Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тізбелерге толықтыруды қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеуді және оны сараптамадан өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру бойынша тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кейіннен өзгерістер енгізе отырып, тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне өзгерістер енгізу туралы белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің немесе жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру жолымен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.
470. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Тізбе негізінде бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
471. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуді және түзетуді, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуді, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуді қаржыландыру белгіленген бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
472. Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН әзірлеуге және түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптама өткізуге, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелерінде тиісті сараптама өткізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған, оның ішінде жобаға экономикалық сараптама жүргізген кезде жоба пысықтауға қайтарылған жағдайда өнім берушіге отыз күнтізбелік күн ішінде шарттың жалпы құны шегінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті пысықтау туралы талапты қамтуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 473-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
473. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша іс-шараларды іске асыру барысы туралы ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 51-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-тарау. Бюджеттік инвестициялар және концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптамадан өткізуді және бағалауды қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 474-тармақ жаңа редакцияда
474. Осымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау бойынша бюджеттік бағдарламаның қаражатын бөлу тәртібі айқындалады.
Концессиялық ұсыныстарға сараптаманы; концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптаманы; республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің экономикалық сараптамасын; конкурстық құжаттама сараптамасын, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезінде; концессионерді таңдау бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдер сараптамасын; концессия шарттарына жобаларының сараптамасын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезінде; мемлекет тапсырмасын алуға концессионердің ұсыныстарына сараптаманы; республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын; мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын; республикалық бюджет қаражатты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыруға жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасын; концессиялық жобаларды, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартында іске асырудың мониторингі мен бағалауды; бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалауды; заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалауды қаржыландыруды бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама мен бағалауды қаржыландыру деп түсіну қажет.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 475-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
475. Сараптамаларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаттары есебінен бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау қаржыландыру процесі мынадай:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптаманы және бағалауды қаржыландыру өтінімдерін беруі;
2) сараптамаларды өткізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тарту және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау;
3) сараптамаларды қаржыландыру сияқты негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді және бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманы бағалау.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 476-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
476. Бюджеттік бағдарламаның әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттаманың сараптамасы мен бағалауын қаржыландыруға Өтінімдер береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 477-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
477. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар мен бағалау өткізу үшін концессиялық заңнамада белгіленген мерзімде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымдарды тартады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 478-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
478. Бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша сараптамалар қорытындылары бойынша оң немесе теріс қорытынды шығарылады немесе пысықтауға жіберіледі, ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 479-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
479. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ұсынған бюджеттік инвестициялар мен концессия мәселелері бойынша құжаттамаға сараптамалар және бағалау негізінде концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым орындалған жұмыстар актісіне қол қояды.
480. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым арасындағы қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бюджеттік заңнамада және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.
52-тарау. Концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру тәртібі
481. Концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - өтемақы) - бұл концессионердің инвестициялық шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
482. Өз қызметін ол бойынша өтемақы төлеу көзделген концессиялық шарт бойынша жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді қалыптастыру табиғи монополиялар саласындағы заңнамада айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
483. Концессионердің инвестициялық шығындары - бұл концессионердің концессия объектісін салуға (құрылысы) немесе қайта құруға кеткен шығыстары.
484. Өтемақы берілгені туралы шешім қабылдау белгіленген қаржылық шекаралар мен басымдықтарды ескере отырып орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылған объектілер тізбесін қалыптастыру кезінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 485-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
485. Концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша құқықтары мен міндеттемелерінің жиынтығы.
486. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
487. Атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 488-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өтемақы беруді көздейтін концессиялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны ұсынады.
Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өтемақы беруді көздейтін концессиялық жобаларды тиісті бюджеттік комиссияның отырысына енгізеді.
489. Өтемақының және қаралып жатқан концессиялық жобаны мемлекеттік қолдаудың қолданылатын басқа да түрлерінің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (құрылып жатқан) объектінің құнынан аспауы тиіс.
490. Өтемақы беру кезінде концессионер концессиялық жобаны іске асыруға ұсынылған құнына қатысты кемінде жиырма пайыз көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығарады.
491. Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемін, орналастыру талаптарын концессия шартында тараптардың келісімімен анықталады.
492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
494. Өтемақыны төлеу концессия шартында белгіленген мерзімде және олар анықтаған көлемде жүргізіледі.
495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастырады.
497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
498. Өтінімдер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
499. Концессионердің өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.04. № 466 Қаулысымен ереже 52-1-тараумен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
52-1 тарау. Тиісті қызмет саласындағы бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын көлемдері шегінде концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
499-1. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы - бұл концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
499-2. Концессионердің пайдалану шығындары - бұл концессия шарты шеңберіндегі концессия объектісін пайдалануға және күтіп ұстауға байланысты концессионердің шығыстары.
499-3. Пайдалану шығындарының өтемақысын бюджет қаражаты есебінен ұсыну тиісті саладағы ұсынылатын қызметтер көлемдері шегінде әлеуметтік маңызды концессиялық жобалар бойынша мүмкін болады.
499-4. Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызды санатқа жатқызу өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
499-5. Концессионердің пайдалану шығындарының мүмкін болатын өтемақысы туралы шешімді орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастыру кезінде белгіленген қаржылық шекараларды және концессиялық міндеттемелерді қабылдау басымдықтарын ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
499-6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы көзделетін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының қорытындысын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
499-7. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі экономикалық сараптамасының қорытындылары бойынша бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган пайдалану шығындарының өтемақылары көзделетін концессиялық жобаларды ол концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесіне енгізілгенге дейінгі мерзімде тиісті бюджет комиссиясының отырысына енгізеді.
499-8. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда концессия шартында белгіленген ең жоғарғы төлеммен салыстырғанда төмендетілуі мүмкін.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша бұзуы болмаса немесе болса ол тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
Кызметтердің көрсетілген (жұмыстардың орындалғанын) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзуы бар екенін растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзуы болмаған жағдайда концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
499-9. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері бюджеттік инвестициялық объектілерді іске асыру нәтижесінде құрылған ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері бюджеттік инвестициялық объектілерді іске асырудың нәтижесінде жасалған ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның ішінде субсидиялар) өзгерісіне барабар индекстелуі мүмкін.
499-10. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылдарына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдерінде белгіленген сома шегінде жүргізеді.
499-11. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
499-12. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шартының талаптары ескеріле отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концедент қалыптастырады.
499-13. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде бюджеттен қаржат алу үшін концедент бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер береді.
499-14. Концедент өтінімдерді концессия шартында белгіленген төлемдер кестесіне сәйкес кезекті пайдалану шығыстары өтемақысын төлеу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді. Өтінімге қол қойылған көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісі қоса беріледі.
499-15. Концессионерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған төлемдердің жиынтық сомасы концессия шартында белгіленген пайдалану шығындары өтемақысының жалпы сомасына сай келуі тиіс.
Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.
53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
500. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
501. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
502. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
503. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
504. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
505. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
506. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
507. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
508. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
509. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.
10-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi мен есептiлiгi
54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу тәртібі
510. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексiнде белгiленген түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
513. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуы тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 516-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің шотына теңгемен түседі.
517. Шетелдiк валютадағы түсiмдер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның шетелдiк валютадағы корреспонденттiк шоттарға ҚР ҰБ есептеледi.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейiн осы Ереженің 36-тарауына сәйкес теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шотына есепке алынады және сол жұмыс күнi шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң тиiстi шотына теңгемен аударылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына есептелетiн шетелдiк валютаны дәйектi түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшiн хабарламалар, өтiнiштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесiн сақтайды.
518. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негiзiнде есепке алу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кiрiстердi есепке алуды жүргiзедi. Инвестициялық кiрiстердiң сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерiнiң құрамында көрсетiледi.
519. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 101-қосымшасына сәйкес ай сайын есептiден кейiнгi айдың бiрiншi күнiне Қазақстан Республикасының Үкіметіне ҚР Ұлттың қорына түсімдер және ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударымдар туралы есептi «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн түсiмдер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударымдар туралы есептi» 2-26-нысан бойынша ұсынады.
520. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн өзге түсiмдер мен кiрiстердi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударады.
55-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 521-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
521. ҚР Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт түрінде берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.