4. Министрліктің мүлкі
28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады, әрі негізгі және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен қалыптасады.
29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.