2) тұрақты сапалы өнімді шығару үшін қажетті жағдайлардың сақталуын тексеру;
3) өнімнің сынағын жүргізу және олардың нәтижелерін талдау;
4) бақылау нәтижелерін ресімдеу және шешімдер қабылдау.
нақты өнім сапасының менеджмент жүйесі мен оларға инспекциялық бақылаудың оң нәтижелеріне Сертификат бар болғанда тұрақты сапа өнімін шығаруға арналған жағдайларды талдау жүргізілмейді.
50. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері үлгілердің сынақтары мен басқа да тексерістер нәтижелерінің бағасы берілетін, сертификатталған өнім өндірісінің жай-күйі мен берілген Сертификаттың қолданылуын сақтау мүмкіндігі туралы қорытынды жасалатын еркін нысандағы актімен ресімделеді.
Акті Органда кемінде үш жыл сақталады, ал оның көшірмелері өтінім берушіге дайындаушы (орындаушы) және инспекциялық бақылауға қатысқан ұйымдарға жіберіледі.
51. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган сертификатталған өнім нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Сертификаттың қолданылуын:
1) инспекциялық бақылау кезінде өнімді сынаудың теріс нәтижелері;
2) өнімге арналған нормативтік құжат немесе сынақ әдісі Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;
3) өнімнің құрастырмасы (құрамы), жиынтығы, өндірістің ұйымдастырылуы және (немесе) технологиясы Органның тиісті хабарлауынсыз өзгерген;
4) өнімді өндіру технологиясының талаптары өзгерген (орындалмаған);
5) бақылау және сынақ әдістері, менеджмент жүйесі Органның келісімінсіз өзгерген жағдайларда тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
52. Егер Сертификат берген Органмен келісілген түзеу әрекеттері жолымен өтінім беруші сәйкессіздіктің анықталған себептерін жоя алатын және қосымша сынақтарсыз өнімнің нормативтік құжаттарға сәйкестігін қайта инспекциялық бақылау кезінде сынақ зертханасында растай алатын жағдайда оның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады.
Сертификаттың қолданылуы Орган мен өтінім берушінің өзара келісімі бойынша осы өнімді өндіру тоқтатылуына байланысты немесе басқа себептермен тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін.
53. Сертификаттың қолданылуы:
1) егер анықталған сәйкессіздік түзетілмейтін болса;
2) егер өтінім беруші Органға қатысты өзінің қаржылық міндеттерін орындамаса;
3) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылуы уақытша тоқтатылған кезеңде тиісті шараларды қабылдамаса;
4) егер өтінім беруші Сертификаттың қолданылу мерзімін ұзартуды қаламаса;
5) егер өнімді өндіру тоқтатылса (басқа өндіріске берілсе) немесе кәсіпорын таратылса жойылуы мүмкін.
54. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты оны берген Орган өтінім берушіге, тұтынушыларға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға және басқа да мүдделі адамдарға хабарлайды.
Орган Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе жою туралы өтінім беруші мен техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды, тұтынушылар мен нақты өнімді сертификаттауға мүдделі қатысушыларды ақпараттандырады.
55. Сертификаты жойылған өнімді өтінім беруші инспекциялық бақылау кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған түзеу әрекеттерін Орындағаннан кейін қайта сертификаттауға ұсына алады. Бұл жағдайда осы өнімді алдыңғы сертификаттау нәтижелерін есепке алмай, сертификаттау жөніндегі жұмыстар қайтадан жүргізіледі.
3-тарау. Қызметтерді сертификаттау
1. Негізгі ережелер
56. Қызметтерді сертификаттау нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
57. Қызметтерді сертификаттаған кезде қызметтердің сипаттамалары (көрсеткіштері) тексеріледі және мыналарға:
1) қызметтерді сәйкестендіруді жүргізуге, оның ішінде оның жіктеу топтамасына жататындығын, техникалық құжаттарға (модель-үлгіге, техникалық сипаттауға, жолдамаға және басқаларына) сәйкестігін және функционалдық арналуын тексеруге;
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сертификатталатын қызметтердің нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін сынақ әдістері (тексерістері) қолданылады.
58. Сертификаттау кезінде пайдаланылатын схемаларды қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтарды жүргізу мүмкіндігін, дәлелдеудің талап етілетін деңгейін, тұтынушының мүлкінің сақталуын қамтамасыз еткен кездегі өтінім берушінің ықтимал шығындарын ескере отырып, өтінім беруші анықтайды.
59. Схемалар біртекті қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібін белгілейтін құжатта көрсетілуге тиіс.
Қызметтерді сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау схемалары осы Регламентке 6-қосымшада келтірілген.
60. Қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды өтінім беруші төлейді.
2. Сертификаттауды жүргізу тәртібі
61. Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:
1) Органға сертификаттауға өтінім беру;
2) өтінім бойынша шешім қабылдау;
3) сертификаттау схемасын таңдау;
4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;
5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;
6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;
8) Сертификат беру;
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9) сертификатталған қызметіне инспекциялық бақылау жүргізу (сертификаттау схемасына сәйкес).
62. Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді.
Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 63- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
63. Орган оны алғаннан кейін он күн кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттауды жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім осы Регламентке 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.
64. Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.
65. Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:
1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;
2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.
Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.
66. Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.
67. Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.
68. Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.
69. Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.
70. Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.
71. Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.
72. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.
73. Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:
1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;
2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;
3) тексерістер жүргізу;
4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.
74. Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.
75. Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.
76. Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.
Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.
77. Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:
1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;
2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;
3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;
4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.
78. Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу әрекеттерінің жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.
Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.
79. Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу әрекеттері жүзеге асырылады.
80. Түзеу әрекеттерін жүргізген кезде Орган:
1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;
3) түзеу әрекеттерін орындау мерзімін белгілейді;
4) түзеу әрекеттерін орындауды тексереді;
5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.
81. Түзеу әрекеттері орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.
Қызметтерді орындаушы түзеу әрекеттерін орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.
4-тарау. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау
82. Сәйкестік туралы декларация - дайындаушының (орындаушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.
83. Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде дайындаушы (орындаушы) төлейді.
84. Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Дайындаушы (орындаушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 271 Қаулысымен 85-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
85. Дайындаушы (орындаушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:
1) дайындаушы (орындаушы) және (немесе) аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген қабылдау, қабылдау-тапсыру және басқа бақылау сынақтарының хаттамалары;
2) өнімге бұдан бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар немесе шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға арналған сынақтардың хаттамалары;
3) өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік бақылау актілері;
4) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін (шикізатты жеткізу, өндірістік процесс, жинау, дайын өнім, буып-түю, таңбалау) растайтын құжаттар, сапа менеджменті жүйесінің сертификаттары.
86. Декларация нақты бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.
87. Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып дайындаушы (орындаушы) белгілеген мерзімге қабылданады.
Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін дайындаушы (орындаушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.
88. Декларация белгіленген нысандағы бланкілерде толтырылады және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.
89. Дайындаушы (орындаушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 271 Қаулысымен 90-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
90. Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар қоса беріледі:
1) тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш;
2) өнімнің осы Регламенттің 85-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);
4) дайындаушының (орындаушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама өзге де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық процесінде немесе осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.
Қажетті құжаттары бар декларацияны дайындаушы (орындаушы) өзі таңдап алған бір ғана Органға тіркеуге жіберуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 Қаулысымен 91-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
91. Орган 3 күннен аспайтын мерзімде қарайды және:
1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларацияда расталуы мүмкін өнім тізбесінде бар болуын;
2) дайындаушының (орындаушының) осы Регламенттің 89-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын;
3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың толықтығын және дұрыс көрсетілуін;
4) осы өнім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;
5) декларацияның дұрыс толтырылуын тексереді.
92. Қарау және тексеру нәтижелері бойынша Орган декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөліміне тіркейді.
Тіркеу декларацияға Органның сәйкестендіру белгісі (коды) бар тіркеу нөмірі мен декларацияны тізілімге енгізудің реттік нөмірін беру жолымен жүзеге асырылады.
Тізілімге декларацияны қабылдаған ұйымның атауы, оның мекен-жайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады.
Тіркелген декларациялардың тізілімін Орган берілген сертификаттардың тізілімінен бөлек жүргізеді.
94. Декларацияда тіркеу мәліметтері (декларацияны тіркеген Органның атауы мен мекен-жайы, оның тіркелген күні, декларацияның тіркеу нөмірі) көрсетіледі және бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.
95. Тіркелген декларация дайындаушыда (орындаушыда) соның негізінде ресімделген құжаттармен бірге, оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл сақталады.
Осы мерзім ішінде Органда тіркелген декларацияның көшірмесі мен тіркеуге арналған ілеспе құжаттар сақталады.
96. Декларацияда оның әрекеті қолданылатын өнімнің тізбесі бар көшірмелер мен қосымша болуы мүмкін.
Декларацияның көшірмелері өтінім беруші басшысының қолымен және мөрмен (заңды тұлға үшін) расталады.
97. Декларацияда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптары өзгерген, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде дайындаушы (орындаушы) жаңа декларацияны ресімдейді және оны сол Органға осы Регламентте белгіленген тәртіппен тіркеуге береді.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 (бұр.ред.қара); 2009.21.07. № 1109 (бұр.ред.қара); 2009.10.12. № 2017 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Техникалық регламентке
1-қосымша
Өнімді сертификаттау схемасы
Схе- ма- ның нө- мірі | Сәйкестік- ті растау тәсілдері | Өндірісті тексеру | Инспекциялық бақылау | Сертификаттың қолданылу мерзімі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Типті сынау | | | 6 ай | Таңбалау жүргізіл- мейді |
2 | Типті сынау | Өндірістің жай-күйін талдау | Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау. | 12 ай | Осы типтің барлық шығарыла- тын өнімі таңбала- нады |
3 | Типті сынау | Өндірістің жай-күйін талдау | Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау. | 12 ай | Осы типтің барлық шығарыла- тын өнімі таңбала- нады |
4 | Типті сынау | Өндірістің жай-күйін талдау | Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау. | 18 ай | Осы типтің барлық шығарыла- тын өнімі таңбала- нады |
5 | Типті сынау | сапа менеджменті жүйесін сертификат- тау | Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Дайындаушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірісті бақылау (сапа менеджменті жүйелері) | 36 ай | Осы типтің барлық шығарыла- тын өнімі таңбала- нады |
6 | Типті сынау | Сапа менед- жменті жүйе- сін сертифи- каттау | Сапа менеджменті жүйесін бақылау | 36 ай | Таңбалау жүргізіл- мейді |
7 | Партияны сынау | | | Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды | Таңбалау жүргізіл- мейді |
8 | Әрбір бұйымды сынау | | | Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды | Әрбір өнім таңбала- нады |
9 | Қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді қарау | | | Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды | Таңбалау жүргізіл- мейді |
10 | Қоса берілетін құжаттармен бірге өтінімді қарау | Өндірістің жай-күйін талдау | | 12 ай | Таңбалау жүргізіл- мейді |
Ескертпе:
- сынақтардың қажеттілігі мен көлемін сапа менеджментінің сертификатталған жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижелері бойынша өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі орган анықтайды
- сапа менеджменті жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.
Сертификаттау схемаларын қолдану
1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.
2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.
3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.
4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.
5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.
6. 5 және 6-схемаларды:
сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;
технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;
шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;
өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;
өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;
өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.
6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.
7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.
8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.
өңірде сынақ зертханалары болмаған кезде өзге кәсіпорындардың өткізуі үшін өнімдерді әкелген кезде қолдану ұсынылады.
9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.
Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.
10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2011.24.03. № 271 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Техникалық регламентке
2-қосымша
200_жылғы «___»__________
________________________
(сәйкестікті растау
________________________
жөніндегі органның
________________________
атауы, мекен-жайы)
Сертификаттау жүргізуге арналған өтінім
Бұдан әрі «Өтінім беруші» деп аталатын______________________________
(мекен-жайы мен банктік
____________________________________________________________________
деректемелері көрсетілген өтінім берушінің атауы)
атынан______________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., тұрғылықты мекен-жайы, телефон нөмірі)
№___________________________________________________схемасы бойынша
____________________________________________________________________
(өтінім берілген өнімнің, қызметтердің толық атауы)
____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы, нөмірі мен күні)
_________________________________________________________белгіленген
(қажет болған кезде тармақтардың нөмірін көрсету)
________________________________________________________сәйкестігіне
(нақты талаптардың атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________сертификаттау жүргізуді өтінеді.
Осы өтініммен өнім, қызмет мәліметтерін хабарлаймыз
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Осы өтініммен:
сәйкестікті растау рәсімдерін сақтауға;
сертификатталатын өнім, қызметтер көрсеткіштерінің (сипаттамаларының) тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
шартқа сәйкес өнімді, қызметтерді сертификаттауға және инспекциялық бақылаумен байланысты шығыстарды төлеуге міндеттеме аламын.
Қосымшалар:
______________________________________________________________
______________________________________________________________
____________________________ М.О._____________________________
(уәкілетті адамның қолы) (аты-жөні, тегі)
Техникалық регламентке
3-қосымша
Сәйкестікті растау рәсімін жүргізуге арналған
өтінім бойынша
ШЕШІМ
200__жылғы «____»___________№______________
____________________________________________________________________
(сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы)
қоса берілген құжаттармен бірге_____________________________________
(объектінің атауы (өнімнің
____________________________________________________________________ сәйкестігін растаған кезде СЭҚ ӨЖ және/немесе СЭҚ ТН кодын көрсету)
____________________________________________________________________
(өтінім берушінің атауы, мекен-жайы, телефоны)
сәйкестігін растауға арналған 200__ ж.«__»_________ өтінімін қарап, сәйкестікті растау жөніндегі орган ШЕШТІ:
1-нұсқа. 1-8 сертификаттау схемалары бойынша
Сертификаттау____________________схемасы бойынша жүргізілсін
(схема нөмірі)
Объектіні сертификаттау кезінде объектінің
____________________________________________________________________
(нормативтік құжаттың атауы, нөмірі және күні)
____________________________________________________________________