80. Көрсетілген габарит шектерінде жүктің дұрыс орналастырылуын тексеру үшін жаппай тиеу орындарында (темір жол кірме жолдарында, теңіз және өзен порттарында, қайта тиеу станцияларында) габарит қақпалары орнатылады. Жолдың жанына түсірілген немесе тиеуге дайындалған жүк құрылыстардың жақындау габариті бұзылмайтындай етіп қойылуы және бекітілуі тиіс.
Жүктің (жол жұмыстарына арналып түсірілген балластан басқа) биіктігі 1200 мм-ге дейін болғанда ол шеткі рельс бастиегінің сыртқы қырынан 2.0 м-ден жақын, ал биіктігі жоғары болғанда 2.5 м-ден жақын тұрмауы тиіс.
2. Жотаның жоспары мен пішіні
81. Темір жолдың барлық элементтері (жер төсемі, жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстар) пайдаланған кезде поездың осы учаскеде белгіленген жылдамдықтармен қауіпсіз және жатық қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс.
82. Жол шаруашылығы кәсіпорындарын орналастыру және техникалық жарақтандыру поездар қозғалысының берілген мөлшерлерін белгіленген жылдамдықтармен орындау үшін темір жолдарды, құрылыстар мен құрылғыларды күтіп ұстау мен жөндеу бойынша қажет жұмыстарды орындауды қамтамасыз етуі тиіс.
83. Темір жол қисықтардың радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңістердің қия беткейлігіне қатысты желінің жоспарына және профиліне сәйкес болуы тиіс.
84. Станциялар, разъездер мен озу пункттері алаңда тігінен орналасуы тиіс. Жекелеген жағдайларда олардың 0,0015-тен тік емес, ал қиын жағдайларда 0,0025-тен түзу емес еңістерде орналасуына рұқсат етіледі.
Аса күрделі жағдайларда барлық үлгідегі разъездер мен озу пункттерінде, не болмаса локомотивтің немесе вагондардың маневр және құрамнан ағытылуы және құрастырылған поездардың ажыратылуы көзделмеген бойлық немесе жартылай бойлық үлгідегі аралық станцияларда станциялық алаңның шектерінде 0,0025-тен асатын еңістерге рұқсат етіледі. Пайдаланудағы станцияларда қабылдау-жөнелту жолдарын ұзартқан жағдайда және вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсіз) өздігінен жүріп кетуінің алдын алу шаралар шарттары 0,0025-тен асатын, бірақ 0,010-нан тік емес еңістерге рұқсат етіледі.
85. Вагондардың немесе құрамдардың (локомотивсіз) өздігінен жүріп кетуіне жол бермеу үшін станцияларда, разъездер мен озу пункттерінде вагондарды локомотивтен ағытып алу және маневрлік операциялар жүргізу көзделетін жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған қабылдау-жөнелту жолдарының шектегіш бағыттамалар жағына қарай еңіске қарсы құрылғылары бар бойлық профилі болуы және оны жобалау нормативтеріне сәйкес болуы тиіс.
86. Вагондардың өздігінен басқа жолдарға, поездарды қабылдау және жөнелту маршруттарына шығып кетуінің алдын алу үшін сақтандыру тұйықтарын, қорғағыш бағыттамаларын, лақтырғыш табаншалардың, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды орналастырылуы, сондай-ақ вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды қолдану көзделеді.
87. Станциялар, разъездер мен озу пункттері, сондай-ақ жекелеген парктер мен тартымдық жолдар түзу учаскелерде орналасуы тиіс. Қиын жағдайларда оларды радиусы кем дегенде 1500 м қисықтарда орналастыруға рұқсат етіледі. Ерекше қиын жағдайларда қисықтың радиусын 600 м-ге дейін азайтуға, ал таулы жағдайда 500 м-ге дейін азайтуға рұқсат етіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 88-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
88. Магистральдық және станциялық жолдардың, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша теміржол иесіне тиесілі теміржол кірме жолдарының жоспары мен бейіні кезең-кезеңімен аспап арқылы тексеріліп отырады.
Жолдардың жоспары мен бейінін аспап арқылы тексеру, тиісті техникалық құжаттаманы дайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторына және концессия шарттары бойынша теміржол иесіне жүктеледі.
89. Магистральдық және станциялық жолдарды жөндейтін және күтіп ұстайтын жол шаруашылығының кәсіпорындарында мыналар болуы тиіс:
1) дистанцияда бар жол шаруашылығының барлық құрылыстары мен құрылғылардың сызбалары мен сипаттамалары, сондай-ақ тиісті стандарттар мен нормалар;
2) станциялардың масштабтық және схемалық жоспарлары, барлық бас және станциялық жолдардың, сұрыптау дөңестерінің, сондай-ақ локомотивтер айналатын темір жол кірме жолдарының бойлық бейіндері болады.
ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 90-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
90. Сұрыптау, учаскелік және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерінің, дөңесасты және пішінделген тартымдық жолдардың бойлық бейіндерін үш жылда кемінде бір рет тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторы және концессия шарттары бойынша теміржол иесі тексереді. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында бейін он жылда кемінде бір рет тексеріледі.
Басты жолдардың бойлық бейін аспап арқылы тексеру жолдарды күрделі және орташа жөндеу кезеңінде жүргізіледі. Жолдың жоспары мен бейінінің өзгеруіне алып келетін қайта құру жүргізілетін магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерін жұмысты орындаушылар жұмысты аяқтаған соң тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесіне тиісті құжаттаманы ұсына отырып, тексереді.
Станция аумағында жаңа объектілер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды орындайтын кез келген ұйым қолданыстағы станцияның дамуына объектінің байланыстырылуын белгілейтін орындаушылық құжаттаманы дереу тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесіне беруі тиіс.
3. Жолдың жоғарғы құрылысы, жер төсемі және жасанды құрылыстарды пайдалану тәртібі
91. Жер төсемінің үстіңгі жағындағы ені жолдың түзу учаскелерінде жолдың үстіңгі құрылысына сәйкес болуы тиіс. Қолданыстағы желілерде олардың қайта құрылуына дейін жер төсемінің ені кем дегенде: дара жолды желілерде - 5,5 м, қосжолды желілерде - 9,6 м, ал жеке жолды желілердегі жартастық және құрғатқыш топырақтарда кем дегенде - 5,0 м, қосжолды желілерде 9,1 м болуына рұқсат етіледі.
Жер жиегінің үстіңгі бетіндегі ең аз ені жолдың әр жағынан 0,4 м болуы тиіс.
Радиусы 2000 м-ден кем қисық учаскелерде жер төсемі белгіленген нормалар бойынша кеңейеді.
92. Жаңадан салынып жатқан темір жол желілері және екінші жолдар үшін жер төсемінің жоғарғы жағындағы ені Құрылыс нормаларына және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Сулар жайылатын жерлердегі жер төсемі жиегінің қыры қатты желдер кезінде соғылатын толқындардың ең жоғары биіктігінен кем дегенде 0,5 м-ге жоғары болуы тиіс.
93. Жолдың түзу учаскелерінде және радиусы 350 м және одан үлкен, қисықтардағы рельстердің бастиектерінің ішкі шеттері арасындағы жолтабан енінің номиналдық көлемі - 1520 мм.
94. Едәуір тік келетін учаскелердегі жолтабанның ені:
1) радиусы 349-дан 300 м-ге дейін ағаш шпалдарда - 1530 мм;
2) радиусы 349-дан 300 м-ге дейін темірбетон шпалдарда - 1520 мм;
3) радиусы 299 м және одан кем барлық шпалдар түрінде - 1535 мм.
95. Темір жол желілерінің учаскелері мен жолдарында радиусы 650 м-ден артық учаскелерде жолтабан енінің номиналдық көлемі 1524 мм пайдалануға рұқсат етіледі.
96. Бұл ретте, едәуір тіктеу келетін қисықтарда қабылданатын жолтабан:
1) радиусы 650-ден 450 м-ге дейін - 1530 мм;
2) радиусы 449-дан 350 м-ге дейін - 1535 мм;
3) радиусы 349 м-ден және одан кем - 1540 мм.
Жолдың түзу және қисық учаскелерінде жолтабан енінің номиналдық өлшемдерден ауытқуының шамасы тарылымы бойынша - 4 мм-ден, кеңеюі бойынша - 8 мм-ден, ал қозғалыс жылдамдықтары сағатына 50 км және одан төмен учаскелерде таралымы бойынша - 4 мм-ден, ал кеңеюі бойынша - 10 мм-ден аспауына рұқсат етіледі.
97. Номиналдық мөлшерінен ауытқу шамасы жолтабан енінің 1512 мм-ден кем және 1548 мм-ден артық болуына рұқсат етілмейді.
Жолдардың түзу учаскелерінде жолды пайдалану бір рельстік тіні екіншісінен 6 мм-ге биік етіп ұстауға рұқсат етіледі.
Қисық учаскелерде сыртқы рельс тінінің жоғары тұруы 150 мм-ден артық болмауы тиіс.
98. Көпірлер мен тоннельдер бақылау-габариттік құрылғыларымен қоршалады, хабарлау сигнализациясымен және бөгегіш бағдаршамдарымен жабдықталады.
Жасанды құрылыстар өртке қарсы құралдармен және қарап тексеруге арналған құралдарымен жабдықталуы тиіс.
99. Аса ірі жасанды құрылыстардың және деформацияланатын немесе қиын инженерлік-геологиялық жағдайлардағы учаскелердің тізбесін уәкілетті орган белгілейді. Қоршау жабдықтарын орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
100. Барлық көпірлер қолданыстағы есептеу нормалары негізінде жүк көтергіштігі бойынша жіктеледі.
101. Жолдың және құрылыстардың жай-күйін бақылау магистральдық темір жол желісінде жол өлшегіш вагондар мен арбашалар, ақаутапқыш вагондар, ақаутапқыш автомотрисалар, ақаутапқыш арбашалар, ақаутабу жөніндегі зертханалар, көпірлік, тоннельдік, жолды тексерушілік, габарит-тексерушілік, сынау, жөндеу-тексеру-сүңгуір станциялары қолданылуы тиіс.
102. Темір жолдармен поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін станцияларда және елді мекендерге, мал бағу орындарына және т.б. жақын орналасқан жерлерде қоршау құрылғылары орнатылады.
4. Рельстерді, бағыттамалы бұрмаларды, жол және сигнал белгілерін, темір жолдардың қиылусыларын және өтпелерін пайдалану тәртібі
103. Басты және станциялық жолдардағы рельстер мен бағыттамалық бұрмалар қуаты мен жай-күйі бойынша пайдалану жағдайларына (жүктасымалдылығы, осьтік жүктемелер және поездардың қозғалыс жылдамдықтары) сәйкес болуы тиіс.
104. Бағыттамалық бұрмалар айқастырмаларының маркалары мынадай: бас және қабылдау-жөнелту жолаушы тасушы жолдарда - 1/11-ден тік емес, ал айқаспалы және айқаспалы бұрмалардың жалғасы болып табылатын жеке бұрмалар - 1/9-дан тік емес, жолаушылар поездары бұрманың түзу жолы бойынша ғана өтетін бағыттамалы бұрмалар айқастырмаларының маркасы 1/9 болуы тиіс.
Мынадай ауытқуларға рұқсат етіледі:
1) 1/9 маркалы бағыттамалы бұрмаларды 1/11 маркасымен ауыстыру бағыттама алқымдарын қайта орнатуға себепші болса, жолаушылар поездарын қаптал жолға бұруға;
2) жүк қозғалысының қабылдау-жөнелту жолдарында - 1/9-дан тік емес, ал симметриялы - 1/6-дан тік емес;
3) басқа жолдарда - 1/8-ден тік емес, ал симметриялы - 1/4,5-тен тік емес.
105. Бас жолдардағы барлық қарсы бағыттамалық бұрмалардың үшкірлері алдынан бастап тепкіш білеулер төселуі тиіс.
106. Қисық учаскелерде басты жолдарға жаңадан бағыттамалық бұрмаларды орнатуға рұқсат етілмейді.
Орталықтандырылған бағыттамалар климаттық және басқа жағдайларға байланысты механикаландырылған тазарту немесе қар еріту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
107. Мына ақаулықтардың ең болмағанда біреуі орын алған бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды пайдалануға рұқсат етілмейді:
1) бағыттамалық үшкірлердің және тартқыштары бар айқастырмалардың жылжымалы өзекшелерінің ажырауы;
2) үшкірде бірінші тартымның қарсы тұсында, үшкір айқастырманың өзегінің ұшында стрелканың жабық күшінде өлшенетін үшкірдің рамалық рельстен айқастырмалық жылжымалы өзегінің жақтаудан 4 мм және одан да артық кейін қалуы;
3) үшкірдің немесе жылжымалы өзекшені үгітілуі, бұл кезде жотаның төну қаупі туындайды, және барлық жағдайда ұзындығы:
басты жолда 200 мм және одан көп;
қабылдау-жөнелту жолдарында 300 мм;
өзге станциялық жолдарда 400 мм.
4) үшкір басының немесе жылжымалы өзекшенің ені үстіңгі бетінде 50 мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенетін үшкірдің рамалық рельсінің қарсысында және жылжымалы өзекшенің жақтаудың қарсысында 2 мм-ге және одан астамға төмендеуі;
5) айқастырма өзекшесінің жұмыстың қыры мен жанама рельс тік қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем;
6) жанама рельс пен жақтаудың жұмыс қырлары арасындағы қашықтық 1435 мм-ден артық;
7) үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы, айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылуы;
8) бір бұрандамалы ішпекте контррельстік бұрандаманың немесе қос болтты ішпекте екеуінің де ажырауы.
108. Басты жолдардағы және қабылдау-жөнелту жолдардағы рельстер мен бұрмалық бағыттамалар ақаутапқыш арбашалармен тексеріледі.
109. Бақылау бағыттама құлыптарымен:
1) поездарды қабылдау және жөнелту жүргізілетін жолдарда орналасқан, сондай-ақ қорғалатын;
2) 1-класты қауіпті жүктері (жарылғыш материалдары) бар вагондардың тұруына бөлінген жолдарға апаратын;
3) қалпына келтіру және өрт сөндіру поездарының тұруына бөлінген жолдарға апаратын;
4) сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтарға апаратын;
5) ақаутапқыш вагондардың, жол өлшегіш вагондардың, теміржол құрылыс машиналарын тоқтатып қоюға бөлінген жолдарға апаратын орталықтандырылмаған бағыттамалар жабдықталуы тиіс.
110. Бағыттамалар және айқастырмалардың жылжымалы өзекшелері (дөңестік және сұрыптау жолдарында орналасқандардан басқа), соның ішінде орталықтандырылған және бақылау құлыптары барлары, оларды ілінбелі құлыппен жабудың мүмкіндігі болу үшін үлгі құралдармен жабдықталады. Бұл құралдар үшкірдің рамалық рельске, айқастырманың жылжымалы өзекшесін жақтауға тығыз жанасуын қамтамасыз етуі тиіс.
111. Орталықтандырылмаған бағыттамалар бас және қабылдау-жөнелту жолдарында орналасқан жарық берілетін немесе жарық берілмейтін бағыттамалы нұсқағыштармен жабдықталады, бұл станциялардың техникалық-басқару актілерінде (бұдан әрі - ТБА) көрсетіледі.
Электрлік орталықтандыруға қосылған бағыттамалар және сұрыптау парктерінің бағыттағыш бұрманың алқымы нұсқағыштармен жабдықталмайды.
112. Бағыттамалық бұрмаларды және тұйық қиылысуларды жөндеуді және ағымдағы ұстауды бағыттамалық нұсқағыштарды, лақтырғыш табандықтарды, лақтырғыш үшкірлерді, лақтырғыш бағыттамаларды, вагондарды бекітуге арналған стационарлық құрылғыларды, бұрылмалы білеулерді, топсалық-иінді тұйықтағыштарды орнатуды, жөндеуді және күтіп ұстауды жол шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді.
Бұл құрылғылардағы қолданылатын автоматика және телемеханика құралдарын жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді сигнализация және байланыс шаруашылығы кәсіпорындары жүргізеді.
113. Темір жолдардың басқа темір жолдармен, трамвай, троллейбус желілерімен, автомобиль жолдарымен және қала көшелерімен қиылысулары уәкілетті органдар келісім бойынша жүзеге асырылады.
114. Темір жолдар арқылы олардың белгіленбеген жерлері арқылы көлік құралдарының және өздігінен жүретін машиналардың, сондай-ақ мал айдап өтуге рұқсат етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 115-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
115. Инженерлік коммуникация, құбыржолдар, өтпе, байланыс желісі, электр беруді, мұнай құбыржолдары, газ құбыржолдарын, сондай-ақ олардың теміржолмен қиылысатын объектілерді немесе олардың өте жақын орналасқан жолақ бұрамасының шегінде орналасқан құрылыстарды орналастыру, салу және пайдалану шарттары оған тапсырыс беруші мен тиісінше Ұлттық инфрақұрылымның операторы немесе концессия шарттары бойынша теміржол иесі арасындағы шарт бойынша анықталады.
ҚР Үкіметінің 2013.12.11. № 1213 Қаулысымен 116-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
116. Кірме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы тиісінше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.
Жаңадан салынып жатқан магистральдық жолдардың бас жолдармен жанасуына уәкілетті органның келісімімен рұқсат етіледі.
117. Магистральдық темір жол желісінің бір деңгейде қиылысатын, сондай-ақ желілердің, темір жол кірме және қосылу жолдарының басты жолдарға қосылатын жерлерінде аралықтар мен станцияларда сақтандырғыш тұйықтары немесе қорғағыш бағыттамалар орналасуы тиіс.
Темір жолдардың кірме және қосылу жолдарының қабылдау-жөнелту жолдарына және басқа станциялық жолдарға қосылу жерлерінде жылжымалы құрамның өздігінен станцияға немесе аралыққа қарай шығып кетуіне жол бермеу үшін сақтандырғыш тұйықтары, қорғағыш бағыттамалар, лақтырғыш табандықтар, лақтырғыш үшкірлер немесе түсіргіш бағыттамалар болуы тиіс.
Сақтандырғыш тұйықтардың пайдалы ұзындығы кем дегенде 50 м болуы тиіс.
118. Созылмалы еңістері бар аралықтарда, сондай-ақ осындай аралықтарды шектейтін станцияларда сақтандырғыш тұйықтар көзделеді.
119. Бас жолдардың жанында жол және сигнал белгілері орнатылады. Бағыттамалық бұрмалардың жанында және жолдар қосылатын басқа жерлерде шектік бағаншалар орнатылады.
Темір жолға бөлінген белдеу шекарасын көрсету үшін, сондай-ақ жер төсемінің көрінбейтін құрылыстарын жер бетінде белгілеу үшін ерекше жол белгілері орнатылады.
120. Сигнал белгілері қозғалыс бағыты бойынша оң жақтан, ал жол белгілері оң жағынан километрлер саны бойынша шеткі жол осінен кем дегенде 3100 мм қашықтықта қойылады.
Ойықтарда (жартастықтан басқа) және олардан шыға берістерде жол және сигнал белгілері кюветтер мен науалардың шектерінен тысқары дала жағынан орнатылады. Қатты қар басып қалатын ойықтар мен олардан шыға берістерде (100 м-ге дейінгі шекте) аталған белгілер шеткі жол осінен кем дегенде 5700 мм қашықтықта орнатылады. Сигнал және жол белгілері бағдаршам қалпақшалары, жинақтық трансформаторлық қосалқы станциялар, түйіспе желісінің ажыратқыштары мен разрядтауыштары орнатылған тіректерін қоспағанда, электрленген учаскелерде түйіспелі тораптың тіректерінде орнатылады.
121. Шектік бағаншалар жолтабандар аралығының ортасында қосылатын жолдардың осьтерінің арасындағы қашықтық 4100 мм-ге тең тұсында орнатылады. Т габариті бойынша салынған жылжымалы құрам айналмайтын пайдаланудағы станциялық жолдарда 3810 мм қашықтықты қалдыруға рұқсат етіледі. Жолтабан аралығының ені азайтылған жүкті аударып тиеу жолдарында шектік бағаншалар жолтабан аралығының ені 3600 мм-ге дейін жететін жерінде орнатылады.
122. Жолдың қисық учаскелерінде бұл қашықтықтарды уәкілетті орган бекіткен Құрылыстардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген нормаларға сәйкес ұлғайтылады.
5. Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалану тәртібі
123. Сигнал команда болып табылады және темір жол көлігі қызметкерлерінің сөзсіз орындауына жатады.
124. Поездар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты сигнализацияда мынадай негізгі сигналдық түстер қолданылады:
1) жасыл - белгіленген жылдамдықпен қозғалуға рұқсат беретін;
2) сары - қозғалуға рұқсат беретін және жылдамдықты төмендетуді талап ететін;
3) қызыл - тоқтауды талап ететін;
4) айдай ақ - маневрлерге рұқсат беретін;
5) көк - маневрлерге тыйым салатын.
125. Бағдаршамның тыйым салатын көрсетуіне жүріс рұқсат етілмейді.
Бағдаршамдардың сөнген сигналдық жарықтары (автоматтық бұғаттаумен жарақтандырылмаған учаскелердегі ескерту белгілерінен, бөгегіш және қайталағыштарынан басқа), олардың түсініксіз көрсетуі, сондай-ақ басқа сигнал аспаптардың түсініксіз сигнал беруі тоқтатуды талап етеді.
Жабық бағдаршаммен (түсініксіз көрсету немесе сөніп қалған) жүріп өту уәкілетті орган бекітетін Темір жол көлігіндегі поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықта белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсат етіледі.
126. Сигналдық түстер қолдану тәртібі және сингалдық көрсетулердің өту жылдамдығы уәкілетті орган бекіткен Сигнализация жөніндегі нұсқаулықта белгіленеді.
Сигналдарды қабылдауға кедергі жасайтын және сигналдық көрсетулерді бұрмалайтын қызыл, сары және жасыл түсті әшекейлік жаймаларды, плакаттарды және шамдарды орнатуға рұқсат етілмейді.
127. Сигналдық шынылар мен линзалардың түсі белгіленген стандарттарға сәйкес болады.
Магистральдық темір жол желісінде тұрақты сигнал аспаптары ретінде бағдаршамдар қолданылады.
128. Кіру, ескертпелік, өтпелі, бөгегіш және қоршау бағдаршамдардың қызыл, сары және жасыл сигналдық жарықтары жолдың түзу учаскелерінде жақындап келе жатқан поездың локомотивінің басқару кабинасынан күндіз және түнде кем дегенде 1000 м қашықтықта анық көрінеді.
Жолдың қисық учаскелерінде бұл бағдаршамдардың, сондай-ақ бағдаршамдардағы сигналдық жолақтардың көрсетулері кем дегенде 400 м қашықтықта анық көрінуі тиіс. Қатты ойлы-қырлы жерде (таулар, терең ойықтар) аталған бағдаршамдар көрсетулерінің 400 м-ден кем, бірақ 200 м- қашықтық көрінуіне рұқсат етіледі.
Басты жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдардың көрсетулері кем дегенде көрсетулері 400 м-ге дейін, бүйір жолдардың шығу және маршруттық бағдаршамдарының, сондай-ақ шақыру сигналдарының және маневрлік бағдаршамдардың көрсетулері кем дегенде 200 м қашықтықта анық көрінуі тиіс.
