Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығы
(2014.22.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі бекітілсін.
2. Тізімге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оны бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 06-7/33 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға
орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (бұдан әрі - мемлекеттік қызметшілер) мен «А» және «Б» корпустарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) білімдерін және қабылеттерін әділ бағалау мақсатында оларды тестілеуден өткізудіңт тәртібін бекітеді.
2. Тестілеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшісі болып табылатын тестілеу әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) өткізіледі.
3. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.
4. Тестілеу рәсімдерін, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығымен (бұдан әрі - Орталық) жүзеге асырылады.
5. Тестілеу кезінде мемлекеттік қызметші немесе үміткер әкімшіге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
2. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерге тестілеу тестілеу өткізудің тәртібі
6. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеуге жіберілетін мемлекеттік қызметшілердің тізімін даярлайды.
Тізім келесі мәліметтерді қамтиды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқарып отырған мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты, ЖСН. Жеке мәліметтер ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.
Тізім уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.
Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) тестілеу өткізудің мерзімі мен орнын уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен келіседі.
7. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері тізім түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тестілеу кестесін қалыптастырады және кесте туралы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
8. Мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметшідерді тестілеу өткізудің күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді.
9. Мемлекеттік қызметшілерге тестілеу осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламаларына сәйкес өткізіледі.
10. Тестiлеуден өту кезiнде осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес шектi мәннен төмен баға алған мемлекеттік қызметшiлердің, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.
3. «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге
тестілеу өткізудің тәртібі
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. «А» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді (бұдан әрі - «А» корпусына үміткерлер) тестілеу келесі бір-бірімен сабақтасқан мынадай кезеңдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу;
2) логикалық тест;
3) біліктілік деңгейін анықтауға тестілеу;
4) мемлекеттік тілді білуге тестілеу.
Тестілеу өткізудің кезеңі үш жұмыс күнінен аспайды.
12. Қазақстан Республикасы заңнамасын білуге тестілеу кезеңінде шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «А» корпусына үміткерлер тестілеудің келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
13. «А» корпусының кадр резервіне бір іріктеу аясында»А» корпусына үміткерлер бір рет ғана тестілеуден өтеді.
4. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге
тестілеу өткізудің тәртібі
14. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге (бұдан әрі - «Б» корпусына үміткерлер) тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Тестілеуге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Тестілеуге қатысу үшін «Б» корпусына үміткерлер «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің халыққа қызмет көрсету орталықтарына (бұдан әрі - қызмет көрсету орталықтары), сондай-ақ уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне жүгіну жолымен осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішті тапсырады.
«Б» корпусына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-портал арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде ала алады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. «Б» корпусына үміткер тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде таңдайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. «Б» корпусына үміткерден тестілеуге қатысу үшін құжаттардың қабылданғаны «электрондық үкімет» веб-порталында қалыптастырылатын осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда тестілеу күні, уақыты және өту орны көрсетілген қолхатпен расталады.
19. «Б» корпусына үміткер осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының санаты бойынша өтеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің лауазым санаттары үшін қарастырылған бағдарлама бойынша тестілеу нәтижелері тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.
5. Тестілеу ұйымдастыру тәртібі
22. Тестілеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жіберіледі.
23. Тестілеу басталғанға дейін әкімші тестіленуші адамдарды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда туындаған сұрақтарға жауап беред.
24. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа күні өткізіледі.
25. Тестiлеуді өткiзуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады. Тестіленуші адамдардың қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталық дербес компьютерлер және өзге де электрондық жабдықтар) тестілеуді өткізу уақытында өшіріледі.
Тестіленуші адам осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте әкімші осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Тестілеу ережелерін бұзу туралы актіні (бұдан әрі - акт) толтырады.
Ережені бұзған адамның тестілеу нәтижесі жойылады.
Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді акт толтырылған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ өзгертілді
27. Тестілерді орындауға уақыт:
1) заңнаманы білуге тестілеу бағдарламаларына байланысты:
«А» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 80 минөт (100 сұрақ), 70 минөт (80 сұрақ);
«Б» корпусының тестілеу бағдарламасы бойынша - 125 минөт (150 сұрақ), 110 минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 100 минөт (90 сұрақ);
110 минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 80 минөт (100 сұрақ);
2) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
28. «А» корпусына үміткерлерді мемлекеттік тілді игеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу ҚАЗТЕСТ - қазақ тілін игеру деңгейін бағалау жүйесінің стандарттарына сәйкес өткізіледі.
29. Осы Ереженің 27 және 28 тармақтарында қарастырылған тестілердің арасындағы үзіліс 30 минөттен кем емес.
30. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде жабылады.
31. Компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк программа көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32. Тестілеу аяқталғаннан кейін отыз минөттен кеш емес уақытта адамдарға тестілеу әкімшісінің және оператордың қолы қойылған және мөрмен расталған тестілеу нәтижелері беріледі.
Шекті мәннен төмен емес тестілеу нәтижесін алған үміткерге осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеу өткендігі туралы сертификат беріледі.
Осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген бірінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әімшілік қызметінің санаттарына жарамды.
Осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген екінші тестілеу бағдарламасы бойынша берілген сертификат үшінші тестілеу бағдарламасына жататын «Б» корпусы мемлекеттік әімшілік қызметінің санаттарына жарамды.
Шекті мәннен төмен тестілеу нәтижесін алған «Б» корпусына үміткерге осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысанда шекті мәннен төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Мемлекеттік қызметшілерді
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары
1. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеу бағдарламалары:
1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1,
С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;
2) басқа санаттар үшін:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
Мемлекеттік қызметшілерді
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне
2-қосымша
Тестілеу нәтижелерінің шекті мәндері
1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мәндер:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауап;
2) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге:
«Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1,
С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;
басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды;
3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін:
«Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттары үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;
басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша мүмкін болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қызметшілерді
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне
3-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі
______________________________________
тел.__________________________________
эл. мекен жайы _______________________
Өтініш
Мені «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ___ санатына орналасуға ____ бағдарлама* бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын.
Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестілеу ұйымдастыру ережесінің негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.
Тестілеу өту мекен-жайы: ______________.
Тестілеу өтуді қалаған күні - _________________.
Тестілеу өтуді қалаған уақыты - _________________.
*Ескертпе: Тестілеу бағдарламасы үміткердің таңдаған санатын ескере отырып автоматты түрде анықталады.
«___» ___________________ 20 __ ж.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қызметшілерді
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне
4-қосымша
нысан
ҚОЛХАТ
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
үміткердің ______________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
өтініші қабылданды.
Тестілеу өту күні: ________________________________________________________________________________________
Тестілеу өту уақыты: _____________________________________________________________________________________
Тестілеу өту мекен-жайы: _________________________________________________________________________________
Ескертпе: Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған «Б» корпусына үміткерлер қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап үш айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді.
«___» ___________________ 20 __ ж.
Мемлекеттік қызметшілерді
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне
5-қосымша
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламалары
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014.22.01. № 04-2-4/7 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасы келесіні қамтиды:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымдарды қоспағанда, лауазымдар үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелері лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (10 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
3) облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері лауазымдары үшін - Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (10 сұрақ) конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) заңдарын бiлуге арналған тест;
4) логикалық тест;
5) біліктілік деңгейін анықтауға тест;
6) ҚАЗТЕСТ.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу үш бағдарламадан тұрады:
1) бірінші бағдарлама А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтік құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді;
2) екінші бағдарлама B-5, C-4, C-5, C-O-4, C-O-5, C-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді;
3) үшінші бағдарлама C-R-5, E-4, E-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды:
мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма);
логикалық тест (10 тапсырма);
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест сұрақтары кіреді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013.11.12. № 06-7/179 бұйрығымен 6-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік қызметшілерді
және бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға үміткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне