Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 30 шілдедегі № 850 қаулысы
(2007.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп:
1) өнеркәсiптiк және патогендiк микроорганизмдердiң ақпараттық дерекқорын есепке алу мен бақылауды, қалыптастыру мен жандандыруды қамтитын Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг пен биологиялық қауiпсiздiк жүйесiн және биологиялық ластанулардың әсер ету зардаптарының алдын алу, оқшаулау және жою жөніндегі ұйымдастыру-әдiстемелiк iс-шаралардың кешенiн құрсын;
2) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасындағы микробиологиялық мониторинг ережесін әзiрлесiн және бекiтсiн;
3) өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депоненттелген штаммдары мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының қатаң есебiн және дұрыс сақталуын қамтамасыз етсiн;
4) материалдардың биоластануына күмәндi инфекциялардың күдiк туғызатын көздерiн уақтылы және біліктi зерттеулердiң стандартты әдiстерiн әзiрлесiн және бекiтсiн;
5) өнеркәсiптiк микроорганизмдер мен аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының бiрыңғай ақпараттық дерекқорын құрсын.
ҚР Үкіметінің 10.12.03 ж. № 1257; 05.05.04 ж. № 502 ; 2007.22.05. № 409 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар республикалық микроорганизмдер коллекциясының функцияларын жүзеге асыратын органдар болып белгiленсiн:
өнеркәсiптiк микроорганизмдер бойынша - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң Республикалық микроорганизмдер коллекциясы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны;
аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары бойынша - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдiснама ұлттық орталығы мемлекеттік мекемесi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.
ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштарының депозитарийлерi болып Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі» белгiленсiн.
Өнеркәсiптiк микроорганизмдердiң депозитарийлерi болып Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ тамақ өнеркәсiбi ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «Қазақстан Республикасының Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны белгiленсiн.
4. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-жолмен толықтырылсын:
«20. Аса қауiптi инфекциялар қоздырғыштары мен өнеркәсiптiк микроорганизмдер коллекциясы және депозитарийлерi».
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |