелерде, медициналық батальондар мен роталарда, әскери және корабльдік лазареттерде емделуде немесе тексерілуде болатын науқастар | 200 |
Ескертпелер:
* Осы қамтамасыз етілетін контингентке сұйық иіс сабын беруге рұқсат етіледі.
Иіс сабын болмаған кезде оны май қышқылдары кемінде 60 пайыз болатын кір сабынмен ауыстыруға рұқсат етіледі.
Әскерлерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде иіс сабынның ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін жылдық қажеттіліктен 30 пайыз мөлшерінде иіс сабынның ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери қызметшілерді және басқа да контингентті дәретхана
қағазымен жабдықтаудың № 46 нормасы
Р/с № | Қамтамасыз етілетін контингент | Айына 1 адамға дәретхана қағазы орамының саны* |
1 | Әскерге шақыру бойынша сарбаздар, матростар, сержанттар мен старшиналар | 1 |
2 | Оқу орындары әскери факультеттерінің курсанттары, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусы мен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері | 1 |
3 | Әскери-медициналық және медициналық мекемелерде, медициналық батальондар мен роталарда емделуде немесе тексерілуде болатын науқастар | 1 |
Ескертпелер:
* Дәретхана қағазының бір орамы 50 метрден кем болмауға тиіс.
Әскерлерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде иіс сабынның ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін жылдық қажеттіліктен 30 пайыз мөлшерінде дәретхана қағазының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Механикалық және қолмен жуу кезінде оның ластығына және судың
кермектілігіне байланысты 1 кг құрғақ киімге граммен
синтетикалық жуу құралдарын жұмсаудың
№ 47 нормасы
Киім түрі | Ластану дәрежесі | Синтетикалық кір жуу ұнтағы | Ағартқыш |
тұщы суда | ащы суда |
Ақ | 1 | 30 | 40 | 10 |
2 | 35 | 45 | 15 |
3 | 45 | 50 | 20 |
4 | 50 | 65 | 25 |
Түрлі-түсті | 1 | 25 | 30 | - |
2 | 30 | 35 | - |
3 | 35 | 45 | - |
4 | 45 | 50 | - |
Сыртынан киетін сарбаздар жейдесі | - | 40 | 45 | - |
Мақта-мата костюм | - | 55 | 65 | - |
Ескертпелер:
Киімнің ластану дәрежесі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:
1-дәреже - жаңа және аз пайдаланылғандар санынан шамалы ластанған;
2-дәреже - дақсыз қырылмаған орташа ластанған киім;
3-дәреже - тұрмыстық ластанулар орындары қырқылған қатты ластанған киім;
4-дәреже - тұрмыстық ластанулары бар ерекше ластанған киім (ас үй сүлгілері, әскери бөлімдер мен бөлімшелер жеке құрамының шұлғаулары мен іш киімі.
4-дәрежелі ластануы бар киімді жуу үшін 1 кг құрғақ киімге арналған кір жуу ұнтағын жұмсау нормаларына ақ киім үшін 10 г және түрлі-түсті киім үшін 5 г кальцилендірілген сода жұмсалады.
Киімді қолмен жуған кезде 1 кг құрғақ киімге жуу құралдарын жұмсау мыналарды құрайды: кір сабын - 28 г, кальцилендірілген сода - 20 г немесе кір жуу ұнтағы - 40 г. Тұрмыстық кір жуу машиналарын пайдаланған кезде кір жуу құралдары қолмен жуу нормасы бойынша беріледі.
Өте ашық көк нілді пайдаланған кезде 1 кг құрғақ киімге 0,6 г құрайды.
Судың ащылық дәрежесі жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың талдауларымен расталады.
Бөлімшелер, бөлімдер мен құрамалар монша-кір жуу мұқтажына алатын жуу және ағарту материалдарын басқа мақсаттарға жұмсауға жол берілмейді.
Әскерлерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде кір жуу құралдарының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін жылдық қажеттіліктен 30 пайыз мөлшерінде кір жуу құралдарының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери қызметшілердің киім-кешегі мен аяқ киімін ағымдағы және
орташа жөндеу үшін материалдармен жабдықтаудың № 48 нормасы *
1-бөлім. Шағын жөндеу
Р/с № | Заттар атауы | Жылына бір адамға арналған саны | Осы затты берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Аяқ киімді жөндеу және оны күту үшін | | |
1 | Резеңке ұлтан | 1 жұп | - |
2 | Резеңке қалыпты өкше | 1 жұп | - |
3 | Синтетикалық желім | 30 г | - |
4 | Металл бекітпе | 2 жұп | - |
5 | Бекітпелерге арналған бұранда шеге | 12 г | - |
6 | Өкшелік шеге | 35 г | - |
7 | Ұлтандық шеге | 60 г | - |
8 | № 0, 00 мақта-мата жіп | 0,05 орам | - |
9 | Аяқ киімге арналған қара май | 1,6 кг | - |
10 | Су өткізбейтін майлау | 500 г | - |
11 | Аяқ киім бауы | 2 жұп | - |
| 2. Киім-кешекті жөндеу және оны күту үшін | | |
12 | Қол инесі | 3 дана | - |
13 | № 10 қорғаныш түсті мақта-мата жіп | 0,02 орам | |
14 | № 30 қара түсті мақта-мата жіп | 2 орам | 1 |
15 | № 30 қорғаныш түсті мақта-мата жіп | 2 орам | 1 |
16 | № 30 ақ түсті мақта-мата жіп | 2,2 орам | 1 |
17 | № 18 мм қорғаныш түсті түйме | 3 дана | |
| 3. Іш киімді және жылы киімді жөндеу үшін | | |
18 | № 30 ақ түсті мақта-мата жіп | 0,2 орам | - |
19 | Іш киім түймесі | 4 дана | - |
2-бөлім. Орташа жөндеу
Р/с № | Заттар атауы | Жылына бір адамға саны | Осы материалды берген кезде қолданылатын ескертпе № |
1. Майкаларды, трусыларды, іш киім мен жылы киімді жөндеу үшін (1 жиынтыққа) |
1 | Армирленген жіп | 0,2 орам | 2 |
2 | Аминопласты түйме | 4 дана | - |
3 | Созылмалы ызба | 0,8 м | 3 |
2. Резеңкеленген плащтарды, мақта-мата плащ-шатырларды жөндеу үшін (1 затқа) |
1 | № 10, 44 ЛХ мақта-мата жіп | 0,3 орам | - |
2 | Аминопласты түйме | 4 дана | - |
3 | Нысанды металл түйме | 4 дана | - |
4 | Резеңкеленген, мақта-мата қиық | 300 г | - |
3. Киім-кешек пен арнайы киім заттарын жөндеу үшін |
1 | Шұға, жүн, мақта-мата қиық | 300 г | - |
2 | Армирленген жіп | 0,3 орам | 2 |
3 | Шалбарға арналған ілмектер, ілгектер | 1 жұп | - |
4 | Аминопласты түйме | 8 дана | - |
5 | Нысанды металл түйме | 4 дана | - |
6 | Қорғаныш немесе қара түсті ызба | 1,0 м | - |
7 | Жейде түймесі | 6 дана | - |
8 | Шинельге арналған ілмектер, ілгектер | 2 жұп | - |
9 | Синтетикалық желім | 50 г | - |
10 | Қол инелері | 10 дана (бір тігіншіге) | - |
4. Төсек орын керек-жарақтары (жиынтықта: ақ жайма, сыртқы жастық тысы, көрпе, сүлгі) |
1 | Мақта-мата қиық | 200 г | - |
2 | Армирленген жіп | 1 орам | - |
5. Аяқ киім жөндеу үшін |
1 | Тағанға арналған резеңке пластина | 0,5 жұп | - |
2 | Таған мен ұлтанға арналған ұсақ саңылаулы резеңке пластина | 1 жұп | - |
3 | Қалыпқа салынған резеңке өкше | 1жұп | - |
4 | Синтетикалық желім | 15 г | - |
5 | Ұлтандық шеге | 20 г | - |
6 | Өкшелік шеге | 35 г | - |
7 | № 0 мақта-мата жіп | 1 орам | - |
8 | Металл бекітпе | 1жұп | - |
9 | Бекітпелерге бұранда шеге | 6 г | - |
10 | Аяқ киім майы | 20 г | - |
Ескертпелер:
* Осы норма бойынша әскерге шақыру бойынша қызмет өткеретін сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, әскери оқу орындарының курсанттары, Кадет корпусының және «Жас ұлан» РМ тәрбиеленушілері, жиындарға (тағылымдамаға) шақырылған әскери міндеттілер және әскери даярлықтан өтетін студенттер қамтамасыз етіледі.
Киім-кешекті жөндеу үшін сонымен қатар есептен шығарылған мүлікті сөгуден алынатын материалдар мен фурнитура пайдаланылады.
Киім-кешек пен аяқ киімді ағымдағы жөндеуге арналған материалдармен тұрмыстық қызмет көрсету бөлмелері, орташа жөндеуге арналған материалдармен әскери бөлімдердің жөндеу шеберханалары қамтамасыз етіледі.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде жөндеу материалдарының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 30 пайыз мөлшерінде жөндеу материалдарының ауыспалы қорын ұстау қажет.
1. Бір орамдағы жіптің ұзындығы 200 метрді құрайды. Флоттық киім нысанын жөндеу үшін қорғаныш түсті жіп орнына қара (көк) түсті жіп беріледі.
1. Жіп әрбір затқа 0,2 орамнан беріледі.
2. Созылмалы ызба (іш киім резенкесі) трусылар мен кальсондарды жөндеу үшін беріледі.
Әскери қызметшілердің заттай мүлкін күрделі жөндеу, химиялық тазалау және бояу үшін
материалдармен жабдықтаудың № 49 нормасы.
Р/с № | Материалдар атауы | Жылына 100 бірлікке саны | Осы материалды берген кезде қолданылатын ескертпе № |
| 1. Былғары аяқ киімді жөндеу үшін | | |
1 | Қалыпқа салынған резеңке ұлтан | 100 жұп | 1 |
2 | Ұлтанға арналған резеңке пластина | 24 кг | 2 |
3 | Қалыпқа салынған резеңке өкше | 100 жұп | - |
4 | Тағанға арналған резеңке пластина | 11 кг | 3 |
5 | Былғары ұлтарақ | 1000 шаршы дм | - |
6 | Аяқ киімге арналған қара түсті юфть | 1200 шаршы дм | 4 |
7 | Қол тексі | 1 кг | - |
8 | Машина тексі | 1,3 кг | 5 |
9 | Өкшелік шеге | 2,1 кг | - |
10 | Ұлтандық шеге | 5 кг | - |
11 | Аяқ киім шығыры | 1200 дана | 6 |
12 | Зімпаралы жайма | 0,5 қума м | - |
13 | Қара түсті аяқ киім майы | 1,2 кг | - |
14 | Қара түсті жөндеу балауызы | 0,3 кг | - |
15 | Аяқ киімге арналған зығыр жіп | 0,3 кг | - |
16 | Қара түсті мақта-мата немесе армирленген жіп | 22 орам | - |
17 | Синтетикалық желім | 2 кг | - |
18 | Декстрин | 1 кг | - |
19 | Аяқ киім қарамайы | 2 кг | - |
20 | Мақта-мата бау | 100 жұп | 6 |
21 | Аяқ киім майы | 2 кг | 7 |
| 2. Пималарды жөндеу үшін | | |
22 | Ұлтандық киіз | 36 кг | - |
23 | Аяқ киімге арналған зығыр жіп | 3 кг | - |
24 | Аяқ киім қарамайы | 1 кг | - |
| 3. Пальтоларды, бушлаттар мен жылы күртешелерді жөндеу үшін | | |
25 | Мақта-мата костюмдік мата | 50 шаршы м | - |
26 | Мақта-мата қалтаға арналған мата | 18 шаршы м | 8 |
27 | Мақта-мата немесе армирленген жіп | 40 орам | - |
28 | Ілгектер мен ілмектер | 200 жұп | - |
29 | Нысанды түйме | 400 дана | - |
| 4. Қысқа тондар мен тұлыптарды жөндеу үшін | | |
30 | Мақта-мата немесе армирленген жіп | 32 орам | - |
31 | Шинельдік ілгектер мен ілмектер | 200 жұп | - |
32 | Мақта-мата қалтаға арналған мата | 18 шаршы м | 8 |
| 5. Мақта матрацтарды жөндеу үшін | | |
33 | Матрац тысы | 250 м | - |
34 | Зығыр жіп | 1,2 кг | - |
35 | Мақта-мата немесе армирленген жіп | 4 орам | - |
| 6. Төсек орын керек-жарақтарын жөндеу үшін (жиынтықта - жастық тысы, ақ жайма мен көрпе) | | |
36 | Жөндеуге арналған мақта-мата немесе армирленген жіп: | 15 орам, олардың ішінде: | |
| ақ жайма | 8 орам | - |
| жастық тысы | 4 орам | - |
| көрпе | 3 орам | - |
| 7. Мақта-мата күртешелер мен шалбарларды жөндеу үшін | | |
37 | Мақта-мата костюмдік мата | 50 шаршы м | - |
38 | Мақта-мата немесе армирленген жіп | 30 орам | - |
39 | Аминопласты түйме | 1000 дана | - |
40 | Кительдік ілгектер мен ілмектер | 10 жұп | - |
41 | Шалбарлық ілгектер мен ілмектер | 20 жұп | - |
| 8. Шатырларды жөндеу үшін | | |
42 | 3-санатты шатырларды сөгуден алынған қиық | 300 кг | - |
| немесе аралас өңделген қатты шатыр жаймасы | 150 шаршы м | - |
43 | Құрастырылған техникалық бау | 560 кг | - |
44 | Техникалық бау | 100 кг | - |
45 | Аралас өңделген зығыр немесе жартылай зығыр парусинасы | 1400 шаршы м | - |
46 | Сақтауға қойылған зығыр жайма | 220 шаршы м | - |
47 | «ОП» өңдеу белгісі бар ағартылған бөз | 1030 шаршы м | - |
48 | Қатты фланель | 1000 шаршы м | - |
49 | Құты ызбасы | 720 шаршы м | - |
50 | Ағартылған арқан | 14 кг | - |
51 | Балға | 100 кг | - |
52 | Мақта-мата немесе армирленген жіп | 500 орам | - |
53 | Қайнатылған зығыр жіп | 4,8 кг | - |
| 9. Заттай мүлікті химиялық тазалау үшін (құрғақ мүліктің бір тоннасына) | | |
54 | Уайт-спирит | 250 кг | - |
| немесе трихлорэтилен (перхлорэтилен) | 400 кг | - |
55 | Сүзуге арналған ұнтақ | 10 кг | 9 |
| 10. Заттай мүлікті бояу үшін | | |
56 | Зәйтүн түстес тікелей қоспалы бояғыш немесе бояғыштар қоспасы: | 20 кг | - |
| Зәйтүн түстес тікелей бояғыш | 14 кг | - |
| Сары түсті бояғыш хризофенил | 3 кг | - |
| Жасыл түсті тікелей бояғыш | 3 кг | - |
57 | Тотияйын | 15 кг | - |
58 | Екі еселенген хром қышқылды калий (хромпик) | 15 кг | - |
59 | Көк түске 30-пайыздық сірке қышқылы | 30 кг | - |
60 | Жарыққа төзімді көк түсті тікелей бояғыш | 30 кг | - |
61 | Тотияйын | 15 кг | - |
62 | Екі еселенген хром қышқылды калий (хромпик) | 15 кг | - |
63 | Қара түске 30 пайыздық сірке қышқылы | 30 кг | - |
64 | Қара түсті тікелей бояғыш | 3 кг | - |
Ескертпелер:
* Мүлікті жөндеу үшін бірінші кезекте есептен шығарылған мүлікті сөгуден алынған материалдар мен фурнитура пайдаланылады.
Түймелердің көлемі, жіптердің, шегелердің, тексалардың, ілгектер мен ілмектердің нөмірі мен түсі жөндеуге жататын заттардың атауына сүйене отырып айқындалады.
Әскерлерді жазғы және қысқы жабдықтау жоспарлары бойынша уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық базалар мен қоймаларда, сондай-ақ басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық базалары мен қоймалары жоқ әскери бөлімдерінің қоймаларында жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде жөндеу материалдарының ауыспалы қорын ұстау қажет.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілерді қамтамасыз ету үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 30 пайыз мөлшерінде жөндеу материалдарының ауыспалы қорын ұстау қажет.
1. Былғары ұлтаны бар аяқ киімді жөндеу кезінде қалыпқа салынған, резеңке ұлтанның немесе резеңке пластинаның орнына 24 кг ұлтанға арналған былғары немесе былғары ұлтан беріледі.
2. Ұлтанға арналған пластина қалыпқа салынған резеңке ұлтанның орнына беріледі.
3. Тағанға арналған резеңке пластина қалыпқа салынған резеңке ұлтанның орнына беріледі.
4. Құрым аяқ киімді жөндеу үшін юфть орнына аяқ киімге арналған қара түсті 600 ш.дм. құрым беріледі.
5. Машина тексі қол тексінің орнына қалыпқа керетін машиналары бар кәсіпорындарға беріледі.
6. Аяқ киім шығыры мен баулар бәтеңкелерді жөндеу үшін беріледі.
7. Құрым аяқ киім үшін аяқ киімге арналған майдың орнына 0,3 кг қара түсті аяқ киім майы беріледі.
8. Мақта-мата қалталарға арналған мата жөнделетін жөнделетін бұйымдардың 20 пайызына беріледі (мақта-мата шалбарларды жөндеуге берілмейді).
9. Мүлікті трихлорэтиленмен (перхлорэтиленмен) тазалау кезінде сүзуге арналған ұнтақ берілмейді.
Кір жуу және қосалқы жабдықпен жабдықтаудың
№ 50 нормасы
1. Кір жуу жабдығымен жабдықтау нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Өлшем бірлігі | Жабдықтың мүмкіндігі жылына тоннамен | Әскери бөлімдер мен мекемелерге беріледі | Пайдалану мерзімі жылмен |
1 | Сыйымдылығы 50 кг кір жуу машинасы | жиынт. | 58,7 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
2 | Сыйымдылығы 25 кг кір жуу машинасы | жиынт. | 29,2 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
3 | Сыйымдылығы 10 кг кір жуу машинасы | жиынт. | 11,8 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
4 | Сыйымдылығы 50 кг кір жуу-сығу машинасы | жиынт. | 58,7 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
5 | Сыйымдылығы 25 кг кір жуу-сығу машинасы | жиынт. | 29,2 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
6 | Сыйымдылығы 10 кг кір жуу-сығу машинасы | жиынт. | 11,8 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
7 | Сыйымдылығы 7 кг дейін тұрмыстық кір жуу машинасы | жиынт. | 7,5 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 3 жыл |
8 | Сыйымдылығы 7 кг дейін тұрмыстық кір жуу машинасы | жиынт. | 5,4 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 3 жыл |
9 | Сыйымдылығы 7 кг дейін тұрмыстық кір жуу машинасы | жиынт. | 4,1 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 3 жыл |
10 | Сыйымдылығы 50 кг центрифуга | жиынт. | 96,4 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 5 жыл |
11 | Сыйымдылығы 25 кг центрифуга | жиынт. | 86,3 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 5 жыл |
12 | Сыйымдылығы 10 кг центрифуга | жиынт. | 40,0 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 5 жыл |
13 | Сыйымдылығы 50 кг кептіргіш машинасы (барабан) | жиынт. | 70,3 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
14 | Сыйымдылығы 25 кг кептіргіш машинасы (барабан) | жиынт. | 35,5 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
15 | Сыйымдылығы 10 кг кептіргіш машинасы (барабан) | жиынт. | 14,5 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
16 | Сыйымдылығы 5 кг кептіргіш машинасы (барабан) | жиынт. | 7,0 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
17 | Өнімділігі 50 кг/сағ үтіктеу катогы (пресс) | жиынт. | 82,0 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
18 | Өнімділігі 25 кг/сағ үтіктеу катогы (пресс) | жиынт. | 41,5 | Бір жылғы кір жуу көлеміне байланысты | 7 жыл |
2. Қосалқы жабдықпен жабдықтау нормасы
Р/с № | Заттар атауы | Өлшем бірлігі | Мынадай сандағы әскери бөлімдер мен мекемелерге беріледі: | Пайдалану мерзімі жылмен |
10-20 адам | 21-50 адам | 51-100 адам | 101-200 адам | 201-300 адам | 301-700 адам | 701 и более адам |
1 | Тұрмыстық үтіктеу машинасы | жиынт. | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 1 | 1 | 4 жыл |
2 | Кірге арналған арба | дана | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 5 | 8 | 5 жыл |
3 | Кірлен жанындағы немесе залалсыздандыру ыдысы | дана | - | - | - | - | 1 | 1 | 2 | 10 жыл |
4 | Жуу ерітіндісіне арналған бак | дана | 2 | 2 | 2 | 2 | 2 | 3 | 4 | 10 жыл |
5 | Суға салып қоюға арналған күбі | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 2 | 2 | 10 жыл |
6 | Мырышталған кірлен | дана | 1 | 1 | 2 | 4 | 5 | 7 | 10 | 3 жыл |
7 | Кір жуу тақтайы | дана | 1 | 1 | 2 | 4 | 5 | 7 | 10 | 3 жыл |
8 | Мырышталған шелек | дана | 2 | 3 | 3 | 4 | 5 | 7 | 10 | 3 жыл |
9 | Кірді қайнатуға арналған бак | дана | 1 | 2 | 3 | - | - | - | - | 3 жыл |
10 | Өнеркәсіптік электр үтік | дана | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 3 | 3 | 5 жыл |
11 | Қысқыш | дана | 75 | 200 | 300 | 500 | 600 | 700 | 800 | 2 жыл |
12 | Бау | м | 75 | 100 | 150 | 200 | 300 | 400 | 500 | 1 жыл |
13 | Тігін машинасы | дана | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 10 жыл |
14 | Тауарға арналған таразы | дана | - | - | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 10 жыл |
Ескертпелер:
Орталықтандырылған кір жууды ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекара заставаларында, шекара бекеттерінде, уақытша шекара бекеттерінде 3 жылға бір тұрмыстық кір жуу машинасы орнына екеу беріледі. Гарнизон бөлімшелерінде жеке құрамның киім-кешегін жуу үшін әрбір ротаға немесе теңестірілген бөлімшеге бір-бірден тұрмыстық кір жуу машинасы беріледі, ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысына сәйкес арнайы бөлінген орынға орнатылады. Шекара заставаларында, шекара бекеттерінде, алыс аудандарда орналасқан уақытша шекара бекеттерінде тұрмыстық тігін машинасы 10 жылға бір данадан беріледі.
Айына бір әскери қызметшіге киім мен киім-кешекті жуу көлемі мыналарды құрайды:
жазда - 6, 0 кг;
қыста - 9, 0 кг.
Госпитальдарға, медициналық пункттерге, медициналық батальондар мен роталарға 1 кереуетке - айына 17 кг.