129. Барлық кіру және өту бағдаршамдардың және қорғау бағдаршамдарының алдында ескертпелік бағдаршамдар орнатылады. Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелерде әрбір өту бағдаршамы келесі бағдаршамға қатысты ескертпелік бағдаршамы болып табылады.
Автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация және байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын учаскелерде ескертпелік бағдаршамдары кіру бағдаршамдары алдында орнатылмайды.
130. Үш таңбалы сигнаизациясы бар автобұғаттаумен жабдықталған желілерде толық қызметтік тежеу және барынша қолданған жылдамдық кезінде берілген орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы тиіс, алайда ол жолаушы поездары үшін сағатына 80 км-ден астам емес кезінде және сонымен қатар автоматты локомотивтік сигнализация мен автоматты құрылғыларының поездың тежегіш жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды есепке алғанда іргелес бағдаршамдар арасындағы қашықтық шұғыл тежеу жолынан кем болмауы тиіс. Бұл ретте, сигналдардың көрінуі 400 м-ден кем учаскелерде, сондай-ақ автобұғаттаумен жаңадан жарақтандырылған желілерден бұл қашықтық кемінде 1000 болуы тиіс.
Үш таңбалы сигнализациясы бар автобұғаттаумен бұрын жабдықталған желілерде жекелеген бағдаршамдар қажетті тежеу жолынан кем қашықтықта орнатылады. Мұндай бағдаршамда, сондай-ақ оның ескертпелік бағдаршамында жарықтық нұсқағыштар орнатылуы тиіс. Станцияларда жарық нұсқағыштар бас жолдың шектес (кіру, маршруттық, шығу) бағдаршамдары арасындағы қашықтық қажетті тежеу жолынан кем болғанда қолданылады.
131. Үш таңбалы сигнализация үшін белгіленген ең аз ұзындықтан қысқа блок-учаскелері болуы талап етілетін қала маңындағы поездардың қозғалысы ерекше қарқынды желілер төрт таңбалы сигнализациясы бар автобұғаттаумен жабдықталады.
Үш таңбалы сигнализациямен жарақтандырылған желілерде, олар арқылы жолаушы поездары сағатына 120 км жылдамдықпен немесе жүк поездары сағатына 80 км жоғары жылдамдықпен айналғанда, егер қызметтік тежеуді қолдануы барысында локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы сары жарыққа ауысқанда поездардың жол бағдаршамының алдында тоқтауы қамтамасыз етілсе, олардың белгіленген барынша жылдамдықпен қозғалысы локомотивтік бағдаршамның жасыл жарығы кезінде рұқсат етіледі.
Жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдары арасындағы қашықтық толық қызметтік тежеу және барынша іске асырылатын жылдамдық кезінде белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы, ал автоматты локомотивтік сигнализациясының жол құрылғылары бар кезінде, сонымен қатар бұл қашықтық автоматты локомотивтік сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды ескергенде жедел тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.
132. Автобұғаттаумен жабдықталмаған учаскелерде ескертпелік бағдаршамдары негізгі бағдаршамдардан жедел тежеу кезінде және барынша іске асырылатын жылдамдық барысында осы орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем емес қашықтықта, ал учаскелерде автоматты локомотив сигнализациясының жол құрылғылары болған кезде автоматты локомотив сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды ескергенде шұғыл тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмайтын қашықтықта орнатылады.
Автоматты локомотив сигнализациясы сигнализация және байланыстың жеке құралы ретінде қолданылатын учаскелерде екі шектес блок-учаскенің ұзындығы барынша іске асырылатын жылдамдықта автоматты локомотив сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне әсер етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтетін жолды есепке алғанда жедел тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.
133. Бағдаршамдар қозғалыс бағыты бойынша оң жақта немесе олар қоршаған жол осінің үстіне орнатылады. Қоршау және жолмен дұрыс жүріп келе жатпаған поездар үшін өтпелердің алдындағы аралықтарда орнатылатын оларды ескерту бағдаршамдары қозғалыс бағыты бойынша сол жақта орналасады.
134. Бағдаршамдарды оң жақта орнату үшін габариттер болмаған жағдайларда: