80) карантиндік, санитарлық және экологиялық іс-шараларды, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде өткізуге қатысады;
81) денсаулық сақтау мекемелеріне олардың ұсыныстары бойынша шақыруға келмейтін, маскүнемдікпен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен азап шегетін, жыныстық аурулармен немесе адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандардың келуін жүзеге асырады;
82) құрамында есірткі бар өсімдіктерді анықтау және жою бойынша жұмысты, сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз тасымалдау арналарын жабу жөнінде басқа да іс-шаралар өткізеді;
83) нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресудің халықаралық тәжірибесін талдау мен қорытындылауды, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын, осы саладағы заңнаманың қолданылуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
84) есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды егу, өндіру, дайындау, сақтау, бөлшек, көтерме және халықаралық сатуды, бөлу, зерттеу тәртібін, оларды дайындау үшін шикізаттарды, материалдарды, сондай-ақ, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізімдері мен жіктеуінде көрсетілген өсімдіктерді, заттарды препараттарды анықтайтын нормаларды әзірлейді;
85) Қазақстан Республикасында бақылауға алуға жататын есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тізіміне және заңсыз айналымда табылған шағын, ірі және аса ірі көлемді есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың жиынтық кестесіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар енгізеді;
86) құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің Қазақстан Республикасы үшін халықаралық квоталарды бекітуі үшін Қазақстан Республикасының есірткі құралдарына, психотроптық заттар мен прекурсорларға қажеттілік нормаларын анықтайды;
87) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың барлық түрлерінің ауқымын болжауды, олардың жаңа түрлерінің пайда болуын, олардың өндірілуі мен таратылуын болдырмау жөнінде шаралар әзірлейді;
88) Қазақстан Республикасындағы есірткі ахуалының жай-күйін және даму үрдісін, есірткілердің заңсыз айналымға түсетін өңіраралық көздер мен арналарын талдауды, олардың жолын кесу жөніндегі шараларды әзірлеуді, тиісті ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындайды;
89) мемлекеттік органдармен бірлесіп, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын және олардың заңсыз айналымына және теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
90) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасасу шараларын бақылауды жүзеге асырады;
91) іс жүзіндегілермен салыстырғанда аса тиімді, қауіпсіздігі төмен, есірткілік әсері әлсіз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу және енгізу үдерісін бақылайды;
92) Ішкі әскерлердің жасақталуын жоспарлайды және ұйымдастырады;
93) төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарларын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, жанжал аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату үшін Ішкі әскерлерді тарту туралы шешімдерді орындайды, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
94) Ішкі әскерлер кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
95) медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және құрылымдардың, Ішкі әскерлер әскери бөлімшелерінің және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асырады;
96) қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және мүлкін қорғауды қамтамасыз етеді;
97) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сауалдарын орындайды;
98) жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге құқығы бар ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асырады;
99) жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялардың өткізілуін бақылауды жүзеге асырады;
100) әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
101) қылмыстық және басқа да процестерге қатысушылардың өмірін, денсаулығын, абыройын, намысын және мүлкін қорғау үшін бақылауды жүзеге асырады;
102) профилактикалық іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлейді және тұрғындарды жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптары мен ережелеріне оқытады;
103) жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлейді;
104) жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдерді, мотоциклдерді, мотороллерлерді, сондай-ақ автомобильдермен бірге қозғалуға арналған тіркемелерді, оның ішінде басқа мемлекеттерде тіркелгендерін және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан астам мерзімге әкелінгендерін қоса алғанда, мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлейді;
105) мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерінің, көлік құралдары мен тіркемелерді тіркеу туралы куәліктердің, жүргізуші куәліктерінің және көлік құралдары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажетті басқа да арнайы өнім үлгілерін әзірлейді;
106) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген автомотокөлік құралдарын және олардың тіркемелерін, оның ішінде сенімхат және басқа да құжаттар бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеу мен есепке алудың тәртібін әзірлейді;
107) белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асырады;
108) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысады;
109) автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, сондай-ақ автомотокөлік техникасының жаңа үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
110) жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етеді;
111) мүдделі мемлекеттік органдармен жол қозғалысы қауіпсіздігіне, көшелер мен жолдардың құрылысына және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ жүргізушілерді дайындаудың көлік құралдары мен оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты ережелердің, нормативтер мен стандарттардың жобаларын келісуді, жол қозғалысына қатысуға автомотокөлік құралдары мен олардың тіркемелеріне және жүргізушілерге рұқсат беруге байланысты жұмыстарды жүргізеді;
112) мемлекеттік техникалық тексерудің уақтылы өткізілуін бақылауды, көлік құралдарын пайдаланатын, оның ішінде сенімхатпен жүрген тұлғаларды тіркеу мен есепке алуды және көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау мен куәліктер беруді жүзеге асырады;
113) көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушылардың заңнамада белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға шарт жасасу жөніндегі міндеттерін көлік құралдарының иелері мен жолаушыларды тасымалдаушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
114) жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады және оны орындау үшін міндетті түрде нұсқамалар береді;
115) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, шетел азаматтарының келуін, болуын және кетуін бақылау жөніндегі «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесін әкімшілендіреді;
116) Қазақстан Республикасында көші-қон процестерін талдайды және болжайды;
117) халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлейді;
118) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламаны әзірлейді;
119) халықтың көші-қоны және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
120) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
120-1) Қазақстан Республикасының көшіп кету мен көшіп келу саласындағы заңнамаларының сақталуы үшін ведомстволық бақылауды және азаматтық мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады;
121) оралман мәртебесін беру тәртібін анықтайды;
122) босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау, баспана іздеген адам куәлігінің үлгілерін және баспана іздеген адамды және босқынды тіркеу үшін ішкі істер органдарына жіберу тәртібін бекітеді;
123) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамға шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуға жәрдемдеседі;
124) баспана іздеген адамға куәлік береді;
125) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімін жүзеге асырады;
126) босқын куәлігінің және жол жүру құжатының үлгілерін бекітуді және оларды беруді жүзеге асырады;
127) пана іздеген адамдардың және босқындардың тізімін қалыптастыруды және ай сайын ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді;
128) босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ аталған комиссияны құрады;
129) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
130) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімделу қызметтерін көрсетудің тәртібін, уақытын айқындайды;
131) халықтың көші-қоны туралы және босқындар мәселелері жөніндегі заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
132) көші-қон мәселелері жөніндегі бағдарламалар мен нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
133) келген оралмандар мен босқындарды тіркейді және есепке алады;
134) аумақтық органдардың босқын мәртебесін беруден бас тартуы туралы шағымдар жөніндегі шешімдер қабылдайды және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізеді;
135) заңнамамен бекітілген жағдайларда кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және (немесе) олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтайды, есебін жүргізеді және оларға қатысты жеке профилактикасы шаралары жүргізеді;
136) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар, қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын не балаларға қатысты басқа да құқыққа қарсы ic-әрекеттер жасайтын адамдарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын, не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерін, педагогтарды, тәрбиешілерді, оқытуды, тәрбиелеуді және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті өзге де мекеменің басқа да қызметкерлерін анықтайды және оларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады;
137) кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды белгіленген тәртіппен қарайды және оларға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
138) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мемлекеттік мекемелерге жіберуге немесе кәмелетке толмағандарды қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа алуды ресімдеуге жәрдемдеседі;
139) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды дайындауға қатысады;
140) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуы, құқық бұзушылықтары туралы және қоғамға жат іс-әрекеттері, оған итермелейтін себептер мен жағдайлар туралы мүдделі органдар мен мекемелерді хабардар етеді;
141) кәмелетке толмағандарды, олардың ата-аналарын және басқа заңды өкілдерін құқықтық тәрбиелеуде білім беру органдарына жәрдемдеседі;
142) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
143) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегіз жасқа дейінгі және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдерді кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
144) сотталғандарға қатысты сот үкімдерін, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды;
145) соттардың үкімдеріне, қаулыларына және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандардың орналасуын ұйымдастырады;
146) қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерін қорғауды, олардағы шұғыл жағдайды бақылауды, қызметшілердің, күдіктілердің, сезіктілердің және сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, оларды айдап жүруді жүзеге асырады;
147) сотталғандарға түзету ықпалын, оның ішінде психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастырады;
148) Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы арыздарын қарауды, оларды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асырады;
149) сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындайды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен сотталғандарды түзеудің нәтижелерін бекітіп береді, оларды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
150) сотталғандарды жұмыспен қамтуды ұйымдастырады;
151) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
152) қызметшілердің кәсіби даярлығын, құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
153) сезіктілер мен айыпталушыларды қарап-ұстауды жүзеге асырады;
154) қылмыстық-атқару жүйесін дамыту, нығайту мен жетілдіру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады;
155) сотталғандардың жалпы білім алуы мен кәсіби оқуын ұйымдастырады;
156) қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне тартады;
157) Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметі саласында қолдану практикасын талдау мен қорытады және оны жетілдіреді, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізеді;
158) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
13. Министрліктің оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкi
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
15. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өздiгiнен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі Министрдiң ұсынуы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
18. Министр өз құзыретi шегінде шешiм қабылдауда дербес және Министрлiктiң қызметі үшiн дербес жауап бередi.
19. Осы мақсатта Министр мынадай өкілеттiктердi жүзеге асырады:
1) Министрлiктiң қызметiне басшылық етудi жүзеге асырады;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Министрлiктiң мүддесiн бiлдiредi;
3) ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ Комитеттер төрағаларының және Министрлiктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
5) Министрлiктiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, сондай-ақ өз құзыреті шегiнде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi кесiмдер шығарады;
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
7) азаматтарды Министрлiктiң кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және қоса алғанда кезектi полиция полковнигiне дейiнгi арнаулы атақтарды, сондай-ақ Министрлiктiң әскери қызметшiлерiне қоса алғанда полковникке дейiнгi әскери атақтарды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын және полковник әскери атағын бередi;
8) Қазақстан Республикасының Президентiне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерге заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
10) ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) өз құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн құрады және таратады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген штат санының лимиті шегiнде олардың құрылымын, штат санын және бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде еңбекақы қорын белгiлейдi;
ҚР Үкіметінің 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен 11-1) тармақшамен толықтырылды
11-1) халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша саясатты қалыптастырады;
12) iшкi iстер органдары лауазымдарының санаттары бойынша біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
13) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердi ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министр қалыптастыратын саясатты қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінде ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелері басшылары мен олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) ведомостволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын ведомостволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарларға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республиканың Президенті, Үкіметі, Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) жыл сайын Министрліктің жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы есепті әзірлейді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өнімнің ұсынылуын, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және оның қаржылық есебін әзірлейді және Министрмен келісілгеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегіндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өз өкілеттігі шегінде Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды
19-2. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданыстағы құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
20. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңес беру органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр бекiтедi.
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.