6. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу
156. Электрондық конкурстың немесе аукционның жеңімпазы деп анықталған әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушіге әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтінімге электрондық көшірме түрінде қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшірмелерін және электрондық конкурста немесе аукционда қатысуға өтінімге қол қою құқығын беретін сенімхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың немесе аукционның қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
157. Осы Қағидалардың 156-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған не оларда олардың электрондық көшірмелерімен сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Заңның 10 және 38-баптарында көзделген іс-қимылдарды орындау қажет.
158. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекітілген үлгі шартқа сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының екі данасын өнім берушіге жібереді, оған тапсырыс беруші қол қояды және тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі әр парағына қол қояды.
159. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.
160. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.
161. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін, мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.
Мемлекеттік сатып алу туралы шартта аванс төленуі көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгілейді, ол кемінде үш пайыз болуы тиіс.
162. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:
1) тапсырыс берушінің банктік шотына не мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер болып табылатын тапсырыс берушілер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдік ақшалай жарнаны;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепілдігін таңдауға құқылы.
163. Өнім берушінің шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін үшінші тұлғалардың енгізілген кепілдік ақша жарнасына тұтастай не бір бөлігінде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын іс-қимыл жасауына жол берілмейді.
164. Тапсырыс берушінің өнім беруші енгізген кепілдік ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
165. Тапсырыс беруші енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді шартта көрсетілген мерзімде немесе өнім беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өнім берушіге қайтарады.
Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылданған міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда, тапсырыс беруші тұрақсыздық айыбын тиісті бюджет, мемлекеттік кәсіпорын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға немесе олармен аффилиирленген тұлғалар кірісіне төлеу фактісі анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.
166. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өнім берушінің шарттық міндеттемелерді орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтармайды.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 166-1-тармақпен толықтырылды
166-1. Тауарларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстың тауарда жергілікті қамтудың болғаны үшін өз конкурстық өтінімінде шартты азайтуы бар жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу кезінде тапсырыс берушіге жеткізілетін тауардың бүкіл партиясына CT-KZ нысанындағы тауардың шығуы туралы сертификатты ұсынады.
Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуы
167. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау кезінде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) атауы, саны, сапасы, техникалық ерекшелігі, құны, оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орны мен мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мазмұнына сәйкес келуге тиіс.
168. Тапсырыс беруші мен өнім беруші көрсетілген шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт орындалды деп есептеледі.
Электрондық мемлекеттік сатып алуды
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Бекітемін:
___________________________________
тапсырыс берушінің толық атауы,
___________________________________
Конкурстық құжаттаманы бекіткен
тапсырыс берушінің аты-жөнi
№ шешім _________________
Күні ______ Уақыты ______
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНЫҢ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЫСАНЫ
_________________________________________________________________________________________________________________
(сатып алу мәнінің түрі көрсетіледі)
_________________________________________________________________________________________________________________
(электрондық конкурстың атауы көрсетіледі)
Тапсырыс берушi
_________________________________________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері көрсетіледі)
Тапсырыс берушінің өкілi
_________________________________________________________________________________________________________________
(аты-жөні, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетіледі)
Ұйымдастырушы
_________________________________________________________________________________________________________________
(атауы, орналасқан жері, БСН, банктік деректемелері көрсетіледі)
Ұйымдастырушының өкілi
_________________________________________________________________________________________________________________
(аты-жөні, ЖСН, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетіледі)
Конкурстық комиссияның хатшысы
_________________________________________________________________________________________________________________
(аты-жөні, лауазымы, телефоны, е-mail көрсетіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Электрондық конкурс қоса берілген лоттардың тізбесіне сәйкес өнім берушіні(лерді) таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Осы конкурстық құжаттама (бұдан әрі - КҚ) мыналарды:
1) осы КҚ-ның 1-қосымшасына сәйкес лоттардың тізбесін;
2) осы КҚ-ның 2-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы, техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын;
3) осы КҚ-ның 3-қосымшасына конкурсқа қатысу келісім нысанын;
4) осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) үшін әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтер нысанын;
5) Заңның 17-бабының 4-тармағына неғұрлым сапалы тауар, жұмыс, қызмет көрсетуді ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурсқа қатысушыны анықтау кезінде конкурстық комиссия ескеретін міндетті өлшемдердің тізбесін қамтиды;
6) егер, жұмыстарды орындау мерзімі жобалау құжаттамасына сәйкес бір қаржы жылынан асатын болған жағдайда жұмыстарды орындау кезеңдері, түрлері және көлемдері, сондай-ақ әрбір қаржы жылындағы осындай жұмыстарды мемлекеттік сатып алудың сомасы туралы ақпарат қоса беріледі;
7) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осы конкурс үшін бөлінген сома ______ теңгені құрайды.
Лоттар бөлінісінде осы конкурс үшін бөлінген сома
лот № | Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауы) | Лот бойынша бөлінген сома (теңге) |
(лот №) | (тауардың (жұмыстың, қызметтің атауы)) | (лот бойынша бөлінген сома (теңге)) |
3. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етуді төменде келтірілген нысандардың бірінде енгізеді:
1) мынадай банктік шотқа орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасын
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________
(тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының банктік шотының толық деректемелері);
2) осы КҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес банктік кепілдік. Электрондық конкурсқа қатысу өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімнің өзінің мерзімінен кем болмауға тиіс.
2. Ұйымдастырушының веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерге КҚ-ның ережелерін түсіндіруi
4. Веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде веб-порталды пайдалана отырып, бірақ (сұрау салуды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты көрсетіледі) кешіктірмей КҚ-ның ережелерін түсіндіру жөнінде электрондық сұрау салу жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Ұйымдастырушы КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КҚ-ның ережелерін түсіндіру мәтінін веб-порталда жариялайды.
6. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, мерзімнен кешіктірмей (КҚ өзгертудің соңғы мерзімі көрсетіледі) жеке бастамасы бойынша немесе әлеуетті өнім берушінің сұрауына жауап ретінде КҚ-ға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. КҚ-ға өзгерістер енгізу КҚ-ны бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді. Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және КҚ-ға өзгерістер бекітілген күннен бастап бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде КҚ-ны алған веб-порталға қатысушы әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жарияланады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі мұндай жағдайда әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алуы үшін кемінде күнтізбелік он күнге ұзартылады.
3. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті өнім берушілердің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынуы
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім
7. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім осы КҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
8. Әлеуетті өнім беруші өтінімді қалыптастыру алдында осы КҚ-ға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық конкурсқа қатысу туралы келісімді қабылдайды.
9. Электрондық конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға беретін электрондық конкурсқа қатысуға өтінім мыналарды:
1) әлеуетті өнім беруші оның жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін растау ретінде ұсынатын құжаттардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін:
құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжатты, жеке куәлікті):
заңды тұлғалар үшін, заңды тұлға өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғыны;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, беруге және өткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттарды;
заңды тұлғалар үшін электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген, акция ұстаушылар тізілімінен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтер қамтылмаған жағдайда) белгіленген тәртіппен қол қойылған және мөрмен расталған, құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәліметтерді қамтитын үзіндіні;
төлем қабілетін растайтын құжаттарды:
осы КҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген болуы тиіс;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейін берілген бір теңгеден кем салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасын қамтуы тиіс.
Әлеуетті өнім беруші, қажет болған кезде электрондық конкурсқа қатысуға өтініммен бірге жүргізілетін мемлекеттік сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдіктері түріндегі шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабілеттілігі туралы жалпы біліктілік талабына сәйкестігін растайды. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау үшін КҚ-да белгіленген мерзімге банктік кепілдік түрінде береді, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзіміне дейін беріледі.
Әлеуетті өнім беруші қажет болған кезде, өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы біліктілік талаптарына сәйкестігін мынадай құжаттардың электрондық қағаз көшірмелерінің біреуін:
а) әлеуетті өнім берушіге (қосалқы мердігерге, бірлесіп орындаушыға) халықаралық рейтингтік ұйымның рейтингі берілгенін растайтын құжатты;
б) әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің, бірлесіп орындаушының) биржаның ресми листингіне енгізілгені туралы қор биржасынан үзіндіні беру арқылы растайды;
2) әлеуетті өнім берушінің арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
осы КҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер;
осы КҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес конкурста сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді және әлеуетті өнім берушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемінің үштен екісінен астам жиынтығында қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу шарты.
Егер әлеуетті өнім беруші жұмыстардың не қызметтердің қосалқы мердігерлерін (бірлесіп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынуы тиіс;
3) қағаз құжаттарды растайтын электрондық көшірмелерді қоса бере отырып, осы КҚ-ның 9-қосымшасына сәйкес шартты жеңілдіктерді есептеу үшін мәліметтерді;
4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарларға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға сапа кепілдігін, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кестесін (әдістерін) және шарттарын сипаттай отырып, техникалық ерекшелігін;
5) Заңда белгіленген мөлшерде электрондық конкурсқа қатысу өтінімін қамтамасыз ету, мынадай:
банктік кепілдік, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға электрондық конкурсқа қатысуға өтінім ұсынудың соңғы мерзіміне дейін конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 6-қосымшасына сәйкес беріледі;
ұйымдастырушының банктік шотында орналасқан кепілдік ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшірмесі түрінде;
6) әлеуетті өнім берушінің жарғысына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қол қоюға сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті өнім берушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) берілетін қағаз сенімхаттың электрондық көшірмесін қамтуы тиіс.
Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап күнтізбелік _____ күнді құрауы тиіс.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
10. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында ұсынады.
11. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшірмелері дәл және айқын болуы тиіс.
12. Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтінім, сондай-ақ электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты бүкіл хат-хабарлар мен құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалады және беріледі. Оларды әлеуетті өнім беруші басқа тілде жасаған және берген жағдайда оған (нотариалдық расталған) дәл аудармасы қоса беріледі.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімді беру тәртібi
13. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында береді.
14. Әлеуетті өнім берушілер берген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтінімдер журналында тіркеледі.
15. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген өнім берушіге тиісті хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жіберген сәтте электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінім қабылданған болып есептеледі.
16. Әлеуетті өнім берушінің электрондық конкурсқа қатысуға берген өтінімі мынадай:
1) егер әлеуетті өнім беруші бұрын осы электрондық конкурсқа қатысуға өтінім берген;
2) электрондық конкурсқа қатысуға берілген өтінім электрондық конкурсқа қатысуға берілетін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде кері қайтарылады.
Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
17. Әлеуетті өнім беруші өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің электрондық конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін.
18. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу сияқты, оған өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
19. Ұйымдастырушы КҚ-мен белгіленген электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушілерге олардың өтінімдерінің қолданылу мерзімін нақты уақыт кезеңіне ұзарту туралы қажет болған кезде сұрау салады. Әлеуетті өнім беруші электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімін ұзартудан электрондық конкурсқа қатысуға оның өтінімді қамтамасыз етуін қайтару құқығын жоғалтпай, электрондық конкурсқа қатысуға берген өзінің өтінімін кері қайтарып, бас тартуға құқылы.
20. Әлеуетті өнім беруші, оның электрондық конкурсқа қатысуымен
байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) электрондық конкурстың қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуы
21. (Өтінімдерді ашатын күні мен уақыты көрсетіледі) электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашуды веб-портал автоматты түрде жүргізеді. Егер электрондық конкурсқа (лотқа) электрондық конкурсқа қатысу бір ғана өтінім ұсынылған жағдайда, онда электрондық конкурсқа қатысуға бұл өтінім де ашылады.
ҚР Үкіметінің 2012.15.11. № 1450 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22. Конкурстық комиссияның хатшысы электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашудың хаттамасын веб-порталда ашылған күні жариялайды. Бұл ретте веб-портал конкурстық комиссияның мүшелеріне, веб-порталда автоматты түрде тіркелген әлеуетті өнім берушілерге хабарламаны автоматты түрде таратады.
5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті өнім берушілерді электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру
23. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және КҚ талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
24. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия қажет болған кезде:
1) электрондық конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерге байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады;
2) электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда немесе веб-портал құралдарымен сұратады.
Конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді КҚ талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Электрондық конкурсқа қатысуға өтінімдерді КҚ талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда электрондық конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, КҚ талаптарына жауап береді деп қарайды.
25. Конкурстық комиссия:
1) жұмыстарды не қызметтерді әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін құжатты (құжаттарды) әлеуетті өнім берушінің ұсынбауы не тиісінше ресімделмеген күйде ұсынуы;
2) әлеуетті өнім беруші оның сәйкестігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпараттың негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталуы;